Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Оценка 4.8

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
изобразительное искусство
Детсад
10.03.2017
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
ортаңғы топ балаларына Мүсіндеу арқылы құстың бөлшектерін дайындап, бөлшектерді бір-бірімен біріктіре алуды үйрету; құстар туралы білімдерін дамыту, саусақ икемділіктерін арттыру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерін қозғалысын жетілдіру. Балаларды құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жас тәрбиешілерге көмегі болады деген сеніммен салғалы отырмын.ортаңғы топ балаларына ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
мүсіндеу Әдемі торғай.docx
Бекітемін:….................                      «Достық»  б/б меңгерушісі                      Ш.У.Ералимова      Білім беру саласы: «Шығармашылық»   Бөлімі:   Мүсіндеу Тақырыбы: «Әдемі торғай» Мақсаты : құстың бөлшектерін дайындап, бөлшектерді бір­бірімен біріктіре алуды үйрету; құстар  туралы білімдерін дамыту, саусақ икемділіктерін арттыру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық  еттерін қозғалысын жетілдіру. Балаларды құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.                                   Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал –жабдықтар: құстар суреті, үлестірмелі материал,  ермексаз, стектер,тақтайша,моншақтар,шемішкінің дәні сулық. Алдын ала орындалатын жұмыс: құстар туралы   әңгіме жүргізу. Сөздік жұмыс: шырылдайды, гуілдейді, қаңқылдайды, қырылдайды шықылықтайды. Билингвальді компонент:  әдемі­красивый, торғай­воробей, қанат­крыло, ұя­гнездо ҰОҚ барысы: Балалар залға кіреді.                             Шаттық шеңбер                              Алтын күннің шуағы,                            Бақыт үшін туады.                            Қайырлы таң балалар!                            Жарық күннің шуағы. Тәрбиеші: Балалар,далада жылдың қай мезгілі? Балалар: Күз. Тәрбиеші: ­Күз мезгілінде қандай өзгешіліктер болады? Балалар: Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар түседі,құстар жылы                                  жаққа ұшып кетеді т.б. Тәрбиеші:Балалар,бүгін көңіл күйлерің қандай? Балалар: Жақсы. Тәрбиеші: Менің де көңіл күйім өте жақсы,және сендермен өзімнің                       мейірімімен,жылуымен бөліскім келеді. Кане алақандарыңды                         тосайық бір­бірімізге. ­ Алақандарың  жылыды ма? Ал аналарың сендерді құшақтап,сипағанда жылуын  силайды. ­Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын:                Итпен бірге таласып,                Табаққа қонып қоймайды.                Білесің бе айта ғой,                Танисың ба?   (торғайды) Тәрбиеші:­Дұрыс,  торғай.Бүгін біздер торғай туралы әңгімелесеміз. ­Айтыңдаршы көп құсты қайдан көруге болады? (далада,паркте,орманда) Ал құстардың бәрі бар ма? Балалар: жоқ, олар жылы жаққа ұшып кетті Тәрбиеші:­­Ал сендер серуенді жақсы көресіңдер ме? Балалар: ­ Иә  Тәрбиеші: ­Онда, мен сендерді саябаққа серуенге шақырғым келеді. Бәрің жұптасып тұрыңдар,жолда адасып қалмайық.Ол үшін мына сиқырлы баудан  ұстап алайық. (әуен ойнайды) ­Балалар, мынадай сиқырлы сөздерді айтайық: 1,2,3 повернись, в нашем парке окажись! (құстар дауысы фонограмма) ­Балалар, тындайықшы қандай әдемі дауыспен құстар әндетіп жатыр екен. ­Саябақ қандай әдемі,жапырақтардың түстері қандай? ­Мынау қандай ағаш? Балалар: шырша. Тәрбиеші: ­ Дұрыс шырша екен,шыршада қандай құс қонақтап отыр? Балалар:   Сауысқандар. Тәрбиеші: дұрыс,сауысқандар ,нешеу екен? Қане санайық. Балалар:   1,2; Тәрбиеші: енді орысша 1,2; ­Балалар, жан жағымызға қарайық жапырақтар көппе? Түстері қандай?  