«Геометриялық көпбұрыштардың ұлттық қолөнерде қолданылуы»
Оценка 4.8

«Геометриялық көпбұрыштардың ұлттық қолөнерде қолданылуы»

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
математика
9 кл
17.02.2017
«Геометриялық көпбұрыштардың ұлттық қолөнерде қолданылуы»
Тақырыбы: «Геометриялық көпбұрыштардың ұлттық қолөнерде қолданылуы» Сабақтың мақсаты: «Көпбұрыштар- ұлттық қол өнерде» атты ғылыми жоба арқылы құрақ құрау өнерінің қыр - сырын және геометриялық жолмен шығару жолдарын , тәсілдерін насихаттау арқылы құрақтың түрлерін ойлап шығару. Сабақтың міндеттері: 1) Құрақтың түрлерін, үлгілерін жасап халыққа ұсыну. 2) Өресі биік, өрісі кең қазақ халқының қарапайым әрі бірегей құрақ құрау өнері ерте заманда пайда болған. Құрақтың геометриялық фигуралар көпбұрыштардан құралатындығын ,олардан қазақ халқының үй бұйымдарын ( көрпе, жастық ,түскиіз, алаша сияқты т.б.) заттар жасайтындығын, құрақтарды келістіріп қалай қолдана білу керектігін ұғындыру.Тақырыбы: «Геометриялық көпбұрыштардың ұлттық қолөнерде қолданылуы» Сабақтың мақсаты: «Көпбұрыштар- ұлттық қол өнерде» атты ғылыми жоба арқылы құрақ құрау өнерінің қыр - сырын және геометриялық жолмен шығару жолдарын , тәсілдерін насихаттау арқылы құрақтың түрлерін ойлап шығару. Сабақтың міндеттері: 1) Құрақтың түрлерін, үлгілерін жасап халыққа ұсыну. 2) Өресі биік, өрісі кең қазақ халқының қарапайым әрі бірегей құрақ құрау өнері ерте заманда пайда болған. Құрақтың геометриялық фигуралар көпбұрыштардан құралатындығын ,олардан қазақ халқының үй бұйымдарын ( көрпе, жастық ,түскиіз, алаша сияқты т.б.) заттар жасайтындығын, құрақтарды келістіріп қалай қолдана білу керектігін ұғындыру.
Геометриялық көпбұрыштардың ұлттық қолөнерде қолданылуы.docx
Тақырыбы: «Геометриялық көпбұрыштардың ұлттық қолөнерде  қолданылуы» 9 «А», «Б» сынып  Сабақтың мақсаты:  «Көпбұрыштар­ ұлттық қол өнерде» атты ғылыми жоба арқылы құрақ құрау  өнерінің қыр ­ сырын және геометриялық жолмен шығару жолдарын , тәсілдерін  насихаттау арқылы құрақтың түрлерін ойлап шығару. Сабақтың міндеттері: 1) Құрақтың түрлерін, үлгілерін жасап халыққа ұсыну.  2) Өресі биік, өрісі кең қазақ халқының қарапайым әрі бірегей құрақ құрау өнері  ерте заманда пайда болған. Құрақтың геометриялық фигуралар көпбұрыштардан құралатындығын ,олардан қазақ халқының үй бұйымдарын ( көрпе, жастық  ,түскиіз, алаша сияқты т.б.) заттар жасайтындығын, құрақтарды келістіріп қалай  қолдана білу керектігін ұғындыру. Сабақтың нәтижесі:  Әрбір құрақ түрін жасаған кезде одан қандай да бір нәтиже шығу керек. Құрақ  үлгісін дайындау кезінде бірнеше нәтижеге жету үшін, біріншіден құрақтың шығу тарихы зерттей келе қажеттілігін, сұлулығын үйрену қажет. Екіншіден, құрақ  бөліктерін дәстүрлі өлшем түрлерімен көпбұрыштар түрлерін ( шаршы, тік  төртбұрыш , ромб, параллелограмм, трапеция, бесбұрыш, алтыбұрыш)­ты  пайдаланып дайындау жолдарын үйрену қажет. Ол үшін оқушының логикалық  ойлау қабілетінің жоғары болуын талап ету шарт. Үшіншіден , осы логикалық  ойлау арқылы оқушының құрақтың небір әдемі, халық тұтынатындай түрлерін  ойлап шығару керек.  