Әдебиеттік оқу 2сынып Н.Айтов "Алтын сөз".
Оценка 4.7

Әдебиеттік оқу 2сынып Н.Айтов "Алтын сөз".

Оценка 4.7
Разработки уроков
doc
воспитательная работа
Детсад—4 кл
02.05.2017
Әдебиеттік  оқу  2сынып   Н.Айтов "Алтын сөз".
Сабақ жоспары бастауыш сынып мұғалімдеріне, жас мамандарға арналады.Оқушыларға бата туралы мағлұмат беру, түрлерімен танысуға жағдай жасау, қандай қасиеті бар екенін ұғындыру; Оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, белсенділігі мен қызығушылығын, сөйлеу шеберлігін арттыру. Батаны өмірде қолдана білуге,бата беріп үйренуге баулу, имандылыққа,салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.
Джандаралова Жанар.doc

 

 

 

                                              Ана  тілі  4  сынып

 

Сабақтың  тақырыбы

Н.Айтов Алтын сөз.

 

Сабақтың  мақсаты

Оқушыларға бата туралы мағлұмат беру, түрлерімен танысуға жағдай жасау, қандай қасиеті бар екенін ұғындыру;

Оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, белсенділігі мен қызығушылығын арттыру.

Батаны өмірде қолдана білуге,бата беріп үйренуге баулу, имандылыққа,салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу

Сілтеме

 

 

Оқулық, cабақ жоспары

Оқыту  нәтижелері

 

·     Бата туралы мәлімет алады;

·     Бата түрлерін анықтайды;

·     Бата не үшін берілетінін түсінеді;

·     Өз ойын жеткізе білуге ,сөйлемді дұрыс құруға  үйренеді;

·     Шығармашылық қабілетін  арттырады;

·     Топпен жұмыс , бірлескен оқу арқылы   талдау  жасайды;

Бірін – бірі, өзін –өзі бағалайды;

Сабақтың  түрі

 

Жаңа білімді меңгерту сабағы

Әдіс-тәсілдер

 

Топтық, ұжымдық,жұптық  жұмыс , ой шақыру, «Түртіп алу» стратегиясы , Джиксо әдісі, ассоцияция әдісі,  көрнекілік

Ресурстар

 

Слайд, бейнефильмдерден үзінді,бата түрлері,үлестірмелер,смайликтер,критерий арқылы бағалау;

 

Сабақ  кезеңдері

 

Әдіс- тәсілдері

 

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушылардың іс-әректі.

Қызығу-

шылықты

ояту

 

 

Топтық  жұмыс

I.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

а) Психологиялық дайындық

 Күн көзіндей күлімдеп,

 Көңілді болып жүрейік.

 Казіргі болар сабаққа

 Жүректен ақ жол тілейік!

- Бүгінгі ана тілі сабағына ұсынатын ережелерің қандай? (жұп бойынша ақылдасып өз ережелерін ұсынады)

Ә)Сыныпты топқа  бөлу  сурет құрастыру арқылы жүзеге асады.

Топтың аты: «Алтын адам », «Алтын балық»,

«Алтын  дән», «Алтын күн ».

 

   http://artgrafica.net/uploads/posts/2009-07/1248856347_pic_id254805.jpeg

-Қай сөз барлығына ортақ болып тұр?

-Балалар ,«Алтын  сөз»деген жақсы сөз,ақ тілек, көркем шығармаларда  кездесетін  нақыл сөздер.т.б

Овал:       Алтын сөз

Ұжымдық  жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

1-4 топқа бөлініп отырады.

 

1-3 мин

Ой шақыру:

 

1.Ой шақыру:

-  Алтын сөз дегеніміз не?

- Бата, асыл сөз,аталы сөздер, шешендік сөздер,мақал –мәтелдер,нақыл сөздер,ананың жылы сөзі, ақ тілек.

2.Мақсат қою кезеңі:Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

- Ендеше балалар бүгін біз Несіпбек Айтовтың «Алтын сөз» өлеңімен танысамыз.

Топтық жұмыс

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

Мағынаны

тану

 

 

. «Түртіп алу» стратегиясы

1.Ақын туралы қосымша  түсінік беру.

- Н .Айтовтың  қандай шығармаларын  оқыдық?

2-сыныпта: «Оқулық» өлеңі.

3-сыныпта:  «Нұркен» өлеңі.

