КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ
Оценка 4.8

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

Оценка 4.8
Семинары
doc
обществознание
Взрослым
22.02.2018
КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ
Публикация является частью публикации:
билим марафоны.doc
Тақырыбы: "Білім марафоны" кәсіби шеберлік сайысы Мақсаты: тереңдету, а) Білімділік: Студенттерге заңгерлердің кәсіби шеберлігін арттыру. Студенттердің құқықтық білімдерін тексеру.  ә)   Тәрбиелік: Студенттерді   заңды   құрметтеуге   тәрбиелеу,   туған   елін,   жерін   қорғау   әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу. Адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; Студенттердің ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін   жеткізе   алу   мәдениетін   дамыту,   шығармашылық   қабілеттерін   шыңдау.   Студенттер бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру; Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей үйрету. б) Дамытушылық: Студенттердің ой­өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін   қалыптастыру,   белгілі   бір   пікір   айтуға,   тұжырым   жасатуға   үйрету,   патриотизм сезімін   қалыптастыру.   Студенттердің   сөйлеу   мәдениетін,   сын   тұрғысынан   ойлау,   зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру. білуге         Қолданылатын әдіс­тәсілдер: пікірлесу, сұрақ­жауап, топпен жұмыс, іскерлік ойын. Пайдаланылған  көрнекіліктер: Қанатты   сөздер,   интерактивті   тақта,   сайыстың  тақырыбы, слайд­шоу. Сайыстың түрі: жарыс Жоспар I.Ұйымдастыру кезеңі. Сайыстың барысы: ІІ.Негізгі бөлім ІІІ. Қорытынды бөлім. Жүру барысы: I. Ұйымдастыру №1 слайдта сайыстың тақырыбы көрсетіледі   кезеңі.  1 жүргізуші: Сәлеметсіздерме ұлағатты ұстаздар мен білімді жастар! «Құқықтану» мамандығының 3­курс студенттеріне арналған «Білім марафоны» кәсіби шеберлік сайысына қош келдіңіздер! 1 жүргізуші: Мамандық ­ адамның  өмір бойы табатын азығы. Әлемде мамандықтар саны өркениетті елдер дамыған   сайын   өсуде,   бірақ   құрмет   тұтатын   ежелден   келе   жатқан   мамандықтардың   орны ерекше.   Ежелден   келе   жатырған   мамандықтың   бірі   ­   заңгер   мамандығы.   Қазақстан тәуелсіздігін   алғаннан   кейін   өз   Конституциясын   қабылдап,   басқару   жүйесін,   стратегиясын айқындаған болатын.  Еліміздің сыртқы және ішкі құқық бұзушылықтарына жол бермес үшін еңбектенетін   болашақ заңгерлер, өз білімдері мен біліктіліктерін дәлелдейтін болады. Олай болса, «Білім марафоны» кәсіби шеберлік сайысының кезеңдерімен таныстырып өтейік. Сайысқа  7  студент  қатысқан болатын. Сайыс  2  кезеңнен  тұрады.  Алғашқы  кезеңінде  тест тапсырмасы берілді. Сәйкесінше нәтижелі ұпайды жинай алмаған 2 студент шығарылып, 2­ кезеңге 5 студент қатынасып отыр. Олай болса, 2­кезеңнің бөлімдерімен таныс болыңыздар.  І­бөлім. «Сәлем сөздің анасы» ІІ­бөлім. «Білгенге маржан...» ІІІ­бөлім. «Білімді мыңды жығар» IV­бөлім. «Дода» 1­кезең бойынша берілген тест тапсырмалары: 1. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу негізі? А) еңбек демалысында болуы В) дәлелді себеппен үш сағаттан артық болмауы С) қызметкердің денсаулық жағдайының болмауы Д) қызметкердің жүктілігі және босануы бойынша жазбаша арызы бойынша Е) қызметкер өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды жария етуі 2. Саяси режим нысаны көрсетеді? А) жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен мемлекетті басқару әдістерін В) жоғарғы билік арасындағы өзара қатынастың құрылу ретін С) мемлекет пен халық арасындағы қатынастың құрылу жағдайын Д) халықтың құқықтық жағдайының қамтамасыз етілу тәртібін Е) жоғарғы органдардың құрылу тәртібі мен құрылымын 3. Құқықтық реттеудің  диспозитивтік әдісі? А) құқық субъектілеріне нұсқаны таңдап алуды ұсыну арқылы ықпал ету В) құқықтық ұйғарымдардан бас тартуды болдырмайтын ықпал жасау әдісі С) әлеуметтік пайдалы мадақтау арқылы ықпал ету тәсілі Д) құқық субъектілерінің мақсатына сай мінез­құлық Е) құқық субъектілеріне өзара қатынастарын реттеуге ықпал ету тәсілі 4. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары? А) ұйғарым, жарғы, құрылтай шарты В) заң, жарғы, құрылтай шарты С) лицензия, шешім, құрылтай шарты Д) жарғы, құрылтай шарты, бұйрық Е) жарғы, құрылтай шарты, шешім 5. Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді? А) өзінің міндеттері бойынша салымдармен В) тек ақшамен С) жергілікті бюджетпен Д) мемлекеттік қазына мүлкімен Е) өзіне тиісті барлық мүлікпен 6. Еңбек делдалдығын жүзеге асыру жолы? А) жұмыссыздарға жәрдемақы төлеу В) еңбек ақы төлеу қорын қалыптастыру С) бос орындарды іздестіру Д) азаматтардың жұмысты таңдау кезінде жәрдемдесу Е) еңбек нарығы жөніндегі деректер базасын қалыптастыру 7. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары? А)   қызметкерлердің   өмірі   мен   денсаулығын   сақтауға   бағытталған   ережелер,   хаттар   мен нұсқаулықтар В) қызметкерлердің еңбек процесі кезінде өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелер, рәсімдер мен нормативтер С) жұмыс орындарын құруға бағытталған нұсқаулықтар, рәсімдер мен нормативтер Д)   қызметкерлердің   өмірі   мен   денсаулығын   сақтауға   бағытталған   ережелер,   хаттар   мен бұйрықтар Е) қалыпты еңбек жағдайларын сақтауға бағытталған жарғы, рәсімдер мен нормативтер 8. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқығы? А)   нұсқаулар   беруге,   өндірістік   процесс   пен   жұмыстарды   қауіпсіз   жүргізу   жөніндегі құжаттармен қамтамасыз ету В) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ұйымдастыру­техникалық іс шараларын жүргізу С) қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту мен даярлаудан өткізу Д) жұмыс орындарында кез келген тәуекелдерді болғызбау жөніндегі шараларды қабылдау Е)   қауірсіз   еңбек   жағдайларын   жасау   жөніндегі   өнертапқыштық   ұсыныстары   үшін ынталандыру 9. Қызметкерлердің   жекелеген   санаттары   үшін   жұмыс   уақытының   қысқартылған ұзақтығы? А) 18 жасқа толмаған қызметкерлер үшін және балалары бар әйелдер үшін В) 18 жасқа толмаған қызметкерлер үшін, 1,2,3 топтағы мүгедектер үшін С) 16 жасқа толмаған қызметкерлер үшін, 1 топтағы мүгедектер үшін Д) 18 жасқа толмаған қызметкерлер үшін, 3 топтағы мүгедектер үшін Е) 18 жасқа толмаған қызметкерлер үшін, 1 және 2  топтағы мүгедектер үшін 10. Табиғи­құқық теориясының өкілдері? А) Гуто Гроций, Жан Жак Руссо В) Р.Паунд, Д,Фрэнк С) Густав Гуто, Савиньи Д) Ганс Кельзен, Т.Гоббс Е) К.Маркс, Ф.Энгельс 11. Мемлекет және құқық теориясының функциялары? А) теориялық, антогологиялық, гнеосеологиялық В) болжамдық, әдістемелік, танымдық­теориялық С) әдістемелік, теориялық, саяси Д) идеологиялық, әдістемелік, болжамдық Е) теориялық, болжамдық, саяси 12. Қоғамның құқықтық мәдениетінің көрсеткіштері? А) заңдылық пен құқықтық тәртіп деңгейі В)   құқық   қорғау   органдарының   жұмыс   атқару   деңгейі,   олардың   жеткілікті   материалдық тәуелсіздігі С)   азаматтар   мен   лауазымды   тұлғалардың   құқық   шығармашылық   және   құқықты жүзеге асыру мәдениетінің деңгейі Д) азаматтар мен лауазымды тұлғалардың құқықтық санасы, құқықтық нормаларды орындауға сенім деңгейі Е) заң шығару ісінің кемелдену деңгейі 13. Мемлекеттік аппаратқа кіретін құрылым? А) қоғамдық ұйымдар В) аталған органдардың бәрі С) діни органдар Д) саяси партиялар мен кәсіподақтар Е) биліктің өкілетті органдары, атқарушы органдар, әділсот 14. Өнеге нормалары? А) адамдардың мінез құлқын өнеге тұрғысынан бағалау арқылы реттейтін нормалар В) адамдардың санасында қалыптасатын нормалар С) әдетте жазбаша түрде білдірілмейтін ерік Д) мазмұнында дәл нақтыланған ережелері болмайтын яғни тым артығырақ абстрактіленген нормалар Е) қоғамның ықпал етуімен және қоғамдық ой пікірдің күшімен қамтамасыз етіледі 15. Азаматтық құқықбұзушылық А) деликт қабілеттіліг бар тұлғаның әрекеті немесе әрекетсіздігі В) кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың ішкі тәртібіне нұқсан келтіретін құқыққа қарсы әрекеттер С) қоғамға қауіпті, қоғамға немесе тұлғаға елеулі зиян келтіретін жазалауға лайық құқыққа қарсы әрекет Д) мемлекеттік немесе қоғамдық басқару тәртібіне азаматтардың меншігіне құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін құқыққа қарсы кінәлі әрекет Е) жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне заңсыз әрекеттермен зиян келтіру, сол сияқты, заңға   қайшы   мәміле   жасасу,   шарттық   міндеттерін   орындамау,   меншік   құқығын, авторлық және өзге құқықтарды бұзу 16. Заңи жауапкершіліктің қағидалары? А) кінәнің болуына жауаптылық В) заңдылық, әділдік, негізділік, мақсаттылық, бұлтартпастық С) тек құқыққа қайшы мінез құлыққа жауапкершілік, мақсаттылық Д) жазаның қолданылмай қалмайтындығы, әділдік Е) заңдылық, жауапкершілік 17. Авторитарлық саяси – құқықтық режимге тән белгілер? А) парламенттің рөлін өте төмендетіп, көрер көзге ғана бар іске жоқ институтқа айналдыру В) сайланбалы билік органдарының рөлін шектеп төмендету С) парламент рөлін формалды түрге жеткізу Д) басқарушы – атқарушы органдардың рөлін күшейту Е) азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын  жою немесе едәуір түрде шектеу, оппозициялық партиялардың іс әрекеттеріне тыйым салу 18. Демократизм құқықшығармашылық принциптерінің ретінде? А) актілерді даярлау мен қабылдау мерзімдеерін дөп басу және дұрыс анықтау. Реттелінуге тиісті қоғамдық қатынастардың дамып жетілдіру дәрежесін есептеп отыру, ескеру В) заң жобаларын даярлау мен қабылдау тұстарында заңи және жалпы сауаттылық құзырлық танытады С) актілердің дәлелділігі, ғылыми социологиялық мағлұматтардың ескерілгендігі, құқықтық актілердің қолданылуы барысында туындайтын салдардың болжанғандығы ескеріледі Д) актілерді қабылдау рәсімі мен құзіреттілігінің мүлтіксіз сақталады Е)   халықтың   ерік­ықтияр   мен   мүдделерінің   міндетті   түрде   құқық   нормаларынан табылуы және олардың онда білдіреді 19. Заттар ретінде ақшаның заңдылық сипаттамасы? А) жеке анықталған және ауыстырылмайды В) тұтынылады және бөлінбейді С) тектік белгісі бар және күрделі Д) тұтынылмайды