Сабақтың болжамы: осы зерттеп жатқан жоба екі оқу жылына  жоспарланғандықтан, жұмысты әрі қарай жалғастыру, іздену, дамыту. Сабақтың кезеңдері: ­өзім көптен қызығып жүрген өнер түрін оқушыларға насихаттаймын; ­мәліметтерді жинақтап, құрақ түрлерінің эскизін жасап үйренемін,әрі оқушыларға үйретемін;  ­ жинаған жұмысты талдаймын;  ­ қалдық маталарды пайдалану арқылы оқушыларға құрақтың түрлерін  насихаттап үнемділікке үйретемін; ­хабарланған талаптар бойынша жоба жұмысын жинақтап, қортындылаймын.  Эпиграф: “Өнерден қуат алмаса тіршіліктің шырағы өшеді” – деп М. Әуезов  айтқандай, өсіп келе жатқан ұрпағымызға өз халқының өнерін бойына сіңіріп  өсіру қазіргі кездегі кезек күттірмейтін мәселе. Негізгі бөлім I тарау. Геометриялық көпбұрыштармен танысу. II тарау. Мата түрлерімен танысу. III тарау. Құрақтың техникасымен (қиындыларымен) танысу. IV тарау. Құрақтың түрлері және түстерінің үйлесімділігі. V тарау. Құрақтың қолданылуы. Кіріспе Ғасырлар бойы уақыт елегінен өтіп ұрпақтан­ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнер  бабалардан қалған мәдени мұрамыздың ең асыл құнды қазынасының бірі. Ол  келер ұрпақ тәрбиесінде баланың ой санасына жаңа заман талаптарымен үндесе  тарап ақыл­ойды асқарға, қиялды­қияға жетелейтін киелі мұра. Қазақ халқы салт­дәстүр мен қолөнер түрлеріне өте бай ел. Бұл – оның  мәдениетті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер:  Н. Шайкенов “Ұлт дәстүрі заңнан биік” – деген. Демек, салт­дәстүрлі ел­ мықты, әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан­ғасырға ұлт  қасиетін салт­дәстүрмен, өнегелі әдет­ғұрыпымен, қонақжайлылығымен, әдепті  ырым, тыйыммен, қолөнер түрлерін үйретумен ұлағатты ұл, инабатты қыз  өсірген. Ұлттық тәлім, салт­сана сабағы адамгершілік тәрбиесінің аса сенімді әрі  ғажайып жол екенін көрсетті. Дана халықтың өзі жасаған осы әдет­ғұрып пен  жөн­жосықты біліп, үйренуі және өмірде қолдануы ағайынды адастырмас сара жол. Мұны отбасында ата­ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ата­әжелеріміз  жастарға үйретіп, айтып отырса ұтарымыз көп болар еді. Халық тұрмысында жиі қолданылатын қолөнер түрлеріне: өру, тігу, тоқу,  құрастыру, сызу, бейнелеу жатады. Соның ішінде ең көнесі ретінде әже  апаларымыздың құрақ құрау өнерін айтуға болады. Бұл өнер балаға көп тәлім­ тәрбие беретін өнердін бір түрі. Құрақ құрау – бұл нағыз өнер, мата қалдықтарын үнемдеп тігудің ерекше түрі. Құрақшылық қолөнері сәнді жұмыстар жасау тарихы өте арыдан басталады.  Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің  қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте  бағалы бұйымдар жасау. Зердесінде зейіні бар әр адамның қай­қайсысы да  құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір­бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады. “Ғылыми жобамен ” айналысар алдында құрақ түрлерімен жан­жақты танысып,  құрақшылық өнердің қыр­сырын үйренуге тоқталдым. Осы ұсынылып отырған  жобада құрақ құрау арқылы көпбұрыштарды пайдаланып аталған құрақтың  бірнешеуінің жасалу жолын көрсетемін. Құрақ құрау тәсілі маталардың  қалдығын кәдеге жарату негізінде пайда болған. Қолынан іс келетін шебер  әйелдер көрпеден бастап, кеудешеге дейінгі бұйымдарды құрақпен безендірген.  Құрақ құрау үшін, ең алдымен, қажетті материалдар таңдап алынып, олар түрі,  түсі, матасына қарай сұрыпталады, яғни маталардан барқыт, жібек, сиса, сәтен  кесінділері жеке­жеке бөлініп алынады. Содан соң түрлі­түсті маталар  қиыстырылып тігіледі  Негізгі бөлім I тарау. Геометриялық көпбұрыштармен танысу. 1.