Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде
Оценка 4.7

Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде

Оценка 4.7
Научные работы
docx
история +1
Взрослым
10.01.2017
Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде
Кіршіксіз қардай сақтаңдар, Қазақтың тілін ғаламат. Ана тіл – арым, иманым, Аманат, саған, аманат. М. Әлімбаев. Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі. Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі - әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр. Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері Қазақстанның халқын, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуі міндетті. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), «Тіл саясаты туралы» Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген «Тіл туралы» Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріліп отыр. Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғы шарты бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы, табиғи және табиғи емес тілдік ортаның болуы, республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және ауызша әрі жазбаша түрде қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай-ақ қазақ тілінің құрылым-жүйесі жетілген, лексика-фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі бар ұлттық тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді. Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі қоғамдық өмірдің аса маңызды мынадай салаларында жүзеге асады: басқару, ақпарат, білім беру мен тәрбие ісі (мектепке дейінгі мекемелер, бастауыш, орта мектеп, жоғары мектеп), ғылым мен техника (ғылыми-зерттеу мекемелерде); қоғамдық ғылымдар, жаратылыстану мен нақты ғылымдар, техникалық және қолданбалы ғылым, экономика салаларында, ғылымның жалпыға ортақ салаларында, бұқаралық ақпарат құралдары саласында, іс жүргізу саласында; мемлекеттік, қоғамдық-саяси, мәдени мекемелер мен ұйымдарда; дене тәрбиесі, спорт, туризм, денсаулық сақтау мен емдеу мекемелерінде; қоғамдық тамақтандыру орындарында; өнер мекемелерінде (театр, кино); дипломатиялық қарым-қатынаста; әскери-патриоттық тәрбие және білім беру ісінде; шаруашылық жүргізу және ұйымдастыруда; өндіріс және өнеркәсіп орындарында; Қазақстан Республикасында өтетін республикалық, халықаралық құрылтай, конференция, мәжіліс, жиындар т.б. Сонымен, қазақ тілі – дәстүрлі, тұрақты, қатаң тілдік нормасы бар, стильдік тармақтары сараланған, жалпы халықтық тілден ұлттық деңгейге көтерілген тіл. Біздің ана тіліміз - қазақ тілі: түпкі түрін сақтаған түркі туыстас байырғы тіл; ежелден жазба мәдениеті бар тіл; әдеби тіл, жергілікті тіл (диалекті), сөйлеу тілі, қарапайым сөйлеу тілі тәрізді формалары бар; демографиялық тірегі мықты ұлттық тіл; құрылым-құрылысы кемелденген тіл; егеменді Қазақстан Республикасы өз қамқорлығына алған мемлекеттік тіл 1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған «Тіл туралы» Заңда «Тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі» делінген. Ал бірінші баптың бірінші тармақшасында «Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады» деп жазылған. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда. Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды. Қалыптасудың барлық сатыларын бастан кешірген ана тіліміз – мейлінше жетілген ұлттық тіл. Ана тілімізде әдеби шығармалар, ғылыми-бұқаралық, техникалық, құқықтық, педагогикалық, саяси, өнертанушылық әдебиеттер жарияланады. Тіліміз еліміздегі азаматтардың өзара қарым-қатынас тілі болумен ғана шектеліп қалмайды, оның мұрағаттық, ақпараттық қасиеттері де мол. Қазақ тілі – бай да құнарлы тілдердің қатарына жатады. Ежелгі бабаларымыздың тарихы, шежіресі және түрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа өзіміздің осы ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Тіл тарихы халық тарихына ұқсас. Қоғамның жылжып, өзгеруіне байланысты тіл де дамып, өзгеріп отырады. Қазақ тілі тарихында орын алған түрлі қиындықтар мен дағдарыстардың объективті себептері бар. Біріншіден, қазақ халқы үш ғасырға жуық орыс отаршылдығының қыспағында болып, ұлт ретінде жойылып кетудің бірнеше сатыларын бастан кешірді. Екіншіден, Жоңғар шапқыншылығының халқымызға тигізген зардаптары да орасан зор болды. Үшіншіден, Кеңес өкіметі жетпіс жылдан астам уақыт бойы ұлттардың жақындасуы деген желеумен ұсақ ұлттардың тілдеріне қысым жасап келгені белгілі. Қазақ тілі ең көне бастауын әр кездегі ежелгі түрік жазулары ескерткіштерінен: Талас-Орхон-Енисей жазулары (5-8 ғ.ғ.), Жүсіп Баласағұнның «Қүтадғу білік» еңбегі, Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғатат түрік» еңбегі , Ахмет Йүгінекидің «Һибат Ұл һақайық» еңбегі, Қожа Ахмет Яссауидің «Хикметі» (10-12 ғ.ғ.), Алтын Орда, Шағатай және қыпшақ (13-14ғ.ғ.) тұсындағы жазулардан алады. Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлері мен тілдік нормаларында қалыптасқан, кейінгі кезде ақындар, жыраулар мұрасы арнасына құйылған, ұлы Абай мен Ыбырай шығармашылығы арқылы бізге жеткен қазіргі қазақ әдеби тілі. Тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз. Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмақшы емес, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. «Тіл туралы» заңдағы «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы» – делінген. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп анық жазған, Ата Заңымыздан туындаған «Тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңында да осы жағдай берік қамтылған. Біздің азаматтық парызымыз – тіл заңындағы талаптарды жүйелі түрде жүзеге асыру. Ол тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларынан да көрініс тапты. Сонымен қатар кешегі қаңтар айының 28 күнгі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрлі жыл сайынғы халыққа Жолдауында да тілдің мәртебесін көтеру мен тілге қамқорлық жасаудың жақтары баса көрсетілді. Жолдауда Елбасы былай деп атап өтті: «Бүгінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі басым көпшілікті құрайды. Бұл Тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі. Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады. Ол үшін біз бәрін де жасап жатырмыз.» «Тіл – біздің тұтастығымыз», «Тіл тағдыры – ел тағдыры» деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт -санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекетік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің. Қазақ тілі - өте бай тіл. Ол шаруашылықтың бар саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудің құралы, қуатты қаруы. Амал не, осындай әдемі туған тіліміз бола тұра өзге тілде сөйлейтіндер де көп болды. Тіпті туған тілден безетін сорақыларды да көргеніміз бар. Төл тілде сөйлеуден безу ақ сүт беріп, асыраған анаңды ұмытумен бердей. Осы кезде Паустовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік,» – деп, ашына айтқаны ойға келеді. Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де болашағынан да қол үзеді. Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы ана тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты. Сондықтан туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезеңнен басталуы тиіс. Айналаңды танып білу, туған тіліңді білуден басталады. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу және оны жақсы біліп, туған анадай сүю. Елбасымыз айтқандай, Қазақстанның болашағы қазақ тілінде. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. «Егемен Қазақстан» - 24 қаңтар 2009 жыл 2. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан. 28.01.2011жыл 3. Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңынан. 1987 жыл, 4-бап 4. «Ана тілі» - 22 наурыз 1992 жылДокумент
Қазақстанның болашағы қазақ тілінде (2).docx
Қазақстанның болашағы­ қазақ тілінде                                                                                                   Омарова Гульшат Амангельдиновна                                                                                  Қарағанды қаласы                                                                                                             №18 орта мектебінің                                                                                   тарих пәні мұғалімі Кіршіксіз қардай сақтаңдар,                                                                                                                            Қазақтың тілін ғаламат.                                                                                                                     Ана тіл – арым, иманым,                                                                                                                 Аманат, саған, аманат.                                                                                                                                           М. Әлімбаев.          Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін  сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз.  Ал, бұлардың бәрі – адам  баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты   себепкер – ана тілі. Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі ­ әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы  ондықтар қатарындағы тіл. Сондай­ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті  қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр.  Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері Қазақстанның халқын, соның ішінде қазақ халқының  тұрмыс­әдебиетін, әдет­ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуі міндетті. Тілге деген құрмет –  халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін  тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.      Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), «Тіл саясаты туралы» Тұжырымдамасы  (1996ж.) және осыларға негізделген «Тіл туралы» Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің  ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл  алуандығын көздейді. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне  конституциялық мәртебе беріліп отыр. Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл  ретінде қызмет етуінің бірнеше алғы шарты бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылардың  санының жеткілікті болуы, табиғи және табиғи емес тілдік ортаның болуы, республиканың барлық  аймақтарына таралуы, қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және ауызша әрі жазбаша  түрде қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай­ақ қазақ тілінің құрылым­жүйесі  жетілген, лексика­фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі  бар ұлттық тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы – қазақ тілінің мемлекеттік тіл  ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді. Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі қоғамдық өмірдің  аса маңызды мынадай салаларында жүзеге асады: басқару, ақпарат, білім беру мен тәрбие  ісі  (мектепке дейінгі мекемелер, бастауыш, орта мектеп, жоғары мектеп), ғылым мен техника  (ғылыми­зерттеу мекемелерде); қоғамдық ғылымдар, жаратылыстану мен нақты ғылымдар,  техникалық және қолданбалы ғылым, экономика салаларында, ғылымның жалпыға ортақ  салаларында,  бұқаралық ақпарат құралдары саласында, іс жүргізу саласында; мемлекеттік,  қоғамдық­саяси, мәдени мекемелер мен ұйымдарда; дене тәрбиесі, спорт, туризм, денсаулық сақтау мен емдеу мекемелерінде; қоғамдық тамақтандыру орындарында; өнер мекемелерінде (театр,  кино); дипломатиялық қарым­қатынаста; әскери­патриоттық тәрбие және білім беру ісінде;  шаруашылық жүргізу және ұйымдастыруда; өндіріс және өнеркәсіп орындарында; Қазақстан  Республикасында өтетін республикалық, халықаралық құрылтай, конференция, мәжіліс, жиындар т.б.  Сонымен, қазақ тілі – дәстүрлі, тұрақты, қатаң тілдік нормасы бар, стильдік тармақтары  сараланған, жалпы халықтық тілден ұлттық деңгейге көтерілген тіл.  Біздің ана тіліміз ­ қазақ тілі:  түпкі түрін сақтаған түркі туыстас байырғы тіл;  ежелден жазба мәдениеті бар тіл;  әдеби тіл, жергілікті тіл (диалекті), сөйлеу тілі, қарапайым сөйлеу тілі тәрізді формалары бар;  демографиялық тірегі мықты ұлттық тіл;  құрылым­құрылысы кемелденген тіл;  егеменді Қазақстан Республикасы өз қамқорлығына алған мемлекеттік тіл      1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған «Тіл туралы» Заңда «Тіл  ­ халықтың ұлы жетістігі, әрі  оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі» делінген. Ал бірінші баптың бірінші тармақшасында  «Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады» деп жазылған.   Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген тұжырымдаманы үнемі  айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара  жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда. Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі ­ оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір  сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір­қасиетін, мәдениетін, ана тілін  сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез­келген мемлекет өзінің аумақтық салт­дәстүрін, ана  тілін ерекше қорғайды. Қалыптасудың барлық сатыларын бастан кешірген ана тіліміз – мейлінше  жетілген ұлттық тіл. Ана тілімізде әдеби шығармалар, ғылыми­бұқаралық, техникалық, құқықтық,  педагогикалық, саяси, өнертанушылық әдебиеттер жарияланады. Тіліміз еліміздегі азаматтардың  өзара қарым­қатынас тілі болумен ғана шектеліп қалмайды, оның мұрағаттық, ақпараттық  қасиеттері де мол. Қазақ тілі – бай да құнарлы тілдердің қатарына жатады. Ежелгі бабаларымыздың тарихы, шежіресі және түрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа өзіміздің осы ана тіліміз арқылы жетіп  отыр. Тіл тарихы халық тарихына ұқсас. Қоғамның жылжып, өзгеруіне байланысты тіл де дамып,  өзгеріп отырады. Қазақ тілі тарихында орын алған түрлі қиындықтар мен дағдарыстардың  объективті себептері бар. Біріншіден, қазақ халқы үш ғасырға жуық орыс отаршылдығының  қыспағында болып, ұлт ретінде жойылып кетудің  бірнеше сатыларын бастан кешірді. Екіншіден,  Жоңғар шапқыншылығының халқымызға тигізген зардаптары да орасан зор болды. Үшіншіден,  Кеңес өкіметі жетпіс жылдан астам уақыт бойы ұлттардың жақындасуы деген желеумен ұсақ  ұлттардың тілдеріне қысым жасап келгені белгілі.                                                                                      Қазақ тілі ең көне бастауын әр кездегі ежелгі түрік жазулары ескерткіштерінен: Талас­Орхон­ Енисей жазулары (5­8 ғ.