"Бірлескен іс- әрекет негізінде мұғалім көшбасшылығын дамыту" баяндама
Оценка 4.6

"Бірлескен іс- әрекет негізінде мұғалім көшбасшылығын дамыту" баяндама

Оценка 4.6
Научные работы
doc
история
Взрослым
07.04.2017
"Бірлескен іс- әрекет негізінде мұғалім көшбасшылығын дамыту" баяндама
«Мектеп базасында жүзеге асырылатын іс-әрекеттегі зерттеу үдерісі арқылы практик- мамандар мектеп проблемаларын қарастырып, оларға жан-жақты жауап беру мүмкіндігіне ие болады. Бұл – «мектептегі шара» немесе «мектеп туралы ақпарат» қана емес, ол, ең алдымен, «мектеп үшін» жүргізілетін зерттеу шарасы. Осыған қарап, мұғалімнің міндеті өзінің жеке тәжірибесін түсіну және жетілдірумен қатар, өзіндік рефлексивтік зерттеу үдерісіне қызығушылықпен тартылуы, ұмтылуы деп айта аламыз.
Баяндама.doc
Бірлескен іс­ әрекет негізінде мұғалім көшбасшылығын дамыту Жумабекова Ляззат Жолдасовна, №163 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі,  ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы              «Мектеп базасында жүзеге асырылатын іс­әрекеттегі зерттеу үдерісі арқылы практик­ мамандар мектеп проблемаларын қарастырып, оларға жан­жақты жауап беру мүмкіндігіне ие болады. Бұл – «мектептегі шара» немесе «мектеп туралы ақпарат» қана емес, ол, ең алдымен, «мектеп үшін» жүргізілетін зерттеу шарасы. Осыған қарап, мұғалімнің міндеті өзінің жеке тәжірибесін   түсіну   және   жетілдірумен   қатар,   өзіндік   рефлексивтік   зерттеу   үдерісіне қызығушылықпен тартылуы, ұмтылуы деп айта аламыз. Іс­әрекеттегі зерттеуге қатысушылар оқу бағдарламасын өзгертуге, мектепте қолданылатын тәжірибеге қатысты дау айтуға және проблема   қою,   деректер   жинау,   талдау   және   әрекет   ету   жөніндегі   үздіксіз   үдерістермен айналысуға бағытталады, сол арқылы әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізу жұмыстарына ден қояды».(МАН, 1­деңгей, 45­бет).             Сындарлы оқыту теориясы қазіргі таңда тек қана   республика мектептері емес, әлем елдері білім беру жүйесі үшін де тиімді тәсіл болып отыр. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012­2016 жылдарға арналған ұлттық іс­ қимыл жоспарында: «...Білім   беру   нәтижелеріне   табысты   қол   жеткізуді,   алған   білімін   оқу   және   практикалық қызметте пайдалана алуын қамтамасыз ететін логикалық, конструктивті және сыни тұрғыда ойлау   негіздерін   қалыптастыру   үшін   оқытудың   тиімді   нысандары   мен   әдістері   енгізілетін болады. Бұл ретте оқушыларға басы артық абстрактілі­ теориялық білім мен тапсырмалар беру жойылады. Ол оқу процесін неғұрлым икемді етіп, практикалық бағыттауға мүмкіндік береді. Оқыту нысандары мен әдістерін түбегейлі жаңарту мұғалім мен оқушы арасындағы әріптестік және достық қарым­қатынастың орнауына ықпал ететін болады»­ делінген. Егер мұғалімдер ұлттық жоспарда көрсетілген  оқытудың инновациялық әдістерін, қазіргі заманғы білім   беру   және   ақпараттық­коммуникациялық   технологияларды,   интерактивті,   жобалық­ зерттеу технологияларын, сандық инфрақұрылымдарды тиімді қолданса, онда оқушылардың бойында логикалық, сыни және конструктивті ойлау, алған білімдерін практикада қолдана білу дағдылары, нәтижеге бағытталған білім қалыптасады деп ойлаймын.            