Үшбұрыштар. . Үшбұрыш дегеніміз үш нүктеден және олады тізбектей  қосатын үш кесіндіден тұратын фигура. Құрақтың көп бөлігі үшбұрыштардан  тұрады. Барлық қабырғалары өзара тең үшбұрыш тең қабырғалы үшбұрыш деп аталады. Екі қабырғасы тең үшбұрыш тең бүйірлі үшбұрыш деп аталады. Үш қабырғасының ұзындығы үш түрлі үшбұрыш қабырғалары әр түрлі үшбұрыш  деп аталады. 2.Төртбұрыштар. Төртбұрыш деп төрт нүктеден және оларды тізбектей қосатын кесінділерден тұратын фигураны айтамыз. Сонда бұл нүктелердің ішінде ешбір үшеуі бір  түзудің бойында жатпауы тиіс, ал оларды қосатын кесінділер қиылыспайтын  болуы тиіс. Параллелограмм Параллелограмм дегеніміз қарама – қарсы қабырғалары  параллель болатын, яғни параллель түзулердің бойында орналасқан төртбұрыш. Параллелогаммның қасиеттері : Қарама – қарсы қабырғалары тең. Қарсы жатқан  бұрыштары тең. Диагональдары қиылысады және қиылысу нүктесінде қақ  бөлінеді. Бұрыштарының іргелес біржақты жатқан қабырғаларының қосындысы  180º­қа тең.  Тіктөртбұрыш Анықтама. Барлық бұрыштары тік болып келетін  параллелограмды тіктөртбұрыш деп атаймыз. Тіктөртбұрыштың қасиеттері:  барлық параллелограммның қасиеттеріне ие. Диагональдары тең.  Ромб Барлық қабырғалары тең болатын параллелограммды ромб деп атаймыз.  Ромбтың қасиеттері: Параллелограммның барлық қасиеттері , диагональдары  перпендикуляр әрі өздері шығатын бұрыштарының биссектрисалары болып  табылады. Квадрат (шаршы) Анықтама. Барлық қабырғалары тең болып келетін тіктөртбұрыш немесе барлық  бұрыштары тік ромб. Квадраттың қасиеттері: Тіктөртбұрыш пен ромбтың барлық қассиеттеріне ие,  диагональдары өзара тең.  Трапеция Анықтама. Траппеция деп тек қарама – қарсы екі қабырғасы параллель, бүйір  қабырғалары параллель емес төртбұрышты айтамыз.Параллель қабырғалары  трапецияның табандары деп аталады, басқа екі қабырғасы бүйір қабырғалары деп аталады, ал бүйір қабырғаларының орталарын қосатын кесіндіні трапецияның  орта сызығы деп атайды. Трапецияның қасиеттері: Трапецияның орта сызығы  оның табандарына параллель және сол табандардың қосындысының жартысына  тең болады. Егер трапеция тең бүйірлі болса онда оның диагональдары және  табанындағы бұрыштары тең болады.  Көпбұрыштар 1. Бесбұрыш 2.Алтыбұрыш І І тарау Құрақ маталары. Құрақ құрау үшін арнайы қамқа, шағи, шыт, тібен, бояқ, насар, мақпал, қыжым  секілді маталар қолданылады. Оның ішінде маталардан барқыт, жібек, сиса,  сәтен кесінділері жеке­жеке бөлініп алынады. Яғни, маталар қалыңдығына,  жұқалығына байланысты бөлініп алынады. Содан соң түрлі­түсті маталар  қиыстырылып тігіледі Сонымен бірге небір шебер тігіншілер матаның басқа да  түрлерін қолданады. Құраққа мынадай маталарды қолдануға болады:  ­Қамқа – алтындатқан немесе күмістеткен зерделі жіптен тоқылған жібек мата.  ­Қатипа – жол­жолы бар, жұқа жібек мата. Барқыт, шыт.  Торқа – ең қымбат жібек мата.  Батсайы – қалың жібек кездеме.  Торғын – қымбат бағалы жібек матаның бір түрі.  Мақпал – тығыз тоқылған, жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі. Қыжым – сапалы жүнен тоқылған түкті мата, плюш.  Пай – жібек мата.  Парша – алтын мен күмісті араластыра отырып тығыз тоқылған жылтырақ жібек  мата және сол матадан тігілген қымбат бағалы киім. Қазине – жібектен қалыңды – жұқалы етіп тоқитын мата.  Шағи – жұқа келген жұмсақ және таза мата.  Ләңке – сырткиімдік матаның бір түрі.  Насар – жібек кездеме.  