Көкөністерді тураудың қарапайым және күрделі түрі.
Оценка 4.7

Көкөністерді тураудың қарапайым және күрделі түрі.

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
технология
5 кл
17.02.2017
Көкөністерді   тураудың  қарапайым  және  күрделі  түрі.
Сабақтың тақырыбы: Көкөністерді тураудың қарапайым және күрделі түрі. Сабақтың мақсаты: а)Оқушылар көкөніс тураудың қарапайым және күрделі түрлері турау әдісімен танысып үйренеді. ә) Оқушылар өзара біріп жұмыс жасауға,ұқыптылық сақтауға, еңбек дағдысын қалыптастырады. б) Оқушылардың ойлау қабілетін,білімін дамытады. Сабақ түрі: дәстүрлі емес Сабақ әдісі: СТО 1.Ұйымдастыру.Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу.Топқа бөлу.топ басшы сайлау. 2.Қызығушылығын ояту. А)Іс қимыл арқылы сахналау арқылы ар топ үй тапсырмасы бойынша тапсырма беру.Қалған топ оқушылары сол жұмбақ шешімін табу. А)Сиқырлы қалам арқылы «Көкөністі алғашқы өндеу туралы білетінін айту » 3.Мағынаны тану.Жигсо -2 Әр топқа оқулықтағы тексттін бөліктері бойынша 2 сұрақ беру 3 сұрақ ситуациялық. 1.Өз бетінше оқып әр қайсысы өз жауабын дәптерге жазу 2.Әр топты саны бойынша отырғып өз сұрақтарын талқылату 3. Қайта бастапқы орындарына отырғызып жұп арасында өз сұрағын басқа топ мүшесіне таныстыру,талқылау 4. Әр командадан бір оқушы шығып сұрақтарға жауап беру.Сабақтың тақырыбы: Көкөністерді тураудың қарапайым және күрделі түрі. Сабақтың мақсаты: а)Оқушылар көкөніс тураудың қарапайым және күрделі түрлері турау әдісімен танысып үйренеді. ә) Оқушылар өзара біріп жұмыс жасауға,ұқыптылық сақтауға, еңбек дағдысын қалыптастырады. б) Оқушылардың ойлау қабілетін,білімін дамытады. Сабақ түрі: дәстүрлі емес Сабақ әдісі: СТО 1.Ұйымдастыру.Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу.Топқа бөлу.топ басшы сайлау. 2.Қызығушылығын ояту. А)Іс қимыл арқылы сахналау арқылы ар топ үй тапсырмасы бойынша тапсырма беру.Қалған топ оқушылары сол жұмбақ шешімін табу. А)Сиқырлы қалам арқылы «Көкөністі алғашқы өндеу туралы білетінін айту » 3.Мағынаны тану.Жигсо -2 Әр топқа оқулықтағы тексттін бөліктері бойынша 2 сұрақ беру 3 сұрақ ситуациялық. 1.Өз бетінше оқып әр қайсысы өз жауабын дәптерге жазу 2.Әр топты саны бойынша отырғып өз сұрақтарын талқылату 3. Қайта бастапқы орындарына отырғызып жұп арасында өз сұрағын басқа топ мүшесіне таныстыру,талқылау 4. Әр командадан бір оқушы шығып сұрақтарға жауап беру.
Көкөністерді тураудың қарапайым және күрделі түрі..docx

Сыныбы: 5 «А»

Сабақтың тақырыбы: Көкөністерді   тураудың  қарапайым  және  күрделі  түрі.

Сабақтың  мақсаты:  а)Оқушылар көкөніс тураудың қарапайым және  күрделі 

                                       түрлері турау  әдісімен  танысып  үйренеді.

                                    ә) Оқушылар өзара біріп жұмыс  жасауға,ұқыптылық сақтауға,

                                          еңбек  дағдысын қалыптастырады.

                                   б) Оқушылардың  ойлау қабілетін,білімін  дамытады.

Сабақ түрі: дәстүрлі емес

Сабақ  әдісі: СТО

 

1.Ұйымдастыру.Оқушылармен  сәлемдесу,түгелдеу.Топқа бөлу.топ басшы сайлау.

 

2.Қызығушылығын  ояту.

А)Іс қимыл  арқылы  сахналау арқылы    ар  топ үй  тапсырмасы бойынша тапсырма  беру.Қалған топ   оқушылары  сол  жұмбақ  шешімін табу.

А)Сиқырлы  қалам  арқылы «Көкөністі алғашқы өндеу туралы  білетінін айту »

 

3.Мағынаны   тану.Жигсо -2

Әр топқа  оқулықтағы тексттін бөліктері  бойынша  2 сұрақ  беру 3 сұрақ  ситуациялық.

1.Өз бетінше оқып әр  қайсысы  өз  жауабын  дәптерге  жазу

2.Әр топты  саны бойынша  отырғып  өз  сұрақтарын  талқылату

3. Қайта  бастапқы  орындарына  отырғызып   жұп  арасында өз  сұрағын  басқа  топ  мүшесіне  таныстыру,талқылау

4. Әр командадан  бір  оқушы  шығып  сұрақтарға  жауап беру.

 

Сұрақтар.

1-топқа

1. Қызынақтан,жуадан  гүлді қалай  жасайды?

2. Жапырақ пен жүрекшені қалай жасайды?

3.Айнұр  француз  салатын  жасады ол  қызылшаны майда  төрт  бұрышты,ал  жұмыртқаны ұзыншалап тілімдеп, алманы  ұзыншалап,колбасаны  төрт бұрыштылап  турады.Айнұр нені дұрыс  жасамады? 

