Биолог ғалымдар
Оценка 4.6

Биолог ғалымдар

Оценка 4.6
Подготовка к тестированию
docx
биология
11 кл
08.03.2017
Биолог ғалымдар
Биология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар. К.Линней • 1735ж түрді латын тілінде қосарынан атауды (бинарлық номенклатура) ұсынды. • Тірі организмдерді жүйелеуде аса зор еңбек сіңірген ғалым. • 1735 ж адамды сүтқоректілер класы, приматтар тобына жатқызған ғалым. • «Табиғат жүйесі» 1735ж, «Ботаника философиясы» еңбегінің авторы. • Жүйелеу атасы. • Өсімдіктерді аталығы мен аналығының санына қарай 24 класқа бөлді. • Жануарлар дүниесін қанайналым және тыныс алу мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа жіктеді. Ж.Б.Ламарк • 1802ж «Биосфера» терминін ғылымға енгізді. • 1809ж Эволюциялық ілімнің ең алғаш негізін салушы. • «Жәндіктер-омыртқа жотасыздар» деген сөздің авторы. • Еңбектерінің мәні-тірі материаны қарапайымнан күрделене беретінін мазмұндау. • Пікірі бойынша эволюцияның ең негізгі қозғаушы күші-ағзалардың ең бір жоғары сатыға көтеріле дами түсуі. • Түрлердің алуантүрлілігін және олардың қоршаған орта жағдайларына бейімделушілігін-қоршаған ортаға байланысты тек пайдалы өзгерістер ғана болып тұрады және ол тұқым қуалайтынын түсіндірген. • «Зоология философиясы» еңбегінің авторы, 1809ж шыққан. • Ең көрнекті трансформист. • Адамның адамтектес маймылдардан шыққандығы туралы алғаш жазған ғалым. • Тірі табиғаттың эволюциялық идеяларын баяндады. • Омыртқасыздарды 10 класқа бөлдіБиология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар. К.Линней • 1735ж түрді латын тілінде қосарынан атауды (бинарлық номенклатура) ұсынды. • Тірі организмдерді жүйелеуде аса зор еңбек сіңірген ғалым. • 1735 ж адамды сүтқоректілер класы, приматтар тобына жатқызған ғалым. • «Табиғат жүйесі» 1735ж, «Ботаника философиясы» еңбегінің авторы. • Жүйелеу атасы. • Өсімдіктерді аталығы мен аналығының санына қарай 24 класқа бөлді. • Жануарлар дүниесін қанайналым және тыныс алу мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа жіктеді. Ж.Б.Ламарк • 1802ж «Биосфера» терминін ғылымға енгізді. • 1809ж Эволюциялық ілімнің ең алғаш негізін салушы. • «Жәндіктер-омыртқа жотасыздар» деген сөздің авторы. • Еңбектерінің мәні-тірі материаны қарапайымнан күрделене беретінін мазмұндау. • Пікірі бойынша эволюцияның ең негізгі қозғаушы күші-ағзалардың ең бір жоғары сатыға көтеріле дами түсуі. • Түрлердің алуантүрлілігін және олардың қоршаған орта жағдайларына бейімделушілігін-қоршаған ортаға байланысты тек пайдалы өзгерістер ғана болып тұрады және ол тұқым қуалайтынын түсіндірген. • «Зоология философиясы» еңбегінің авторы, 1809ж шыққан. • Ең көрнекті трансформист. • Адамның адамтектес маймылдардан шыққандығы туралы алғаш жазған ғалым. • Тірі табиғаттың эволюциялық идеяларын баяндады. • Омыртқасыздарды 10 класқа бөлді
Биолог ғалымдар.docx
Биология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар. К.Линней • 1735ж түрді латын тілінде қосарынан атауды (бинарлық номенклатура) ұсынды. • Тірі организмдерді жүйелеуде аса зор еңбек сіңірген ғалым. • 1735 ж адамды сүтқоректілер класы, приматтар тобына жатқызған ғалым. • «Табиғат жүйесі» 1735ж, «Ботаника философиясы» еңбегінің авторы. • Жүйелеу атасы. • Өсімдіктерді аталығы мен аналығының санына қарай 24 класқа бөлді. • Жануарлар дүниесін қанайналым және тыныс алу мүшелерінің құрылысына қарай 6  класқа жіктеді. Ж.Б.Ламарк • 1802ж «Биосфера» терминін ғылымға енгізді. • 1809ж Эволюциялық ілімнің ең алғаш негізін салушы. • «Жәндіктер­омыртқа жотасыздар» деген сөздің авторы. • Еңбектерінің мәні­тірі материаны қарапайымнан күрделене беретінін мазмұндау. • Пікірі бойынша эволюцияның ең негізгі қозғаушы күші­ағзалардың ең бір жоғары  сатыға көтеріле дами түсуі. • Түрлердің алуантүрлілігін және олардың қоршаған орта жағдайларына  бейімделушілігін­қоршаған ортаға байланысты тек пайдалы өзгерістер ғана болып  тұрады және ол тұқым қуалайтынын түсіндірген. • «Зоология философиясы» еңбегінің авторы, 1809ж шыққан. • Ең көрнекті трансформист. • Адамның адамтектес маймылдардан шыққандығы туралы алғаш жазған ғалым. • Тірі табиғаттың эволюциялық идеяларын баяндады. • Омыртқасыздарды 10 класқа бөлді Ч.Дарвин • Тірі табиғаттағы эволюциялық теорияны жасаған. • Эволюцияның қозғаушы күштерін ашты (тұқымқуалаушылық, өзгергіштік, тіршілік  үшін күрес, табиғи сұрыпталу). • Тұқым қуалаушылық, өзгергіштік және сұрыптау эволюцияның қозғаушы күштері  болып табылатын факторлар екенін ашқан ағылшын ғалымы. • Жас ғалым А.Уоллес пен Ч.Дарвиннің тұжырымы­табиғи сұрыпталу жүреді. • Ч.Дарвиннің эволюциясының негізгі қозғаушы күштеріне жататыны­тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу.  • Даралардың айналадағы әртүрлі күрделі орта жағдайларымен қарым­қатынасын  Ч.Дарвин ... деп атады­тіршілік үшін күрес. • Еңбектері: 1859ж «табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы», 1868 ж Үй  хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі», 1871ж «Адамның шығу тегі және  жыныстық сұрыпталу».  • Ч.Дарвин шығарған қолдан сұрыптаудың формасы­методикалық (әдістемелік). А.Левенгук • 1674 ж бактериялар, қарапайымдылар, эритроциттер мен сүтқоректілердің  сперматозоидын жан­жақты зерттеді. • 1676 ж пластидтер мен хроматофорларды сипаттады. • Эритроциттер мен сүтқоректілердің сперматозоидтарын 1683 ж жан­жақты  зерттеген. Г.