Ұштап – ақ түсті тығыз мата. Шыт – арзанқол жұқа мата.  Сәрпөңке – астарлық жібек мата.  Бояқ – кездеменің боялған түрі. Борлат – қызыл түсті жұқа мата.  Тібен – түрлі­түсті қалың мата. III тарау. Құрақтың техникасымен (қиындыларды құрау) танысу. Құрақ техникасы немесе пэчворк (patchwork – ағылшын тілінен аударғанда құрақ құрау, құрастыру) қызықты жұмыс, үлкен қиял беруші өнер. Пэчворк техникасы геометриялық қиындыларды біріктіріп тігу арқылы қайта  бүтін мата жасау. Қазақ халқында құрақ құрау өнері ХV­XVI ғасырдан бастап дамыған. Шеберлер  бар маталардың өлшеміне, түсіне, формасына байланысты геометриялық  пішіндерден өнер композициясын құрастырды.  Құрау технологиясы: 1.Қандай өрнекті құрасақ та сол өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз. 2. Матаның түр түсінің үйлесімділігін анықтау үшін оны түс таңдай отырып, бояп аламыз. 3. Геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп,  пайдалану арқылы, матаны қағаз мөлшерімен қиып аламыз. 4. Қиылған матаны өрнек бойынша рет­ретімен: ­ әулі ортаңғы бөлік, содан кейін шеткі бөліктерді тігіп аламыз. Біз алдымен бұйымды жасау үшін алғаш жобасын сызамыз. Ал, енді жоба бойынша геометриялық пішіндерді түрлі­түсті қағаздан қиып  алып, оларды көрпеше тәрізді қатырма қағаз бетіне дұрыс орналастырып,  желімдейміз. Нәтижесінде түрлі­түсті әсем құрақтар пайда болады. Елімізде XVI ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына қарай құрақ құрау өнері  кең өріс алды. Құрақ құрау тәсілі маталардың қалдығын кәдеге жарату негізінде  пайда болған. Қолынан іс келетін шебер әйелдер көрпеден бастап, кеудешеге  дейінгі бұйымдарды құрақпен безендірген. Құрақ құрау үшін, ең алдымен,  қажетті материалдар таңдап алынып, олар түрі, түсі, матасына қарай  сұрыпталады, яғни маталардан барқыт, жібек, сиса, сәтен кесінділері жеке­жеке  бөлініп алынады. Содан соң түрлі­түсті маталар қиыстырылып тігіледі. Бұл қолөнердің негізі әртүрлі символдармен де байланысты. Мәселен, үшбұрыш  құрағының мәні әлемдегі үш дүниені ұштастыру екен, яғни үшбұрыш – су, жер,  ауа – үш ғаламның белгісі. Бұл құрақтың мағынасы – ғаламдық тепе­теңдік пен  тұтастық. Бал арасының ұясы негізінде «Алты табақ» құрағы пайда болған.  Мағынасы, тәттілік пен молшылықты білдіреді. Сонымен қатар құрақ өнері  арқылы жануар, құс бейнелерін де мата бетіне салуға болады екен. Өрнектер композициясы әр түрлі өлшемдердегі тік төрт бұрышты шаршылар,  үшбұрыштар және тік төртбұрышты жолақтар түріндегі құрақтардан құралатын.  Үшбұрыштардан жасалған өрнек – “тұмарша” (бойға тағатын тұмар, амулет),  ортада шаршы оған тіркесе тігілген тең бүйірлі үшбұрыштар – “ботагөз”, яғни  ботаның көзі деп аталады. Ол сәттілік, байлық және бұйым иесін “сұқ көзден”  қорғайды деп есептеген. Біздің әжелеріміз де құрақ құрай отырып, немере  қызына арналған құрақты – “Отан болып құралып кетсін, өсіп­өнсін” – деген ниет тілекпен жасаған. Баяғы Сақ заманынан бастап, өмір құбылыстарын қолөнер арқылы көрсетуге  машықтанған көшпелілердің қолөнер дәстүрінің нысандық мәні бар. Сол кездегі  «жұп», «су» секілді мағыналы ою­өрнектер күні бүгінге дейін өз мән­мағынасын  жоғалтпады.  IV тарау. 