және бөлінеді Е) тектік белгісі бар, ауыстырылады және бөлінеді 20. Қозғалмайтын мүлікті жалдаған жағдайда әр тарап екінші тарапқа шарттан бас тарту туралы ескерту мерзімі? А) бір апта бұрын В) он күн бұрын С) екі ай бұрын Д) үш ай бұрын Е) бір ай бұрын 21. Қызметкерің еңбек кітапшасы жоғалған кездегі растайтын құжаттар? А)   еңбек   қызметін   растайтын   мұрағат   анықтамасы,   жұмыс   берушінің   бұйрығы, зейнетақы қордан көшірмелер В) бұйрықтар, әскери билет С) жеке куәлік, әскери билет Д) медициналық кітапша, еңбек кітапшасы Е) мұрағат анықтамасы, неке туралы куәлік 22. Жұмыс беруші еңбек жағдайларының өзгеруі туралы қызметкерді ескерту жағдайлары? А) жазбаша немесе ауызша, бір айдан кешіктірмей В) жазбаша түрде, бір аптадан кешіктірмей С) жазбаша түрде, он күннен кешіктірмей Д) жазбаша түрде, он бес күннен кешіктірмей Е) жазбаша түрде, екі аптадан кешіктірмей 23. Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары? А) міндетті жинақташы зейнетақы қорлары бойынша жауап бермейді В) міндетті жинақтаушы зейнетақы қорлары бойынша шарт негізінде жауап береді С) міндетті жинақтаушы зейнетақы қорлары бойынша ішінара жауап береді Д) міндетті жинақтаушы зейнетақы қорлары бойынша жауап береді Е) міндетті жинақтаушы зейнетақы қорлары бойынша соттың анықтауымен жауап береді 24. Жәрдемақыны тағайындауда құжаттарды қарастыру мерзімінің шегі? А) өтініш берілген күннен бір апта В) өтініш берілген күннен жеті күнтізбелік күні С) өтініш берілген күннен жеті жұмыс күні Д) өтініш берілген күннен он күнтізбелік күні Е) өтініш берілген күннен он жұмыс күні 25. Мемлекеттік құқықтық құбылыстар? А) экономика, қаржы, салықтар, нормативтік құқықтық актілер, құқықтық қатынас В) салт­дәстүр, ізгілік, мәдениет, әдет ғұрып, дін С) саяси сана, саяси мәдениет, заңдылық, нормативтік құқықтық актілер, мораль Д) әдет ғұрып, мораль, дін, құқықтық сана, мемлекеттік аппарат Е)   заңдылық,   нормативтік   құқықтық   актілер,   құқықтық   сана,   құқықтық   қатынас, мемлекеттік аппарат 26. Теріс қылықтың (құқықбұзушылық) қылмыстан айырмашылығы? А) теріс қылық дегеніміз – әрекеттер мен ой­пікірлер, ал қылмыс – тек қана әрекеттер В) теріс қылық – кәмелетке толмағандардың әрекеттері, ал қылмыс – кәмелетке толғандардың әрекеттері С) теріс қылық – қоғам мүшелерінің барлығының жасайтын әрекеттері, ал қылмысқа тек қана жекелеген азаматтар ғана барады Д) теріс қылық – өнеге нормаларын бұзу, ал қылмыс ­  құқық нормаларын бұзу Е) теріс қылық – қоғамға шамалы ғана зиян келтіретін әрекет, ал қылмыс – қоғамға едәуір зиян келтіретін әрекет 27. Сараптаманы тағайындау туралы соттың шығаратын актісі? А) үкім В)ұйғарым С) өкім Д) шешім Е) бұйрық 28. Заңды тұлғаны қайта құру нысандары? А) қосу, біріктіру, банкроттық, бөлу, өзгерту В) қосу, бөлу, жалғау, өзгерту, қайта реттеу С) жалғау, бөлу, біріктіру, жаңғырту Д) қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, ажырау Е) қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту 29. Нотариус мұрагердің өтінішімен оған берілетін құжат? А) мұрагерлікке құқық туралы келісім В) мұрагерлікке құқық туралы бұйрық С) мұрагерлікке құқық туралы куәлік Д) мұрагерлікке құқық туралы шешім Е) мұрагерлікке құқық туралы шарт 30. Ауысымдық жұмысқа көшу тәртібі? А) өндірістік қызметтің режимі күнделікті жұмыс нормасынан асса В) өндірістік қызметтің режимі күнделікті жұмыс нормасынан аспаса С) өндірістік қызметтің режимі күнделікті жұмыс аптасынан асса Д) өндірістік қызметтің режимі күнделікті жұмыс нормасы 36 сағаттан асса Е) өндірістік қызметтің режимі күнделікті жұмыс нормасы 48 сағаттан асса 31. Мемлекет функцияларын іске асыру әдістері? А) көзін жеткізу, жазалау, тәрбиелеу, қолдау В) көзін жеткізу, жазалау, қолдау, бақылау С) көзін жеткізу, бақылау, ұсыныстар Д) қолдау, бақылау, ұсыныстар, жазалау Е) көзін жеткізу, жазалау, қолдау, ұсыныстар 32. Жанармай   құю станциясы  аялдамасында  азаматтың  темекі  шеккені  үшін  көзделетін жауаптылық? А) заң алдындағы ешқандай жауаптылық туындамайды В) қылмыстық С) тәртіптік Д) әкімшілік Е) азаматтық 33. Құқықтық нигилизм? А) жеке тұлғаның құқықтық дамуы В) құқықтың әлеуметтік және жеке құндылықтарын жоққа шығару С) қоғамға құқықтық қажеттілігін негіздейтін ой пікірдің бағыттары Д) құқықтың мүмкіншіліктеріне сенбеушілік, құқық пен заңдылықтың девальвациясы, құқықтың әлеуметтік және жеке құндылықтарын жоққа шығару Е) жеке тұлғаның құқықтық дамуы, қоғамдағы құқықтық болмыстың сапалы жағдайы, көрініс 34. Іс мәні бойынша шешілмейтін бірінші сатыдағы сот актісі? А) бұйрық В) нұсқау С) шешім Д) өкім Е) сот ұйғарымы  35. Бірнеше банк немесе өнеркәсіп кәсіпорындары арасындағы уақытша келісім? А) конвенция В) симпозиум С) консенсус Д) конфедерация Е) консорциум 36. Сыйға тарту шартының заңи сипаттамасы? А) консенсуалды, екіжақты, ақылы В) біржақты міндеттеуші, реальды, консенсуальды, екі жақты, ақысыз С) біржақты міндеттеуші, реальды, консенсуальды, екі жақты, ақылы Д) реальды, екі жақты, ақысыз Е) жариялы, реальды, консенсуальды, екі жақты, ақысыз 