Білім беру жүйесіндегі әлемдік тиімді тәжірибе: дәстүрлі оқытудан сындарлы оқыту жүйесіне көшу қазіргі күннің талабы.           Сондықтан менің іс­әрекетті зерттеуге арналған тақырыбымның мақсаты – оқыту мен оқу   үдерісіндегі   сындарлы   оқыту   теориясын   мектеп   тәжірибесіне   енгізу.   Күтілетін нәтиже:1.Оқу үдерісінде оқытудың жаңа әдіс­тәсілдерін мектеп мұғалімдері қолдана алады. 2.Оқушылардың оқу үлгірімі жақсарады. 3.Тұлғаға бағытталған оқыту іске асырылады.  «Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау жинақтауға қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс­әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге   бейілділік   пен   басқаларды   сын   тұрғысынан   ойлауға   баулуды   білдіреді.   Сын тұрғысынан   ойлау   дағдыларының   негізгі   тізбесіне   қадағалау,   интерпретация,   талдау, қорытынды жасау, бағалау, түсіндіру, метатану кіреді».(МАН,1­деңгей,17­бет). Осы уақытқа дейінгі педагогикалық тәжірибемде мен толық түсінбесемде өз сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлау технологиясының кейбір элементтерін қолданған болатынмын, ал осы Деңгейлік курс барысында   сындарлы   оқыту теориясының  мәнін  терең түсінгендіктен   мектеп  тәжірибесіне енгізу және зерттеу  тиімді,  ол үшін  топ мүшелерімен  бірлесе  отырып,  коучингтер өткізу, тәлімгерлік жасау, Lesson Study жоспарлау, мұғалімдердің сабақтарына ену, мұғалімдер, ата­ аналар, оқушылардан сауалнамалар алу сияқты жұмыстарды жоспарлауым керек деп шештім.         Оқыту мен оқу үдерісіне жаңа әдіс­тәсілдерді енгізу, оның нәтижесін саралау үшін мен мектепте «Ұлағат» деп аталатын кәсіби қауымдастық құрдым, құрамына III деңгейлік курсты оқыған   4   мұғалім,   7   мұғалімді   ынталы   топтан   алдым,   кәсіби   қауымдастық   басқарушы, үйлестіруші, дамытушы болып міндеттерін бөлісті, мұның өзін бөлінген көшбасшылық деп айтуға   болады.   Іс­әрекеттегі   зерттеуге   өзім   оқыған   деңгейлік   курс   тұрғысынан   Коучинг, Тәлімгерлік,   Lesson   Studyді   алдым.   Бұларды   бір­бірінен   бөліп­жару   мүмкін   емес,   себебі, бірлескен жұмыс осы іс­әрекеттер арқылы тиімді жүзеге асады. Ең алдымен коучингтерге тоқталсам, ол мұғалімдердің кәсіби дамуына зор мүмкіндік береді деп ойлаймын, сондықтан бірнеше коучинг өттім.             «Тізбектелген сабақтар топтамасын қалай жоспарлауға болады?»­деген тақырыптағы коучингте: қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін тізбектелген сабақтар топтамасын жасауды үйрету, іске асыруды мақсат етіп қойдық. Нәтижесінде мұғалімдер 7 модулді ықпалдастыру арқылы орта мерзімді жоспарлауды үйренеді, қысқа мерзімді жоспарлауды сабақта қолдана алатын болады. Коучинг сергіту сәтімен басталды, оның өзі мұғалімдерге ой тастайтындай музыкалық қойылыммен басталды, сонан соң   күнделікті қолданып жүрген