1) Құрақтың түрлері. Негізінен құрақтың 200 ден астам түрі бар. Олардың арасында: «аққу»,  «шиқұрақ», «айқұрақ», «шаршықұрақ», «гүлқұрақ», «мүйіз құрақ», «қиықша  құрақ», «үшбұрыш», «төртбұрыш», «ботакөз», «жұлдызша», «тырна», «майда»,  «гүл», «ою», «мүйіз», «сегіз сай», «шахмат», «торкөз», «ботакөз», «алма»,  «жұлдызша» құрақтары ел ішінде кеңінен таралған. Бұл құрақтардың өз тарихы,  ерекшелігі мен маңыздылығы бар.  Түрлі түсті мата қиындыларынан құрақ құрау жұмысы – нәзік сезімді, түсті  аңғарғыш, эстетикалық талғамы еркектерден жоғары тұратын әйелдердің  еншісіндегі іс болған. Ел арасында құраққа қатысты бірсыпыра атаулар  қолданылады: құрақтың суы – құрақтардың арасына жүргізілетін бір түсті  жолақтар, құрақтың көзі – құрақтардың ортасына басқа түстен тігілетін өрнек,  яғни басқа құрақ соның айналасына тігіледі, кекілік қас – ақ және қара  маталардың қиындыларынан кекіліктің қасына ұқсатып тігілген құрақ, қайшы  құрақ – кекілік қас құрағының негізінде тігіліп, көздігінің жанына қайшы  пішініндегі кішкене құрақтың ұластырылған түрі, таңлай құрақ – адам таңдайының пішініндегі өте майда құрақтар, жұлдыз құрақ – таңдай пішінді  құрақтан құралып, көздері тең үшбұрышты түсті барқытпен көмкерілген түрі,  тырнақ қатар – тырнаққа ұқсаған үшбұрышты құрақшалардан құралған түрі, т.б. 2) Құрақтың түстерінің үйлесімділігі. Матаның түстеріне қарай таңдаудың маңызы зор. Мата  түрін таңдағанда түстер  мен реңктер градациясын ескеру керек. Түстердің түс шеңберіндегі орналасу  реті. Оларды жылы және суық түстер деп атайды. Түс шеңберінде бір­біріне қарама­қарсы тұрған түстерді қарама­қарсы түстер  деп атайды. Олар қызыл­жасыл, сары­күлгін, көк­қоңыр және т.б. ­Қызыл – оттың, күннің, рәміздік белгісі. Көне түрік тілінде қызыл түс­  Оңтүстікті , қара­ Солтүстікті, ақ­Батысты, көк­Шығысты білдіреді. ­Қара­ жердің түсі, берекенің түсі ­Ақ­ қасиетті түс, ол қуанышты хабардың, бақыттың тазалықтың белгісі. Ақ  сонымен бірге шындықтың, ақиқаттың, адалдықтың белгісі. ­Сары түс­ ақыл парасаттың белгісі. ­Жасыл түс­ жастық пен көктемнің белгісі. V тарау.Құрақтың қолданылуы. Қашанда әдемілік пен сұлулыққа құштар ата­бабамыз ұзатылған қыздың артынан  жасау апарғанда махаббат нышаны ретінде «Аққу құрақ» көрпесін апарған.  Сонымен қатар, құрақпен тұрмысқа қажетті әртүрлі заттарды безендіруге де  мүмкіндік мол. Оған зат салатын әртүрлі қоржындарды, қыз­келіншектерге  арналған бұйымдарды, күнделікті қолданыстағы жастық, аяққап, қолқапшық,  қиық сырмақты жатқызуға болады.  Қонағын төрге шығаратын халқымыз құрақ көрпесін төрге төсеген. Ол –  сыйластықтың белгісі. Дүниедегі әрбір зат майда бөлшектерден құралады. Сол  секілді әр үйде құрақтан жасалған бұйымның болуы отбасының берекесі мен  ынтымағын құрайды. Тіпті біздің әжелеріміз ерте кезде балалары өліп (шетінеп)  тоқтамаған отбасылардың үйін «тіл­көзден аман болсын» деп ырымдап, «қырық  құрақ» құрап, баласын соған ораған екен. Шеберлер сәндік құрақтарды соншалықты дәлдікпен құрай білген. Құрақтан қолдорба, шайдорба, түскиіз,  керме, аяққап, жастыққап, сандық жапқыш, көрпеге құрақ құраған. Қазіргі кезде  жастық тыста, жиде, түскиіз, сүлгі, диванға, орындыққа төсеніштер жасайды.  