37. Борышқордың екі немесе бірнеше әрекеттердің бірін жасауға таңдау мүмкіндігі? А) регрестік міндеттеме  В) субсидиялық міндеттеме С) үлестік міндеттеме Д) ынтымақты міндеттеме Е) балама міндеттеме 38. Тараптың тиісті дәрежеде дәлелді түсіндіру, заңдастыру? А) қарсылық В) ескерту С) цессия Д) презумпция Е) легитимация 39. Кесімді еңбекке ақы төлеу бөлінеді? А) тікелей, кесімді­сыйақылық, өсімді, жанама кесімді, аккордты В) тікелей, кесімді­сыйақылық, өсімді, жанама кесімді, жай С) жай, кесімді­сыйақылық, кесімді­өсімді, жанама кесімді, аккордты Д)тікелей, кесімді­сыйақылық, кесімді­өсімді, жанама кесімді, аккордты Е) тікелей, кесімді­сыйақылық, кесімді­өсімді, жанама кесімді, мерзімді –сыйақылық 40. Лауазымдық айлықақыны есептеу үшін бірінші біліктілік коэффициент мөлшері? А) 1,30 В) 1,22 С) 1,14 Д) 1,07 Е) 1,00 41. Келісу комиссиясының жалпы жиналысының шешімінің қабылдану тәртібі? А) 70% В) 1,3 С) жай көпшілік дауыспен Д) жартысынан көп дауыспен Е) жартылай дауыспен 42. Кестелер қолданысқа енгізілгенге дейін жұмыс беруші қызметкерлер назарына ауысым кестесін ұсынылатын мерзім? А) бір айдан кешіктірмей В) бір аптадан кешіктірмей С) бір ай ішінде Д) тоқсан басталмай, бір ай бұрын Е) бір айдан асырмай 43. Әлеуметтік қамсыздандырудың функциялары? А) еңбек, демографиялық, оңалту, саяси, әлеуметтік, құқықтық В) әлеуметтік, еңбек, демографиялық, оңалту, саяси, қаржылық С) негізгі, еңбек, демографиялық, оңалту, экономикалық, бөлісу Д) әлеуметтік, еңбек, демографиялық, қайта құру, саяси, бөлісу Е) әлеуметтік, еңбек, демографиялық, оңалту, саяси, экономикалық 44. Үзіліссіз еңбек стажы? А) қызметкердің қызмет мерзіміндегі бір кәсіпорындағы үзіліссіз жұмыс ұзақтығы В) белгілі жағдайдағы жұмыстардың ұзақтығы С) адам өмірінің барлық уақытындағы еңбек қызметінің жиынтық ұзақтығы Д) белгілі еңбек жағдайларындағы еңбек қызметінің жиынтық ұзақтығы Е) белгілі еңбек жағдайларының ұзақтығы 45. Жәрдемақыны тағайындау бас тартылған  жағдайда жәрдемақы тағайындау бойынша уәкілетті орган міндетті ? А)   ауызша   түрде   бас   тартуының   себебін   түсіндіре   отырып,   өтініш   берушіге   құжаттарын қайтаруы керек В)   жазбаша   түрде   бас   тартуының   сеебін   түсіндіре   отырып,   өтініш   берушіге   құжаттарын қайтармайды  С) бас тартуының себебін түсіндіре отырып, өтініш берушіге құжаттарын қайтаруы керек Д) бас тартуының себебін түсіндірмей, өтініш берушіге құжаттарын қайтаруы керек Е) жазбаша түрде бас тартуының себебін түсіндіре отырып, өтініш берушіге құжаттарын қайтаруы керек 46. Кәсіпкерлік   қызметпен   айналысатын   азаматтардың   еңбек   стажын   растайтын   төлем құжаттары анықталады? А) зейнетақы төлемдерімен В) несиемен С) алименттермен Д) салықтармен Е) сақтандыру жарналарымен 47. Іс­сапарға жіберілетін қызметкерлерге төленетін төлемдер? А) іссапардағы барлық шығыстар В) емделуге кеткен шығыстары, жол жүру шығыстары, тұрғын үй жалдау шығыстары С) тәулік төлемдер, жол жүру шығыстары, тұрғын үй жалдау шығыстары Д) тәулік төлемдер, жол жүру шығыстары, емделуге кеткен шығыстары Е) тәулік төлемдер, жол жүру шығыстары, барлық басқа шығыстар 48. Заңгерлердің кәсіби құқықтық санасы? А) кәсіби біліктілік тәсіл амалдары мен дағды әдеттердің жоғары дәрежеде болуы В) заңдарды сақтауға машықтанғандық деңгейінен С) құқық нормалары мен олардың қолдану дағдыларына кәсіи түрде көңіл қойып қарауы Д) құқықтық, саяси және ізгілік нормалары мен принциптері жөніндегі кәсіи деңгейде білімді болу Е) кәсіби құқықтық, саяси және ізгілік нормалары мен принциптерін, кәсіби этикетті білу 49. Құқықтық қатынастарға қатысушылардың заңи қасиеттері? А) өздерінің құқықтарын қанағаттандыруды талап етуге мүмкіншіліктері бар болуы қажет В) өздерінің әрекеттерінің бір бірімен келісе отырып атқаруы тиіс С) құқық және әрекет қабілеттіліктерінің болуы тиіс Д) олар өзара бағынышты жағдайда болуы тиіс Е) өз ерік­ықтиярларын, мұқтаждықтарын, мүдделерін білдіруге мүмкіншіліктері болуы тиіс 50. Авторлық құқық объектілері болып табылмайды? А) әдеби туындылар, аудармалар, сот және дипломатиялық сипаттағы текстер В) заң, сот шешімі, заң шығару, әкімшілік, сот және дипломатиялық сипаттағы текстер С)   сценарийлік   туындылар,   сот   шешімі,   заң   шығару,   әкімшілік,   сот   және   дипломатиялық сипаттағы текстер Д)   заң,   әкімшілік,   сот   және   дипломатиялық   сипаттағы   текстер   және   ЭЕМ   арналған бағдарламалар Е) заң, сот шешімі, қолданбалы өнер туындылары сипаттағы текстер 1 жүргізуші: Сонымен "Білім марафоны" кәсіби шеберлік сайысын бастай отырып: Сайыскер өрендерге қол соғайық, Өнерлерін көріп бір тамсанайық "Құқықтану" атынан келіп тұрған Болашақ мамандарға  қол соғайық  – деп ортаға «Құқықтану» мамандығының  студенттерін қошеметпен шақырайық! 