2-топқа

1. Көкөніс тураудың қандай түрлері бар және олардың көлемі қандай болу керек?

2. Сәбізден ұзынша тілімдерді біркелкі кесу үшін қалай кесеміз?

3. Раушан гүлінің  күлтелері  бөлек бөлек  олай болса осы  күлтелерді  көкөніс тілімдерінен қалай  жасайды?

 

4. Ой  толғаныс.(Идея  жинау  әдісі)

Интерактивті  тақтада  берілген  мәліметтер  бойынша  жұп  арасында  және топ  арасында  талқылау.

1.  Тақырып  ұсыну.

2. Оқушы  өз білгенін   ақпаратты жазады

3. Жұппен  ой  бөлісу

4. Идея  жинауға интервю алу

5. талқылау саралау,ойын айту.

 

5.Үйге  тапсырма: Осы тақырып және  көкөкніс  тураудын  басқа түрлерін зерттеу.

 

6.Сарамандалық   жұмыс.

Француз  салаты.

 Қажетті  заттар: асылған 2 қызылша,төрт жұмыртқа,екі алма,200 гр колбаса,консервленген жүгері,керешки,майонез.

Жасалуы:

1. Алғашқы өндеу

2. Карапайым  ұзыншалап  турау

3. Әр  көкөніс  түрін  тәрелкеге  орналастырып ортасына  майонез құю.

 


 Сыныбы:                                       Мерзімі:

Тақырыбы:Машина тігістерінің орындалуы.

Білімділік: машина тігістерінің түрлерімен таныстыра отырып,тігістерді орындау технологиясы үйрету.
Дамытушылық:оқушылардың өй-өрісін кеңейту,білімдерін іс-жүзінде жүргүзуге ықпал ету, жұмысты орындауға ептілгін дамыту.
Тәрбиелік: еңбек мәдениетіне, іскерлікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтын түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сарамандық, СКТ технологиясынсын қолдану.
Материалдық-техникалық жабдықтау: плакаттар,мата қиындылары, бор,сызғыш, ине, жіп, тігін машинасы.
Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезені.2. Өткен материалдарды қайталау.
1. Машина тігістерінің сапасына тігістің ұзындығы және жіптің тартылуы әсер етеді.Алдымен өзімізге қажетті тігістің ұзындығын реттеп алған жөн.Өте жұқа маталарды майда тігіспен,ал тығыз әрі қалың маталарды ірі тігіспен тігеді.Тігістің ұзындығы 1 ден 4мм-ге дейін өзгереді.
2. Жіптің тартылуын реттеу?
Жауап: Үстіңгі жіпті өткізгенде екі дөңгелектің (шайбаның) арасына өкізіледі.Ал астыңғы діпті шөлмектің қақпағындағы жіпті тартып тұратын серіппеден өткізеді.Осы құрығылар арқылы жіптің тартылуын реттейді.3. Үстіңгі жіпті сабақтау.4. Астыңғы жіпті сабақтау.
3.Жаңа тақырыпты мазмұндау.Тігін машина түрлері.Тігін машиналары-қол,қол машинасы, аяқ машиансы және тоқ машинасы болып бөлінеді.Орындайтын операцияларына қарай универсалды тігін машинасына бірнеше операция орындайды, ал арнайы тігін машинасы бір операция орындайды, мысалы,жиек торлайды.
Тігін машинасын жұмысқа дайындау.1.Үстіңгі жіпті сабақтау2. Астыңғы жіпті сбақтау.3. Жіптің тартылуын реттеу.4. Тігістің ұзындығын реттеу. Техника қауіпсіздігінің ережесі.
-Тігін машинасымен жұмыс істеген кезде денені тік ұстап, басты сәл ілгері еңкейтіп отыр.
-Жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсу керек.
-Отыратын орындық пен тігін машинасының арақашықтығы 10-15 см болу керек.
-Тігін машинасының айналатын бөлшектеріне тым жақындамаңдар.
Тігіс түрлері.
Тігістің бөлшектің орналасуына қарай: біріккен тігіс, шеттік тігіс, әрлеу тігістері деп бөлінеді.
Біріккен тігістер.Алдыңғы бойға,бүйір қиықтары мен артқы бойға, иық қиықтары мен жең қиықтарына жүргізіледі.Біріккен тігіс түрлері:қайып тігу,бастыра тігу,жабыстыра тігу.
Шеттік тігістер:Шеттік тігістермен бұйым немесе бөлшек шеттерін, жаға, мойындық, өңір,қолтық, ойындысын тігеді.
Әрлеу тігістері: Бөлшектері және бұйымды түгілдей әрлеуге арналған.Алдаңғы және артқы бойдағы бедер сызықтары,белдемше және әр түрлі қатпарлар үшін қолданады.
Тігістерді орындау технологиясы. Қайып тігу: 1.Екі бөлшектің оң жағын беттестіру.
2.Бөлшектерді инешелермен тігіс сызығы бойынша түйреп,біріктір.
3.Бөлшектердің сызығы бойынша машинамен тігіс жүргіз.
4.Тігісті бастырып үтікте.
Бастыра тігу:1.Бөлшектерді бір-бірімен беттестір .
2.Бөлшектерді инешелермен тігісі сызығы бойынша түйреп,қыстыр.
3. Бөлшектерді машина тігісімен біріктір.
4. Тігісті теріс жағына жатқыза үтікте
5.Үш қабат матаны оң жағынан бастыра тігіс жүргіз. Тігісті үтікте.Сарамандық жұмыс.1. Мұғалім тігістерді орындау технологиясын көрсетеді.2. Оқушылар жоғарыда айтып кеткен ретімен тігістерді орындайды.3. Оқушылардың жұмыстарын тексеріп,қателерді түзеу.
6.Қорытынды.Сабақты қорытындылау. Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеріп ерекше қателерді талдау. Баға қою.Үйге тапсырма беру.
7. Жұмыс орнын жинастыру.

