ВАШЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО
О ПУБЛИКАЦИИ В СМИ И РЕЦЕНЗИЯ
бесплатно за 1 минуту
Добавить материал
Количество Ваших материалов: 0.
Авторское
свидетельство о публикации в СМИ
добавьте 1 материал
Свидетельство
о создании электронного портфолио
добавьте 5 материала
Секретный
подарок
добавьте 10 материалов
Грамота за
информатизацию образования
добавьте 12 материалов
Рецензия
на любой материал бесплатно
добавьте 15 материалов
Видеоуроки
по быстрому созданию эффектных презентаций
добавьте 17 материалов
Салтанат Узембай Свидетельство о публикации Рецензия
Свидетельство о публикации Скачивание доступно только автору
"Күн жүйесі жайындағы түсініктің дамуы"  5 сынып
Просмотр файла:

Уәлиханов Шоқан.docx


Все файлы публикации > Уәлиханов Шоқан.docx
"Күн жүйесі жайындағы түсініктің дамуы"  5 сынып

Уәлиханов Шоқан (Мұхамедханафия) Шыңғысұлы (1835–1865) –
қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог,
географ, фольклортанушы, суретші.
1858–1859 жылдардағы Қашқарияға сапары Уәлихановтың ғылым,
ағартушылық саласындағы шығармаларының жаңа белеске көтеріліп,
дәуірлеп өсуіне жол ашты. 13 ғасырдың соңғы ширегінде Марко Поло, содан
1603 жылы саяхатшы Гоес қана болған Қашқарияның географиясы, саяси
құрылысы, мәдениеті мен тұрмыс­салтының ерекшелігі туралы үш жарым
ғасыр бойы Еуропа ғылымында елеулі мәлімет болмаған. Еуропалықтарға
жабық болып есептелетін Қашқария билеушісі Уәлихан­төре Шоқаннан бір
жыл бұрын Үндістан арқылы барған немістің белгілі географы Адольф
Шлагинтвейттің басын кескен еді. Экспедицияны Қашқарияға жіберу туралы
шешімге 1857 жылы тамыздың 22­інде Александр II қол қойған. Соғыс
министрі Сухозанеттің тапсыруымен экспедицияны ұйымдастырған Гасфорт
Айрықша Сібір корпусында Уәлихановтан басқа офицердің экспедицияны
басқара алмайтындығын ескеркен. Сөйтіп, Жетісуда жүрген Уәлиханов
экспедицияға аттануға тиісті Қарамола жотасының етегіндегі Сарыбас
ауылына 1858 жылы маусымның 28­інде келіп, Семейде жабдықталған
арнаулы керуенге қосылады. Қыркүйектің 19­ында керуен Зауқы өзеніне
жетіп, Сырт арқылы Қашқарияға бет алған. Зауқы асуының оңтүстігінде
Тянь­Шаньның Сырт деп аталатын биігінде Уәлихановқа дейін география
тарихында ешбір географ болған емес. Сырттың өсімдік және жануарлар
дүниесінің ерекшеліктерін, орографиясын, табиғаты мен климатын әлемдік
география ғылымында тұңғыш рет Уәлиханов сипаттап берген. Қашқарияда
1858 жылғы қазанның 1­нен 1859 жылғы наурыздың ортасына дейін болған
Уәлиханов Қашқар қаласы мен Алтышаһар елін зерттеген. Ол кезде
Алтышаһар деп солтүстіктен Тянь­Шань, оңтүстіктен Кунь­Лунь тауы
қоршап тұрған Қашқар, Ақсу, Үштұрпан, Янысар, Жаркент, Хотан қалаларын
атайтын. Қоқан ханының Қашқардағы сауда консулы әрі саяси резидентінің
жәрдемімен Уәлиханов Қашқардың экономикасы, саяси құрылысын зерттеп,
тарихы мен этнографиясынан көптеген материалдар жинаған. Әр аймақтан
келген саудагерлермен,
Қашқарияның саяси қайраткерлерімен,
ғалымдарымен, ақындарымен кездесіп, Алтышаһардың өткен тарихы мен
бүгінгісі туралы нақтылы деректерді анық білетін кісілерден алып отырған.
Жергілікті ғалымдардан сирек кездесетін шығыс қолжазбаларының
бірнешеуін қолға түсіріп, нумизматикалық коллекция, гербарий, тау