Балалар:  Сары. Тәрбиеші:­Қараңдаршы, төменде қандай құстар бар кім біледі аттарын? Балалар:  Көгершіндер. Тәрбиеші:­ Нешеу ? Балалар:  екеу (орысша,қазақша санау) Тәрбиеші:­ Мына ағаштың жоғарысында қандай құстар бар? Балалар:  ­Қарғалар Тәрбиеші:­Кане неше қарға бар екен жоғарыда? Балалар:  үшеу (орысша 1,2,3) Тәрбиеші:­Балалар мынау не ? Балалар:  Жемсауыт Тәрбиеші: ­Мында не отыр? Балалар:  Торғай. Тәрбиеші:Торғай нешеу? Балалар:  Біреу (орысша­ один) Тәрбиеші: Балалар, жемсауыт не үшін керек? ­Дұрыс оларға  қыста жем салып көмектесеміз. ­Ал мына торғай жалғыз болғасын көңілсіз болып, тонып отыр. ­Оған көмектесеміз бе? Жарайды оған достарын –тағы көп торғайларды мүсіндеп  береміз бе? ­Енді тағы сиқырлы сөздерді айтайық: «1,2,3, повернись, в нашей группе окажись» ­Орындарымызға отырайық,қолдарымыз тонып қалды жылытып алайық.                   (ысқылап жылыту) (Қауіпсіздік ережесін еске алу,моншақ стек пен қалай жұмыс жасау  керектігін) ­Балалар барлық құстарда не болады? Балалар:  1)денесі,2)басы, 3)тұмсығы, 4)аяғы, 5)қанаты Тәрбиеші: 1)Біріншіден үлкен кесекті алып одан  жұмыртқа тәріздес сопақша  жасаймыз. 2)екі бірдей кесек қалды 1­унен бас­домалақ; 2­нен қанатты домалатып жапырамыз да  екіге бөлеміз.Денесіне басын қосып,және қанаттаррын қосамыз. ­Кане кішкене сергіп алайық.       Сергіту: Шыр,шыр еткен торғайды, Қорғамасақ болмайды. Кіп кішкентай торғайлар, Бақшамызды қорғайды. Тас пен атып торғайды, Ұя бұзған оңбайды. Құс өкпелеп кетеді, Бақшамызға қонбайды. Енді не жетіспей тұр? Балалар:   көзі,тұмсығы Тәрбиеші: ­Дұрыс айтасыңдар, көздерін моншақтан,тұмсығын шемішкінің дәнінен  жасаймыз. ­Құстарымыз әдемі торғаларға ұқсайды ма? Балалар:   Иә, өте әдемі. Тәрбиеші: Енді мына көңілсіз торғайдың қасына қосайық,олар бірге көңілді болып  жүрсін,қараңдаршы  көп достары бар. ­Сендер торғай туралы тақпақтар білесіңдер ме? Кім айтып береді? Арсен:   Скачет,скачет воробей,  Кличет маленьких детей.                Киньте крошек воробью,                Я вам песенку спою:                Чик­чирик! Аз қимылды ойын: «Торғайлар мен мысық» ­Балалар бүгін біздер қайда бардық? (саябаққа) ­Сендер қандай құстарды кездестірдіңдер? Балалар:   сауысқан,көгершін,қарға,торғай. Тәрбиеші: оларды қандай құстар деп атаймыз? Балалар:   Қыстайтын. Тәрбиеші:­дұрыс,оларға қыста біздер қамқорлық көрсетеміз,нанның қиқымын жинап  береміз. Бүгін өте жақсы еңбектендіңдер,рахмет.Бәріміз қандай торғай мүсіндедік?   Балалар:   «Әдемі торғай».   Тәрбиеші:­ Балалар,торғай сендерге көп рахмет,достарым көп енді деп,дайындаған  сыйлығын ұсынады.Балаларды мадақтау. Ендеше, қонақттар мен қоштасайық «Көріскенше күн жақсы, сау саламат болайық!»                                                                                                                         Бекітемін:_________                                                                                                                                «Достық» балабақшасының                                                                                                                                     меңгерушісі Ералимова Ш.У.                                                                                                                       «10» қараша  2016жыл «Балдырған» тобы         Ашық ұйымдастырылған оқу  қызметі                                Білім беру саласы :  Шығармашалық Бөлімі: Мүсіндеу Тақырыбы: «Әдемі торғай» Өткізген тәрбиеші: Калиева Г.К.                             2016 жыл

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.03.2017