 

 

 


Сабақтың тақырыбы:            Құрақты  тігіп дайындау және  қолдану.

Сабақтың мақсаты:   Құрақтың түрлерімен  танысу, Құралған  бұйымды

астарлау жолын  үйрену. Тарауды қорытындылау.

білімділігі:     Құрақ құрау өнерінің шеберлігімен, ұлттық

өнермен танысу.

дамытушылық:         Құрақ өнерін  жетілдіруде  оқушылардың  ою - өрісін

дамыту

тәрбиелілік:   Құрақ  өнері  арқылы  қыз  баланы  әсемдікке, кез-

келген   затты    қиюластыра  білуге, ерінбеуге  шебер болуға  баулу.

Сабақтың түрі:          Аралас сабақ.

Пән  аралық байланыс:        Математика, бейнелеу өнері.

Сабақ көрнекілігі:     құрақтың түрлі  үлгілері, түрлі — түсті  маталар,

астарлық  мата, мақта, көшпелі  тақта, қоржын, асық, құрақ үлгілер  буклеті, қайшы, бор, өлшегіш таспа, ине, жіп, қалам, бағалау  бетшесі, т. б. керекті құралдар

Сабақтың  барысы:    IҰйымдастыру кезеңі.

а) Сабаққа  қатыспаған  оқушыларды  белгілеу.

ә) Сабаққа дайындығын  тексеру құралдарын  толықтыру.

б) Қауыпсіздік ережелерін сақтау.

в) Бағалау бетшесін таныстыру.

ІІ.   Кубизм әдісі.   Оқушылардың  білімін  бақылау сұрақтары.

IПысықтаңыз.     Сұрақтар.

ІІ   Суреттеңіз. Құрақ  түрлерін  ата.

IIIСалыстырыңыз.Венн  диаграммасын  қолдану.

IV Анықтаңыз. Сарамандық жұмыс.

III.   Сарамандық жұмыс.

1    Кіріспе нұсқа.

1.         Құрақ бөлшегіне астар қию жолдары.

2.         Астар мен құрақ бөлігін біріктіру. Көктеу.

3.         Құрақ  көрпеше немесе жастық ішіне мақта немесе жүн салу.

4.         Ашық жерлерін біріктіру.

5.         Буйымды дайындау.

        2     Ағымды   нұсқа.

Техникалық  қауіпсіздік  ережелерін  қайталау.

Құрақ  бұйымын  астарлақ  шыт матаның  бір  шетінен орналастырып,жиектеп  сызып  аламыз.

Сызылған сызық бойынша матаны қиып алу.

Қиылған астар мен құрақ бөлшегін оң бетімен беттестіріп, теріс бетінен шетін 1 см тігіске есептеп сызыу.

Сызылған сызық бойымен көктеп тігіп шығу.

Бір шетінен 10 – 15 см тігусіз жер қалдыру.

10 – 15 см тігісуз жерден бұйымды оң бетіне айналдырып, ішіне тегістеп жүн немесе мақта салып ашық жерін ішкі тігіспен тігу.

 

IV. Қорытындылау.

V. Бағалау, үйге тапсырма.

Сабақтың жүрісі.  Тақтадағы сабақ жоспарын таныстыру.

                                    Бағалау бетшесімен таныстыру.____________

Бағалау бетшесі.

Оқушының аты – жөні.

Пысықтаңыз.

Суреттеңіз.

Салыстырыңыз.

Анықтаңыз.

Қорытынды.

5, 10 ұпай.

10 ұпай.

5, 10 ұпай.

15, 20, 25 ұпай.

ұпай.

                                           ІІ. Кубизм әдісі.

Пысықтау.

Оқушылардың білімін бақылау сұрақтары.

Құрақ дегеніміз не?

Құрақтан қандай бұйымдар жасауға болады?

Құрақтың қандай түрлерін білесіндер?

Құраққа мата қалай таңдалады?

Құрақтар бір – біріне қалай біріктіріледі?

Құрақ неліктен ортасынан бастап құралады?

Жиектеме не үшін қажет?

Сүреттегі құрақтарды ата.

Құрақтардың ерекшеленуі.

Құрақ құрағанда қандай талаптарды орындау қажет?

Құрақ құрау өнерінің неше түрі бар?

Құрақ құрау өнері тек қазақ халқындама әдде?

Құрақты қию үшін қандай құралдар қажет болады?

Құрақ бұйым әдемі болу үшін не керек?

Суреттеу

Ботакөз құрақ.

Математикалық фигуралары бар, ортасы төрт бұрышты шетіне үшбұрыш тігілген, жиектеме тігісі бар үш түрлі матадан тігілген ботакөз құрақ.

Гүл құрақ.

Алты қырлы фигурадан тұратын, жиектеме тігісі бар, үш түрлі матадан тігілген гүл құрақ.

Бауырсақ құрақ.

Ромб, үшбұрышты, төрт бұрышты фигуралардан құралған шетінде жиектеме тігісі бар, бес тірлі матадан тігілген бауырсақ құрақ

 

Салыстыру. Венн диаграммасы._____

 

                        Ши құрақ.             Ортақ   қасиеті.             Жұлдызша құрақ

 

 

 


1.Мата. 3 түрлі

 

1. Мата. 3 түрлі

2. Ұзындығы көлеміне

байланыстыұзарады

№2

№3

2. Ұзын. көлеміне байланысты

ұзарады

3. Ені. енсіз өзгермейді.