     Айтов Несіпбек Тұрысбекұлы 1950 жылы 22 қыркүйекте Қытай Халық Республикасы, Шынжаң өлкесі Шәуешек ауданы, Теректі -Қақпатас елді мекенінде дүниеге келген. Қазақ Ұлттық Университетін бітірген. “Жаңа өмір” газетінде әдеби қызметкер, “Балдырған” журналында бөлім меңгерушісі, “Жалын” баспасында редактор қызметтерін атқарған. 2001 жылдан бері Еуразия Ұлттық университетінде аға ғылыми қызметкер болған.

2. Оқулықпен жұмыс.

1) Өлеңді тыңдау.(мәнерлеп оқуды тыңдау)

2) Іштей оқу. «Түртіп алу» стратегиясы

Сөздік жұмыс.Өлеңді   оқи отырып, сөздер,сөз тіркесі  мағынасын ашу.

Қадап айтып ақылын – нық айту, түсінікті,санасына жеткізіп айту.

Қату бол – қатал,батыл болу.

Ұсақ болма, ірі бол-  адамгершілікті  адам бол.

Парқын сез – бағасын біл, қадірлей  біл.

3) Әр шумақты оқушыларға оқыту. 2-3мин

4) Әр топтан  1  оқушыға оқыту.

5) Өлеңді талдау:

Сөзжұмбақ шешу.

Б Бата берген атасы көпке не тіледі?

А Балаға кім бол деп тілейді?

Т Достарыңмен қандай бол дейді?

А Ата сөзі қандай сөз?

Б

а

қ

ы

т

а

қ

ы

н

 

т

а

т

у

 

а

л

т

ы

н

-Шешкен сөздеріңнің бірінші әрпін алсақ,қандай сөз шығады?

-Өлеңде не туралы айтылған?

-Негізгі ой - бата туралы айтылған.

 

Оқушылар оқыған шығарма-

ларын айтады.

2  мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудио-

тыңдалым

1-2мин

 

Жұпта, топта талқылау сөз мағынасын ашу.

 

 

 

Тізбек бойынша оқиды.

 

 

 

Топта сөзжұмбақ-ты шешеді.

 

Слайдтан  көрсету

1-2 мин

 

 

 

 

 

Джиксо әдісі

3.Топтық жұмыс.(әр топқа үлестірме беру)

1-топ:  Бата дегеніміз не?

2-топ: Ақ бата

3-топ: Теріс бата

4-топ: Серттесу батасы

1-топ:

 «Бата – арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі», – дейді. Яғни, бата –мағынасы: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Бата – ұлтымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз.

Халқымызда батырларға, билерге ардақты аналардың да бата берген кезі көп.

Қазақ халқында бата берудің өзіндік орны мен жолы, жөні бар. Батаны халық арасында (қонақтар ішінде) үлкен адам болмаса, көптің рұқсатымен, жас болса да бас боларлық жолы, жөні бар адам береді. Ерлер отырғанда әйел бата бермейді. Әйелдер арасында сөз білетін бір ер бала отырса, әуелі  сол бата беруге тиісті.

2-топ.

 Батаның негізі үш түрі бар:

1.Ақ бата;

2. Теріс бата;

3. Серттесу (Баталасу);

Ақ бата – шын жүректен шыққан ізгі тілек, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан

 өсиетнама.Соған сәйкес, ақ бата көбінесе мынандай жағдайларға байланысты беріледі:

- жаңа туған нәрестеге,

- алыс жолға шығушыларға,

- тойларға,

- асқа,

- Наурызға (Наурыз бата)  беріледі.

3-топ:

        Теріс бата – қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мұндай батаны әке-шешесі сенімін ақтамай, үлкен ұятқа қалдырып, әулетін, ата-тегін масқаралаған, өздеріне қолы, тілі тиген, дінін, тілін, Отанын сатқан, жауыздық, ауыр қылмыс, кешірілмес күнә жасаған баласына қолдарын теріс жайып тұрып берген. Батаны жасы үлкен, сөзге шешен, сыйлы адамдар береді.

4-топ:

 Серттесу батасы (Баталасу) – құдалықта, серт пен уәдеде, елшілікте, ел арасындағы маңызды үлкен шараларда жасалатын жол. Ол – хан, ақсақалдар, билер алдында, аруақ орнында да жасалып, қол алысылып орындалатын ғұрып. Оны бұзу, яғни, «бата бұзу» – қарғыспен тең

4.  Бейнефильмнен  үзінділер көрсету:

«Қыз жібек», «Менің атым -Қожа» , «Наурыз батасы».

