Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Оценка 4.8

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
физическая культура
Детсад
10.03.2017
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
2 кіші топ балаларына Денсаулық саласы денешынықтыру бөлімі бойыншаберілген оқу қызметі"Аяз атаға қонаққа барамыз" Екі аяқпен екпінмен серпіле, аяқтың ұшына тұруды үйрету.Сап –тізбекте өз жұбын есте сақтау қабілеттерін дамыту.Доғалдың астынан өту, орындықтар арасынан және керілген секіргіштің үстінен аттап өту қимылын дамыту. Аязата туралы түсінігін қалыптастыру.2 кіші топ балаларына Денсаулық саласы денешынықтыру бөлімі бойыншаберілген оқу қызметі"Аяз атаға қонаққа барамыз"
Аяз атага конакка барамыз.docx
Білім беру саласы: Денсаулық Бөлімі: Денешынықтыру Тақырыбы: "Аязатаға қонаққа барамыз" Мақсаты: Екі аяқпен екпінмен серпіле, аяқтың ұшына тұруды үйрету.Сап –тізбекте өз  жұбын есте сақтау қабілеттерін дамыту.Доғалдың астынан өту, орындықтар арасынан  және керілген секіргіштің үстінен аттап өту қимылын дамыту.  Аязата туралы түсінігін қалыптастыру. Қолданатын  құрал ­ жабдықтар: Аязата, Аю, шырша, шырша ойыншықтары, доға,  сылдырмақ,саңырауқұлақтар,құлпынай,хат,арқан. ҰОІӘ барысы: Балалар залға кіреді.                      Шаттық шеңбер Аспан шайдай ашылды, Жерге сәуле шашылды. Неткен ашық күн бүгін, Қайырлы таң,қайырлы күн...! Тәрбиеші: Балалар,далада жылдың қай мезгілі? Балалар:Қыс ­Қыс мезгілінде қандай өзгешіліктер болады? ­Қар жауады,салқындайды,боран болады.  Қыста жылы киініп,жылдам жүрмесек тонып қаламыз.  Ендеше біздер сапты бұзбай біріміздің артынан біріміз жүру керекпіз. Жаттығулар жасау 1 Саппен шеңбер бойымен жүру. 2 Қарлы таяқшамен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары  А) Шеңбер бойымен тік тұрып,аяқтарымызды сәл ашып,қолды төмен ұстар тұру.  Ә)Қолымызды жоғары көтеріп,төмен түсіреміз (4рет)  Б)Аяқты алшақ ұстап,жұдырықты түйіп кеуденің жанына қойып,алға және артқа  айналдыру(5рет) В)Б.қ төменге қарай еңкейіп,оң қолмен,сол аяқтың ұшына тигізу,ал сол қолмен оң  аяқтың ұшына тигізу(5рет) Г)Екі аяқпен бір орында секіру. 3Белгі бойынша бағытты өзгерте жүру(шеңбер бойымен) (Есікті қағып аю келеді,қолында хаты бар) Тәрбиеші:Сен несің? Аю: Мен Аю панмын.Мені сендерге Аяз ата жіберді.Мына хатты жолдады. Тәрбиеші: Қане оқиық             Хатта былай деген: «Саламатсыңдар ма балалар! Мен сендерге сыйлық әзірлеген едім, берейін  десем,сендерге бара алар емеспін.Жолда көп кедергілер бар екен.Сондықтан мен сендерді қонаққа шақырамын. Асыға күтемін.Сәлеммен Аязата» депті. Тәрбиеші: Балалар,кане, Аяз атаға қонаққа барамыз ба? Балалар: Иә! Тәрбиеші: Балалар,Атамыз алыста тұрады ол үшін біздер мына орманнан өтеміз онда  қандай жыртқыш аңдар мекендейді? Балалар:Қасқыр,түлкі,қоян. Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,ендеше бір­бірімізден адасып қалмау үшін мына  арқаннан ұстап жібермейміз. Мына қоян қасқырдан өте алмай тұр екен көмектесеміз  бе? бізді естіп қалмасын аяқтың ұшымен жүрейік. 1)Аяқтың ұшымен жүру. Мынаны қараңдар алдымызда үлкен тау бар екен соның астынан Мына тышқандар өтуге қорқып тұр тышқандарға көмектесеміз бе? біріміздің –артынан кезектесіп итермей  өтейік. 2)Доға астынан өту Келесі кедергіні қараңдар мына  судан қалай өтерін білмей қоян тұр екен  көмектесеміз бе? 3)Шығыршықтардан секіру. ­Балалар,мына Ботаны қараңдар таяқшалардан және доғаның секіргіштің үстінен аттап  өту керек 4)жолақ таяқшалардың,кішкене доғалардың үстінен аттау. Мына кішкене төмпешіктерден біріміздің артынан біріміз жүрейік. 5)Енді соңғы кедергі қалды орманға көп қар жауыпты мына қардан аттап  өтейік,Машаға көмектесейік Тәрбиеші: Мінекей Аяз атаның үйіне де келіп қалдық              (есікті тұртеміз, ішінен Ата шығады). Аяз ата: ­Қош келдіңіздер! Қандай тамаша балалар екенсіңдер! Маған жету қиын болды ма? ­Ой қорбаңбай аю мына ойыншықтарды шашып алдың ба? Менің шыршамның ойыншықтары шашылып қалды,маған ойыншықтарды жинап  шыршаға тағып беріңдерші. Тәрбиеші: балалар, көмектесеміз бе? Ойын «Шырша ойыншықтары». Аяз ата: ­Жарайсыңдар, көп рахмет сендерге. ­Балалар,маған жеткенше кедергілердің бәрінен өттіңдер ме? Сендер мықты екенсіңдер спортпен көп жаттықсаңдар денсаулықтарың мықты болады.Сендерге сыйлықтарымды  берейін.Мен немерем Ақшақармен Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға келемін.Жаңа  жылда көріскенше!Сау болыңдар! Аю: ­ Мен сендерді шығарып салайын. Тәрбиеші:Балалар,шаршадыңдар ма? Аю панға рахмет деп құр шығарып салмайық ойын ойнасақ қалай болады? Қимылдық ойын «У медведя во бору» (жинаған құлпынай мен саңырауқұлақты аюға сыйға берейік) Аю: ­балалар көп рахмет. Сау болыңдар! Тәрбиеші:Балалар  біздер кімге қонаққа бардық? Балалар: Аяз атаға. Тәрбиеші:Бәріңе көп рахмет.Балаларды мадақтау, бағалау.

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.03.2017