№4

3. Ені. енсіз өзгермейді.

4. Ұсақ бөлшектері

№5

4. Ұсақ бөлшектері

5. Тігілуі. ортасынан басталады.

№6

5. Тігілуі. ортасынан басталады.

6. Жиектеме тігісі бар

 

6. Жиектеме тігісі бар



III. сарамандық жумыс.

Астардықияралындаматаныжайыпүстінеқұрағанбұйымдыорналастырамыз. Құрақжиегіненжиектепсызып, сызықбойыншақиыпалынады. Қиылғанастарменқұрақбұйымдыоңбетіменбеттестіріпшетіне 1 смтігісесептепсызыпшығамыз, сызылғансызықбойыншакөктеукерек.Алқұрақкөрпешеніңарасынамақтажәнежүнсалуүшінбіршетінен  10-15смтігілмегенжерқалдырукерек. Бұйымныңашықжеріненжүннемесемақтасалынады. Егержүнсалатынболсақжақсылапжуып, тазатапкептіріпалукерек. Кепкенжүндітүтіпкөрпешеішінетегістепсалукерек. Көрпешеніңжүнінсалғаннанкейінашықжерінішкітігіспентігеді. Үлкенкөрпешеболса,   көрпешеніңүстіненұзыннантепшіптігеді.                                                                                                 IV.   Қорытындылау.     Сонымен қатар құрақ құрау адамды үнемділікке үйретеді. Кішкентай мата қиындысынан сәнді заттар жасау қабілеттілікке тәрбиелейді. Өз қолдарымен жасаған бұйым әрқашанда ыстық болады. Сондықтан уақыт тауып жиі – жиі құрақ құраумен, тігін тігумен айналысқан жөн.

Ал жақсы оқушылар мынадай сұрақтарға жауап бериік.

Құрақ өнерін астарсыз тігуге болама?

Астарды қалай қиямыз?

Бұйымды тіккенде тігіске неше см алу керек?

Көрпеше тігу үшін ішіне не салынады?

Оны қалай саламыз?

Жүнді жуу қажетпе?

Ал мақтаны ше?

V.   Бағалау. Үйге тапсырма.   Құракты тігіп аяктау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы:                                    Мерзімі:                                                                                   Тақырыбы: Сым мен жұқа табақты металдан жасалған бұйымдардың графикалық бейнесі

Мақсаттары:

  1. Оқушыларға іс жүзінде сымнан жасалатын бұйымдарды июді, бұйымдарды, бұйымдардың материалдарын,  оны  жасау  құралдарын білу,. сақтық  шараларын  ескеруі.
  2. Ойлау, өлшеу, елестету, сақтану, ұлттық ою-өрнектерді  сымнан  жасай  білу, ізденімпаздық,  шығармащылдық қабілеттерін дамыту.
  3. Ұқыптылыққа, сақтыққа, тазалыққа, әсемдікке, батыл жылдам жұмыс жасауға, еңбекке тәрбиелеу.

Керекті материалдар: оқулық, жұмыс дәптері, металл сымдар диаметрі 2 — 5 мм, алюмен,  мыс  сымдар,  шаблондар.

Құралдар: Мыс, алюмен  сымдар, сызғыш, кескіш қайшы,

Сабақ түрі:  интеграциялық, сарамандық жұмыс  сабағы.

Әдісі:  сарамандық  жұмыс, ойын-жарыс сабақ.

Көрнекілігі: Мультимедиялық  суреттер  бұйымдар,  слайд-сызбалар,   әр оқушыға технологиялық карта,   мақал-мәтелдер, жасалған бұйымдар.

Сабақ барысы: 

Сабақ  жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин.
  2. Өткен сбаққа қорытынды – 3 мин.
  3. Жаңа сабаққа  түсінік  беру – 5 мин.
  4. 1-ші сарамандық жұмыс – 5 мин
  5. 2-ші сарамандық  жұмыс – 5 мин.
  6. 3-ші сарамандық  жұмыс – 5мин
  7. Бекіту сұрақтары – 3мин
  8. Тапсырма – 2мин

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оұушыларды кабинетке енгізу
  2. Сәлемдесу
  3. Түгендеу
  4. Фартук форма кию
  5. Сабаққа дайындығығын тексеру
  6. Кабинеттегі жұмысты  реттеу
  7. Екі бригадаға бөліп  отырғызу.
  8. Бригадаларға ат қою. «Іскерлер» және      «Шеберлер»

ІІ.Өткен сабаққа қорытынды:

Сұрақтар қою

  1. металл негізгі түрлері? 2- түрі: қара, түсті
  2. қара металға жататындар болат, шойын
  3. түсті металғы жататындар алюмен,  мыс, қола, т.б.
  4. металды түзетуді қалай жасаймыз?              балғамен  соғу арқылы
  5. металды қалай иеміз? Арнайы құралдармен
  6. керекті құралдарды ата? Балға, қысқыш, төс-плита т. Б.
  7. металмен жұмыс кезіндегі сақтық шаралар

III.Жаңа сабақ:

  1. Сым темірлермен  жұмыс   кезіндегі  қауіпсіздік  ережелерін  сақтау
  2. Екі бригада  жарыса  отырып,  үш  срамандық  жұмыс  жасаймыз
  3. 1-ші алюмен  сымнан  ұлттық  ою-өрнектер  жасау,  оған  түсінік  беру.
  4. 2-ші мыс  жез  сымнан  адамның  іс-қималдағы  фигурасын  жасау. Оған  түсінік  беру
  5. 3-ші дайын  қаңылтыр  жазбасынан,  картон  қағаздан  геометриялық  дене  жасау  оған түсінік  беру.
  6. Қорытынды, бағалау

1-ші  Сарамандық жұмыс.