1 жүргізуші: Осы білімпаз болашақ мамандарды бағалайтын әділ­қазылар алқасымен таныстырайық. Әділқазылар алқасы: 1. Директордың ғылыми­әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Елена Николаевна Бурлакова 2. «Экономика және құқықтану» бөлімінің меңгерушісі Нурлан Хамидоллаевна Кабдирова 3. «Құқықтану» кафедрасы меңгерушісі Шолпан Саламатқызы Жусупова 4. «Құқықтану» мамандығының оқытушысы Зульфия Амангалиевна Дюсенова 5. «Құқықтану» мамандығының оқытушысы Марал Қуанышқызы Иманғазиева 1жүргізуші:   Бәрімізге   іске   сәт! 1­бөлім «Сәлем   сөздің   анасы». Бұл   сайыста   әр студент өздерін   болашақ   заңгер   ретінде   таныстырады.  Әділ   қазылар   алқасы   студенттердің ерекшелігін, дұрыс және әдемі сөйлеу мәдениетін, көпшіліктің алдында өзін кәсіби дәрежедегі мәдениетін көрсетуін қадағалайды. Ендеше сайысымызды бастамас бұрын жеребе тандайық. Кімге қандай сан келсе сол реттік номермен ойын аяғына дейін жүреді. Әр сайыскерге 3 минут уақыт беріледі. 1­бөлім үшін жоғарғы ұпай 5­ балл.  1 жүргізуші: Біліп айтқан сөзге құн жетпейді Тауып   айтқан   сөзге   шын   жетпейді,­деген   халық   даналығымен "Білгенге   маржан" атты   2­ бөлімді  бастаймыз. Бұл  бөлімде  қатысушылар  ҚР лауазымды иелері жөніндегі  (министрлер, төрағалар,   әкімдер)  сұрақтарына   жауап  береді.  Жалпы  саны  16  сұрақ  кезекпен  айтылады, шапшаңдық пен зеректілік танытқан студент жауап беру мүмкіндігіне ие бола отырып, әр дұрыс жауап үшін 1 ұпайдан иеленеді.  1. ҚР Премьер­Министрі ­ Бақытжан Сағынтаев 2. ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі ­ Дәурен   Әскербекұлы    3. ҚР Әділет министрлігі ­ Марат Бақытжанұлы Бекетаев 4. ҚР Білім және Ғылым министрлігі ­ Ерлан   Кенжегалиевич    5. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ­ Биртанов Елжан Амантаевич 6. ҚР   Еңбек   және   халықты   әлеуметтік   қорғау   министрі   ­  Сағадиев      Абаев  Тамара   Дүйсенова Босымбекқызы 7. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ­ КАСЫМБЕК ЖЕНИС МАХМУДОВИЧ  8. ҚР Қаржы министрлігі ­ Бақыт   Тұрлыханұлы    9. ҚР Қорғаныс министрлігі ­ Сәкен Әділханұлы Жасұзақов  Сұлтанов 10. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ­ Арыстанбек Мұхамедиұлы 11. ҚР Сыртқы істер министрлігі ­ ҚАЙРАТ ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ ӘБДІРАХМАНОВ 12. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ­ Қожамжаров Қайрат Пернешұлы 13. ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы ­ Жақып Қажыманұлы Асанов 14. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы ­ Қасым­Жомарт Кемелұлы Тоқаев 15. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы ­ НЫҒМАТУЛИН Нұрлан Зайроллаұлы 16. Атырау облысының әкімі ­ НОҒАЕВ НҰРЛАН АСҚАРҰЛЫ 1 жүргізуші: "Адамды адам ететін 3 мамандықты ел қадір тұтқан: жан емдейтіндер, тәнін емдейтіндер және заңгерлер"   деген,   дана   аталарымыздың   сөзіне   сүйеніп  "Білімді   мыңды   жығар" бөлімін бастаймыз.   Бұл  бөлімде  әр   қатысушыға  ҚР   Конституциясынан   және   ҚР   Қылмыстық кодексінен   тапсырмалар   беріледі.   ҚР   Қылмыстық   кодексінен   берілген   баптар   бойынша қылмыс құрамын саралайды және тиісінше белгілі бір бапқа сәйкестігін анықтайды, ал ҚР Конституциясынан   берілген   баптардың   анықтамасын   табасыздар.   Әр   топқа   3   тапсырмадан беріледі, оның 1 ҚР Конституциясынан,  2 ҚР Қылмыстық кодексінен болады. Тапсырманың толық әрі нақты орындалу деңгейіне байланысты 1­5 балдық жүйемен бағаланады. Ойлануға 4 минут уақыт беріледі. Уақыт басталды.  І тапсырма І. 2015   жылдың   қаңтар   айында   Алматы   қаласындағы   түзеу   мекемесінде   жазасын   өтеуші азамат  Е. түнгі сағат 22.00 шамасында түзеу мекемесінен қашып шығып, Астана  қаласына бой түзеген кезінде тәртіп сақшыларының көзіне түсіп, ұсталған. Жазасын   өтеушінің   айтуы   бойынша   оның   қашуына   мекемедегі   қатал   тәртіп   әсер   еткен көрінеді. Осыған қатысты түзеу мекемесіне тексеру жүргізіліп, азамат Е­нің айтқан мәлімдемесінің еш негізсіз екендігі анықталды. Сотталған азамат Е­нің әрекетін қай заңмен, қай баппен саралар едіңіз? Жауабы:  ҚР ҚК 426 – бап.  Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу Жазасын өтеп жүрген немесе алдын ала қамауға алынған адамның бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе  күзеттен қашуы – үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. ІІ. 385­бап. Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін,  мемлекеттiк  наградаларды қолдан жасау, дайындау  немесе өткiзу       1.   Құқықтар   беретiн   немесе   мiндеттерден   босататын   куәлiктi   немесе   өзге   де   ресми құжатты   қолдан   жасау   не   мұндай   құжатты   өткiзу,   сол   сияқты   қолдан   жасалған мөртабандарды,   мөрлердi,   бланкілерді,   мемлекеттiк   пошта   төлемі   белгілерін,   Қазақстан Республикасының немесе КСРО­ның мемлекеттiк наградаларын дайындау немесе өткізу –           екі мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қылмыстың объектісі  ­  топтық объект: басқару тәртібі; тікелей объект: мемлекет тарапынан құқық беретін куәліктердің, ресми құжаттардың, мөрлердің,   Қазақстан   Республикасының   немесе   КСРО­ның   мемлекеттік наградаларының дұрыс қолданылуы. Қылмыстың объективтік   жағы   ­   құқықтар беретін немесе міндеттерден өзге де ресми   құжатты   қолдан   жасау   не   сондай   құжатты   өткізу,   сол   сияқты   қолдан   жасалған мөртабандарды,   мөрлерді,   бланкілерді,   мемлекеттік   пошта   төлемі   белгілерін,   Қазақстан Республикасының немесе КСРО­ның мемлекеттік наградаларын дайындау немесе өткізу. Қылмыстың субъектісі – 16 жасқа толған, ақыл есі дұрыс кез­келген тұлға. Жалпы субъект. Қылмыстың субъективтік жағы – қасақана. ІІІ. ҚР Конституциясының 27­бабы  1.   