Мендель • 1865 ж тұқым қуалау заңдылықтарын ашты. • Тәжірибелерінде белгілердің тұқымқуалаушылығын зерттеудегі қолданған әдісі­ гибридологиялық. • Г.Мендель зерттеулеріндегі асбұршаққа тән белгі­өздігінен тозаңданушы өсімдіктер. И.М.Сеченов • «Ми рефлекстері» деген кітаптың авторы, 1863ж • Адамның есте сақтау қабілеті болмаса, ол өмір бойы жаңа туған нәресте қалпында  қалар еді» деген сөзді жазды. • 1862 ж ірі жаңалық: орталық жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелуді ашты. • Жануарлардың мінез­құлығы мен адамның мінез­құлығының, оның сапасы мен  ойлануының ең күрделі көріністерінің, мидың рефлекторлық қызметімен байланысы  туралы орыс физиологтарының ішінен бірінші ұсынды. • Бұлшықеттің босаңсуын зерттеген. И.Павлов • Жоғары дәрежелі жүйке қызметінің негізін салушы. • «Анализатор туралы» ұғымды ғылымға енгізген. • «Шартсыз және шартты рефлекстер» туралы ілімді ашқан. • Таза асқазан сөлін алған. • Ұйқы рефлексін ашқан. • Сілекей безінің қызметін зерттеген. • Асқорыту процесін зерттегені үшін орыс физиологтарының ішінен Нобель сыйлығын  иеленуші. • Әлемге әйгілі еткен еңбегі­«Жануарлар мен адамның шартты рефлекстер туралы». • Жануардағы жоғары дәрежелі жүйке жүйесінің мінез­құлық физиологиясының  негізін қалаушы. • Жоғары дәрежелі жүйке қызметі ұғымын ең алғаш енгізген. • Қазіргі замандағы физиологиялық теорияға академик И.П.Павловтың қосқан үлесі­ Қарын сөлі бөлінуінің гуморальдық жолмен реттелуін көрсетті. • И.П.Павлов... тәжірибе жасау арқылы шартты рефлекстерді зерттеді­итке. Н.И.Вавилов • Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі гомологтық қатарлар заңын ашты. • Мәдени өсімдікиердің шығу оратлықтарын (7­8) ашты. И.В.Мичурин • Атақты селекционер. • Ментор әдісімен шығарған алма іріктемесі­Бельфлер­китайка. • Антоновка мен ананас ранетінің оңтүстік іріктемелерін гибридтендіру арқылы  славянка алма ағашын алды. • Табиғаты жөнінен И.В.Мичурин сорттары­күрделі гетерозиготтар типіне жатады. Н.И.Мечников • «Фагоцитоз» құбылысын ғылымға енгізді. • Иммунитет туралы ілімнің негізін қалаушы. • Бөгде бөлшектерді сіңіріп, қорыту процесін ашқан ғалым. • Лейкоциттердің бөгде заттарды сіңіріп, қорыту процесін ашқан ғалым. В.Гарвей • 1628ж қанайналымды ашты. • «Барлық тіршілік жұмыртқадан пайда болады». К.М.Бэр • 1828ж ұрықтардың ұқсастық заңы ашылды.  • 1826ж сүтқоректілердің жұмыртқажасушасын ашты. Ф.Энгельс • «Маймылдың адамға айналуында еңбектің ролі» еңбегінің авторы. • «Тіршілік» деген ұғымға алғаш рет анықтама берген. Аристотель • Зоология ғылымының негізін қалаған. • Құрттар­топырақтан, шыбындар­шіріген еттен пайда болған деп есептеген ғалым. А.Н.Северцев • Эволюцияның негізгі бағыттарын анықтады. • Биологилық алға басу туралы ілімді анықтап зерттеуде үлес қосқан ғалым.  Р.Гук­1665 ж жасушаны ашты.  А.Везалий­Анатомияның негізін қалаған.  С.Миллер­Опарин­Холдейн болжамын сынақ тәжірибемен дәлелдеген ғалым.  Р.Декарт­рефлекс ұғымын ғылымға алғаш рет енгізген француз ғалымы.  Я.Пуркинье­1839 ж жасуша протоплазмасын анықтады.  Р.Броун­1831ж жасуша ядросын ашты.  А.Клод­1943 ж рибосоманы ашты.  Де Дюв­1956­1959 жж лизосоманы ашты.  А.Шимпер­1885 ж хлоропластты ашты.  В.Флеминг­1882 ж митохондрияны ашты.  К.Гольджи­1882­1885 жж Гольджи жиынтығын ашты.  Портер­1948 ж эндоплазмалық торды ашты.  Х.Де Фриз, В.Пфеффер­1885­1886 жж вакуольді ашты.  Х.Де Фриз­«Мутация» ұғымын ғылымға енгізген голландиялық ғалым.  Ханштейн­1880 ж сферосомаларды ашты.  Ф.Мишер­1868ж нуклеин қышқылдары ашылды.  Анри Мари Бленвиль­«Тип» терминін ғылымға енгізді.  К.Шмид­«Көмірсу» терминін 1844 ж ғылымға енгізді.  В.Вальдейер­«Хромосома» терминін 1888ж ұсынды.  Джон Рей­ 1688ж «Түр» деген ұғымды енгізген.  Жозеф Питон де Турнефор­«Класс» терминін ғылымға енгізді.  В.Иогансен­1903ж «Популяция» 1909ж «генотип», «фенотип» терминін енгізді.  Ю.А.Филипченко­«Макроэволюция» терминін 1927 ж енгізді.  Э.Геккель­«Экология» терминін ғылымға енгізді.  Э.Леруа, П.Т.Шарден­1927 ж «Ноосфера» терминін енгізді.  Н.В. Тимофеев­Ресовский­«Микроэволюция» терминін енгізді.  М.Хейл­«Эволюция» терминін ғылымға енгізді.  Вернадский­«Биосфера» туралы ілімнің негізін қалаушы.  К.Мебиус­«Биоценоз» ұғымын ұсынды.  Тенсли­«Экожүйе» терминін ғылымға енгізген.  У.Бэйлис, Э.Старлинг­1904ж «Гормон» терминін ғылымға ұсынды.  У.Бэтсон­1906ж «Генетика» терминін ғылымға ұсынды.  Карл Бендос­Митохондрия атауын ұсынған.  Д.И.Ивановский­1892ж вирустарды ашты.  М.Ә.Айтқожин­1878ж информасоманы ашты.  М.Хейл­«Эволюция» терминін енгізді.  М.Мальпиги­1661ж өте ұсақ қантамырлар­қылтамырларды ашты.  Лаверан­Безгек ауруын қоздыратын паразитті ашқан ғалым.  Б.П.Токин­1928 ж фитонцидтерді ашты.  А.Трамбле­гидраны ашты.  М.Шлейден, Т.Шванн­1838­1839жж жасуша теориясын тұжырымдады.  Р.Вирхов­1858ж «Әрбір жасуша тек аналық жасушадан пайда болады» деген  қағиданы тұжырымдады, жасушаның бөлінуін ашты.  Е.Руска, М.Кнолль­1931ж электрондық микроскоп жасады.  К.Ландштейнер­1900ж адам қанының топтары анықталды.  Н.Ф.Гамалея­1899ж бактериофагты ашты.  Н.И.Лунин­1880ж дәрумендерді ашты.  Р.Кох­1882 ж туберкулез таяқшасын анықтады.  Т.Морган­1914ж тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын ашты.  С.Г.Навашин­1898ж гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтануын ашты.  С.Н.