«Алюмен  сымнан ұлттық  оюлар  жасау»

Оқушыларға сарамандық жұмыс барысын түсіндіру.

 

  1. Тақтадағы сызба бойынша, немесе алдарыңдағы технологиялық карта бойынша өлшеп, салу жұмыстарын жасау.
  2. Белгіленген нүктелерді қосып, бізбен сызу жұмыстарын жасау.
  3. Кескіш құралдарымен кесетін жерлерді кесу жұмыстарын орындау.
  4. Алдарыңдағы ою-өрнектерге қарап, ию жұмыстарын жасау. Ол үшін:
  5. Ою-өрнек бойынша кесілген  сымның  бір  шетін өлшем бойынша  сызба  үстіне  қойып,  ию  жұмыстарын  жасау  керек.
  6. Келесі шетін де дәл солай етіп, ию жұмыстарын орындау.
  7. Сызбаға қарап,  қайта-қата  өлшеп түзетіп  отыру  қажет.
  8. Сарамандық жұмысқа кірісу. Екі бригадаға бірдей жұмысты тапсыру. 3 – минут уақыт беріледі.
  9. Жұмыс барысын бақылап, тексеріп отыру.
  10. Қателерін ескертіп, хабарлап отыру. Дұрыстарын мақтап, үлгі ретінде көрсту.
  11. Жұмыс соңында уақыт өте келе жұмысты жинап, қай бригада жұмысты дұрыс әрі әдемі орындады? Соны ескеру және бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Сыныбы:                                               Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Металл туралы негізгі мәліметтер,қара және түсті металдар мен олардың қортпалары

Сабақтың мақсаты:  Металдар туралы түсінік беру

Сабақтың түрі:Дамыта оқыту.

Пән аралық байланыс: Физика, Химия.

Сабақтың көрнекілігі: Стендтер, механизмдер, құралдар, таблицалар ,проектор.

Сабақтың әдісі: Зерттеу, жүйелеу, түсіндіру.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу, сабаққа даярлығын тексеру.
  2. Үй тапсырмасын тексеру өткенді пысықтау.

Металл таза күйінде өте сирек кездеседі. Металдар микроскопиялық түрде теңіз суында өсімдік жасушасында, жануарлар ұлпасында кездеседі. Техникада 10 мыңнан астам металл қорытпалары қолданылады. Ондай қортпаларды алу үшін 40-тан астам химиялық элементтер пайдаланылады. Металлдар қара және түсті металдар болып екі негізгі топқа бөлінеді.

Қара металдар-механизмдер, тетіктер, машиналар әртүрлі құрылымдар жасаудағы негізгі материалдар болып табылады. Дүние жүзінде өндірілетін барлық металдың  94%-ын қара металдар құрайды. Қара металдардың қасиетін өзгертуге әсер ететін негізгі элемент көміртек болып табылады. Қара металдар қорытпаның құрамындағы көміртегі мөлшеріне қарай шойын және болат деп бөлінеді.

Шойын темірдің  көміртекпен қорытпасы (құрамы 2,14%-дан көбірек). Шойын құрамындағы көміртек цементит және графит түрінде болуы мүмкін. Графиттің пішіні мен цементиттің мөлшеріне байланысты шойынды ақ, сұр, кеуек және беріктігі жоғары деп бөледі.

Сұр шойын-бұл құрамында (Mn. P.S) тұрақты қоспасы бар. Темірдің, кремнидің және көміртектің қорытпасы.

Ақ шойын- Ақ шойында көміртек цементит түрінде болады.

Болат-темірдің көміртекпен (2%-ға дейін) және басқа элементтермен қорытпасы. Болатты, ақ шойынды мартен, конвертер және электр пештерінде еүйдіру арқылы алады. Серпімділік қасиеттері жоғары болаттар машина және аспап жасау өндірісінде кеңінен қолданылады.

Болатты химиялық құрамына қарай: көміртекті және қоспаланған деп екіге, қолданылуына қарай: құрылымдық, аспаптық және арнайы мақсаттарға арналған деп үшке бөлінеді.

Көміртекті құрылымдық болаттың құрамында көміртек 0,7%-ға дейін болады. Қарапайым көміртекті болат Ст әрпімен және 0-ден 6-ға дейінгі цифрмен  белгіленеді. Цифр өскен сайын маркада көміртектің үлесі арта түседі, беріктігі күшейеді бірақ илемділігі төмендейді. Құрылымдық болаттың ішінде Ст3 және Ст6 таңбалы болаттан біліктер , тісті доңғалақтар осі, рельстер дайындалады. Ст10……..Ст70 екі цифрмен таңбалы болаттан сым арқан жоғары қысымға арналған құбыр, көпір, көтергіш кран элементтерін жасайды.

Аспаптық болаттың құрамында көміртек 0,7%-дан артық болады. Ал жоғары сапалы аспаптық болатты А әрпін қосып таңбалайды. Құрылымдық болатқа қарағанда аспаптық болат қатты берік төзімді болады. Аспаптық болаттан өлшегіштер, кескіш және монтаждық құралдар, қашау, нүктелегіш, балғалар У7А, У8А таңбалы болаттан дайындалады. Бұрғы, бұранда ойғыш, жаймалар, қырғыш, егеу У12А, У13А таңбалы болаттан жасалады.

Қоспаланған болаттың құрамында кәдімгі қоспалардан бөлек талап ететін, физикалық немесе механикалық қасиеттерін қамтамасыз ету үшін белгілі бір мөлшерде арнайы енгізілетін элементтер болады.