Неке   мен   отбасы,   ана   мен   әке   және   бала   мемлекеттің   қорғауында   болады.   2.   Балаларына   қамқорлық   жасау   және   оларды   тәрбиелеу   ­   ата­ананың   етене   құқығы   әрі міндеті.   3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар  еңбекке жарамсыз  ата­анасына қамқорлық жасауға міндетті.   ІІ тапсырма                    І. 2013   жылдың   25   қазан   айында   Алматы   қаласының   4   азаматы   күдікті   ретінде қамауға алынды. Олар бұған дейін бірнеше рет еріккенің ермегі ретінде үйлерді және басқа да ғимараттарды жазулармен, суреттермен және өзге де адамгершілікті қорлайтын іс­әрекеттер жасау арқылы бүлдірген.                    Сондай   –   ақ   тергеу   барысында   белгілі   болғандай   олар   бұл   әрекеттерімен   қоса көлікте   және   басқа   қоғамдық   орындарда   мүлікті   қасақана   бүлдірумен   айналысқандығы белгілі болды.                   Күдіктілерге қатысты қандай  іс қозғалды? Жауабы:  ҚР ҚК 294 – бап. Тағылық                    Тағылық,   яғни   ғимараттарды,   өзге   де   құрылыстарды,   тарих   және   мәдениет ескерткіштерін,   мемлекет   қорғайтын   табиғи   объектілерді   жазулармен   немесе   суреттермен немесе қоғамдық имандылықты қорлайтын өзге де әрекеттермен бүлдіру, сол сияқты көлікте немесе қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдіру –                    үш айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.             ІІ. 320­бап. Науқасқа көмек көрсетпеу       1. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес  немесе арнайы қағида бойынша науқасқа көмек көрсетуге мiндеттi адамның дәлелсіз себептермен оны көрсетпеуi, егер бұл абайсызда науқастың денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соқса, –           белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі   мерзімге   қоғамдық   жұмыстарға   тартуға   не   жетпіс   бес   тәулікке   дейінгі   мерзімге қамаққа алуға жазаланады. Қылмыстың объектісі – топтық объект: медицина саласындағы заңдылық,  тікелей объект: науқастың денсаулығы. Қылмыстың объективтік  жағы  ­  Қазақстан Республикасының заңына сәйкес немесе арнайы қағида бойынша науқасқа көмек көрсетуге міндетті адамның дәлелсіз себептермен оны көрсетпеуі,   егер   бұл   абайсызда   адамның   науқастың   денсаулығына   ауырлығы   орташа   зиян келтіруге әкеп соқтыруы.  Қылмыстың субъектісі – 16 жасқа толған, ақыл есі дұрыс науқасқа көмек көрсетуге тиіс тұлға. Арнаулы  субъект. Қылмыстың субъективтік жағы – қасақана. ІІІ. ҚР Конституциясының 28­бабы 1.   Қазақстан   Республикасының   азаматы   жасына   келген,   науқастанған,   мүгедек   болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен   зейнетақының   мөлшерінде   әлеуметтік   қамсыздандырылуына   кепілдік   беріледі.  2. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады.    ІІІ тапсырма                   І. Ағымдағы жылдың ақпан айының 21­де Атырау қалалық ішкі істер басқармасына  С.есімді азаматша шағымданды. Азаматша С­ның айтуынша оның анасын 20 ақпан күні сағат 15.00   шамасында   И.Тайманов   көшесі   бойынан   қара   түсті   TOYOTA   актокөлігі   қағып, тоқтамастан оқиға болған жерден қашып кеткен. Азаматша С. сол сәтте дереу жедел жәрдем шақыртып анасын  ауруханаға  жеткізгендігін, ал дәрігерлер денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келгендігін айтқан.                    Қалалық  ішкі істер органдары тексеру амалдарын жүргізіп,   күдікті ретінде   24 жасар Е.есімді азаматты ұстады.                   Азамат Е­ге қатысты қандай іс қозғалуы тиіс? Жауабы: ҚР ҚК 347 – бап. Жол – көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу                    ҚР ҚК­нің 345, 346 ­ баптарында көзделген ауыр зардаптар туындаған жағдайда (денсаулыққа абайсызда ауырлығы орташа зиян келу), көлік құралын басқаратын және жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған адамның жол­көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалуы –                   белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға   дейінгі   мерзімге   айыра   отырып   немесе   онсыз,   бір   мың   айлық   есептік   көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын  шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.    1.             ІІ. 177­бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнің –Елбасының өмiрiне қолсұғушылық       Қазақстан   Республикасы   Тұңғыш   Президентiнің   –   Елбасының   өмiрiне   оның   заңды қызметiне кедергi жасау не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған қолсұғушылық –       он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына жазаланады. Қылмыстың   объектісі – топтық   конституциялық құрылысының   негіздері   мен   қауіпсіздігі, тікелей   объект:Қазақстан   Республикасы   Тұңғыш Президентінің өмірі.  