Виноградский­1887ж хемосинтез құбылысын ашты; микробиология ғылымында  күкіртті бактерияларды зерттеген.  Ф.Мюллер, Э.Геккель­1864ж биогенетикалық заңды ашты.  Дж.Пристли­1778ж өсімдіктердің оттегі бөлетінін анықтады.  К.А.Тимирязев­1903ж Фотосинтез процесі түсіндірілді, еңбегі «Күн, тіршілік және  хлорофилл».  Г.Г.Хитенков­1951ж жылқының мініске арналған қолтұқымын алды.  Г.Д.Карпеченко­орамжапырақ пен шомырды будандастырып, түраралық буданның  тұқым бермеуін жойған.  Лукьяненко­Безостоя­1 сортын шығарған.  Н.В.Цицин­түраралық будандастыру арқылы бидайдың гибридтерін алған.  Я.Беккори­Нәруыз молекуласын тұңғыш рет 1736 ж зерттеді.  Т.Сведберг­Нәруыз молекуласының шар пішінді болатынын дәлелдеді.   Н.Н.Любавин­1871ж ақуыздардың аминқышқылдарынан тұратынын анықтады.  С.Фокс­1957ж аминқышқылдары судың қатысуынсыз­ақ өзара қосылып, пептидті  байланыстар түзуі мүмкін деген пікір ұсынды.  Э.Фишер­Аминқышқылдардың пептидтік байланыспен байланысатынын дәлелдеді.  Л.Полинг­ақуыздың екінші реттік құрылымын ашқан, «орақ пішінді жасушалы  анемияның» пайда болу себептерін тапты.   Э.Чаргафф­ДНҚ молекуласының құрамына 4 нуклеотид кіретінін тапқан: Аденин  Тиминге, Гуанин Цитозинге сәйкес екенін анықтады.  Д.Уотсон, Ф.Крик­1953ж ДНҚ­ның қос тізбегінің моделін жасап, құрылымын  анықтады.  Харди­Вайнберг теңдеуінің қорытындысы­ешқандай сыртқы факторлар кедергі  келтірмейтін еркін будандастырылатын популяция тепе­теңдікті сақтай алады.  К.И. Скрябин­ішқұрттарға қарсы күрес шараларын ұйымдастырған.  Н.И.Пирогов­сүйек сынғанда алғаш гипс шендеуіш салуды жүзеге асырған.  Э.Дженнер­Шешек ауруына қарсы вакцина (екпесін) тапқан.  П.И.Мариковский­қарақұрттың уын жанып тұрған сіріңкемен күйдіріп қайтару  әдісін ұсынды.  П.К.Анохин­ағзаның арнаулы қызмет атқару жүйесі туралы теория жасаушы,  ағзаның өзін­өзі реттеу идеясын дамытушы академик.  Ф.Кебер­1853ж сперматозоидтардың жұмыртқажасушаға енетіні сипатталды.  А.И.Опарин, Д.Холдейн­«Жер бетінде тіршілік абиогендік жолмен түзілуін»  дәлелдеді.  В.Прейер­«Тіршілік жер бетінде мәңгілік» деген теорияны ұсынды.  Г.Рихтер­«Панспермия теориясын» 1865 жылы ұсынды.  Ф.Реди­«Тіршілік өздігінен пайда болады» деген теорияға қарсы шықты, шыбын  дернәсілдерінің жұмыртқалардан дамитындығын дәлелдеді.  Г.Беленьский­Қызылқұм аймағынан құсжамбасты сұмпайыкесірткенің толық  қаңқасын тапты.  В.О.Ковалевский­Жылқылардың қаңқасын, тістерін, аяқтарын зерттеді, жылқының  тарихи дамуын (филогенезін) қалпына келтірді.  А.О.Ковалевский­Қандауыршының көбеюі мен дамуын зерттеген.  А.Н.Радищев­Табиғат біртұтас, ондағы даму қарапайымнан күрделіге қарай жүреді  деген пікір айтқан.  С.С.Четвериков­эволюциялық теорияны генетикамен байланыстыра зерттеді.  Э.Дюбуа­Ява аралынан питекантропты тапты.  Х.А.Алпысбаев, Ә.Х.Марғұлан­ертедегі адамдардың мекен­жайларын Қазақстан  жерінде тапқан.  В.И.Беляев­1898 ж жыныс жасушаларының мейоз жолымен бөлінетіндігін  сипаттады.  И.Д.Чистяков­1874 ж өсімдік жасушаларының митоздық жолмен бөлінетіндігін  ашты.  К.Корренс, Э.Баур­Цитоплазмалық тұқым қуалауды зерттеудің негізін салды.  М.Родс­Цитоплазмалық аталық ұрықсыздықты ашты.  В.Флемминг, П.И.Перемережко­1878 ж жануар жасушасының митоздық жолмен  бөлінетіндігін ашты.  А.Ы.Жандеркин, Есенжолов­Қазақтың арқар­меринос, түбітті ешкісін алған.  Б.М.Мусин­Қазақтың ақбас сиырын алуға қатысқан.  Х.Д.Досмұхамедов­«Жануартану» оқулығының авторы.  Э.Пфлюгер­1875 ж тотығу процестері қанда емес, ұлпаларда жүретіндігін  дәлелдеді.  Б.Л. Астауров­Жасанды партеногенездік жолмен көбею қабілеті бар жібек құртын  алды.  А.А.Ухтомский­Еңбек етуде адамның жеке басы қасиетінің, психикасының және  сана­сезімінің ерекше маңызы бар екенін дәлелдеген.  В.В. Докучаев­Топырақтану ғылымының негізін салған.  В.Н.Сукачев­1940 ж биогеоценоздар теориясын дәлелдеді.  М.В.Ломоносов­Жануарлар мен өсімдіктер арасында өтпелі формалардың бар  екендігін ашты.  Ф.М.Мұқамбетқалиев­Қазақстанда алғаш рет трансплонтациялық жолмен қозы  алынды.  Әкелі­балалы Янсендер­алғашқы микроскопты ашушылар.  А.Браконно­1820 ж француз ғалымы ақуызды ыдырату арқылы амин қышқылы­ глицинді алды.  А.С.Фаминцын,О.А.Баранецкий­қынаның саңырауқұлақ жіпшелері мен біржасушалы жасыл балдырлардың бірігіп тіршілік етуінен түзілген ағза екенін анықтады.  Е.Сирс­Генетикалық инженерияның тарихын тұңғыш ашқан ғалым.  Бексли, Эйвери­Колхицин әдісімен өсімдіктердің іріктемелерін алуды зерттеген. “Биология” терминін ғылымға алғаш 1797 ж. неміс ғалымы Т. Руз енгізген. Биология Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде (Қытай, Жапония, Үндістан) 6 — 1 ғасырларда дами бастағанымен, тіршілік құбылыстарына жүйелі түрде сипаттама берген грек және Рим философтары мен дәрігерлері болды. Соның ішінде Гиппократ ( 460 — 370) алғаш адам мен жануарлардың анатомиялық және морфологиялық құрылысына жүйелі түрде сипаттама беріп, оларда болатын түрлі аурулардың қалыптасуындағы сыртқы орта мен тұқым қуалаушылықтың рөлін атап көрсеткен. Аристотель ( 384 — 322) өз еңбектерінде жануарларды құрылысы мен тіршілік әрекеттеріне қарай 4 топқа бөлді. Сонымен қатар адамның анатомиялық - морфологиялық құрылыс ерекшеліктерін, ой-өрісінің дамуын да зерттеді. Анатомиялық зерттеулер жүргізу арқылы адамның ішкі мүшелерін, көздің тор қабығын сипаттап жазған Александриялық ғалымдар: Герофил (300 ж.ш.