Қазақ тілі сабағын ағылшын, орыс тілдерімен байланыстырып өтудің тиімді әдіс-тәсілдері
Оценка 4.7

Қазақ тілі сабағын ағылшын, орыс тілдерімен байланыстырып өтудің тиімді әдіс-тәсілдері

Оценка 4.7
Руководства для учителя
docx
английский язык +1
5 кл—7 кл
07.02.2017
Қазақ тілі сабағын ағылшын, орыс тілдерімен байланыстырып өтудің тиімді әдіс-тәсілдері
қысқа мерзімді сабақ жоспары үлгісі
үш тіл мақала.docx
Қазақ тілі сабағын ағылшын, орыс тілдерімен байланыстырып өтудің тиімді әдіс­тәсілдері                                                              Абдулла Әлия Аманжолқызы                                                            М.Горький атындағы №16 мектеп­ лицейдің                                                            қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі                                                            Қызылорда облысы  Қазалы қаласы Дана халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген сөзі дәл бүгінгі  қоғамға сәйкес айтылғандай. Себебі, ғылым мен білімнің дамуы тіл үйренумен тікелей  байланысты. Кез келген ел біліммен қаруланғанда ғана мықты мемлекет бола алады. Ол үшін  осында өмір сүретін  әрбір қазақтың білімі де мықты болу керек. Ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл­  Фараби жетпіске жуық тіл біліп, артына мәңгі өшпес мол рухани құнды мұра қалдырып кеткенін  білеміз. Тарихтан белгілі ғұламалардың өзі де көп тіл білуді сол заманның өзінде қолға алып,  келер ұрпаққа ой тастаған. Кезінде ұлы ақын Абай Құнанбаев: «Орысша оқу керек, хикмет те,  мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста тұр. ... Сен оның тілін білсең көкірек көзің ашылады. ...  Орыстың ғылымы, өнері ­ дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі» ­деп орыс тілін  игерген. Өз ана тілімізді жақсы біліп, өзге тілдерде жетік сөйлеп, өмір көкжиегіміз  кеңейіп,өрісіміз ұлғая түссе – бұл үлкен жетістік, мақтаныш емес пе?! «Өзге тілдің бәрін біл, өз  тіліңді құрметте!» деп Қадыр Мырза­ әли ағамыз айтқандай, ең алдымен, ана тілге деген  құрметтің қалыптасуы өте маңызды. Өзге тілді үйренгеннің жөні осылай деп, өз тілімізден өзіміз  жиренуден аулақ болайық. Ана тілімізден жирену­  тек білімсіздің ісі. Сондықтан да алғашқы  тәрбиені ана тілінде қалыптастырып, үштұғырлы тілдің негізгі тұғырына туған тілді қоюымыз  керек.  Үш тілді қатар меңгеру  қазір заман талабына айналды. Елбасымыз: «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері  қажет»­деп  тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр. «Тілі бірдің­тілегі бір» деген сөзді  жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі­ тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету  ұстаздардың  парызы. Ендеше жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді  оқып білуге деген қызығулары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы олардың Отанға деген  махаббаттарын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып  қалыптасуына қол жеткізу­ басты міндетіміз. Қазақ тілі сабағын үнемі  ағылшын, орыс  тілінде  байланыстырып өтудің тиімділігі өте зор. Орта мектепте үш тілде яғни, ағылшын, орыс, қазақ  тілінде оқытуда оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы терең білім берілуде. Қазіргі  таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі ­ жаңа технологиялар екені белгілі. Әрбір оқыту  технологиялары өзіндік жаңа әдіс­тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс­тәсілдерді мұғалім іздену  арқылы оқушының қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай  қолданады. Қызықты сабақтар  мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс­тәсілдер  арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады. Сондықтан әрбір әдіс­тәсілдің ұстаздар үшін маңызы зор. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, ынталандыру үшін  сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады: жаңа сөздерден аударма диктант алып отыру.  Мысалы, мұғалім сөздерді орыс тілінде оқыса, оқушылар ағылшын тіліндегі  баламасымен жазу  немесе ағылшын тілінде айтып, қазақ тіліндегі аудармасын жазады. Бағалау өлшемдерімен  бағалап отырса, оқушылардың тілге деген қызығушылығы, бәсекелестігі артатынын, сөздік  қорларының молая түсетінін аңғару қиын емес. Сонымен қатар,  ағылшын, орыс тіліндерінде  ребус, сөзжұмбақ шешу, әр түрлі ойындар ойнау, өздері, достары туралы жаздыру, ауызекі  диалогтар жазу,  мәтіндерден ережелерге мысал болатын сөйлемдер теру­ оқушының ойлау  қабілетін  арттырып, білімін нақтылайды. Сабақ барысында  тақырыпқа  сай құрастырылған суреттік тестті пайдалану­ оқушыға өте қызық.  Оқушыға дұрыс нұсқасын іздетіп, сол  сурет  бойынша үш тілде  мәтін, әңгіме, эссе немесе сөз тіркестері мен сөйлемдер жаздырып,   дағдыландыруға болады. Суреттік тест үлгілері: Жылқы сүтінен дайындалатын сусын ә Қазақтың жаңа жылы г Жеті қазынаның бірі Қазақтың ұлы ақыны Қазақтың ұлттық ат спорты ойындарының бірі Үрмелі аспап Шаруаның бір пірі ­ Ойсыл қара Қазақтың киім, ыдыс – аяқ салуға арналған бұйымы Қазақтың тұрмыстық бұйымдары Ұзатылған қыз  киетін бас киім Әр түрлі дақылдар дәндерін майдалауға арналған зат Суреттік тесттер мен суретпен жұмыс сізге келесі сапаларды ашуға мүмкіндік береді:  оқушыны танып білуге, сынып оқушыларын ұйымшылдыққа, ойын жүйелі түрде жеткізуге,  жазбаша сөйлеу тілдерін дамытуға, сабаққа деген қызығушылықты оятып,  сапалы  білім алуға  жетелейді, негізгі ұғымдарды меңгеруге, дәлелді дәйекті шешімдер қабылдауға  үйретуге,  шығармашылық, іскерлік қабілетін дамытуға,  ұлттық салт – дәстүрлерді  танып құрметтеуге,  жақсы қасиеттерге тәрбиелеуге  үлес қосуға болатыны айдан анық.               Кейінгі кезде кең тараған әдістің бірі бейнежазба арқылы қысқаша үзінділер беру.  Бейнекөрініс бойынша қысқаша үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) түсінгенін айтады.  Бейнекөрініспен жұмыс істеу оқушының есту мүмкіндігін жетілідіріп қана қоймай, көзбен  байқау қабілетін де арттырады. Бейне материал арқылы сөйлеуге дағдыланады, сабақтағы  белсендігі артады.             Қазіргі таңда үш тілде оқыту– мектептегі оқу пәндерін екі немесе одан да көп тілде  оқыту, жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым  құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін ең басты қажеттілік. Елімізде  үздіксіз жүргізілетін маңызды істердің бірі – ол тіл саясатын жүзеге асыру, тілді меңгеруге деген қызығушылықтарын арттыру, жан­жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу, үш тілді  жетік меңгерген қабілетті жас ұрпақтың даму жайы мен болашағын анықтау және қолдау деп  ойлаймын. Қорыта айтатын болсақ,  көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру   тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Бұл оқушылардың халықаралық  жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел  тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік,  дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны  әлемдік озық ой­пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.