"Күн жүйесі жайындағы түсініктің дамуы"  5 сынып

жыныстарының коллекциясын жасаған. Осы экспедиция барысында ол
бейтаныс елді жан­жақты сипаттайтын, әскери, саяси, экономикалық, сауда­
саттық жағынан үкіметке де, ғылымға да керекті бай материал мен сирек
кездесетін деректер әкелген. Оның материалдары көп ұзамай неміс және
ағылшын тілдерінде жарияланды.
Осыдан кейін Петербордағы ғалымдар, Бас штаб пен Сыртқы істер
министрлігі Азия мәселесі жөнінен Уәлихановты үлкен бедел тұтқан.
Солардың ұсынысымен II Александр патша Уәлихановты Азия
департаментіне қалдыру туралы 1860 жылы маусымның 15­інде бұйрыққа қол
қойған. Петерборға келген Уәлиханов бірнеше мекемеде (Бас штабтың
әскери­ғылыми комитетінде, Азия департаментінде, Орыс география
қоғамында) қатар жұмыс істеп, Петербор университетінде лекция тыңдаған.
Бас штабтың әскери­ғылыми комитетінің тапсыруы бойынша Орталық Азия
мен Шығыс Түркістанның карталарын жасаған. Оның редакциясымен
«Балқаш көлі мен Алатау жотасы аралығының картасы», «Құлжа қаласының
жобасы», «Ыстықкөл экспедициясының қорытындысына қосымша карта», т.
б. дайындалған. Орыс географиясы қоғамы мүшелеріне Шығыс Түркістан,
Тянь­Шань, Жетісу тақырыбы бойынша лекция оқыған.
Аз өмірінде Уәлиханов Орталық Азия халықтарының тарихына,
географиясына, фольклорына және қоғамдық­саяси құрылысына арналған
көптеген құнды еңбектер қалдырған. Қазақстан географиясында Балқаш пен
Алакөлдің бұрын біртұтас су айдыны болғандығы және Жоңғар қақпасынан
соғатын Ебі желі туралы ғылыми деректерді алғаш келтірген. Ортағасырлық
деректер мен ауыз әдебиеті үлгілері негізінде «Қазақ шежіресі» атты еңбек
жазған. 1856–1858 жылдары ол Жетісуда Алматы, Қойлық, Алмалық
қалаларының ескі жұртын зерттеп, көне заманның теңге ақшаларынан
коллекция жасаған; Іледегі Таңбалы тас мекенін, Шолақтау мен Жоңғар
қақпасындағы жартас жазуларының көшірмесін жасаған және Аягөз бен
Ыстықкөл жағасындағы тас балбалдардың суретін қағазға түсірген.
Ыстықкөл, Құлжа, Қашқар сапарының күнделіктері, «Көкетай ханның асы»,
«Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы туралы пікірлер» — бәрі де сол
кезеңнің үздік туындылары. Ғылыми еңбектері ішінде Жетісу, Ыстықкөл,
Тянь­Шань, Шығыс Түркістанға тарихи­географиялық шолу жасауға арналған
«Жоңғария ескерткіштері», «Қазақтар туралы жазбалар», «Алтышаһардың,
яғни Қытайдың Нан­Лу провинциясының (Кіші Бұхараның) жайы» сияқты
зерттеулерінің орны ерекше. Қазақтың тарихы мен этнографиясына, қазақ

"Күн жүйесі жайындағы түсініктің дамуы"  5 сынып

даласының әлеуметтік­саяси қатынастарына арналған еңбектерінің де мәні
зор («Абылай», «Көне замандағы қазақтың қару­жарақ, сауыт­саймандары»,
«Шона батыр»,
«Даладағы
мұсылмандық», «Тәңірі», «Қазақтың көші­қоны», т. б.).
«Сот реформасы туралы жазбалар»,
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (12 сәуір 1899 жылы, Баянауыл
ауданы,Павлодар облысы ­ 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) ­ геолог
ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик.
Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық
институтының тау­кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қаныш
Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық
кендер генеалогиясын зерттеуге арналған.
Оның геологиядан басқа
ғылымдардан да; мәдениет саласында да; тарихтан да қалдырған ізі сайрап
жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақанғанда, жағдайдың аса қиын
ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру
жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән
көрегендіктің белгісі еді. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде,
әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, Сарыарқаның металлогендік
және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі
мыс рудалы аудандар қатарына жатуы кезінде осы кеннің жоспарлы түрде кең
масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін
дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі. Сондай­ақ ол минералдық
шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға
да
олардың
кендерінің стратиграфиясы, тектоникасы,құрылысы, металлогениясы, неохими
ясы және шығу тегі туралы маңызды ғылыми қорытындылар жасады, ғылымға
формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізді.
зерттеп,
аудара

ерекше


назар


Көптеген тәжірибелі мамандар қатыстырыла отырып, Қаныш
Сәтбаевтың басшылығымен бірнеше жылдар бойы жүргізілген тынымсыз
еңбектің нәтижесінде Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары
жасалды. Оны өндіріске ендіру арқылы Сарыарқа аймағында қара, түсті және
сирек металдардың біраз жаңа кендері ашылды. Біраз кендерге бүтіндей жаңа
өндірістік баға берілді.[1] Ол Қарағандыда металлургиялық завод салуда,
Қостанай, Алтай темір және марганец, Қаратаудың фосфорит кендерін және
осылар секілді көптеген ірі нысандарды игеруге, Ертіс­Қарағанды каналының

"Күн жүйесі жайындағы түсініктің дамуы"  5 сынып

қазылуына, біраз ғылыми зерттеу институттарының ашылуына тікелей
араласып, зор еңбек сіңірді.

Прямая ссылка на скачивание файла: Скачать файл