Білімді жас, Білікті маман!
Оценка 4.8

Білімді жас, Білікті маман!

Оценка 4.8
Конкурсы
doc
обществознание
Взрослым
22.02.2018
Білімді жас, Білікті маман!
Тәрбиелік шара түрі: пікірталас, жұптасып тапсырмалар орындау, ойын арқылы негіздеу. Білімдік мақсаты : Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Студенттердің танымдық–тапқырлық дағдысын жетілдіру, мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ой-өрісін және танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді жылдам еске түсіру дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиелік: Құқықтық тәрбиенің жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету. Көрнекілік : Қанатты сөздер, мақал- мәтелдер ,тірек сызбалары, слайд жұмыстары, видео сюжеттер. Қанатты сөздер: «Қазіргі ұрпақтың үш мінезі алаңдатады деген екен. Олар құлқынның құлы болып жолдан таю, нәпсі үшін лас істерге ұрыну, білімі бола тұра қараңғы наданның ісін істеу.» Мұхаммед пайғамбарТәрбиелік шара түрі: пікірталас, жұптасып тапсырмалар орындау, ойын арқылы негіздеу. Білімдік мақсаты : Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Студенттердің танымдық–тапқырлық дағдысын жетілдіру, мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ой-өрісін және танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді жылдам еске түсіру дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиелік: Құқықтық тәрбиенің жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету. Көрнекілік : Қанатты сөздер, мақал- мәтелдер ,тірек сызбалары, слайд жұмыстары, видео сюжеттер. Қанатты сөздер: «Қазіргі ұрпақтың үш мінезі алаңдатады деген екен. Олар құлқынның құлы болып жолдан таю, нәпсі үшін лас істерге ұрыну, білімі бола тұра қараңғы наданның ісін істеу.» Мұхаммед пайғамбар
билимди жас, биликти маман.doc
Тақырыбы: Білімді жас, Білікті маман! Тәрбиелік шара түрі: пікірталас, жұптасып тапсырмалар орындау, ойын арқылы негіздеу.  Білімдік   мақсаты :   Құқықтық   тәрбиенің   өмірілік   қажеттілігін   оқушыларға   түсіндіру. Студенттердің     танымдық–тапқырлық   дағдысын   жетілдіру,   мамандыққа   деген қызығушылықтарын   арттыра   отырып,   ой­өрісін   және   танымдық   қабілетін   дамыту, шығармашылыққа  баулу,   өз  ойын  еркін жеткізе  білу   және  өткенді  жылдам  еске   түсіру дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиелік: Құқықтық тәрбиенің жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп  құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету. Көрнекілік : Қанатты сөздер, мақал­ мәтелдер ,тірек сызбалары, слайд жұмыстары, видео  сюжеттер. Қанатты сөздер:  «Қазіргі ұрпақтың үш мінезі алаңдатады деген екен. Олар құлқынның құлы болып жолдан  таю, нәпсі үшін лас істерге ұрыну, білімі бола тұра қараңғы наданның ісін істеу.» Мұхаммед пайғамбар  «Тәртіпсіз ел болмайды , тәртіпке бас иген құл болмайды.» Б.Момышұлы  «Ісін өндіре алмаған қырсыз бала ,қырсығын әкесінен іздейді.» «Жақсы бала сүйініш , жаман бала күйініш.» «Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер» Қолыңда болса бір билік, Қарғаға залым болмаңыз. Алдыңа келсе бітпес дау, Әділін айтып қорғаңыз. /Төле би./ “Балам бол, басқа бол ­ бәріңе заң біреу ­ ақ”, “Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ” (Ж. Баласағұн) Тәрбиелік шараның жүрісі:  І. Ұйымдастыру ІІ. Кіріспе сөз Оқытушының кіріспе сөзі:  Кішкене  тарихи   шегініс  жасайық.  15  ғасырдың   орта  шенінде   қазақ  мемлекетінің негізі   қаланды.   Жәнібектің   баласы   Қасым   ханның   тұсында   қазақ   хандығы   күшті мемлекетке   айналды.   