Енбекке баулу
Оценка 4.9

Енбекке баулу

Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
изобразительное искусство
3 кл
23.12.2017
Енбекке баулу
Сабақта оюдың түрлері, шығу тарихы туралы мағлұмат беру, қазақтың ұлттық бұйымдары, тұрмыстық қолданбалы заттар туралы түсінік беру туралы айтылады. Дәстүрлі емес әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, саусақпен ою - өрнекті салуды үйренеді. Баланың есте сақтау қабілетін, елесін дамытады.. Балаларды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу көзделеді.Және қазақтың ұлттық ою-өрнегімен таныстыра отырып халық өнерін қастерлеу баулимыз.поурочный план
Енбекке баулу.docx
Сабақтың тақырыбы:  Ою өрнектерді пайдалану. Сабақтың мақсаты:  а) білімділік мәні:    оюдың түрлері, шығу тарихы туралы әңгімелеу.  Қиындылардан ою құрастыру, атын атау. ә) дамытушылық мәні: Балалардың қиялы мен  шығармашылығын, ойын,  сөздік қорын дамыту. б) тәрбиелік мәні: қазақтың ұлттық ою­өрнегімен таныстыра отырып  халық өнерін қастерлеуге  үйрету; ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, татулыққа тәрбиелеу.  Сабақтың көрнекілігі: “Ұлттық ою­өрнектер” суреттер, тірек сызбалар,  күйтабақ, үлгі­қалыптар, т.б. Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ Сабақтың әдістері:  иллюстрациялық, проблемалық  Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, бейнелеу. Сабақтың барысы:   І Ұйымдастыру кезеңі. Мотивация. Психологиялық дайындық.  М: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту.Балалардың назарын  сабаққа аудару. Еңбек сабағына қажетті құрал – жабдықтарын жабдықтарын  ( түрлі­түсті қағаз, қайшы, желім, қатты қағаз, қарындаш, т.б.) түгендеу. Наурыз біздің әніміз . (әнін айту) Наурыз мерекесінде қандай киімдер киіп жүреді? Қазақтың ұлттық киімдерін немен әшекейлеген? ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. М: Өткен сабақта алған ою­өрнек турал ы мағлұматтарды айту.  Кілемшелерін 1­2 бала көрсетіп, оны қорғау Қайталау: “Кубизм” стртегиясы арқылы қайталау. М: Өткен тақырып бойынша ою­өрнек түрлерінің элементтерін   қайталау,  еске түсіру ­ Ою өрнектер қайда , қандай бұйымдар да қолданылған? ­ Қандай ою аттарын  білесің ? ­ Ою неше түрге бөліген? ­ Ою 1 –түрін ата?  ­ Ою нені бейнелейді? ­ ­ Қошқар мүйіз аталу себебі неде?  Неге жануарларға ұқсатып өрнектеген? Жаңа сабаққа дайындық                  Доп ойыны. М: Өтілетін тақырып мазмұнына сай  сұрақтар қою арқылы, оқушылардың  есептеу дағдыларын дамыту. ­ Кілемшенің 4 жағындағы оюдың түрлерінің атарын ата, сол оюлар  туралы айт. ­ Ою деген не? ­ Киіз  үй неден жасалады? ­ Уық не үшін керек? ­ Зооморфты дегенді қалай түсінесің? Сөзжұмбақ шешу. ­Желеткенің басқаша атауы?   (қамзол) ­ Жыртқыш аң? Қазақ халқы қол өнері?  (өру) Түр­ түс үйлесімдігі (реңк) Мұсылман халқының жаңа жылы? (наурыз) Табиғатты бейнелейтін жанр (пейзаж) Сырмақ жасайтын зат? (киіз) ІІ. Жаңа сабақ. М: Мағынаны тану. Сабақтың мақсатын және тақырыбын хабарлау.Сұрақ­жауап. 1. 2. 3. 4. Қамзол деген не? Оны кімдер киеді? Қамзолды басқаша қалай атаймыз? Камзолда не бейнеленген? Тақпақ.  Мұғалім айтады. Саусақтары майысып,   Қазағымның оюын Түрлі ою ойысып  Біз де іздеп қарайық Шебер болар ма екенсің! Ою менен өрнектің Әдемісін табайық.   Балалар, бүгінгі сабағымызда камзолға оюды орналастырдый үйренеміз. Сендер  қазақтың ұлттық киімдерінде әрқашан ою­өрнектер болатынын білесіңдер. Ою­ өрнектердің пішіні мен түрлері оны кімнің – ер адам әлде әйел адам, қыз бала немес  ұл бала киетініне байланысты болған. 