т.) алғаш рет артерия және вена қан тамырларының арасындағы айырмашылықты ажыратса, ал Эрасистрат( 300 — 240) мидың құрылысына сипаттама берген. Римдік Гай Плиний ( 24 — 79) құрастырған “Табиғи тарих” атты 37 томдық энциклопедия орта ғасырға дейін табиғат жайлы білімдердің негізгі қайнар көзі болып келді. Көне заманның тағы бір ұлы зерттеушісі К. Гален сүтқоректілерге көптеген тәжірибелер жүргізіп, олардың орталық және шеткі жүйке жүйесі жайлы құнды мәліметтер қалдырып, анатомия мен физиологияның дамуына үлкен ықпалын тигізді.  XV — XVI ғасырларда география саласындағы ұлы жаңалықтарға байланысты өсімдіктер мен жануарлар түрлері жөнінде көптеген деректер жиналды. Осы кезде әйгілі ғалым Леонардо да Винчи (1452 — 1519) көптеген өсімдіктер мен жануарларға анатомиялық зерттеулер жүргізіп, адам мен жануарлар сүйектеріндегі ұқсастықтарды көрсетті. Алғаш рет мүшелер гомологиясын ашты.  1543 ж. бельгиялық ғалым А. Везалий “Адам денесінің құрылысы жайлы жеті кітап” атты еңбегін жарыққа шығарып, ғылыми анатомияның негізін қалады.  Ал 1628 ж. ағылшын ғалымы В. Гарвей “Жануарлардағы жүрек пен қан қозғалысы туралы анатомиялық зерттеу” атты еңбегінде қан айналымы жайлы ілімді тұжырымдаса,  1670 ж. Италия ғалымы Д. Борелли жануарлардың қозғалу механизмдерін сипаттау арқылы физиологияның дамуына жол салды.  XVI — XVII ғасырларда микроскоптың ашылуына байланысты өсімдіктердің ішкі құрылысы (Р. Гук, 1665; М. Мальпиги, 1675 — 79; Н. Грю, 1671 — 82), олардың жыныстық ерекшеліктері (Р. Камерариус, 1694, т.б.), микроорганизмдер, эритроциттер мен сперматозоидтер (А. Левенгук, 1673) зерттеліп, жәндіктердің құрылысы мен дамуы (М. Мальпиги, 1669; Я. Сваммердам, 1669) анықталды. Бұл жаңалықтар эмбриологияда бір-біріне қарама- қайшы түрлі бағыттарды (овизм, анималькулизм, преформизм, эпигенез, т.б.) қалыптастырды.  1670 ж. ағылшын ғалымы Дж. Рей “Өсімдіктер тарихы” атты еңбегінде 19 класқа топтастырылған 18 мың өсімдік түрлеріне сипаттама берді.  XVIII ғасырда швед ғалымы К. Линней “Табиғат жүйесі” атты еңбегінде ғылымға бинарлық номенклатураны енгізді.  XVIII — XIX ғасырларда тірі табиғаттың тарихи дамуы жайлы теориялар қалыптаса бастады. Солардың бірі француз ғалымы Ж. Ламарктың эволюциялық теориясы мен неміс ғалымдары Т. Шванн және М. Шлейденнің клетка теориясы болды. Осы кезде жануарлар физиологиясындағы ірі жетістік — бауырда глюкогеннің синтезделуі (К. Бернар, 1848), жоғарғы жүйке әрекеті (И.М. Сеченов, 1863) анықталса, француз ғалымы Л. Пастер (1860 — 1864) қазіргі тірі организмдердің өздігінен пайда болу мүмкіндігін біржолата теріске шығарды.  XIX ғасырдағы аса маңызды оқиғалардың бірі Ч. Дарвиннің “Түрлердің шығу тегі” еңбегінде эволюциялық ілімді жариялауы болды. Дарвинизмнің қалыптасуы эволюциялық салыстырмалы анатомия (К. Гегенбауэр), эволюциялық эмбриология (А.О. Ковалевский, И.И. Мечников), эволюциялық палеонтология (В.О. Ковалевский) сияқты жаңа бағыттарға жол ашты. Дәл осы кезде генетика ғылымы қалыптасып, қарқынды дами бастады.  1865 ж. чех ғалымы Г.Мендель белгілердің тұқым қуалау заңдылығын ашты.  1900 ж. голланд ғалымы Де Фриз ғылымға “мутация” деген терминді енгізсе, американ ғалымы Т. Морган “Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын” ашты (1910 — 11).  XX ғасырдың 2-жартысында биология ғылымы тірі организмдер құрылысын зерттеуге қол жеткізді. Осының нәтижесінде тірі организмдердің өлі табиғатта кездеспейтін, төменгі және жоғарғы молекулалы органикалық қосылыстардан тұратыны анықталды. Негізгі био полимерлер: белоктар, нуклеин қышқылдары, полисахаридтер, липидтер және олардың молекулаларының құрамдық бөліктері (амин қышқылдары, нуклеотидтер, көмірсулар, май қышқылдары, т.б) ашылды. Осындай жетістіктердің нәтижесінде биологияда жаңа бағыттар пайда болып, кейін олардың бірқатары дербес ғылымға айналды. Мысалы, тірі организмдердің өзара және сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым ретінде экология қалыптасты. 2. Қазіргі биологияның негіздері Қазірде биологияның барлық тармақтарын біріктіретін бес принцип бар. Жасуша теориясы (клеточная теория); (гр. teoria cellulae cellula — жасуша және теория) — жасушалар туралы биологиялық жалпы қорытынды, ғылыми тұжырым. Жасуша теориясының негізін қалаған неміс ғалымы Т. Шванн (1838-1839ж.). Жануарлар жасушасын зерттеген Т. Шванмен қатар, Жасуша теориясын жасауға өсімдіктер жасушаларын зерттеген М. Шлейден де атсалысты. Өздеріне дейінгі ғалымдар еңбектері бойынша жинақталған деректер мен өздерінің ғылыми мәліметтеріне сүйене отырып, Т. Шванн мен М. Шлейден жануарлар мен өсімдіктер организмдері органикалық табиғатының біртекті екендігін көрсете білді. Жасуша теориясы 19 ғасырда ашылған ұлы жаңалықтардың бірі болып саналады.Оның негізгі қағидалары: 1. жасуша — тірі организмнің тым ұсақ құрылымдық бірлігі; 2. жануарлар мен өсімдік организмдеріндегі әртүрлі ұлпалар жасушалары құрылысы жағынан бір-біріне ұқсас. Жасуша ядродан, цитоплазмадан, негізгі органеллалардан құралған; 3. жасуша тек бөліну арқылы көбейеді; 4. жасушалар біртұтас организмнің бір бөлігі. Организм ұлпаларында жасушалардан басқа жасуша туындылары — бейжасушалық құрылымдар (симпласт, синцитий) және оның өнімдері — жасушааралық зат болады. Тірі организмдердің клеткалық құрылымының ашылуы – күрделі оптикалық аспаптардың (микроскоптардың) ойлап табылуымен тығыз байланысты болды. Өсімдік ұлпасының клеткалық құрылымын бірінші болып 1665 ж. ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) ашқан. Өсімдіктер мен жануарлар организмдерінің клеткалық құрылымын Р.Гуктің замандастары италиялық ғалым М.Мальпиги (1628 – 1694), ағылшын ботанигі Н.Грю(1641 – 1712), т.б. өз зерттеулерінде дәлелдеген (1671). Клетка теориясының қалыптасуына чех ғалымы Я.Пуркине (1789 – 1869) үлкен үлес қосты. Ол клетканың негізгі қызметтік бөлігі клетка қабықшасы емес, оның ішіндегі протоплазма екендігін дәлелдеді. Өсімдік клеткасы протоплазмасындағы ядроны ағылшын ботанигі Р.Броун (1773 – 1858) ашты (1830). Дегенмен ядроға көп көңіл бөлген және оны клетка құратын цитобласт деп анықтама берген неміс ботанигі М.Шлейден (1804 – 81). Шлейден теориясын одан әрі талдап, Клетка теориясын құруда неміс зоологы Т.Шванның (1810 – 82) еңбегі зор болды. Ол жануарлар мен өсімдік клеткасы құрылымын салыстыруда ядроның маңызы үлкен екенін анықтады. Клетка теориясының бұдан кейінгі дамуы протоплазма мен клетка бөлінуі ашылуына байланысты болды. XIX ғ - дың орта кезінде неміс патологы Р.Вирхов (1821 – 1902) патологиялық құбылыстарды Клетка теориясы тұрғысынан қарастырып, клеткадағы ядроның маңызы аса зор екеніне көз жеткізіп, клеткалардың бөліну арқылы көбейетіндігін дәлелдеп берді. Тұқым қуалау белгілерінің сақталуы мен ұрпақтан ұрпаққа берілуін клетка ядросы басқаратынын Э.Геккель анықтады (1866). 1970 – 80 ж. барлық клеткалы организмдерге тән клетка бөлінуінің тәсілімитоз ашылды. Қазіргі кезде Клетка теориясы көп клеткалы организмдер бірлескен жеке клеткалардан тұрады және олардың өзара байланыстылығынан организмнің тұтастығы туады деп тұжырымдайды. Организм құрылысы күрделіленген сайын, оның тұтастық қасиеті анық байқалып, ол жануарларда жүйке, гуморалдық жүйелер, ал өсімдіктерде клеткалардың цитоплазмалық байланысы арқылы жүреді. Қазіргі заманғы электрондық микроскоп арқылы алынған ғыл. мәліметтер Клетка теориясысын одан әрі байытып, барлық тірі организмдердің құрылымдық және қызметтік бірлігі – клетка екендігін одан әрі дәлелдей түсті. 2.1 Эволюция Биологиядағы маңызды түсініктердің бірі тіршіліктің эволюция арқылы өзгеріп дамитындығы және қазіргі тіршіліктің барша түрінің ортақ тегінің болуында. Бұл алдыңғы секцияларда көрсетілген бірліктер мен процесстердің таңқаларлық ұқсастығына алып келді. 1809 жылы Жан-Батист де Ламарк ғылыми лексиконға таныстырған эволюцияның негізін жарты ғасырдан соң Чарльз Дарвин қалады. Ч.Дарвин эволюцияның қозғаушы күші ретінде табиғи сұрыпталу процессін атап көрсетті. Альфред Уоллес те бұл теорияны жасаушылардың бірі ретін де танылады, себебі, ол зерттеу жұмыстары мен тәжірибелерде көмек көрсеткен екен. Дарвин түрлер табиғи сұрыпталу және жасанды сұрыпталу немесе селектив бридинг нәтижесінде дамиды деп тұжырым жасады. [3] Қазіргі теорияның жасалуында эволюциялық дамудың қосымша механизмі ретінде генетикалық дрифт қабылданды. Дамып шыққан сан алуан түрлерінің қасиеттерін сипаттайтын түрлердің эволюциялық тарихы мен белгілі бір түрдің басқа әр түрге генеалогиялық туыстығы оның филогениясы деп аталады. Биологиядағы бір-біріне ұқсамайтын әдістемелер филогения туралы мәліметтер үшін таптырмас қайнар көз болып табылады. Олардың қатарына молекуляр биология я болмаса геномикада жасалатын ДНҚ тізбектерін салыстыру және палеонтологиядағы фосилдерді немесе көне организмдердің басқа да іздерін салыстыру бар. Биологтар эволюциялық қатынастарды филогенетика, фенетика және кладистика сияқты әдістерді қолдана отырып қалыптастырады және анализ жасайды. Тіршілік эволюциясындағы негізгі оқиғалардың қысқаша баяндамасы үшін эволюциялық уақытнаманы қараңыз. ХІХ ғасырға дейін тіршілік формалары белгілі шарттар аясында спонтанды түрде пайда бола алуы мүмкін деген түсінік болды. Бұған Уильям Гарвей келіспеді және ол бұған "бар өмір жұмыртқадан" ( латыншадан "Omne vivum ex ovo") деген кәламмен қарсы шықты. Бұл қағида қазіргі биологияның түпкі негізі. Ол қарапайым ғана тілмен тіршіліктің үзілмейтін жалғастығын баяндаса керек. 2.3. Ген теориясы Биологиялық форма мен функция мирастың негізгі бірлігі болып табылатын гендерден бастау алады және келесі ұрпаққа да осы гендер арқылы өтеді. Организмнің ішкі ортасына деген физиологиялық бейімділік оның гендерінде код түрінде жазулы болуы және оның ұрпағына тұқым қуалауы мүмкін емес. Сан алуан организмдер -бактериялар, өсімдіктер, жануарлар және саңырауқұлақтарда ДНҚ-ның көшірілу мен протеиндерге аударылу механизмдерінің бір-бірінен аумайтыны таңдай қақтырады. Мысалы, адам ДНҚ-сы салынған бактерия сәйкес протеиндерді түзеді. Организмдегі немесе жасушадағы гендердің жиынтығы оның геномы болмақ. Ол бір я болмаса одан да көп хромосомаларда сақталады. Хромосома - организмге байланысты мыңдаған гендер код түрінде жазулы болатын жалғыз,ұзын ДНҚ шүйкесі. Ген белсендік танытқан жағдайда ДНҚ кодтары транскрипция арқылы геннің РНҚ көшірмесіне өтеді. Кейіннен рибосома РНҚ трансляциясын жасап құрамдас(структурал) протеин немесе каталитик протеин түзіп шығарады. Биологиялық ғылымдар Көптеген биологиялық ғылымдар өздеріне тән ерекшеліктері бар арнайы ілімдер. Әдеттегідей олар зерттелетін тірі организмдерге байланысты ботаника - өсімдіктер ғылымы, зоология - жануарлар ғылымы және микробиология - микроорганизмдер ғылымы болып жіктеледі. Биология салалары одан әрі қарай организмдердің зерттелу ауқымдылығы мен зерттеу әдістеріне қарай бөлінеді.  