Қоспалық элементтер дегеніміз-талап етілетін қасиеттер беру үшін құрылымдық болаттардың құрамына енгізілетін химиялық элементтер болып табылады. Жоғары сапалы болатты таңбаланғанда соңына А әрпі ерекше сапалы болса  Ш әрпі қойылады..

У7, У7А таңбалы аспаптық көміртектік болаттың қолданылуы.  Ағаш өңдеуде: балталар, шойбалталар, қашаулар, қысқаштар, соқпалар, ұсталық мөртабандар:: инелік сым: слесарлық монтаждау аспаптары: балғалар, зілбағалар, бұрауыштар, шапқылар, аралас атауыздар, өткір атауыздар, бүйірлік бұрауыштар, дәлдігі төмендетілген мөлшерлегіштер , жалпақ және бұралған серіппелер мен күрделі құрылымды серіппелі тетіктер, клапандар, қоларалар, бұрғылар, егеулер, слесарлық қырғыштар және басқа құрал саймандар жасауға қолданады.

Негізгі қоспаланатын элементтер және олардың болаттың қасиетіне әсері

Элемент

Таңбалануы

Әсері

Никель

Н

Жемірілуге төзімділігі, беріктігі, илемділігі артады

Хром

Х

Қаттылығы, жылуға төзімділігі және жемірілуге төзімділігі артады

Вольфрам

В

Жоғары температурада шыдамдылығы және беріктігі бірден артады

Кобальт

К

Беріктігі, жылуға төзімділігі артады, магниттік қасиеті жақсартады

Ванадий

Ф

Ұсақтүйіршікті құрылым береді, беріктігі және қаттылығы артады

Марганец

Г

Қаттылығы, тозуға төзімділігі және соққыға тұтқырлығы артады

Моливден

М

Жылуға төзімділігі, қаттылығы және беріктігі артады

Кремний

С

Токқа қарсылығы және тозуға төзімділігі артады, магниттік қасиеті жақсарады

Түсті металдар мен олардың қоспалары қара металдарға қарағанда аз мөлшерде қолданылады.

Алюминий табиғатта таралуы бойынша химиялық элементтер арасында оттек пен кремнийден кейінгі 3-орында тұр. Металдар арасында таралуы бойынша 1-орында. Алюминий-күміс түстес ақ металл, ол жеңіл, өте иілімді және оңай көнеді. Құрылымдық материал ретіндегі алюминийдің негізгі кемшілігі беріктігі төмендігі, сондықтан оны, әдетте, мыс пен магнийдің шағын мөлшерімен қорытпалайды. Қорытпа дюралюминий деп аталады.

Мыс-қызыл күлгін металл, ток өткізгіштігі жоғары, үйкеліске төзімді. Мыстың электр өткізгіш қасиеті жоғары болғандықтан қазіргі кезде электр өнеркәсібінде ерекше қолданысқа ие сондай мыс қорытпалары басқа салаларда да қолданады.сонымен қатар түсті металдардан алюминий мен мыстан басқа мырыш, қорғасын және қалайы кеңінен қолданылады.

Мыс қорытпалары: Мыс жұмсақ металл болғандықтан, өнеркәсіпте электротехникадан басқа көбіне оның әртүрлі қорытпаларын қолданады. Мыстың мырышпен қорытпасын жез қалған қорытпаларын қола деп атайды.

Томпак-құрамында 90%-97% мысы бар жез.

Жоғары иілімді, үйкеліске төзімді. Болатпен жақсы пісіріледі, оны биометалл болат жез дайындау үшін қолданады. Томпақ сары алтын түстес болғандықтан одан көркемдік бұйымдар, төсбелгілер жасалады.

Қола-қалайыланған (қалайы мен мыс қорытпасы) және қалайыланбаған (мыстың басқа элементтермен қорытпасы) деп екіге бөлінеді.

Мельхиор-ақ түсті мыстың никельмен 18-20% қорытпасы. Одан медальдар, төсбелгілер және әшекейлер жасайды.

Сабақты бекіту.

  1. Металл түрлерін атаңдар?
  2. Шойыннан қандай бұйымдар жасалады?
  3. Болаттың соққы, тұтқырлығын және беріктігін қандай қоспалаған қосымшалар күшейтеді?
  4. Дюралюминий қалай белгіленеді?
  5. Негізгі мыс қорытпаларын атаңдар?

Сабақты қорытындылау.

Бағалау.

Үйге тапсырма:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-сынып

 

            Машина тану элементтері негізінде конструциялық материалдардың өңдеу   технологиясы

 

  1. Кез келген машина неше негізгі механизімнен тұрады?

а) 2 ;                        ә) 3;                     б) 4;                      в) 5;

 

2.                  Беріліс механизімінің қозғалмайтын бөлігін … деп атайды:

а) трек;                    ә) буын;               б) жетекші буын;     в) жетектегі буын;

 

3.                  Металдар негізінен неше топқа бөлінеді?
а) 2 ;                          ә) 3;                     б) 4;                       в) 5;

 

4.                  Қара металдарды ата:

а) алюмини,мыс;     ә) мырыш,қорғасын;  б) жез, қола; в) шойын, болат;

 

5.                  Құрамындағы көміртегі 2% -дан аспайтын темір қорытпасын … деп атайды

а) болат;                   ә) шойын ;           б) темір;               в) баббит;

 

6.                  Құрамындағы көміртегі 2% -дан асатын темір қорытпасын … деп атайды.