Тарихта   тұңғыш   рет   құқықтық   ғұрыптар   мен   нормалар   жүйеге келтірілді. Халық оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атады. Ол бес бөлімнен құралды. Қасым   ханнан   кейін   қазақ   қоғамының   құқықтық   жүйесін   дамытуға   айтарлықтай   үлес қосқан Есім хан болды. Ол әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті, әскери тәртібін бұзушыларға   қолданылатын   жазаны   қатайтты.   Қалған   мәселелерде   Есім   хан   бұрынғы құқықтық ғұрыптар мен заңдарды сақтап қалды. Сондықтан оларға халық «Есім ханның ескі   жолы»   деген   ат   берді.   Қазақтың   құқық   жүйесіне   үшінші   және   соңғы   рет   елеулі өзгерістер  енгізген  Тәуке хан (1680 ­ 1718)  болды.  Бұл құқық нормалары жазба түрде сақталып,   жүздеген   жылдардан   кейінде   мінсіз   күйде   қағазға   түсу   мүмкін   болған.   Бұл кодексті атаған. Сондай ­ ақ, қазақ даласында Сот қызметін билер атқарған. Қазақ билері арасында бір заманда өмір сүрген және өздерінің ерекше қасиеттері мен көзге түсіп, тарих беттерінде қалған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.  жарғысы» ханның «Тәуке   жеті         деп   Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті оқытушылар және студенттер. Әлеуметтік­ гуманитарлық   бөлімінің   Құқықтану   мамандығының   «Құқықтық   сауаттылық   –   заман талабы»   апталығы   аясында   1,   2­курсында   студенттер   арасындағы   өткізгелі   отырған «Білімді жас, білікті маман» атты сайысымызды ашық деп жариялаймыз! Ендеше сайыстың айналымдарымен таныстырып өтсек... Бірінші айналым «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте». Екінші айналым «Әрекет­қабілеттілік пирамидасы». Үшінші айналым «Суреттер әлемінде». Төртінші айналым «Заңдар сыр шертеді». Бесінші айналым «Адасқан әріптер». Алтыншы айналым «Пантомима». Жетінші айналым «Өнердің өрі­ таланттың төрі». Сайыстың әділқазыларымен және қатысушыларымен танысып өтсек.  Қатысушылар:  7.15.21 Жаңбырбаева Аида мен 7.16.14 Измуханова Саягуль «Болашақ»  7.15.22 Алипкали Абылай мен 7.16.11 Сапаков Бекзат «Алаш» 7.15.23 Шапахатова Асем мен 7.16.15 Калим Ляззат «Ерке» 7.15.24 Нығметолла Арайлым мен 7.16.14 Мұраталиева Дильназ «Достық» 7.15.25 Абуова Шаһирзада мен 7.16.13 Жанибек «Бірлік» 7.15.26 Хайруллина Аида мен 7.16.12 Жанибеков Мирас «Креатив» 7.16.21 Хатифов Серікбол мен 7.16.15 Теміржанов Медет «Құқықтанушылар» Жүргізуші:  Азаматтық   қоғам   мен   құқықтық   мемлекеттің   қалыптасуының   басты  алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдиениетін қалыптастыру, әсіресе  оның  құрамды  бөлігі – адам құқығының мәдениеті. Бірінші айналым  «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп аталады. Бұл кезеңде студенттер   мақал   –   мәтелдің   жалғасын   табу   беріледі   және   сол   табылған   жалғасының ішіндегі сөздің орыс тілде аудармасын айтады. Егер жалғасы дұрыс табылып, аудармасы дұрыс берілген жағдайда әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай алады, егер жалғасын ғана тапса 5 ұпай беріледі. 1. Бір қазаға екі ………….. жоқ (жаза) 2. .... ерлікке жеткізеді, ерлік елдікке жеткізеді (Еңбек) 3. Куәсіз істі күмән табар, куәлі істі ……… табар (куә) 4. Би екеу болса, ………. төртеу (дауа) 5. Әр елдің  ………… басқа , иттері қара қасқа (заңы) 6. Гүл өсірсең терлеп, мұның аты .....   .  (Еңбек) 7. Елшіге ………. жоқ (өлім) 8. Тақыр жерге су төксең жүруге тайғақ болар,             Жаманға сырыңды айтсаң ……………  болар (айғақ) 9. Еңбегін қатты болса, тапқанын .......  болады (тәтті) 10. Ата – ананың қадірін балалы болғанда білерсің,            Анық достың қадірін, ………….. болғанда білерсің (жалалы) 11. .....  етсең емерсің, ерінбесең жеңерсің (Еңбек) 12. ……………. істің – арты игі (әділ) 13. Жолға шықсаң сайлан, бес ……………. байлан (қару) 14.  .....  