Грамматические задания
Оценка 4.8

Грамматические задания

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
19.05.2020
Грамматические задания
Грамматические задания
Грамматикалык тапсырмалар -2.docx

Сапалық сын есім.

 

1-тапсырма.Сұхбаттарды оқыңыз. Белгіленген сөздерге назар аударыңыз.

 

-          Сәлеметсіз бе! Түскі асқа не бар?

-          Біріншіге кеспе, борщ, ал екіншіге палау, мәнті және бірнеше салат түрі бар. Сіздерге ас мәзірін берейін.

-          Рахмет! Не алсам екен, Нұрай? Сен неге тапсырыс бергің келеді?

-          Менің тамаққа тәбетім болмай тұр. Мен шай ішейін, сен қалағаныңды алып іше бер. Айжан, сен маған қарама, түскі ас қой.

-          Ал, менің қарным ашып тұр. Мен ыстық тамақ ішемін. Сұйық тамақтан борщ ішейін, қою тамақтан 2 мәнті беріңіз.

-          Салаттан не қалайсыздар?

-          Көкөніс салатынан берсеңіз болады. Сосын лимон қосылған тәтті шай беріңіз.

-          Маған сүт қатқан шай беріңіз.

-          Нұрай, шайға бірнәрсе алсаңшы.

-          Онда қаймақпен ірімшік беріңіз.

-          Жақсы, бір 5-7 минут күте тұрыңыздар.

-          Жақсы.

 

***

Нұрай: Борщ қою екен. Маған сұйықтау болғаны ұнайды. Мәнтінің бұрышы көптеу сияқты. Бірақ өте дәмді екен.

Айжан: Мен күн ыстықта тамақ жөнді  іше алмаймын. Көбінесе сусын, шырын, шай, су ішемін. Ірімшік алдырғаның жақсы болды, маған қатты ұнады. Осылай қаймағы көбірек болғанын ұнатамын.

 

Описание: C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\АЛАКАЙ 2013\знаки для лк 2013\знаки для лк 2014 - новый+ 11.PNG2-тапсырма. Күнделікті академия асханасына барып тамақтанғанда, дастарқан мәзірі бойынша қандай тамақ түрлерін аласыз? Айтып беріңіз.

 

Мен ыстық тамақтардан біріншіге ...,                                                  Мен сүт тағамдарынан ...

екіншіге ...                                                                                                Мен тәтті тағамдардан ...

Мен салаттан ...                                                                                                Мен сусындардан ...

 

Описание: C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\АЛАКАЙ 2013\знаки для лк 2013\знаки для лк 2014 - новый+ 09.PNGГрамматикалық түсініктеме

Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін), дәмін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.

 

Сапалық сын есімдер

түрлері

мысалдар

 

а) түрі мен түсі (качество, признак цвета)

 

а) ақ, қызыл, сары, жасыл, көк, сұр, көгілдір, күрең

ә) көлемі мен аумағы (объем, величина, размер)

ә) үлкен, кішкене, кең, тар, биік, аласа, ұзын, қысқа, жуан, жіңішке

б) дәмі мен иісі (вкус)

б) ащы, тұщы, тәтті, дәмді, қышқыл, тұзды

в) пішіні, түрі, формасы (форма)

 

в) домалақ, сопақ, жұмыр, жалпақ, дөңгелек

 

Описание: C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\АЛАКАЙ 2013\знаки для лк 2013\знаки для лк 2014 - новый+ 12.PNG3-тапсырма. Кейіпкерлердің сұхбатына қосылыңыз.

 

Әділ:

- Мен түскі асқа тәтті қара кофе ішкенді ұнатамын. Біз түскі аста қазақша ет жедік. Қазақша ет өте тойымды, әрі дәмді тағам. Маған ө-ө-өте ұнады. Мақсат кофе ішкенді, шырын ішкенді ұнатпайды. Ол сүт қатқан шайды ұнатады.

 

Мақсат:

- Мен түскі асқа сүт қатқан тәтті шай ішкенді ұнатамын. Мен түскі аста қазақша ет және тәтті нан жедім. Маған мейрамхананың бешбармағы, шайы өте ұнады.

 

Мен:

- ...

Описание: C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\АЛАКАЙ 2013\знаки для лк 2013\знаки для лк 2014 - новый+ 12.PNG

4-тапсырма. «Дәмханада» тақырыбына сұхбат құраңыз.

 

   а) студент пен аспаз арасында;

   ә) екі студент арасында;

   б) екі аспаз арасында;

Описание: C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\АЛАКАЙ 2013\знаки для лк 2013\знаки для лк 2014 - новый+ 16.PNG

5-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, өзіңіз білетін тағамдардың жасалу әдісін жазыңыз.

 

Ұлттық тағам «Қазақша еттің» жасалу әдісі.