а) баббит;                 ә) темір;              б) болат;               в) шойын ;

 

7.                  Мыс пен мырыштың қорытпасын ата:

а) баббит;                 ә) жез;                  б) қола ;               в) күміс;

 

8.                  Металдардың түскен күш тоқтаған соң өздерінің алғашқы қалпына келуін … қасиеті деп атайды.

а) беріктік ;              ә) қаттылық;       б) серпінділік;     в) қарсылық;

 

9.                  Қыспақтың негізгі бөліктері қандай металдан жасалады?

а) қола;                     ә) жез;                  б) болат;              в) шойын;

 

10.              Металды шабатын негізгі құрал;

а) шаппа шот;          ә) шапқы;            б) балта;              в) кескіш;

 

11.              Металдың бетін кесу арқылы тегістейтін құрал:

а) егеу;                       ә) кескіш;            б) шапқы ;          в) пышақ

 

12.              Ағаш негізінен неше бөліктен тұрады?

а) 2;                         ә) 3;                      б) 4;                     в) 5;

 

13.              Ағаштың негізі – ядросы қалай аталады?

а) өзек сәулесі;         ә) камбий;          б) флоэма;            в) ағаштың өзегі;

 

14.              Жүмсақ ағашты ата:

а) емен ;                    ә) үйеңкі;          б) жөке ;               в) қызыл қарағай;

 

15 Ағашпен темір өңдейтін шеберлерді кім деп атайды?

а) ұста;                     ә) балташы;       б) зергер ;            в) ісмер;

 

Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізінде материалды көркемдеп өңдеу.

 

16.              Ағашты кесуге қажетті ең басты құрал :

а) балта ;                  ә) шаппа шот;    б) қол ара ;           в) сүргі;

 

17.              Жалпақ беттерді тегістеу үшін қолданылатын сүргілеу аспабы:

а) шерхебель;          ә) фуганок;         б) сүргі;               в) түрпі;

 

18.              Ағаш бұйымдарының беті тегіс болу үшін:

а) шабады;               ә) қырады;          б) сүргілейді;      в) түрпілейді;

 

19.              Сүргілеу барысында ағаштың бетінен жұқа қабатының алынып тасталуын … деп атайды.

а) жоңқа;                  ә) үгінді;             б) бұтақ;              в) қабық;

 

20.              Алғашқы, дөрекі өңдеу жүмыстарын жүргізетін сүргілеу аспабы:

а) фуганок ;             ә) сүргі;               б) шерхебель;      в) түрпі;

 

21.              Ағашты кез келген бағытта кесе алатын ара :

а) қыл ара ;              ә) қол ара;          б) кернеу ара;       в) жақ ара;

 

22.              Ағашты тесу үшін пайдаланатын құрал:

а) қашау;                  ә) бұрғы;            б) шапқы;             в) тескіш;

 

23.              Бұрғының ең көп тараған түрі:

а) спираль типтес;  ә) орталықты бұрандалы;

б) жай бұрандалы;  в) қасықша бұрандалы;

 

24.              Ағаш өңдейтін үстел неше бөліктен тұрады:

а) 2 ;                         ә) 3;                      б) 4;                     в) 5;

 

25.              Көлденең кесу үшін ара тісінің кескіні қандай болуы керек?

а) тік үшбұрыш;     ә) қиғаш;              б) ірі тісті;          в) майда тісті;

 

26.              Қиғаш кесу үшін ара тісінің кескіні қандай болуы керек?

а) тік үшбұрыш;     ә) қиғаш;              б) ірі тісті;           в) майда тісті;

 

27.              Сүргіленген бұйымның сапасын немен тексереді?

а) көзбен ;       ә) карындашпен;         б) сызғышпен ;   в) циркульмен;

 

28.              Ағаш материалдарын оюға қажетті басты құралдар:

а) балта;                   ә) сүргі;               б) бұрғы;             в) қашау мен үшкір пышақ;

 

29.              Өрнек салынатын қаңылтыр қатаң болса, не жезден жасалса, онда оны өрнек салар алдында …

а) отқа қыздырып жасытады;   ә) 10%-дық күкірт қышқылы араластырылған суға салады;

б) төс темірге қойып сағады;   в) суға салып қайнатады;

 

30.              Әсемдік бұймдарын жасайтын шеберді … деп атайды;

а) шебер;                   ә) ұста;               б) зергер;             в) ісмер;

 

Үй мәдениеті және тұрмыстық техника

31.              Тоқ көзінің бірі:

а) элетр шамы;      ә) электр тізбегі;  б) ажыратқыш;   в) аккумулятор;

 

 

32.              Электр өндіруші:

а) электр қозғалтқыш;    ә) электр тізбегі;   б) генератор;    в) ажыратқыш;

 

33.              Оқшаулағыш материал:

а) мыс;      ә) пластмасса;         б) қорғасын;           в) қалайы;

 

34.              Электр энергиясын тоқ көзінен тұтынушыға жеткізу үшін арнайы … қажет.

а) қабылдағыш;       ә) тұтынушы;        б) өткізгіш;         в) оқшаулағыш;

 

35.              Ең қарапайым электр тізбегі неше элементтен тұрады?

а) 2 ;                         ә) 3;                      б) 4;                     в) 5;

 

36.              Шартты белгілермен көрсетілген жүйелерді … деп атайды.

 

а) электр тізбегі;     ә) электр бейнесі;       б) электр сызбасы;       в) электр схемасы;

 

37.              Электр энергиясын жылу энергиясына айналдыратын қондарғы:

а) үтік;      ә) қозғалтқыш;      б) желдеткіш;      в) шаң сорғыш;

 

38.              Монтердің құралдарына қандай ортақ талаптар қойылады?