аздың, өнбегі аз (Еңбегі) 15. У ішкен бір өлім, ……………….. ішкен мың өледі (ант) 16. ..... түбі қорлық (Ұрлық)  17. ........  құқығы бәрінен ұзын (Заңның) 18. ... отбасынан басталады (Тәрбие) Жүргізуші:  «Құқықтық нормалардың  басым көпшілігі әдептік нормалардан нәр алады, соларға  арқа сүйейді.  Неғұрлым  құқықтық нормаларға   әдептік   нормалар арқау болса, соғұрлым   заңдардың   әділеттілік,   адамгершілік   мәні   жоғары   болады».   Екінші   айналым    «Әрекет­қабілеттілік пирамидасы».  Пирамиданың жас ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, заңның аясында әрекет қабілеттіліктеріңізді анықтайсыздар.  Мысалы:  18 жаста некелесуге құқығыңыз бар. Әр дұрыс, нақты, толық жауапқа 1 ұпайдан беріледі. 40 жас­ Президент 30 жас ­Сенат депутаты 25 жас – Сот, мәжіліс депутаты 20 жас­ Маслихат депутаты 18 жас­ Сайлау, үйлену құқығы 17 жас­ Өсиет жазу құқығы 16 жас­ Төлқұжат, еңбек ету құқығы, қылмыстың барлық түрлері бойынша жауапқа  тартылу 15 жас­ Жұмыс істеу (рұқсатпен) 14 жас­ Қылмыстық ісі үшін жауапқа тартылу, еңбекақыға иелік ету 10 жас­ Асырап алуға, қорғаныш болуға келісім беру, ата­аналардың бірімен тұруын таңдау құқығы 6­7 жас­Мектепке оқуға баруға 0 жас­ Туу, құқық қабілеттілікке ие болу Жүргізуші: Ой сергіту жаттығуына кезек берсек. Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз.  Ақыл­адамды аздырмайтын ем. Білім таусылмайтын­кен. Адамның басшысы­ақыл Жетекшісі­талап. Шолушысы ой – деп, жұмбақ жасырып көрсек.( Жұмбақтар қойылады.) 1. Студент болсаң жақсы, жылдам зерек, Ондайлар отаныма өте керек. Тәуке хан жазған екен заң жинағын, Тапсаңдар болғандарың асқан зерек. (Жеті жарғы) 2. Еліме білім керек, ғылым керек, Жазған жөн стратегиялық мақсат қылып. Білесің бе Нұрекеңнің төл еңбегін, Жазған екен болашаққа көзін тігіп. (Қазақстан – 2030) 3. Жақсы ел шығарып заң игілікті, Депутат заң шығарып билік қыпты. Парламент палатасы нешеу екен, Таба алсаң бұл жауапты игі екен. (екі) Жүргізуші: Үшінші айналым «Суреттер әлемінде». Берілген сурет бойынша өздеріңіздің қандай   құқықтарыңыз   немесе   міндеттеріңіз   екенін   айқындап,   ҚР   Конституциясының   ІІ бөліміне сәйкес баптарына саралап, құқықтық мәртебе бойынша топтастыру. Яғни табиғи, әлеуметтік­мәдени, саяси және экономикалық.  І.  13­баптың   2­тармағы.     Әркімнің   өз   құқықтары   мен   бостандықтарының   сот   арқылы қорғалуына құқығы бар (саяси құқық) ІІ.  14­бабының   2­тармағы.   Тегіне,   әлеуметтік,   лауазымдық   және   мүліктік   жағдайына, жынысына,   нәсіліне,   ұлтына,   тіліне,   дінге   көзқарасына,   нанымына,   тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды(табиғи құқық). ІІІ. 15­бабының 1­тармағы. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар(табиғи). IV.  16­бабының  3­тармағы. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір   адам   сол   ұсталған,   тұтқындалған   немесе   айып   тағылған   кезден   бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы (саяси). V.  18­бабының  2­тармағы.   Әркім   өзінің   жеке   салымдары   мен   жинаған   қаражатының, жазысқан   хаттарының,   телефон   арқылы   сөйлескен   сөздерінің,   почта,   телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының  құпиялылығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі (табиғи құқық). VI.  19­бабының  1­тармағы.   Әркім   өзінің   қай   ұлтқа,   қай   партияға   және   қай   дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету­көрсетпеуге хақылы (саяси құқық). VII.  24­бабының  1­тармағы. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі (экономикалық құқық). VIII. 24­бабының 4­тармағы. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге   заңмен   белгіленген   жұмыс   уақытының   ұзақтығына,   демалыс   және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі (әлеуметтік құқық). IX.  27­бабының  1­тармағы.