Ана тілі - арың, көп тіл білу – айбарың» атты мақала
Оценка 4.8

Ана тілі - арың, көп тіл білу – айбарың» атты мақала

Оценка 4.8
Семинары
docx
администрации
11 кл
30.01.2017
Ана тілі - арың, көп тіл білу – айбарың» атты мақала
Ақтоғай ауданы бойынша білім беру мекемелерінде дәстүрлі тілдер айлығы республикалық «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы шеңберінде қазақтың ардақты ақыны Дулат Бабатайұлының рухани көркем мұраларын жас ұрпаққа таныту шараларын кеңінен насихаттап өткізуден басталды. Айлық жоспары Дулат ақынның әдеби мұраларын жалғастырған Мағжан, Мұқағали шығармаларын танытатын оқуларымен жалғасын тапты. Аудандық Мағжан оқуларында «Өлең –менің Шолпаным, ..» бағытында Харьков ОМ 11-сынып оқушысы Серікбол Раушан (мұғалімі Маней Р.), «Ақын да бір балаға ғой ..» бағытында Қараоба ОМ 7-сынып оқушысы Қабиден Ділназ (мұғалімі Уақбаева А.Т.). «Толқынмен толқын сырласып...» бағытында Қараоба ОМ 8-сынып оқушысы Мухамбетова Әсем (мұғалімі Кетикова Ж.Т.) 1-орын алды. Аудандық Мұқағали оқуларында Тіленшин атындағы ОМ 9-сынып оқушысы Мұратхан Қымбат (мұғалімі Б.Хумарбай) жеңімпаз атанды.Сөйтіп, тіл айлығында аудандағы барлық білім ұйымдарында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігін тереңдетіп, мемлекеттік тілге деген құрметін арттырумен қатар шет тілдерін қатар үйренуге деген құлшыныстарына дұрыс жол, айқын бағдарлар көрсетілді.
Тілдер айлығының қорытындысы -мақала.docx
«Ана тілі ­ арың, көп тіл білу – айбарың» атты мақала                 Ақтоғай   ауданы   бойынша   білім   беру   мекемелерінде   дәстүрлі   тілдер   айлығы республикалық  «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы шеңберінде қазақтың ардақты ақыны   Дулат   Бабатайұлының   рухани   көркем   мұраларын   жас   ұрпаққа   таныту   шараларын кеңінен   насихаттап   өткізуден   басталды.   Айлық   жоспары   Дулат   ақынның   әдеби   мұраларын жалғастырған   Мағжан,   Мұқағали   шығармаларын   танытатын   оқуларымен   жалғасын   тапты. Аудандық Мағжан оқуларында «Өлең –менің Шолпаным, ..» бағытында  Харьков ОМ 11­сынып оқушысы    Серікбол  Раушан  (мұғалімі   Маней   Р.),    «Ақын   да  бір  балаға   ғой  ..»  бағытында Қараоба ОМ 7­сынып оқушысы Қабиден Ділназ  (мұғалімі Уақбаева А.Т.).  «Толқынмен толқын сырласып...»   бағытында     Қараоба   ОМ   8­сынып   оқушысы   Мухамбетова   Әсем   (мұғалімі Кетикова   Ж.Т.)   1­орын   алды.   Аудандық   Мұқағали   оқуларында   Тіленшин   атындағы   ОМ   9­ сынып оқушысы Мұратхан Қымбат (мұғалімі Б.Хумарбай) жеңімпаз атанды. Аймақтық   «Ертіс   дарыны»   оқу­әдістемелік   орталығының   «Шығармашылық   шеберлер мектебіне» аудан мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиетке бейім 24 оқушы (Абай, Приреченск, Тіленшин, Мүткенов, Нығманов, Қараоба, Ыдырысов, Харьков, Шідерті, Жалаулы ОМ, Ленин НМ)  «Жас қаламгер», «Жас лингвист», «Әдебиеттанушы»  бағыттары бойынша  қабылданып, сырттай берілген тілдік талдаулар мен зерттеу жұмыстарын, шығармашылық тапсырмаларды орындап жатыр. Бұл мектептің мақсаты  оқушылардың шығармашылығын жаңа арнаға түсіру, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру; оқушылардың аймақтық, республикалық оқулар мен сайыстарына   қатысу   нәтижелілігін   арттыру;  шығармашылық   байқаулардың   облыстық  кезеңі құрамасын қалыптастыру болып табылады.  Биылғы   Тілдер   айлығы   көптілділікті   насихаттау   шараларының   кеңінен   өткізілуімен ерекшеленеді.           Ай ішінде мектепішілік «Үш тілдің білгірі» атты зияткерлік сайыстары, аудандық «Үздік   көп   тілді   педагог»   сайысы   өткізіліп,   Тіленшин   атындағы   ОМ   шет   тілі   мұғалімі С.Е.Утепова 1­орын, Абай атындағы ОМ биология мұғалімі Б.Мұратхан 2­орын, Ыдырысов атындағы ОМ ағылшын тілі мұғалімі А.Қазбек    3­орын алды.          2015­2016 оқу жылында басталған көп тілде оқытудың облыстық эксперименті кеңейтілді. Өткен   оқу   жылында   Мүткенов,   Приреченск   орта   мектептерінде   география   пәні   мен «Өлкетану» курсы орыс сыныптарында қазақ тілін қолдана отырып оқытуды жүзеге асырылған еді. Ағымдағы оқу жылында эксперимент алаңына Абай, Қайырбаев, Нығманов, Харьков орта мектептері тіркелді. Қазіргі таңда Абай, Нығманов атындағы орта мектептерде «Жануарлар әлемі»  («The   world   of   animals»)  және   «Тіршілік   химиясы»  («Alive   chemistry»)  атты факультативтік курстар ағылшын тілін қолданумен өткізіле бастады.  Сөйтіп, тіл айлығында аудандағы барлық білім ұйымдарында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақтың   ана   тіліне   деген   сүйіспеншілігін   тереңдетіп,   мемлекеттік   тілге   деген   құрметін арттырумен   қатар   шет   тілдерін   қатар   үйренуге   деген   құлшыныстарына   дұрыс   жол,   айқын бағдарлар көрсетілді. Білім бөлімінің әдіскері Р.Маней

Ана тілі - арың, көп тіл білу – айбарың» атты мақала

Ана тілі - арың, көп тіл білу – айбарың» атты мақала

Ана тілі - арың, көп тіл білу – айбарың» атты мақала

Ана тілі - арың, көп тіл білу – айбарың» атты мақала
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.01.2017