сабақ жоспарын мұғалімдермен   SMART   бойынша   талдадық,   олар   өздерінің   сабақ   жоспарының   жалпылама жасалғанын түсінді, енді не істеу керек? Бұл коучингте маған III деңгейлік курсты оқыған мұғалімдер   көмектесті,   яғни   олар   өздерінің   жасап,   қолданып   жүрген   ОМЖ,   ҚМЖ­ына таныстырылым жасады, бұл жоспарлардың тиімді жақтарын айтты, сол жерде топтық жұмыс жасай отырып, жаңа сабақ жоспарын жасауға мұғалімдерге көмек берді, жаңа сабақ үлгілерін берді.   Соңында   мұғалімдермен   кері   байланыс   жасалды,   онда   олар   бұл   жаңалыққа   оң көзқарастарын білдірді.              «Оқушылардың  білімін  жақсарту үшін бағалауды қалай жүргізуге болады?»­  деген тақырыптағы   коучингте:   мұғалімдерге   формативті   бағалау   туралы   түсіндіру,   формативті бағалаудың стратегияларын үйретуді мақсат еттік. Нәтижесінде мұғалімдер формативті және суммативті бағалаудың айырмашылығын ажырата алады, өзін­өзі бағалау, өзара бағалаудың тиімділігін түсіндіре алады. Коучинг сергіту сәтімен басталды, сонан соң мұғалімдерді топқа бөлдік,   мұғалімдерге   «Бағалау   деген   не?»,   «Нені,   қалай   бағалаймыз?»­деген   сұрақтар қойылды. Осы сұрақтар бойынша мұғалімдер топтық жұмыс орындап, постерлерін қорғады, қазіргі   қолданып   жүрген   бағалау   жүйелері   туралы   ойларын   айтты.   Сонан   соң   Деңгейлік курста   оқыған   бағалаудың   түрлері:   формативті   бағалау   және   суммативті   бағалау   туралы таныстырылым   жасалды,   оның   тиімділігі   айтылды.   Коучингте   мемлекеттік­нормативтік құжат: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012­2016 жылдарға арналған   ұлттық   іс­   қимыл   жоспарында   көрсетілген   білім   беру,   бағалау   жүйесіндегі жаңалықтар  туралы  да  айтылды,  мен тарихшы  ретінде әрбір  тақырыбымды  мүмкіндігінше осындай құжаттармен байланыстырып отырдым, себебі, қазіргі Деңгейлік курстар, өзгерістер жөнінде мұғалімдер арасында әртүрлі жаңсақ пікірлер бар, сол пікірді өзгерту үшін осындай тәсіл тиімді деп шештім. Коучинг барысында мұғалімдер формативті, суммативті бағалауды, оны оқыту мен оқу үдерісінде қолданудың тиімділігіне көз жеткізді.              «Оқыту   мен   оқу   үдерісінде   бағалау   критерийлерін   қалай   қолдануға   болады?»­ тақырыбындағы коучингте: мұғалімдерге оқыту мен оқу үдерісінде бағалау критерийлерін қолдануды үйретуді мақсат еттік. Нәтижесінде мұғалімдер критериалды бағалауды енгізудің мақсатын,   оны   қажеттілігін   түсінеді,   критериалды   бағалаудың   басты   ерекшелігін   біледі, критериалды бағалаудың тиімділігін түсінеді, оны оқыту мен оқу үдерісінде қолдана алады. Коучингты «Қаздар сабағы» деген слайд шоу арқылы сергіту сәтімен бастадық, бұл слайдшоу мұғалімдерге үлкен ой тастады, себебі, табиғатта жабайы қаздардың өзі белгілі бір ережемен топталып ұшады, бір­бірін ешқашан жалғыз тастап кетпейді екен, өз ойларын айту барысында мұғалімдер  ынтымақтаса   жұмыс  жасаудың  қажет  екендігін,  топ  мүшелерін   жалғыз  тастап кетуге   болмайтынын   түсінді.   