- Батаның  қай түріне жататынын анықтайды.

5.Сергіту сәті: музыка әуенімен  қимылдық жаттығу жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр топ тапсырма

ны оқып, ауызша басқа топқа түсінгендерін айтады.

 

 

Смаилик-

тер беру

 

 

Топтық жұмыс.

 

 

 

 

Бірін-бірі  бағалайды.

 

 

 

Ой-толғаныс

 

 

Топтық жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

Топтас-

тыру әдісі

6.Дәптермен жұмыс:Батаны жалғастырып жазу.

1-топ: Жол батасы:

Жортқанда жолдарың болсын,

........................................................

2-топ: Ас батасы:

Дастарханыңа   береке  берсін,

.....................................................

3-топ:Наурыз батасы:

Ұлыс оң болсын,

......................................

4-топ: Оқушыға  бата

Құтты болсын қадамың,

........................................

Топтастыру: постер  құру. ( резерв )

1-топ: Батаны неге «Алтын сөзге» теңейді?

2-топ: Сендер батаның қай түрін алғанды қалайсыңдар?

(ақ бата түрлері, маңызын ашу)

3-топ: Көрініс көрсету «Бата беру»

4-топ:Ақ тілек айту ( әр топ мүшесі бір тілек айтады)

Рефлексия

 

Шығарма-

шылық жұмыс

 

Әр топ батаны жалғастыра-ды

 

5 мин.

 

 

Смайлик беру

 

 

Топтық жұмыс

 

Әр топ бата туралы не білгендерін қағаз бетіне түсіреді. 5 мин

 

Бағалау

 

 

 

 

 

 

Өзін-өзі бағалау.

 

Жиынтық бағалау

Критерий арқылы бағалау.

 

Бағалау  критерийлері

  0-3 ұпай

1

Өлеңді мәнерлеп оқимын

 

2

Өлеңдігі негізгі ойды түсіндім

 

3

Бата деген не екенін білемін

 

4

Бата  түрлерін ажыратамын

 

5

Өз ойымды тиянақтап, жеткізе білдім

 

 

Жалпы ұпай

 

 

 -Ендеше балалар ата бабамыздан мирас- өнеге болып қалған баталы сөздерді есімізде сақтап, қастерлеп жүрейік. Бүгінгі сабағымызды мынадай өлең шумақтарымен аяқтайық:

 Ниет, ықылас білдіру,

 Әр адамға аманат!

Ата – баба дәстүрі -

 Батаны біл жамағат!

 

 

 

Өзін-өзі  бағалау.

5 мин

Кері  байланыс

 

 

Смайлик-

тер

 

 

Топтарға смайликтер тарату

Оқушылар сабақ  соңындағы өз көңіл- күйлерін смайликтер таңдау арқылы көрсетеді.

 

Үйге  тапсырма

 

1. «Алтын сөз» өлеңін мәнерлеп оқу.

2.Өзіңе ұнаған бата сөзді тауып , жаттап келу.

3.Батаны  жалғастырып жазу

 

Өздігінен

орындау,

іздену.

1 мин.

 


Скачано с www.znanio.ru

Ана тілі 4 сынып

Ана тілі 4 сынып

Бүгінгі ана тілі сабағына ұсынатын ережелерің қандай? (жұп бойынша ақылдасып өз ережелерін ұсынады) Ә)

Бүгінгі ана тілі сабағына ұсынатын ережелерің қандай? (жұп бойынша ақылдасып өз ережелерін ұсынады) Ә)

Университетін бітірген. “Жаңа өмір” газетінде әдеби қызметкер, “Балдырған” журналында бөлім меңгерушісі, “Жалын” баспасында редактор қызметтерін атқарған

Университетін бітірген. “Жаңа өмір” газетінде әдеби қызметкер, “Балдырған” журналында бөлім меңгерушісі, “Жалын” баспасында редактор қызметтерін атқарған

Серттесу батасы 1-топ: «Бата – арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі», – дейді

Серттесу батасы 1-топ: «Бата – арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі», – дейді

Батаны жасы үлкен, сөзге шешен, сыйлы адамдар береді

Батаны жасы үлкен, сөзге шешен, сыйлы адамдар береді

Бағалау Өзін-өзі бағалау

Бағалау Өзін-өзі бағалау

Батаны жалғастырып жазу Өздігінен орындау, іздену

Батаны жалғастырып жазу Өздігінен орындау, іздену
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.05.2017