Құрақ құрау қолөнерімен кез келген адам айналыса алмайды. Өйткені бұл  қолөнердің де өз қиындығы бар. Алдымен, өнерді түсінетін, ұшқыр ой мен бояу  сырын білетін танымы бар адам ғана істің көзін таба біледі. Сондай­ақ түс пен  түсті сәйкестендіру аса жоғары шеберлікті қажет етеді. Құрақ өнерімен  айналысудың пайдасы – адамды шыдамдылыққа, үнемділікке, төзімділік пен  сабырлылыққа, тазалық пен әсемдікке баулып, жан дүниесін байытып, ой­өрісін  кеңейтеді. Ерте заманда қыз балалар кішкентайынан құрақ құрауды біліп,  үйренуге тиіс болған. Қазіргі кезде бұл қолөнерді ісмер қыз­келіншектер мен  көнекөз әжелеріміз ғана ермек қылады. Құрақ адамды үнемділікке үйретеді, кішкентай мата қиындысынан сәнді зат  жасау өмірге қабілеттілікке тәрбиелейді. Өз қолдарыңнан жасағанбұйым  әрқашан да ыстық болады. Қорытынды  Құрақ құрау өнерін дымытуды насихаттауымыздың мақсаты қолөнерді сақтап  қалып, дәстүрімізді жалғастыру кешегі қажеттіліктен туындаған өнерді бүгінгі  жастарды тәрбиелеуге пайдалану, өнерге баулып тәрбиелеу. Жұмысты жасау барысында көптеген зерттеме жұмыстарын жүргіздім. Өз  жұмысымның ерекшелігі қазақтың салт­дәстүрін, ұлттық қолөнер туындыларын  зерттей отырып, құрақ өнерін меңгердім. Жалпы, құрақ өнерін зерттеу  барысында, оның түрлерін, жасалу жолдары, тарихы айтылған. Адам, қоғам үшін  құрақ өнерінің жасалуын зерделей келе қолөнер байлығымыз екенін білдім.  Құрақ – қызық, әрі құнды өнер. Ол ұзақ ізденісті, ыждағатты қол еңбегін қажет  ететін іс. Шын шеберлікке қоса табандылықты талап етеді. Қазақ халқының  қолөнерінің аса қымбат, қайталанбас сұлулығын, ғажайып көркін құрақ өнерінен  көреміз. Ғылыми жұмысымды қорыта қеле, түйген ой­пікірім: – құрақ өнері арқылы халықтың қолөнерін, салт­дәстүрін білу. – құрақ өнері – есте сақтау, жобалау, шамалау, түстер жарасымдылығын жақсы  айыра білуге – құрақ өнері – өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты, шеберлікті талап  етеді. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” стратегиясында алға міндет етіп  қойған ішкі және сыртқы саясатының аса маңызды 30 бағытының бірі – мәдени мұра бағдарламасы аясындағы халықтық мәдени құндылықтар мен дәстүрін  дамыту. Осы бағытты ескере отырып, көнере бастаған қолөнерді бүгінгі күнде өз кәдемізге жаратып, қолданудың маңызы өте зор. Қазақтың қолөнері бүгінгі жаһанданған заманда да өз мәнін жоғалтпай, жалғасын тапса, нұр үстіне нұр болар еді. Глоссарий  пэчворк (patchwork – ағылшын тілінен аударғанда құрақ құрау, құрастыру Әдебиеттер тізімі  1. Еңбекке баулу оқыту әдістемесі. Алматы, 1998. 2. «Мектептегі технология» №8 ,№ 10 2011 3. Шаңырақ энциклопедиясы, 145 бет 4. «Шебердің сиқырлы қалашығы»Шымкент баспасы, 2000ж 5. «Еңбекке үйрету» Республикаклық ғылыми әдістемелік журнал,№9­10, 2009 6. «Бастауыш мектеп» әдістемелік журнал,№6,2007 Мазмұны Аннотация­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 2 Жоспары ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 3 Кіріспе ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 4 Негізгі бөлім­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 5 I тарау. Геометриялық көпбұрыштармен танысу.­­­­­­­­­­­­­­­­­­5 II тарау. Құрақтың маталары ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­9 III тарау. Құрақтың техникасымен (қиындыларымен) танысу.­­10 IV тарау. Құрақтың түрлері.­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­12 V тарау. Құрақтың қолданылуы.­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 13 Қорытынды ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 15 Глоссарий­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­16 Әдебиеттер тізімі­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­16