Осындай   қарапайым   әдістің   философиялық   маңызы   бар, мұғалімдердің сыни көзқарастарының қалыптасуына ықпалын тигізеді. «Бағалау өлшемдері дегенді қалай түсінесіз?» деген сұраққа олар өз пәндері бойынша бағалау өлшемдері туралы айтты, қазіргі бағалаудың кемшін тұстарын да ортаға салды,бағалау критерийлерін қоюдың маңызын түсінді, сонан соң оларға пілдің суретін салуға жеке тапсырма берілді, суреттерін жұп болып бағалады,  сурет пәнінің мұғалімі критерий бойынша бағаның дұрыс қойылған, қойылмағанын   анықтады.   Кері   байланыс   жасалды,   тәжірибеде   қолдануға   кеңес   берілді. Коучинг   барысында   мұғалімдер   оқушылардың   білім   деңгейін   бағалағанда   бағалау критерийлерін қоюдың қажеттілігіне, маңызына көз жеткізді.                «Оқыту мен оқу үдерісінде сыни тұрғыдан ойлаудың әдіс­тәсілдерін қалай тиімді қолдануға   болады?»   ­   тақырыбында   да   коучинг   өткіздік.   Мақсатымыз:   мұғалімдерге оқушылардың білімін жақсарту үшін сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегияларын тиімді қолдануды үйрету. Нәтижесінде мұғалімдер оқу үдерісінде сыни тұрғыдан ойлаудың әдіс­тәсілдерін қолдана алады, «Ақылдың  алты қалпағы » әдісі туралы біледі,  тәжірибеде қолданады,   оқушылардың   оқу   үлгірімі   жақсарады,   креативті   ойлауға   дағдыланады,   оқу үдерісінде мұғалімнің, оқушының шығармашылығы артады. Коучингте Эдвард де Бононың «Ақылдың   алты   қалпағы»   әдісі   туралы   таныстырылым   жасалды,   алты   қалпақтың позициясының ерекшелігі айтылды. Сонан соң үлестірмелі материалдардан «Мұғалім неліктен өзгеруі керек?» мәтінін тарқаттым, оқып танысуға уақыт берілді, алты қалпақ әдісі бойынша әр топ өздеріне белгіленген шляпаның позициясын қорғай отырып, постер қорғады. Өзара бағалау  жүрді,  кері байланыс  жасалды,  коучингте мұғалімдер  оқушының  ролінде  отырып, өздері де сыни тұрғыдан ойлауға үйренді. Осындай коучингтерді жиі өткізу арқылы менің түйгенім: мұғалімдердің   бір­бірімен достық, әріптестік қарым­қатынасы жақсара бастады, өзімшілдік психологиядан арыла бастады деп айта аламын.         «Тәлімгерлік – (mentoring) ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер( тәжірибелі, озық педагог) пен тәлім алушы( тәжірибесі аз педагог) арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым­ қатынас   құру   үдерісі».(МАН,1­деңгей,37­бет).   Іс­әрекеттегі   зерттеудің   бірі   ретінде тәлімгерлік   жұмысымды   да  жалғастырдым,   тәлім  алушым  жас  маман,  Н.есімді   география пәнінің мұғалімі болатын. Мақсатым: жас маманды кәсіби жағынан жетілдіру, оған оқытудың жаңа   әдіс­тәсілдерін   қолдануды  үйрету.  Табыс   критерийлері:  оқушылардың   сабаққа   деген қызығушылығы   артады,   сыныпта   ынтымақтастық   жағдай   қалыптасады.   