4) Практикалық жұмыс М:  Өткен сабақтарда алған білімдерін пайдалана отырып, іс­жүзінде іске асыру. 12 жасқа дейінгі қыз бала киетін жеңсіз кеудеше өрнегі (3 сурет)  “ Қыздардың камзолын жасау” арнайы оюының жасалуын суреті мен үлгі бойынша  көрсету. Кітапта көрсетілген суретке назар аударту. 1) Қыз камзолының өрнегі (1 сурет) 2) Қыздар белдемшесін немесе шалбарын безендіру (2 сурет) 3) 1. Алдымен біз камзолға керекті түсті таңдап аламыз. Содан соң  камзолдың  үлгісін қалып арқылы бастырып, қиып аламыз. (Әр балаға камзол қалыбын тарату) 2. Келесі оюдың түсін таңдап аламыз, камзолмен ою түсі бір­біріне үйлесіп тұру  керек. Оюдың қалпын оқушыларға береміз.  Жұптық жұмыс. Ол үшін бетті өлшеп,  оны екіге бүктеп оюды бастырамыз.  3. Қиып алынған оюды камзолға орналастырамыз (1 сурет) 5. Жасалған жұмыстарды жинақтап, көрме ұйымдастыру. ІІІ. Сабақты қорытындылау. М:  Өтілген тақырып бойынша алған білімдеріне , үйренгендеріне ой қорыту.  Бүгінгі сабақта өтілген тақырып бойынша сұрақтарға жауап алу: Камзолды кімдер киеді? Камзолға қай ою түрін орналастырдық? “Қошқармүйіз” оюы неге олай аталады? Гүл оюы ненің белгісі? ІҮ. Оқушы білімін бағалау. М: Оқушының сабақ барысында алған білімін іс­тәжірибеде қаншалықты  қолданғанына байланысты бағалау, оқушының белсенділігін ояту. Ү. Үйге тапсырма беру:  М: Сабақта  Гүлдің суретіне немесе өзіне қарап кез­келген бір, екі ою ойып келу және сол ойған оюға ат қою. Тақырыбы: Қазақ ою­өрнектерінің тарихынан. Ою –өрнек түрлері.  Мақсаты: 1. Сабақты қазақтың ұлттық бұйымдары, тұрмыстық қолданбалы заттар  туралы түсінік беру.  2. Ою ­ өрнек туралы мағлұмат беру. Дәстүрлі емес әдіс ­ тәсілдерді қолдана  отырып, саусақпен ою ­ өрнекті салуды үйрету. 3. Баланың есте сақтау қабілетін, елесін дамыту. Балаларды шыдамдылыққа,  ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Әдіс ­ тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сөзжұмбақ, жұмбақ шешу, ойын ойнату,  қайталау, мадақтау. Көрнекіліктер:  Киіз үй суреті, үй жабдықтары суреті,  әже суреттері; түрлі  түсті картоннан қиылған ұлттық оюлар, қалыптар. Сабақ барысы:  І Ұйымдастыру кезеңі. Мотивация. Психологиялық дайындық.  М: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту.Балалардың назарын  сабаққа аудару. Еңбек сабағына қажетті құрал – жабдықтарын жабдықтарын  ( түрлі­түсті қағаз, қайшы, желім, қатты қағаз, қарындаш, т.б.) түгендеу.  Амандасу Армысың шұғылалы алтын күн! Армысың мейірімді жер ана! Сәлеметсіздер ме қонақтар! Бәріміз күндей жарқырайық! Бәріміз тату дос болайық! ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. М: Өткен сабақта алған ұлттық киімдер  туралы білімдерін орындау.  ­Қазақ  халқының ұлттық киім Шапанды оюмен әшекейлеу.Оны қорғау. Қайталау: Күн көзін бұлттан арылту. М: Өткен тақырып бойынша қазақ халқының ұлттық киім түрлерін атау. ­ Қандай ою аттарын  білесің ?  ­ Қазақ халқының қандай ұлттық киімдерін білеміз? Неге жануарларға ұқсатып өрнектеген? ­ Қазір біз сол киімдерді киеміз бе? ­ Ою неше түрге бөліген? ­ Ою 1 –түрін ата?  ­ Ою нені бейнелейді? ­ ­ Қошқар мүйіз аталу себебі неде? Жаңа сабаққа дайындық                  Воллейбол ойыны. (сұрақ ­жауап) М: Өтілетін тақырып мазмұнына сай  сұрақтар қою арқылы, оқушылардың  ойлау және сөйлеу  қабілеттерін, ептілік дағдыларын дамыту.  ­Қыз балалар қандай киім киген, аттарын ата? ­Ұл балалар қандай киім киген, атап шық.  ­Наурыз көже қай мерекеде жасалады? ­Наурыз көжеге қандай тағамдар қосады? Жаңа сабақ: М: Сабақты қазақтың ұлттық бұйымдары, тұрмыстық қолданбалы заттар  туралы түсінік беру. Алған білімдерін іс жүсіне іске асыру. Мұғалім : Қазақтың ою­өрнектері алуан түрлі.