биохимия - тіршіліктің химиялық негізі ілімі;  молекуляр биология - биологиялық молекулалар жүйелерінің бір- бірімен күрделі арақатынастарын зерттейді;  жасуша биологиясы - барлық жанды нәрселердің құрушы бөлігі - жасушаны зерттейді;  физиология - организмнің ұлпалары мен мүшелерінің химиялық және физикалық функциясын қарастырады;  экология - әртүрлі организмдердің қоршаған орталарымен байланысын саралайтын ілім. 4. Қазақстандағы биология ғылымы 4.1 Биологиялық ғылыми мекемелер Қазақстанда алғашқы биологиялық ғылыми мекемелер 1938 ж. ұйымдастырылды.Қазақстан Ғылым Академиясы 1946 ж. ашылған кезде биология саласынан 3 ғылыми-зерттеулер институты (Ботаника институты, Зоология институты және Топырақтану институты) болды. Қазір 8 ғылыми-зерттеулер институты (Топырақтану институты, Ботаника және фитоинтродукция институты, Зоология институты, Микробиология және вирусология институты, Адам және жануарлар физиологиясы институты, Өсімдіктер физиологиясы, генетикасы және биоинженерия институты, Молекулалық биология және биохимия институты, Жалпы генетика және цитология институты), 6 ботаникалық бақ (Алматыда, Алтайда, Жезқазғанда, Қарағандыда, Маңғыстауда, Іледе) бар. Арнайы бағыттағы ботаникалық зерттеулер Бас ботаникалық бақ (1935) пен Ботаника институты (1945) құрылған кезден басталды. 4.2 Қазақ ғалымдарының биология ғылымы жайындағы еңбектері Қазақстан Ғылым Академиясының академиктері Н.В. Павлов, И. Байтулин, Б.А. Быков, Ғ.Бияшев, корреспондент мүшелері Л.Қылышев, А. Ғаббасов, ғылым докторлары Б. Қалымбетов, М.В. Бессчетнова, т.б. қатысуымен кең ауқымды ботаникалық- географиялық, геоботаникалық зерттеулер жүргізілді. Ең үлкен гербарий жинақталды, өсімдік биологиясы туралы аса бағалы басылымдар жарық көрді. Мысалы, 9 томдық “Қазақстан флорасы”, 13 томдық “Қазақстанның споралы өсімдіктер флорасы”(Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1986), т.б. Республика зоологтары омыртқалы және омыртқасыз жануарлар фаунасын зерттеді; кәсіптік мәні бар бірқатар сүтқоректі жануарлар (ондатр, америка құндызы) мен балық түрлері (ақ амур, дөңмаңдай, көксерке, т.б.) жерсіндірілді. Сирек кездесетін, жойылып бара жатқан құстар мен сүтқоректілерді, бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділерді, балық түрлерін қорғау, олардың санын көбейту шаралары қарастырылды. Ақ бөкен, бұлғын, суыр, тиін, саршұнақ сияқты аңдарды халық шаруашылығында пайдалану жолы табылды. Қазақстан фаунасы туралы аса құнды басылымдар: мысалы, С.Н. Боевтың “Легочные нематоды копытных животных Казахстана” (1957), И.Г. Галузоның “Природная очаговость болезней и вопросы паразитологии” (1961) және “Токсоплазмоз животных” (1965) деген монографиялық еңбектері ағылшын тіліне аударылды. Академик Галузо, А.Д. Долгушин, т.б. ғалымдардың қатысуымен “Қазақстанның қансорғыш кенелері” (КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1951), Э.И. Гаврилов, А.Ф. Ковшарь, т.б. ғалымдардың қатысуымен 5 томдық “Қазақстанның құстары” (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1978) және А. Бекеновтың “Қазақстандағы ақ бөкенді қорғау және оны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау” (1978) (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1982), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі А.А. Слудский, Бекенов, т.б. ғалымдардың қатысуымен 4 томдық “Қазақстанның сүтқоректілері” (Бүкілодақтық табиғат қорғау қоғамы сыйлығы, 1988) деген еңбектер жарық көрді. Адам және жануарлар физиологиясы институтында академик А.П. Полосухиннің басшылығымен лимфа және қан айналым, ас қорыту, т.б. жүйелерін зерттеу жұмыстары үлкен табыстарға жетті. Академик Н. Базанованың ауыл шаруашылығы жануарларының физиологиясы жөніндегі зерттеулері — малдың өнімділігін жоғарылатудың теориялық негізін қалады. 1946 ж. құрылған Экспериментальді биология институтында (қазіргі “Биоген” жабық акционерлік қоғамы) жануарлар селекциясының генетикалық негіздерін зерттеуге бағытталған түр аралық будандастыру жүргізіліп, соның нәтижесінде қойдың (“қазақ арқар-мериносы”, “жартылай биязы жүнді қой”, т.б.), шошқаның (“жетісулық”, т.б.) жаңа тұқымдары шығарылды. 1940 — 50 ж. республикада өсімдіктердің тұзға, қуаңшылыққа төзімділігі зерттеле бастады, соның нәтижесінде бидайдың сабағы жапырылмайтын, құрғақшылыққа және ауруларға төзімді “Эритроспермум-350” және “Көкбидай”, суыққа төзімді “Эритроспермум-260” және “Комсомол-1”, т.б сорттары шығарылды. Жаздық және күздік бидай, т.б. өсімдіктер биохимиясы, олардың қуаңшылыққа төзімділігі, физиологиясы анықталды. Бидайдың биохимиялық көрсеткіштері, ұны мен дәнінің сапасы корреляциялық байланыста болатыны байқалды. Дәннің биохимиясы мен сапасы өсіру экологиясына байланыстыра зерттелді. 4.3 Отандық биология дамуының қазіргі кезеңі Қазіргі кезең тірі организмдердің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі механизмдерін молекулалық деңгейде одан ары зерттеумен қатар, ол процестерді басқарып, қалаған бағытқа сай пайдаланумен сипатталады. Қазақстанда молекулалық биологияның қалыптасуы академик М. Айтхожиннің есімімен байланысты. 