Қылмыстың   объективтік   жағы   ­   Қазақстан   Республикасы   Тұңғыш   Президентінің   – Елбасының өміріне оның заңды қызметіне кедергі жасау не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында қолсұғушылық жасау. объект: мемлекеттің     Қылмыстың субъектісі – 14 жасқа толған, ақыл есі дұрыс кез­келген  тұлға. Жалпы   субъект. Қылмыстың субъективтік жағы – қасақана. ІІІ. ҚР Конституциясының 34­бабы Әркім   Қазақстан   Республикасының   Конституциясын   және   заңдарын   сақтауға,   басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір­қасиетін құрметтеуге міндетті.   2. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.    ІV тапсырма                    І. Атырау   қаласының   ішкі   істер   бөліміне   шағымданған   азамат   Т­ның   арызы бойынша   шұғыл   іздестіру   жұмыстарын   жүргізілді.   Арызда   жәбірленушінің   марқұм   болған анасының   мәйітінің және өзге де айналасындағы мәйіттердің бүлінгендігі, құлпытастарының аяусыз  сындырылғаны  баяндалған.   Іздестіру   нәтижесінде  ешбір  жерде   жұмыс  жасамайтын, бұрын сотталған  қала тұрғындары күдікті ретінде ұсталды.                   Оларға қатысты ҚР ҚК қай бабымен қылмыстық іс қозғалады? Жауабы: 314 – бап. Өлген адамдардың мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау.                    Өлген   адамдардың   мәйіттерін   қорлау   не   олар   жерленген   жерлерді,   құлпытас құрылыстарын  немесе  жерлеуге  немесе  еске  алуға  байланысты  рәсімдер  өткізуге арналған зират үйлерін жою, бүлдіру немесе аяққа басу –                    үш   мың   айлық   есептік   көрсеткішке   дейінгі   мөлшерде   айыппұл   салуға   не   сол мөлшерде түзеу жұмыстарына  не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.             ІІ. 411­бап. Судьяға, алқабиге, прокурорға, сотқа дейінгі тергеп­тексеруді жүзеге асыратын   адамға,   сарапшыға,   сот   приставына,   сот   орындаушысына   қатысты   жала жабу        1. Iстердiң немесе материалдардың сотта қаралуына байланысты судьяға немесе алқабиге қатысты жала жабу –           екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қылмыстың   объектісі – топтық   объект: сот   төрелігі   мен   жазалардың   орындалу тәртібі,  тікелей объект: судьяның, алқабидің, прокурордың, сарапшының, сот приставының, сот орындаушысының ар­намысы мен қадір­қасиеті. Қылмыстың объективтік  жағы  ­  істердің немесе материалдардың сотта қаралуына байланысты судьяға немесе алқабиге қатысты жала жабу. Қылмыстың субъектісі – 16 жасқа толған, ақыл есі дұрыс кез­келген  тұлға. Жалпы   субъект. Қылмыстың субъективтік жағы – қасақана. ІІІ. ҚР Конституциясының 40­бабы  1. Қазақстан Республикасының  Президенті ­ мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы   саясатының   негізгі   бағыттарын   айқындайтын,   ел   ішінде   және   халықаралық қатынастарда   Қазақстанның   атынан   өкілдік   ететін   ең   жоғары   лауазымды   тұлға.   2.   Республиканың   Президенті   ­   халық   пен   мемлекеттік   билік   бірлігінің,   Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.   3. Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.   V тапсырма                    І. 2016   жылдың   қазан   айында   Алматы   қаласының   тұрғындары   ағайынды Еспановтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын – ала тергеу дәлелдегендей ағайынды Еспановтар ҚР Ұлттық банкінің жалған банкноттары мен шетел валютасын өткізу барысында қолға түскен және тінту барысында осы заттардың сақталған біраз бөлігі мен оны жасаудың құралдары табылды.                   Күдіктілерге ҚР ҚК қай бабы бойынша айып тағылып отыр? Жауабы: 231 – бап. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу.                    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалған банкноттары мен монеталарын, мемлекеттік бағалы қағаздарды немесе Қазақстан Республикасының валютасындағы бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтау, өткізу –                    мүлкі   тәркіленіп   немесе   онсыз,   бес   жылға   дейінгі   мерзімге   бас   бостандығынан айыруға жазаланады.             ІІ. 254­бап. Мiндеттерiне адал қарамау       Коммерциялық немесе өзге де ұйымда  басқару функцияларын  орындайтын  адамның  өз қызметiне   адал   қарамауы   немесе   ұқыпсыз   қарауы   салдарынан   өз   мiндеттерiн   орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, –       белгiлi   бiр  лаузымдарды   атқару  немесе   белгiлi  бiр   қызметпен  айналысу  құқығынан   үш жылға   дейiнгi   мерзiмге   айыра   отырып   немесе   онсыз,   бес   жылға   дейiнгi   мерзiмге   бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.     