ғ.), Жүсіп Баласағұнның «Қүтадғу білік» еңбегі, Махмұт Қашқаридің  «Диуани лұғатат түрік» еңбегі , Ахмет Йүгінекидің «Һибат Ұл һақайық» еңбегі, Қожа Ахмет  Яссауидің «Хикметі» (10­12 ғ.ғ.), Алтын Орда, Шағатай және қыпшақ (13­14ғ.ғ.) тұсындағы  жазулардан алады. Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлері мен тілдік нормаларында  қалыптасқан, кейінгі кезде ақындар, жыраулар мұрасы арнасына құйылған, ұлы Абай мен Ыбырай  шығармашылығы арқылы бізге жеткен қазіргі қазақ әдеби тілі. Тіл қай елде болса да қастерлі,  құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі  жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей  түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз. Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір  сүре алмақшы емес, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан  тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.  Тіл байлығы ­ әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын  баға жетпес мұра. «Тіл туралы» заңдағы «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы  болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының  парызы» – делінген. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл  болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл ­ қазақ тілі деп анық  жазған, Ата Заңымыздан туындаған «Тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңында да осы жағдай берік қамтылған. Біздің азаматтық парызымыз – тіл заңындағы талаптарды жүйелі түрде  жүзеге асыру. Ол тілдерді қолдану мен дамытудың 2001­2010 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламаларынан да көрініс тапты. Сонымен қатар кешегі қаңтар айының 28 күнгі Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрлі жыл сайынғы халыққа Жолдауында да тілдің мәртебесін көтеру мен  тілге қамқорлық жасаудың жақтары баса көрсетілді. Жолдауда Елбасы былай деп атап өтті:  «Бүгінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі басым көпшілікті құрайды.  Бұл Тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі. Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді  білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95  пайызды құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді  біліп шығатын болады. Ол үшін біз бәрін де жасап жатырмыз.»       «Тіл – біздің тұтастығымыз», «Тіл тағдыры – ел тағдыры» деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр  адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса  да қарсы тұруға тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату ­ әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің  барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт ­санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен  тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті,  отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекетік тілдің атқаратын қызметі орасан  зор.    Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен  туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің. Қазақ тілі ­ өте бай тіл. Ол шаруашылықтың бар  саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді  құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудің құралы, қуатты қаруы. Амал не,  осындай әдемі туған тіліміз бола тұра өзге тілде сөйлейтіндер де көп болды. Тіпті туған тілден  безетін сорақыларды да көргеніміз бар. Төл тілде сөйлеуден безу ақ сүт беріп, асыраған анаңды  ұмытумен бердей. Осы кезде Паустовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік,» – деп,  ашына айтқаны ойға келеді. Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де болашағынан да қол  үзеді. Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау.  Ұлттық  мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы ана тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз  байланысты. Сондықтан туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезеңнен басталуы тиіс. Айналаңды  танып білу, туған тіліңді білуден басталады. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу және оны жақсы біліп, туған анадай сүю. Елбасымыз айтқандай, Қазақстанның болашағы  қазақ тілінде. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. «Егемен Қазақстан» ­ 24 қаңтар 2009 жыл 2.    ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан. 28.01.2011жыл 3. Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңынан. 1987 жыл, 4­бап  4. «Ана тілі» ­ 22 наурыз 1992 жыл

Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде

Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде

Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде

Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде

Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде

Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.01.2017