Неке   мен   отбасы,   ана   мен   әке   және   бала   мемлекеттің қорғауында болады (әлеуметтік құқық). Х. 29­бабының 1­тармағы.Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар (әлеуметтік құқық). ХІ.   33­бабының   2­тармағы.   Республика   азаматтарының   мемлекеттік   органдар   мен жергілікті өзін­өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай­ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар (саяси құқық). ХІІ.  34­бабының  1­тармағы.   Әркім   Қазақстан   Республикасының   Конституциясын   және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір­қасиетін құрметтеуге міндетті (саяси құқық). Жүргізуші:  Құқық қоғам мен қоғамның әрбір  мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады. Құқықтық мәдениеті төмен дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайында ғана оған зейін аударады да, құқықтық талаптарды мойындамаған көп жағдайларды байқамайды. Төртінші айналым «Заңдар сыр шертеді» деп аталады. Яғни берілген жылдар бойынша әр нормативтік құқықтық актіні табуларыңыз керек. 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688 ҚР Үкіметі туралы Конституциялық заңы 1995 жылғы 16 қазандағы N 2529 Қазақстан Республикасының Парламентi  және оның депутаттарының  мәртебесi туралы Конституциялық заңы 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733 Қазақстан Республикасының Президентi  туралы Конституциялық заңы 2000 жылғы 20 шілдедегі N 83­ІІ Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті ­ Елбасы туралы  Конституциялық заңы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132 Қазақстан Республикасының сот жүйесі  мен судьяларының мәртебесі  туралы Конституциялық заңы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Қазақстан Республикасындағы сайлау  туралы Конституциялық заңы 2007 жылғы 4 маусымдағы N 258 Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы Конституциялық заңы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасының  Конституциялық Кеңесi туралы Конституциялық заңы 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592 Республикалық референдум туралы  Конституциялық заңы Жүргізуші:  Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі — орынды тәртіп және мінез­құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы. Сонымен адамның  құқықтық мәдениеті  дегеніміз  — орынды  тәртіп  пен мінез­құлық, жан­ жақты   құқықтық   білімдері   мен   заңды   құрметтеу,   құқықты   қорғау   іс­әрекетінің терең бірлігі. Бесінші айналым «Адасқан әріптер». Шарты: ретсіз орналасқан әріптерден термин сөз құрап, мәнін ашу. Термин сөзді нақты тауып, мәнін толық ашса, 10 ұпай беріледі. Ал тек термин сөзді ғана тапса, 5 ұпай беріледі.   1. Конституция ­­­­­­­­­уяцтсикионт 2. Инновация ­­­­­­­­­­­­­­ няоинвца 3. Президент­­­­­­­­­­­­­­­ тпнреедзи 4. Декларация ­­­­­­­­­­­ цяиралдкеа 5. Куәгер ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ гркуеә 6. Монархия ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ хяоанмри 7. Үкімет ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ тіүкем 8. Республика ­­­­­­­­­­­­­ серубплиак 9. Депутат ­­­­­­­­­­­­­ атуетпд 10. Инаугурация ­­­­­­­­­ аряиагцнуиу 11. Мемлекет ­­­­­­­­екетмлем 12. Цензура ­­­­­­­ уернзца 13. Стратегия ­­­­­­­­­­ агреяитст 14. Амнистия­­­­­­­­­­нмсиатяи Жүргізуші: Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну — адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін түсіну қиын емес. Алтыншы айналым «Пантомима» ойыны.   Шарты   бойынша   әртүрлі   мамандық   қимылын   көрсетеді,   қатысушылар қандай мамандық иесі екенін тауып, өз қоржындарына ұпай сандарын қосып ала алады.  