Қазақ тілі сабағын ағылшын, орыс тілдерімен байланыстырып өтудің тиімді әдіс-тәсілдері

Қазақ тілі сабағын ағылшын, орыс тілдерімен байланыстырып өтудің тиімді әдіс-тәсілдері

Қазақ тілі сабағын ағылшын, орыс тілдерімен байланыстырып өтудің тиімді әдіс-тәсілдері

Қазақ тілі сабағын ағылшын, орыс тілдерімен байланыстырып өтудің тиімді әдіс-тәсілдері

Қазақ тілі сабағын ағылшын, орыс тілдерімен байланыстырып өтудің тиімді әдіс-тәсілдері

Қазақ тілі сабағын ағылшын, орыс тілдерімен байланыстырып өтудің тиімді әдіс-тәсілдері

Қазақ тілі сабағын ағылшын, орыс тілдерімен байланыстырып өтудің тиімді әдіс-тәсілдері

Қазақ тілі сабағын ағылшын, орыс тілдерімен байланыстырып өтудің тиімді әдіс-тәсілдері

Қазақ тілі сабағын ағылшын, орыс тілдерімен байланыстырып өтудің тиімді әдіс-тәсілдері

Қазақ тілі сабағын ағылшын, орыс тілдерімен байланыстырып өтудің тиімді әдіс-тәсілдері
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
07.02.2017