Тәлім   алушыммен жүргізген жұмысым оң нәтижесін берді, мұғалімдер арасында  «Білім берудегі мен ойлап тапқан   әдістер»  тақырыбындағы   облыстық   сайыста   «Ғылым   жанашыры»   номинациясын иеленді,  қазіргі уақытта ол «Өрлеу» орталығында Деңгейлік курс бағдарламасы бойынша III деңгейді оқып жатыр. Әріптестерімнің өтініші бойынша, қазіргі уақытта жас маман А. есімді, қазақ   тілі   мен   әдебиеті   мұғаліміне   тәлімгерлік   жүргізіп,   сабақтарымда   өз   тәжірибемді көрсеттім, ол да оң нәтижесін беріп жатыр, мұғалімдер арасында «Білім берудегі мен ойлап тапқан әдістер» тақырыбындағы облыстық сайыста «Өнегелі ұстаз» номинациясын иеленді. Мұның   өзі   сындарлы   оқытудың   тиімділігі   деп   есептеймін,   бұл   тәсіл   мұғалімдерге шығармашылық   шабыт   сыйлады,   мұғалімдер   өздері   де   жаңа   әдіс­тәсілдерді   ойлап   таба бастады, аз уақыттың ішінде мектепте үлкен өзгерістерге бастама жасалды.                2014ж. 20­25 қаңтар аралығында  «Жаңаша оқыту – жетістік көзі»  тақырыбында сындарлы   оқыту   теориясын   мектеп   тәжірибесіне   енгізу   апталығын   өткіздік.   Мақсатым: елімізде   жүзеге   асырылып   жатқан   сындарлы   оқытудың   тиімділігін   ұжымға   көрсету, тәжірибеге енгізу, мұғалімдердің жаңаша сабақ өтуіне көмек көрсету.         Коучингтердегі алған теориялық білімді тәжірибеде ұштастырып, ынталы топ мүшелері ашық сабақтар өткізді. Сабақтарға қатысушы мұғалімдер көбейді, себебі, бұрын әріптестер ашық сабақ өткенде мұғалімдер өте аз қатысатын, сабақ талдағанда тек мұғалімнің кемшілігі ғана айтылатын,  бұл жолы сабақ талдау басқаша болды,  бірлескен    жұмыс    өз нәтижесін беретіндей мүмкіндік туды, проблеманы бірге шешу арқылы әріптестердің арасында кәсіби ынтымақтастықтың орныға бастағандығы көріне бастады. Ал оқушыларға келсек, олардың сабаққа деген көзқарастары өзгере бастады, сындарлы ойлауға дағдыланып, оқу үлгірімі оң нәтижесін бере бастады, кері байланыстың өзі оларға өз ойларын ашық білдіруге мүмкіндік беретінін   көрсетті,   критериалды   бағалау   арқылы   өзара   бағалауды   үйренді.   Осы   апталық барысында   мектепте   біраз   қозғалыс   болды,   жаңалықтың   лебі   сезілді,     көшбасшы   ретінде мұғалімдерді үйрете жүріп, өзім де біраз нәрсені үйреніп, ой елегінен өткіздім, теориялық білімімді   шыңдау   үшін   үнемі   МАН­ды   қайта­қайта   ашып,   оқып   отырдым.   Әлемдік тәжірибенің бұндай тәсілдерін, оның тиімділігіне әріптестеріммен бірге көз жеткіздік. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында «Орта білім жүйесінде   жалпы   білім   беретін   мектептерді   Назарбаев   зияткерлік   мектептеріндегі   оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деп атап көрсетті. Осы жолдауды ұжыммен  талқылау барысында  мен  жолдауда   көрсетілген   мәселелер   бойынша  мұғалімдерге  қазіргі   уақыттағы білім беру жүйесіне қойылып отырған талаптарды деңгейлік курс тұрғысынан түсіндірдім.          Іс­әрекетті зерттеудің тағы бір саласы ­ Lesson Study жоспарлау. Мектептегі сабақтың сапасын   арттыру,   әріптестерді   кәсіби   жағынан   жетілдіру,   біліктілігін   арттыру,   олардың арасында ынтымақтастық орнату әлемдік тәжірибедегі сабақты бірлесіп жоспарлаудың, оның ерекшелігін, тиімділігін әріптестеріммен талқыладым. «Lesson Study» тәсілі туралы коучинг өттім. Коучингте Lesson Study­дің шығу тарихы, таралуы, оның ерекшелігі, жоспарлау, Lesson Study циклі туралы таныстырылым жасалды. Сонан соң пәндес мұғалімдер осы әдіс бойынша сабақты бірлесіп жоспарлады. 