Ертеде халқымыз тұтынған  нәрселерінің бәрін оюмен әшекейлеп безендірген.  Ою дегеніміз – бір нәрсенің  пішінін ойып алу. Қазақ халқы жері от, суы мол жайылым қуып, кең сахарада  көшіп жүріп, жер­суының қадір­қасиетін жетік білген, жайлы қоныс іздей  жүріп, өсімдік қасиетін мол байыптаған.  Ғылымда ою – өрнектерді 4 топқа  бөледі. Олар: жануарлар тектес; өсімдік тектес; геометриялық және  ғарыштық деп бөлінеді.Жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына,  мойнына, табанына, т. б. мүшесіне ұқсас ою ­ өрнектер халық арасына  (зооморфтық түр) кең тараған. Кейде өсімдік сипатты өрнектермен  сабақтастырып, жарасымды тұтас композиция құрағанҰсақ аңдардың  табандарының іздері жүкаяқ, кебеже, асадалдың көрнекті жерлеріне салынған. Оған мысал ретінде қошқармүйіз, төртқұлақ, түйетабан, ботамойын, түлкібас,  құсқанат және тағы басқа оюларын атауға болады.  Тақпақ жаттату: Қазақта бір ою бар ­«Қошқар мүйіз» Орын алар тұрағы, көрпе ­ киіз. Шеберлер осы өрнекпен сәндегенде Көз тартып құбылады оюымыз. Қызықты сәт: Киіз үйде тұратын Әженің үйіне қонаққа бару. Әженің тапсырмасы:   Жұмбақ. Кіруге адам батпайды Затыңды аман сақтайды.(сандық) Текшелеп төрге Жиғаным не? (көрпе, жастық) Мұғалім: (тақтада суреттер ілінген) Мұғалім: ­ Балалар! Қараңдаршы, әжеміздің киім­кешектеріне, кілемшелеріне не  жетіспейді? Олай болса әженің кілемшесін ою ­ өрнектермен безендіріп берейік. Біздер бүгін әдеттегідей бояумен немесе түрлі ­ түсті қарындаштармен  салмаймыз. Бүгін біз қатты қағаз және түрлі түсті қағазбен, қайшымен жұмыс жасаймыз Кітаппен жұмыс 110­111 беттегі суреттермен таныстыру. Атап өту. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық Қылқаламды қояйық Қолымызды созайық Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп, Белімізді жазайық. Айналаға қарайық Отырайық, тұрайық Бір тынығып алайық. Тынығып біз болған соң Әсем сурет салайық Бекіту.   Практикалық жұмыс. М: Өткен сабақта, бүгінгі сабақта алған білімдерін іс­тәжірибеде көрсету. (Мұғалім түсіндіріп кетеді) Алдымен кілемшеге келетін түсі жасыл қатты қағаз аламыз. Ол А4 көлемінде  болсын. Ал оюдың түсіне қызыл түсті аламыз. Түстер бір­бірін ашып, үйлесіп  тұру керек. 1. Қызыл түсті қағазды 6х6 өлшеп аламыз. Яғни 4 шаршы сызамыз.  2. Сызған шаршыларды қиып аламыз. 3. Қиылған шаршыны 1рет ортасынан  бүктейміз.  6 суретте көрсетілген.  Бүктелген шаршыға қошқар мүйіз (бүктелген) қалыбын қоямызда  бастырамыз, (7 сурет )қиямыз . Бүктеп қиып алсақ екі жағы тең  симметриялы болып шығады. (8 сурет) 4. шығады. Оныда осы сияқты бастырып қиып аламыз. 5. Оюларды үлгі бойынша орналастырамыз. (тақтада үлгі тұрады) 6. Кілемшенің 4 жағына 4 үлкен оюды, ортасына 2 оюды орналастырып,  желіммен жабыстырамыз. 7. Аяқталғн кілемшелерден көрме ұйымдастыру. 4 ою шықты. Келесі тағы 4х4 шаршысынан 2 сызамыз. Одан екі ою Қорытындылау.  Әуенді сандықша. (музыка арқылы сұрақ­жауап) М: Сабақта алған білімдерін қорытындылау. Ғылымда неше  ою түрі бар? Біз қай ою түрін қолдандық? Оюларды қайда пайланады? Ою деген не? Киіз  үй неден жасалады? Уық не үшін керек? Зооморфты дегенді қалай түсінесің? Үйге тапсырма: Кілемшені аяқтап, жаңа кілемше жасап келу.          Бағалау:   М: Сабақта алған білімін үйде еске түсіру арқылы дамыту.

Енбекке баулу

Енбекке баулу

Енбекке баулу

Енбекке баулу

Енбекке баулу

Енбекке баулу

Енбекке баулу

Енбекке баулу

Енбекке баулу

Енбекке баулу

Енбекке баулу

Енбекке баулу

Енбекке баулу

Енбекке баулу
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
23.12.2017