«Геометриялық көпбұрыштардың ұлттық қолөнерде қолданылуы»

«Геометриялық көпбұрыштардың ұлттық қолөнерде қолданылуы»

«Геометриялық көпбұрыштардың ұлттық қолөнерде қолданылуы»

«Геометриялық көпбұрыштардың ұлттық қолөнерде қолданылуы»

«Геометриялық көпбұрыштардың ұлттық қолөнерде қолданылуы»

«Геометриялық көпбұрыштардың ұлттық қолөнерде қолданылуы»

«Геометриялық көпбұрыштардың ұлттық қолөнерде қолданылуы»

«Геометриялық көпбұрыштардың ұлттық қолөнерде қолданылуы»

«Геометриялық көпбұрыштардың ұлттық қолөнерде қолданылуы»

«Геометриялық көпбұрыштардың ұлттық қолөнерде қолданылуы»

«Геометриялық көпбұрыштардың ұлттық қолөнерде қолданылуы»

«Геометриялық көпбұрыштардың ұлттық қолөнерде қолданылуы»

«Геометриялық көпбұрыштардың ұлттық қолөнерде қолданылуы»

«Геометриялық көпбұрыштардың ұлттық қолөнерде қолданылуы»

«Геометриялық көпбұрыштардың ұлттық қолөнерде қолданылуы»

«Геометриялық көпбұрыштардың ұлттық қолөнерде қолданылуы»

«Геометриялық көпбұрыштардың ұлттық қолөнерде қолданылуы»

«Геометриялық көпбұрыштардың ұлттық қолөнерде қолданылуы»

«Геометриялық көпбұрыштардың ұлттық қолөнерде қолданылуы»

«Геометриялық көпбұрыштардың ұлттық қолөнерде қолданылуы»

«Геометриялық көпбұрыштардың ұлттық қолөнерде қолданылуы»

«Геометриялық көпбұрыштардың ұлттық қолөнерде қолданылуы»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.02.2017