Қазақ тілінен сабақ жоспарлары.
Оценка 4.7

Қазақ тілінен сабақ жоспарлары.

Оценка 4.7
Раздаточные материалы
docx
администрации +1
Взрослым
30.01.2017
Қазақ тілінен сабақ жоспарлары.
Публикация является частью публикации:
Қазақтың зергерлік бұйымдары..docx
Қазақтың зергерлік бұйымдары Тұмарша (Бойтұмар)  Жүзік, сақина            Бұл – ырымдық зат. Оған кез­келген бұйым (ұлутас, сүйек, т. б. ) немесе арнайы жасалған қымбат заттар да алынған, оларға жазу жазылып, бедер суреттер түсірілген. Бойтұмарды алқаға,  кішкене қорапшаға, әмиянға салатын  болған. Болмаса былғарыдан, шүберектен  жасаған қалташаға тігеді. Үлкендігі мен  пішіні әртүрлі болады. Ол көз тиюден, пәле­ жаладан, апаттан қорғайды деп сенген.  Әйелдердің саусақтарына  тағылатын зергерлік  бұйымдардың бір түрі – жүзік сақина деп аталады.  немесе Зергерлер алтыннан, күмістен құйып,  қақтап, соғып, шекімелеп, қара ала  жүргізіп шиыршық темірден торлап, небір  тамаша өрнектер салып, асыл тас  қондырып алуан түрлі жүзіктер жасаған.  Олар жасалу түрі мен қолдану ретіне  қарай отау жүзік,құс мұрын жүзік, тасбақа  жүзік т. б. деп аталған.  Шолпы, шаш теңге  Шашбау                  Бұл бұйымдарды қыз­ келіншектер шаштарының ұшына тағады. Шаш теңгелер мен шолпылар әсем шиыршықталған күміс үзбе бауларға бекітілген тоғыз теңгеден тұрады. Тоғыз – қазақ ұғымында  киелі сандардың бірі. Олар бір­бірімен  ұзыннан ұзақ жалғасып, шаштың ұшына  бірге өріледі.             Шашбау да бір­біріне сым үзбелер  арқылы бекітіледі. Орталарына асыл  тастардан көз қондырылған теңгелер  тізбегінен құралады. Ұшы сәнді шашақпен,  күміс әшекейлермен әсемделеді. Шашбау  шаштың түбіне бекітіліп, бұрыммен бірге  салбырай төгіліп тұрады. Білезік  Сырға  Білезік сыңар қолға да, қос қолға да тағыла береді. Бірнеше  бөлшектен құралған,  ашпалы­жаппалы, сом темірден  тұтас құйылған жұмыр түрлері болады.  Соған орай оларды сом білезік, жұмыр  білезік, бес білезік т. б. деп әртүрлі  атайды. Олардың ішінде шынжырмен  жалғасып жататын бірнеше жүзігі бар  білезіктер де кездеседі. Оларға неше  түрлі өрнектер салып, тас қондырып,  қарала жүргізіп, сіркелеп, бұрала  ширатып әсемдеген. Олар көбіне  күмістен соғылады.  Қыз­келіншектердің аса сүйіп тағатын әсемдік бұйымдарының бірі – сырға. Қазақ зергерлері жасайтын ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға,  сабақты сырға,шашақты сырға деп әр  өңірде алуантүрлі аталатын сырғалардың  түрлері өте көп.

Қазақ тілінен сабақ жоспарлары.

Қазақ тілінен сабақ жоспарлары.

Қазақ тілінен сабақ жоспарлары.

Қазақ тілінен сабақ жоспарлары.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.01.2017