1983 ж. құрылған Молекулалық биология және биохимия институты үлкен ғылыми орталыққа айналып, елімізде алғаш рет клеткалық және гендік инженерия, трансгеноз,өсімдік геномы лабораториялары ашылды. Алматы мен Астанада биотехнологиялық орталықтар құрылды. Биологияның өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында және медицинада алатын орны ерекше. Өнеркәсіптік жағдайда түрлі органикалық қышқылдар мен амин қышқылдарын синтездеу, антибиотиктер мен басқа да дәрілік препараттар алу іске асырылып, соның нәтижесінде жаңа сала — биотехнология ғылымы пайда болды. Генетика мен селекцияның заңдылықтарын біле отырып, өсімдіктер мен жануарлардың жоғары өнімді жаңа тұқымдары мен сорттарын алуға мүмкіндік туды. Жалпы және молекулалық генетика заңдылықтары, анатомиялық, физиологиялық және биохимиялық зерттеу нәтижелері адамның тұқым қуалайтын ауруларының себебін табуда, оны емдеуде теориялық негіз болып табылады. айдос Шебер 2.09.2015 жауап берді Пікір 0-1487873691-15 Есіміңіз: Маған email почта арқылы хабарлап тұру: Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады Спамға қарсы тексеру: Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз Пікір Болдырмау 1 0-1487873691-5d 0дауыс 0-1487873691-ef Биология” терминін ғылымға алғаш 1797 ж. неміс ғалымы Т. Руз енгізген. Гиппократ ( 460 — 370) алғаш адам мен жануарлардың анатомиялық және морфологиялық құрылысына жүйелі түрде сипаттама беріп, оларда болатын түрлі аурулардың қалыптасуындағы сыртқы орта мен тұқым қуалаушылықтың рөлін атап көрсеткен. Аристотель ( 384 — 322) өз еңбектерінде жануарларды құрылысы мен тіршілік әрекеттеріне қарай 4 топқа бөлді. Сонымен қатар адамның анатомиялық-морфологиялық құрылыс ерекшеліктерін, ой- өрісінің дамуын да зерттеді. Герофил (300 ж.ш.т.) алғаш рет артерия және вена қан тамырларының арасындағы айырмашылықты ажыратса, ал Эрасистрат ( 300 — 240) мидың құрылысына сипаттама берген. Римдік Гай Плиний ( 24 — 79) құрастырған “Табиғи тарих” атты 37 томдық энциклопедия орта ғасырға дейін табиғат жайлы білімдердің негізгі қайнар көзі болып келді. Көне заманның тағы бір ұлы зерттеушісі К. Гален сүтқоректілерге көптеген тәжірибелер жүргізіп, олардың орталық және шеткі жүйке жүйесі жайлы құнды мәліметтер қалдырып, анатомия мен физиологияның дамуына үлкен ықпалын тигізді. Әйгілі ғалым Леонардо да Винчи (1452 — 1519) көптеген өсімдіктер мен жануарларға анатомиялық зерттеулер жүргізіп, адам мен жануарлар сүйектеріндегі ұқсастықтарды көрсетті. Алғаш рет мүшелер гомологиясын ашты. | Samat S | 03.09.2012 | жауап берді | | Қостанай Айдос | 22.09.2012 | ЖЖ таңдады | 1543 ж. бельгиялық ғалым А. Везалий “Адам денесінің құрылысы жайлы жеті кітап” атты еңбегін жарыққа шығарып, ғылыми анатомияның негізін қалады. Геккельдің Өмір ағашы (1879). Ал 1628 ж. ағылшын ғалымы В. Гарвей “Жануарлардағы жүрек пен қан қозғалысы туралы анатомиялық зерттеу” атты еңбегінде қан айналымы жайлы ілімді тұжырымдаса, 1670 ж. Италия ғалымы Д. Борелли жануарлардың қозғалу механизмдерін сипаттау арқылы физиологияның дамуына жол салды. 16 — 17 ғасырларда микроскоптың ашылуына байланысты өсімдіктердің ішкі құрылысы (Р. Гук, 1665; М. Мальпиги, 1675 — 79; Н. Грю, 1671 — 82), олардың жыныстық ерекшеліктері (Р. Камерариус, 1694, т.б.), микроорганизмдер, эритроциттер мен сперматозоидтар (А. Левенгук, 1673) зерттеліп, жәндіктердің құрылысы мен дамуы (М. Мальпиги, 1669; Я. Сваммердам, 1669) анықталды. Бұл жаңалықтар эмбриологияда бір-біріне қарама- қайшы түрлі бағыттарды (овизм, анималькулизм, преформизм, эпигенез, т.б.) қалыптастырды. 1670 ж. ағылшын ғалымы Дж. Рей “Өсімдіктер тарихы” атты еңбегінде 19 класқа топтастырылған 18 мың өсімдік түрлеріне сипаттама берді. 18 ғасырда швед ғалымы К. Линней “Табиғат жүйесі” атты еңбегінде ғылымға бинарлық номенклатураны енгізді. 18 — 19 ғасырларда тірі табиғаттың тарихи дамуы жайлы теориялар қалыптаса бастады. Солардың бірі француз ғалымы Ж. Ламарктың эволюциялық теориясы мен неміс ғалымдары Т. Шванн және М. Шлейденнің клетка теориясы болды. Осы кезде жануарлар физиологиясындағы ірі жетістік — бауырда глюкогеннің синтезделуі (К. Бернар, 1848), жоғарғы жүйке әрекеті (И.М. Сеченов, 1863) анықталса, француз ғалымы Л. Пастер (1860 — 1864) қазіргі тірі организмдердің өздігінен пайда болу мүмкіндігін біржолата теріске шығарды. 19 ғасырдағы аса маңызды оқиғалардың бірі Ч. Дарвиннің “Түрлердің шығу тегі” еңбегінде эволюциялық ілімді жариялауы болды. Дарвинизмнің қалыптасуы эволюциялық салыстырмалы анатомия (К. Гегенбауэр), эволюциялық эмбриология (А.О. Ковалевский, И.И. Мечников), эволюциялық палеонтология (В.О. Ковалевский) сияқты жаңа бағыттарға жол ашты. Дәл осы кезде генетика ғылымы қалыптасып, қарқынды дами бастады. 1865 ж. чех ғалымы Г.Мендель белгілердің тұқым қуалау заңдылығын ашты. 1900 ж. голланд ғалымы Де Фриз ғылымға “мутация” деген терминді енгізсе, американ ғалымы Т. Морган “Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын” ашты (1910 — 11). 20 ғасырдың 2-жартысында биология ғылымы тірі организмдер құрылысын зерттеуге қол жеткізді. Осының нәтижесінде тірі организмдердің өлі табиғатта кездеспейтін, төменгі және жоғарғы молекулалы органикалық қосылыстардан тұратыны анықталды. Негізгі биополимерлер: белоктар, нуклеин қышқылдары, полисахаридтер, липидтер және олардың молекулаларының құрамдық бөліктері (амин қышқылдары, нуклеотидтер, көмірсулар, май қышқылдары, т.