Мамандықтар  тізімі: Суретші, Өрт сөндіруші, Ғарышкер, Сарбаз, Тігінші, Оқытушы, Судья. Жүргізуші:  «Психогеометрия»   деп   аталатын   өзін­өзі   тану   жаттығуы.  Студенттер өздеріне   ұнаған   геометриялық   фигуралардың   кез   ­   келгенін   таңдауы   тиіс.   Әр   фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік. Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздікадминистратор шығады Шеңбер. Сенде адамгершілік  жоғары  дамыған. Сен өз әріптесінді  тыңдай  аласың  және оның   қайғысы   мен   қуанышын   бірге   бөлісесін,   басқаның   ауарпатылығына   жәрдемдесу қабілетін   жоғары   қалыптасқан.   Саған   жеке   адамдар   арасындағы   кикілжіңдер   тән   емес, өзіңді   олардан   аулақ   ұстайсың   Сенен   үздік   психолог   шығуы   мүмкін. Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол   жеткізесің.   Айтқаныннан   шықпайсың,   абыройлысың.   Сен   қоғамда,   өмірде   жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.   бірі   қызылын, Оқытушы: Осы жердегі қатысушылар адамдар бір ­ бірімен дос, бауыр болыпты, бір ­ бірінен   ешнәрсе   аямапты.   Бір   күні   аспаннан   әр   түрлі   пішінді   фигуралар   түсіпті   де адамдар   үлгергенінше   бірі   көгін,   бірі   сарысын   алыпты. Күндердің   күнінде   қатты   жел   тұрыпты   да   қызыл   лента   алғандар   қызыл,   көк   лента алғандар көк болып бөлініпті. Әр ауыл бөлек ­ бөлек қорған тұрғызыпты (Осы кезде мұғалім:  ленталарыңызбен  өздеріңізді  қоршап алыңыздар  дейді.) Біраз уақыттан  соң адамдар достықты ұмытады. Көк ауылда су бар азық жоқ, қызыл ауылда азық бар су жоқ,   сары   ауылда   азық   та,   су   да   бар,   от   жоқ.   Енді   қалай   өмір   сүруге   болады,   не істейсіздер? ( Студенттер жауабы тыңдалады). Бір бір боламыз, сонымен берік боламыз. Олай болса, келесі  жетінші айналым  «Өнердің өрі­ таланттың төрі». Жас мұраты білім, тәлім талабы. Өнер, оқу – жастық қару жарағы – демекші білімді жас, білікті мамандарымыздың өнерін тамашалайық.  Жүргізуші:  Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай Ісім оңсын десеңіз, Сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, Көпшіліктің адамы болыңыз. «Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты» деген еді Елбасымыз Нұрсұлтан  Назарбаев. Ендеше тәрбие сағатымыздың соңында Сіздерге мынадай үндеу тастағым  келеді. Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек Үндеу жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол. Ар­намысыңды биік ұста. Өз тағдырың­өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады. Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен­ тәуелсіз еліміздің болашағысың. Тәуелсіздік таңы сендер, білемін, Болашаққа бар білімін берерін Барыс текті жастар ғана келешек, Жалындатып биік шыңда жүретін деп әділ қазылар алқасына сөз кезегін беріп,  жеңімпаздарды анықтайық.

Білімді жас, Білікті маман!

Білімді жас, Білікті маман!

Білімді жас, Білікті маман!

Білімді жас, Білікті маман!

Білімді жас, Білікті маман!

Білімді жас, Білікті маман!

Білімді жас, Білікті маман!

Білімді жас, Білікті маман!

Білімді жас, Білікті маман!

Білімді жас, Білікті маман!

Білімді жас, Білікті маман!

Білімді жас, Білікті маман!

Білімді жас, Білікті маман!

Білімді жас, Білікті маман!

Білімді жас, Білікті маман!

Білімді жас, Білікті маман!

Білімді жас, Білікті маман!

Білімді жас, Білікті маман!

Білімді жас, Білікті маман!

Білімді жас, Білікті маман!

Білімді жас, Білікті маман!

Білімді жас, Білікті маман!

Білімді жас, Білікті маман!

Білімді жас, Білікті маман!
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.02.2018