ВАШЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО
О ПУБЛИКАЦИИ В СМИ И РЕЦЕНЗИЯ
бесплатно за 1 минуту
Добавить материал
Количество Ваших материалов: 0.
Авторское
свидетельство о публикации в СМИ
добавьте 1 материал
Свидетельство
о создании электронного портфолио
добавьте 5 материала
Секретный
подарок
добавьте 10 материалов
Грамота за
информатизацию образования
добавьте 12 материалов
Рецензия
на любой материал бесплатно
добавьте 15 материалов
Видеоуроки
по быстрому созданию эффектных презентаций
добавьте 17 материалов
Салтанат Узембай Свидетельство о публикации Рецензия
Свидетельство о публикации Скачивание доступно только автору

Білімділер сайысы «Қазақстанға саяхат» 8 сынып

Фён (нем. Föhn, лат. favonіus – жылы батыс желі) – көптеген тау жүйелеріндегі аңғарға қарай
соғатын (температурасы жоғары, ылғалдылығы төмен) күшті жел. Фён ауа ағындарының биік тау
кедергілерінен өтер кезінде қалыптасады. Ауа жел жақ беткеймен жоғары қарай жылжығанда
суынудың адиабаттық процесіне ұшырайды. Темп­раның төмендеуіне ықпал ететін су буының
конденсаттануы нәтижесінде бұлт қалыптасады. Жауын­шашынның түсуі ауаның ылғалдылығын
төмендетеді. Тау жоталарынан асқан ауа ағыны ылдида, адиабаттық жылынуға ұшырайды,
температурасы жоғарылап, салыстырмалы ылғалдылығы кемиді. Фён соңы қар көшкініне ұласатын
жойқын жылымыққа әкеп соқтырады, қардың еруін тездетеді, кейде аңызаққа айналады. Фён
негізінен Альпі, Кавказ, Памир, Орта Азияның таулы аудандарында байқалады.
Фен(нем. Fohn, лат. favonius— жылы батыс желі) ­ таулардан аңғарға қарай соғатын қатты өкпек,
жылы жел. Ол ауаның тау жотасының қырқасынан асып, ық беткейіне төмен құлаған кезінде пайда
болып, адиабатты жылынады. Мұндай жағдайда температура мен ылғалдылық күрт өзгеріп, қардың
еруі мен көшкін жүруін тездетеді. Фен көбінесе тәулікке жуық соғады. Ол барлық тау жүйелерінде,
әсіресе Кавказ, Памир, Альпі тауларында байқалады.
Бора — теңіздің дәл жағасындағы аласа тау жотасынан қатты күшпен төмен соғатын суық жел.
Бора көбіне қысты күні соғады. Бора Адриатикалық теңіздің жағасында, Новороссийск ауданында,
Байқалда, Жаңа жерде, Прованста, Техаста тағы басқа жерлерде жиі байқалады.
Мистраль — Франциядағы Севеннен Рона аңғарына қарай соғатын, бора секілді, қатты және суық
солтүстік­батыс жел.
Сирокко — Жерорта теңізінде, Сицилия аралы мен Апеннин түбегінің оңтүстігінде бірнеше сағат,
кейде бірнеше төулік бойы үздіксіз соғып тұратын ыстық, құрғақ, күшті жел. Ол Солтүстік Африка
шолдерінен ауған құрғақ, ыстык ауаның әсерінен пайда болады. Сицилия аралында сирокко жоғары
температуралы, құрғақ болып келеді де, таулардың ықтасын беткейлерінің жағында фёнге айналып,
бұрынғыдан да құрғай түседі. Одан әрі теңіз үстімен өтуіне байланысты бұл жел солтүстік
Италияға ылғалданған ауа әкеледі. Сирокко әсерінен Сицилия мен Оңтүстік Апеннинде ауа кенет
құрғап, шаңқыған ыстық түседі де, өсімдіктер қурап, адамдар көп азап шегеді.
Бриз (фр. brise — жел) — теңіздердің, көлдердің (кейде ірі өзендердің) жағасында тәулік ішінде өз
бағытын карама­қарсы жаққа өзгертіп соғатын жел. Күндізгі Бриз теңізден (көлден) құрлыққа
карай соқса, ал түнгі Бриз құрлықтан теңізге (көлге) қарай соғады.

Прямая ссылка на скачивание файла: Скачать файл