Қазақ әдебиеті :М.Әуезов "Ақын қонақтар" (5-класс)
Оценка 4.6

Қазақ әдебиеті :М.Әуезов "Ақын қонақтар" (5-класс)

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
русская литература
5 кл
17.02.2017
Қазақ әдебиеті :М.Әуезов "Ақын қонақтар" (5-класс)
Публикация является частью публикации:
М.Мақатаев.docx
Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Мен таулықпын» Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері 1. Ақын өлеңдерімен  таныстыра отырып, өлеңдерінің мазмұнын ашу. 2. Отанын,елін,табиғатын қадірлеп сүюге, адамгершілікке,достыққа тәрбиелеу. Өлеңді талдай білуге баулу. 3. Оқушының ойлау қабілетін және сөйлеу тілін дамыту. Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі  Көрнекілігі: интеративтік тақта, бүктемелер,суреттер. Сабақ түрі: Аралас сабақ Әдіс­тәсілдер: СТО стратегиясы, «Топтастыру», «Алма –кезек оқу»әдісі Сабақ барысы:  І.Ұйымдастыру                           А) түгелдеу                            ә)сабаққа даярлау Мұғалім: Армысыздар балалар,                 Дайынбыз ба сабаққа.                 Әдебиет­сөз өнері,                 Сай келейік талапқа.                                     Барма үйден дайындық,                                     Тапсырмамыз дұрыс па?                                     Оқымасақ уайым қып,                                     Тығылмайық қуысқа. Ойымызды айтайық, Білімімізді байқайық. Мына отырған ата­ана мен ұстаздар, Қалсын бір сәт марқайып. ІІ.       1)Үй сабағын сұрау.  «Барлығы да сендердікі» өлеңін сұрау. Сұрақтар: 1.Өлең кімдерге арналған?                                    2.Бабаларыңның сендерге қалдырған қазынасы нелер? Сендерге нені табыстады? (жанды мен жансызды,өмірді,қоғамды,қаланы,даланы т.б)                    3. Ал сендер не істейсіңдер?(оқушылар өз ойын айтады) 2) Үйге берілген шығармашылық жұмысты  оқыту. Үй тапсырмасының түйіні: Өзімізге артқан сенімді ақтап, болашақты жалғаймыз. ІІІ. Жаңа сабақ. М.Мақатаевтың соңғы әнімен ақынды есімізге алып, «Есіңе мені алғайсың» өлеңін орындаймыз. 1­слайд: М.Мақатаев  Мен таулықпын (сабақтың мақсатын айту) Өлеңді жатқа айтамын. «Алма –кезек оқу» әдісі бойынша өлеңді оқушыларға оқыту. 2­слайд: Өлеңді қалай түсіндіңдер? Тауды құшағы кең,алып жүректі кімге теңеген?  Тау қандай болады? Ақын өлеңіне неге тауды қосып жырлады? Неге мен тау ұлымын деп жырлады?   Бізді өмірге әкелген ана мен тауды салыстырып көрейік  Біз үшін ана кім? (оқушылар мұғалімнің көмегімен жауап береді) 3­слайд: «Топтастыру»  (Анаға, тауға) қамқоршы Кең құшақты АНА Жүрегі жылы мейірімд і адал асқар Биік Тау үлкен тасты Ана­ тіршілік иесі,бөлшегі біз. Тау­ жансыз,табиғаттың бір бөлшегі. 4­слайд: ақынның ой­арманын әсірелеп, қиялын қалықтатқан бейнелі сөз тіркестерін табайық және мағынасына мән берейік. (киіктің   сүті,қыранның   қанаты,тау   ұлы,ана   құшағы,   күн   сәулесі,дәу   бесік,   орамын   ағытып сәлдесінің) 5­ слайд: Ауыспалы мағынада қолданылған сөздерді табу. (Алып жүрек  , тау бесігім,  бұлт  бүркеніп,  түнейді  қара  тұман  )  Алып жүрек  болмайды­жүрек кішкентай   болады.Бесік   таудан   жасалмайды,   бұлт   бүркенуге   келмейді,қара   тұман   түнеуге келмейді. 6­слайд: Өлеңді құрылысына қарай талдау.  Тақырыбы­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­                              Авторы:      Шумағы: Тармағы: Буыны: Бунағы: Ұйқасы: 7­слайд:  Таудың суреті.  Бұл қай тау? (Хантәңірі) Мұғалім:   Мұқағали­ғажайып   сыршыл   ақын.   Ол   бізге   көрінбейтін   сиқыр   бояулардан,бізге естілмейтін   құпия   дыбыстардан   тоят   алатын   жұмбақ   ақын.   Қазақтың   хантәңірісіндей   жырымен биіктен көрінген,тәңіртаудың Хантәңірісіндей болған Мұқағали өлеңін үнемі жаттайтын боламыз.     Ендеше,   ақын   өлеңіндегідей   болашақты   жалғап,   тәуелсіз   еліміздің   көк   байрағын   көкте   желбіретеміз   және   Хантәңірінің   биік   шыңына   ҚР     көк   байрағын   ілеміз.   (   тау   суреті   салынған суретке  ҚР туы ілінеді) ІҮ.Қорытындылау: Оқушылар сабақты түсіндік пе? Кімде қандай сұрақ бар? Ү.Бағалау.Жақсы оқиық сабақты                   Біз ынталы болайық.                   Сабаққа жақсы қатысқан,                  Тоғжан мен Ерболатқа қолды соғайық. Жақсы оқу міндетіміз, Болсын таудай талабымыз. Жақсы айтқан сабақты Әйгерім мен Ерланға шапалақты соғамыз. Әдебиет­сөз өнері,                    Меңгереміз,жазамыз.                    Араласқан сабаққа біз,                    Альбинаға қол соғамыз. Тау ұлымен таныстық, Ортаға ойды салыстық. Сұрақтарға жауап берген, Айзатқа қолды соғыстық                   Арманымызды шыңдаймыз,                    Болашаққа самғаймыз.                    Алтынбек пен Ақбаянды жақсы деп,                    Шапалақты жалғаймыз. (оқушылар қол соғып отырады) ҮІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.                                   Шығармашылық жұмыс: «Тау баласы» ойтолғау жазу.

Қазақ әдебиеті :М.Әуезов "Ақын қонақтар" (5-класс)

Қазақ әдебиеті :М.Әуезов "Ақын қонақтар" (5-класс)

Қазақ әдебиеті :М.Әуезов "Ақын қонақтар" (5-класс)

Қазақ әдебиеті :М.Әуезов "Ақын қонақтар" (5-класс)

Қазақ әдебиеті :М.Әуезов "Ақын қонақтар" (5-класс)

Қазақ әдебиеті :М.Әуезов "Ақын қонақтар" (5-класс)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.02.2017