б) ашылды. Осындай жетістіктердің нәтижесінде биологияда жаңа бағыттар пайда болып, кейін олардың JOKERRRRRRRRRRRRRRRR Жаңа қолданушы 3.09.2013 жауап берді Пікір 0-1487873691-e0 Есіміңіз: Маған email почта арқылы хабарлап тұру: Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады Спамға қарсы тексеру: Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз Пікір Болдырмау 1 0-1487873691-ca 0дауыс 0-1487873691-ef Биология ғылымының қалыптасуына не себеп болды? Оның қандай салаларын білесіңдер? Адамдар ертеден-ақ тіршілік әрекетінің табиғатпен, тірі ағзалармен тығыз байланысты екенін жақсы түсінген. Табиғатта қандай өсімдіктер, жануарлар бар, олардың құрылысы, тіршілігі қандай екенін білуге ұмтылған. Пайдалыларын сақтап, көбейтуге, зияндыларының санын азайтуға тырысқан. Осылайша тірі ағзалар туралы адамның білімі молайып, биология ғылымы қалыптасты. Биология (грекше: «биос» - тіршілік, «логос» - ғылым) – тірі ағзалар туралы көп салалы ғылым. Кез келген адам өзінің туған жерінде кең таралған тірі ағзалар, олардың тіршілігі жайлы білуі керек. Сонда ғана адам табиғат қорғау ісіне белсенді қатысады. Туған жеріне, табиғатына зор пайда келтіреді. 1920-1930 жылдары «Өсімдіктану» оқулығын Ж.Күдерин жазды. Биология ғылымдарының докторы, академик Н.И.Павлов Қазақстан Республикасының өсімдіктерін зерттеді. Өсімдіктің жаңа 130 түрін ашты. Өсімдіктер туралы «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын» В.П.Голоскоков, М.С.Байтенов жазған, А.Ы.Жандеркин, Б.М.Мусин, К.Мыңбаев, Қ.Дүйсембин және т.б. ғалымдар биология ғылымына көп еңбек сіңірді. Х.Досмұхамедов «Жануарлар» оқулығын жазды. А.Бекенов, В.А.Грачев, М.И.Исмагилов, А.Ф.Ковшарь, А.А.Слудский, К.Ысқақова және басқа ғалымдар еліміздің жануарлар әлемін зерттеді. Қазақстандағы жануарлардың зерттелуі, биологиясы, арнайы шаралар қолданылып қорғауға алынуы тиіс түрлер туралы еңбектер жазды. Сиреп кеткен және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктерді тіркеп, сипаттау «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының» жарыққа шығуына негіз болды. Елімізде молекулалық биология, биохимия, генетика, т.б. ғылым салаларынан жүргізілген зерттеулердің мәні зор. Ауыл шаруашылығы дақылдарының, жаңа іріктемелері мен малдың асыл тұқымдарын шығаруда зор көмегін тигізеді. Осы салады еңбек еткен, еңбектеніп жүрген ғалымдар көп. Ғылымда аты жарық етіп шыққан академик М.Ә.Айтхожинның, академиктер Т.Б.Дарханбаев, М.Ә.Ермеков, К.У.Медеубеков сияқты ғұламалардың еңбектерін біліп, мақтан тұтуға әбден лайық. Биология ғылымын дамытуға шетелдік ғалымдар С.Г.Навашин (өсімдіктің ұрықтаныуын ашқан), К.А.Тимирязев (фотосинтезде хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған), т.б. атауға болады. Өсімдіктер мен жануарларды қорғау. «Қызыл кітап». Қорықтар мен қорықшалар. Жүздеген жылдар бойы шаруашылық мақсаттар үшін ағаштарды кесуге, құстарды, сүтқоректілерді, балықтарды жыртқыштықпен аулауға шек қойылмады. Мұндай жағдай жер бетіндегі өсімдіктер түлерін, кәсіптік жануарлар санын күрт азайтты. Кейбір түрлер мүлдем жойылып кетті. Халқымыз ежелден-ақ өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі қадір-қасиетін, маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың көкейіне құйып, оларды сақтап, қорғауға баулып, тәрбиелеген. «Ер – елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі», «Бір тал кессең, он тал ек», «Дәрі шөптен шығады, дана – көптен шығады», «Қорада малың болсын, көшенде талың болсын», «Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті», «Дала көркі – мал, өзен көркі – тал», «Мал өсірсең – қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деген сияқты мақал- мәтелдер бұған толық дәлел. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында бидай масағы мен қанаттанған пырақ бейнеленген. Бұл – туған жерімізге деген терең сүйіспеншілік. Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қадірлеп құрметтеуден туындаған. Халқымыздың өз ұрпағын, табиғатты аялап, сақтауға тәрбиелейтін алуан түрлі өсиеттері бар. Солардың бірі – тыйым салынатын сөздер: «Көк шөпті жұлма, таптама», «Көктемде жан-жануарларға тиіспе», «Үйге кірген жыланға ақ құйып шығар», «Құс ұясын бұзба» және т.б. «Қызыл кітап» сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылған. Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет 1978 жылы шықты. Онда омыртқалы жануарлардың сиреп бара жатқан түрлері тіркелді. Екінші басылымы 1991 жылы, үшінші басылымы 1996 жылы шықты. Мұнда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, жорғалаушылардың 10, құстардың 56, сүтқоректілердің 40 түрі енгізілген. Өсімдіктерге арналған Қазақстанның «Қызыл кітабы» 1981 жылы жарық көрді. Бұл кітапта өсімдіктердің 303 түрі сипатталған. Елімізде өсімдіктері мен жануарлары арнай қорғалатын тұтас табиғи аймақтар – қорықтар ұйымдастырылған: Бұлардан басқа өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлерін қорғау мақсатында 57 қорықша, 7 ұлттық саябақ (Алтынемел, Баянауыл, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарқаралы, Қатонқарағай, Шарын) ұйымдастырылған. Табиғат қазынасы сарқылмас қор емес. Адам игілігіне пайдалану, қайта қалпына келтіру ісі адамның қамқорлығының арқасында жүзеге асады.

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар

Биолог ғалымдар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
08.03.2017