а) өткір болу керек;     ә) сапалы болаттан жасалу керек;

б) саптары оқшаулағыш материалдарымен қапталған болу керек;

 

39.              Өткізгіш сымдардың байланысқан жерлері … оралады.

а)  резенкемен;   ә) оқшаулағыш таспамен;

б) полиэтилен пленкамен;     в) шүберекпен;

 

40.              Қалта шамының тоқ көзі не болып есептеледі?

а) аккумулятор;    ә) генератор;     б) конденсатор;      в) гальваникалық элемент;

 

Жеміс, көкөніс дақылдарын өсіру технологиясының негіздері

 

41.              Топырақты ғылыми тұрғыдан зерттеу қай ғасырда басталды?

а) XVІІ ғ;      ә) XVІІ ғ. аяғы;      б) XVІІІ ғ.;       в) XVІІІ ғ. аяғы ;

 

42.              Топырақтың ең негізгі қасиеті — оның …

а) құнарлылығы;     ә) су өткізгіштігі;    б) ылғал сыйымдылығы;    в) ауа өткізгіштігі;

 

43.Қара топырақтың 1 гектарында  қанша тонна органикалық заттар болады?

а) 100-200 т;     ә) 200-300 т;     б) 300-400 т;     в) 400-500 т;

 

44.              ПЛН-5-35 соқасы топырақты қанша см тереңдікке дейін жыртады?

а) 30 см;      ә)35 см;      б) 40 см;      в) 45 см ;

 

45.              Жер қыртысмен кесек топырақтарды қопсытып, майдалауға арналған техника:

а) соқа;     ә) тырма;     б) таптауыш;     в) культиватор;

 

46.              Арам шөптерді отауға, тыңайтқыш шашуға , түптеуге арналған техника:

а) соқа;      ә) тырма;      б) таптауыш;      в) культиватор;

 

47.              Органикалық тыңайтқышты ата:

а) шымтезек;      ә) азот;      б) фосфор;      в) калий;

 

 

 

 

48.              Ұзақ уақыт қайталап егуге төзімді келетін дақыл:

а) зығыр;     ә) күнбағыс;     б) қызылша;     в) картоп;

 

49.              Қайталап егуге және бұрынғы егілген жеріне қайта егуге төзбейтін дақыл:

а) күнбағыс;     ә) жүгері;     б) кендір;     в) картоп;

 

50.              Гүл өсіру шаруашылығында неше түрлі жылдық өсімдіктер өсіріледі?

а) 2 ;     ә) 3;     б) 4;     в) 5;

 

 

 

Тест сұрақтарының кілті:

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

 ә

а

а

в

а

в

ә

б

в

ә

а

ә

в

б

а

б

ә

б

а

б

в

ә

а

а

а

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

41

42

43

44

45

46

47

48

49

50

ә

б

в

а

б

в

а

ә

б

б

в

а

б

ә

в

в

а

б

а

ә

в

а

в

а

ә

 


 

Сыныбы: 5 «А» Сабақтың тақырыбы:

Сыныбы: 5 «А» Сабақтың тақырыбы:

Осы тақырып және көкөкніс тураудын басқа түрлерін зерттеу

Осы тақырып және көкөкніс тураудын басқа түрлерін зерттеу

Сыныбы:

Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Құрақты тігіп дайындау және қолдану

Сабақтың тақырыбы: Құрақты тігіп дайындау және қолдану

Жиектеме не үшін қажет? Сүреттегі құрақтарды ата

Жиектеме не үшін қажет? Сүреттегі құрақтарды ата

III. сарамандық жумыс. Астардықияралындаматаныжайыпүстінеқұрағанбұйымдыорналастырамыз

III. сарамандық жумыс. Астардықияралындаматаныжайыпүстінеқұрағанбұйымдыорналастырамыз

Оқушыларға іс жүзінде сымнан жасалатын бұйымдарды июді, бұйымдарды, бұйымдардың материалдарын, оны жасау құралдарын білу,

Оқушыларға іс жүзінде сымнан жасалатын бұйымдарды июді, бұйымдарды, бұйымдардың материалдарын, оны жасау құралдарын білу,

Тақтадағы сызба бойынша, немесе алдарыңдағы технологиялық карта бойынша өлшеп, салу жұмыстарын жасау

Тақтадағы сызба бойынша, немесе алдарыңдағы технологиялық карта бойынша өлшеп, салу жұмыстарын жасау

Сыныбы:

Сыныбы:

Элемент Таңбалануы Әсері

Элемент Таңбалануы Әсері

Машина тану элементтері негізінде конструциялық материалдардың өңдеу технологиясы

Машина тану элементтері негізінде конструциялық материалдардың өңдеу технологиясы

Металдың бетін кесу арқылы тегістейтін құрал: а) егеу; ә) кескіш; б) шапқы ; в) пышақ 12

Металдың бетін кесу арқылы тегістейтін құрал: а) егеу; ә) кескіш; б) шапқы ; в) пышақ 12

Ағаш материалдарын оюға қажетті басты құралдар: а) балта; ә) сүргі; б) бұрғы; в) қашау мен үшкір пышақ; 29

Ағаш материалдарын оюға қажетті басты құралдар: а) балта; ә) сүргі; б) бұрғы; в) қашау мен үшкір пышақ; 29

ПЛН-5-35 соқасы топырақты қанша см тереңдікке дейін жыртады? а) 30 см; ә)35 см; б) 40 см; в) 45 см ; 45

ПЛН-5-35 соқасы топырақты қанша см тереңдікке дейін жыртады? а) 30 см; ә)35 см; б) 40 см; в) 45 см ; 45
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.02.2017