 

http://t0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRLKUeq-onZyV1jtiC-2lF7hjUi0HxKPBJ3EpYkmip8lfLtJVue

       Етті жақсылап жуып, қазанға тұтас салу керек. Қайнағаннан кейін көбігін алып, отты ақырын қойып, бабымен қайнатады. Ет бір жарым, екі сағат піседі. Ет қайнап жатқанда, қамыр илейміз. Ол үшін еленген ұнға жұмыртқа қосып, тұзды сумен қамыр илеп қоясыз. 30-40 минут бойы қамырды басып, иін қандыру керек. Содан кейін оны оқтаумен жұқалап (1-1,5 мм) жаясыз. Содан кейін 8х8 сантиметр мөлшерде кесу керек. Қамыр піскен соң, жайпақ табаққа түсіріп, үстіне ет салады. Етті турап, үстіне тұздық құю керек. Тұздық қалқып алынған сорпаға пияз немесе көк жуа, қара бұрыш қосып дайындалады. Кейде картоп, сәбіз сол еттің сорпасына пісіріп табақтың үстіне қоюға болады.

 

Описание: C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\АЛАКАЙ 2013\знаки для лк 2013\знаки для лк 2014 - новый+ 07.PNG6-тапсырма. Дастарқан батасын мәнерлеп оқыңыз, жаттап алыңыз.

     Дастарқаныңа береке берсін,

     Бастарыңа мереке берсін,

                    Астарыңа адалдық берсін,

                    Бастарыңа амандық берсін,

                   Дендеріңе саулық берсін!

    Әумин! 

 

Описание: C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\АЛАКАЙ 2013\знаки для лк 2013\знаки для лк 2014 - новый+ 07.PNGОписание: C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\АЛАКАЙ 2013\знаки для лк 2013\знаки для лк 2014 - новый+ 16.PNG

7-тапсырма. Жазып, есте сақтаңыз!

 

Дастарқан басында сақталатын ырым-тыйымдар

1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.

2. Тамақты жатып ішуге болмайды.

3. Ас үстінен аттама, Астан үлкен емессің.

4. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.

5. Дастарқанға бірінші нанды әкеліп қояды.

6. Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды.

7. Ас ішіп болған соң, «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.

8. Ертеңгі асты тастама, Кешкі асқа қарама.

9. Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды.

10. Дастарқаннан аттауға болмайды.

 

Описание: C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\АЛАКАЙ 2013\знаки для лк 2013\знаки для лк 2014 - новый+ 15.PNG

8-тапсырма. №26 мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін бойынша тапсырмаларды орындаңыз.

 

v  Тыңдалған мәтіннен сусын, тағам, тамақ атауларына қатысты сөздерді анықтауышымен бірге жазыңыз.

 

Анықтауыш сөз (сын есім)

Сусын, тағам, тамақ атаулары

ыстық

...

тамақ

тағам

тағамдары

сусындар

капуста

салаты

 

 

 

 

v  Тыңдалған мәтін бойынша дастарқан мәзірін жалғастырыңыз.

 

Салаттар

 

Біріншіге

 

Екіншіге

Үшіншіге

Сусындар

Тәтті тағамдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Описание: C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\АЛАКАЙ 2013\знаки для лк 2013\знаки для лк 2014 - новый+ 08.PNG

Өзіңізді тексеріңіз.

 

1. Мақалды толықтырыңыз: «Ас адамның - ...».

а) арқауы

b) тірегі

с) жаны

d) демеушісі

 

2. Қазақша баламасын табыңыз: «Приятного аппетита!»

а) Асыңыз ыстық болсын.

b) Асыңыз дәмді болсын!

с) Айтқаныңыз келсін!

d) Айтқаныңыз болсын.

3.  Дастарқан мәзірі сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.

а) меню

b) список блюд     

с) прайс-лист      

d) клипарт      

4. Қазақша ет  қандай тағамдардан әзірленетінін көрсетіңіз.

а) ет, пияз, қара бұрыш, ұн, су, жұмыртқа, тұз

b) күріш, сәбіз, ет, картоп, май

с) қамыр, су, қырыққабат, ет

d) қаймақ, көк жуа, ет, саңырауқұлақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Глоссарий

 

қазақ тілінде

орыс тілінде

ағылшын тілінде

түскі ас

обед

lunch

тамақтану

есть, кушать

to eat

тапсырыс

заказ

order

асхана

столовая

canteen

дастарқан мәзірі

меню

menu

дәмді

вкусный

delicious

ұлттық тағамдар

национальные блюда

national  dishes

Асыңыз дәмді болсын!

Приятного аппетита!

Have a nice meal! Bon appetite!

бұқтыру

тушить

to stew

қайнату

варить

to cook

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Сапалық сын есім. 1-тапсырма

Сапалық сын есім. 1-тапсырма

Мәтінді оқып шығып, өзіңіз білетін тағамдардың жасалу әдісін жазыңыз

Мәтінді оқып шығып, өзіңіз білетін тағамдардың жасалу әдісін жазыңыз

Тыңдалған мәтін бойынша дастарқан мәзірін жалғастырыңыз

Тыңдалған мәтін бойынша дастарқан мәзірін жалғастырыңыз
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
19.05.2020