2014жылдың 9 ­ 26 сәуірі аралығында «Оқыту мен оқу үдерісін бірлесіп   жақсарту   мақсатында   Lesson   Study   тәсілін   пайдалану»   тақырыбында   пән бірлестіктерімен сабақты бірлесіп жоспарлау айлығын өткіздік. Мектептегі 9 пән бірлестігі осы айлық барысында Lesson Study циклі бойынша жұмыс жасады, сабақтың сапасын арттыру үшін бірлесіп жоспарлаудың тиімділігіне көз жеткізді. Мұғалімдердің жаңаша оқытуға деген ынтасы,   белсенділігі   зор   болды.   2014ж.   19   сәуір   күні   Қызылордадағы   ПШО   тренерлерін қатыстыра   отырып   облыстық   деңгейде   семинар   өтілді.Оған   Қызылорда   қаласының мектептерінен, аудандағы I, II, III­ деңгейлі мұғалімдер қатысты.        «Мектеп тәжірибесіне сындарлы оқыту тәсілдері бойынша енгізілген өзгерістер оқыту мен оқу үдерісіне қаншалықты ықпал етті?» тақырыбы бойынша жүргізілген іс­әрекетті зерттеуде мұғалімдердің, оқушылардың, ата­аналардың пікірін анықтау, оқыту тәсілдерінің тиімділігін зерделеу   бойынша   жүргізілген   жұмыстардың   қорытындысы   шығарылды.   Нәтижесінде мұғалімдер сабақты бақылауды үйренді, оқушының қажеттілігіне қарай білім берудің пайдалы жағына көздері жетті, оқушылардың үлгірімін жақсартуға алғашқы қадам жасалды деп айтуға болады.         «Мектепті дамыту жоспары болашақта күтілетін нәтижелерді қалай айқындай алады?»­ деген сұраққа мен: «мұғалімдер мектепті дамыту жоспарының тиімді жұмыс істейтіндігіне, оның шын мәнінде ықпалы бар екендігіне, маңызды салаларды дамытуға болатындығына көз жеткізді,   мектептегі   өзгерістерге   алғашқы   қадам   жасалды,   алдағы   уақытта   ол   жалғасын табады»,­ деп жауап берер едім.            Осындай бірнеше түрлі жұмысты жүргізу арқылы мектептің оқу­тәрбие үдерісіне оң өзгеріс енгізуге болады деп ойлаймын.      Пайдаланылған әдебиеттер:  1.Мұғалімге арналған нұсқаулық, Бірінші(ілгері) деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ,2012   2.Оқушылардың   функционалдық   сауаттылығын   дамыту   жөніндегі   2012­2016   жылдарға арналған ұлттық іс­ қимыл жоспары. 3.«Бір   мақсат,   бір   мүдде,   бір   болашақ»   Қ.Р.   Президенті   Н.Ә.   Назарбаевтың   жолдауы. 18қаңтар, 2014жыл.

"Бірлескен іс- әрекет негізінде мұғалім көшбасшылығын дамыту" баяндама

"Бірлескен іс- әрекет негізінде мұғалім көшбасшылығын дамыту" баяндама

"Бірлескен іс- әрекет негізінде мұғалім көшбасшылығын дамыту" баяндама

"Бірлескен іс- әрекет негізінде мұғалім көшбасшылығын дамыту" баяндама

"Бірлескен іс- әрекет негізінде мұғалім көшбасшылығын дамыту" баяндама

"Бірлескен іс- әрекет негізінде мұғалім көшбасшылығын дамыту" баяндама

"Бірлескен іс- әрекет негізінде мұғалім көшбасшылығын дамыту" баяндама

"Бірлескен іс- әрекет негізінде мұғалім көшбасшылығын дамыту" баяндама
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
07.04.2017