Қылмыстың объектісі – топтық объект: коммерциялық және өзге де ұйымдардың қызмет мүдделері, тікелей объект:коммерциялық және өзге де ұйымның заңды мүддесі және адамның денсаулығы мен өмірі. Қылмыстың   объективтік   жағы   ­   коммерциялық   және   өзге   де   ұйымда   басқару функцияларын   орындайтын   адамның   өз  қызметіне   адал   қарамауы   немесе   ұқыпсыз   қарауы, міндеттерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы, адамның өліміне және денсаулығына зиян келтірсе. Қылмыстың субъектісі – 16 жасқа толған, ақыл есі дұрыс коммерциялық және өзге де ұйымның қызметкері. Арнаулы   субъект. Қылмыстың субъективтік жағы – абайсызда. ең   ІІІ. ҚР Конституциясының 49­бабы 1.   Парламент   ­   Қазақстан   Республикасының   заң   шығару   қызметін   жүзеге   асыратын Республиканың органы.  2.   Парламенттің   өкілеттігі   оның   бірінші   сессиясы   ашылған   сәттен   басталып,   жаңадан сайланған   Парламенттің   бірінші   сессиясы   жұмысқа   кіріскен   кезден   аяқталады.  3. Парламенттің өкілеттігі Конституцияда көзделген реттер мен тәртіп бойынша мерзімінен бұрын мүмкін.  4.   Парламенттің   ұйымдастырылуы   мен   қызметі,   оның   депутаттарының   құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгіленеді.  тоқтатылуы жоғары         өкілді   төмендеуі,   ұлттық   қаржы   курсының   1­жүргізуші: 4­бөлім  «Дода».  Экранға  термин сөз беріледі.  Шапшаңдық танытқан қатысушы жауап беру мүмкіндігіне ие бола отырып, толық әрі нақты жауаптылыққа  байланысты  1­5 ұпаймен бағаланып отырады. Ендеше іске сәт! Девальвация (лат. de ­   күшін   жою; valeo —   мәнді,   құны   бар)   ­   халықаралық қаржы нарығындағы,   қаржы   резервінің азаюы, мемлекеттің төлейтін балансы және тез арадағы сауданың төмендеуімен байланысты, ұлттық ақша бірлігінің тұрақты құндылығының заңды дәрежеде төмендеуі, құнсыздануы. Инаугурация (латынша іnauguro –   арнаймын;   ағылшынша іnauguratіon –   қызметке   кірісу)   – мемлекет басшысының мәртебелі лауазымды атқаруға кірісуін атап өтетін салтанатты рәсімі. Ратификация ­   [лат. ratus ­   бекітілген,   facere   ­   жасау]   ­   жоғарғы   мемлекеттік   билік органдарының құзыретті өкілдерінің өзара келісімімен қабылданған халықаралық келісімдер мен шарттарды бекітуі. Ратификация келісімдердің заңдық күшіне енуіне мүмкіндік береді.  Амнистия   немесе   рақымшылық (грекше   –   кешіру)   –   адамдардың   белгісіз   бір   тобын мемлекет басшысының немесе өкіметтің жоғары өкілетті органының шешімімен қылмыстық жазадан   босату.   Амнистия   жалпы   және   ішінара   болуы   мүмкін.   Қазақстанда   рақымшылық туралы актіні Республиканың Парламенті шығарады. Авторитарлық (лат. auctoritas – билік, ықпал) – саяси  режимнің бір түрі. Мұнда саяси билікті нақты тұлға  (тап, партия, элитарлық) топ және басқалай  да бір өкіл жүзеге асырады. Халықтың билікке қатысуы өте төмен деңгейде болады. Банкнот   (Банк   билеттері)   – ұлттық   банк   шығаратын,   айналым   мен   төлем   құралы ретінде металл ақшаның   орнына   жүретін   қағаз   ақша.   Ұлттық   банктің   мерзімсіз   борыштық міндеттемелері болып табылады.  Алимент (лат. alimentum   —   "тағам,   асырап­бағу")   —   заңда   белгіленген   жағдайларда бір отбасы мүшелерінің оның өзге мүшелерінің пайдасына төлеуге міндетті белгілі бір ақшалай беру,       табыстау) қаражат.   Алименттік   міндеттемелер   негізгі   отбасылық   қатынастар   болып   табылады,   ал олардың   мақсаты   —   отбасының   еңбекке   қабілетсіз   және   көмек   қажет   ететін мүшелерін асырау. Алименттер сот шешімімен (алименттер төлеудің соттық тәртібі) немесе тараптардың келісімімен (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді. Чек немесе түбіртек (ағылш. cheque‚  cheсk — тексеру‚ бақылау‚  кедергі  жасау) — қатаң түрде   белгіленген   нысандағы бағалы   қағаз,   ақшалай   құжат.   Онда   чек   берушінің   чекте көрсетілген   ақшалай   соманы   чек   ұстаушыға   төлеу   жөнінде банкіге берген   жазбаша   өкімі баяндалады. Экстрадиция (фр. extradіtіon – – мемлекеттің өз аумағындағы қылмыскерді қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатымен   немесе   сол   адамға қатысты шығарылған шетел сотының үкімін орындау үшін оны басқа мемлекетке беруі. Мораторий (латын moratorіum – кейінге қалдыру, соза тұру) – мемлекеттің өз іс­әрекетінің, халықаралық   міндеттемелерінің,   шарттарының   орындалуын   тоқтата   тұруы. Мысалы,   2003 жылы   17   желтоқсанда ҚР   Президентінің“Қазақстан   Республикасында   өлім   жазасына мораторий жариялау туралы” Жарлығы шықты.  Преамбула ­халықаралық келісім, Ата   Заңдағы   және   басқа   да   нормативтік   актілердегі  кіріспе бөлімі, онда келісім шарттың негізгі ережелері, мақсаты, міндеті және сәйкес келетін актінің жариялануы қарастырылады.  Референдум(лат.   referendum   —   хабарлануға   тиісті   нәрсе)   —   мемлекеттік   маңызы   бар мәселені   халықтық   дауысқа   салу.   Мұндай   демокр.   институт   алғаш   рет   Швейцарияда қолданылды.   Арнайы   даярлық   қажет   ететін   төтенше,   шұғыл   мәселе   дауысқа   салынбайды. Референдумға   заң   немесе   халықаралық   шарт   жобасы,   басқару   сипатындағы   мәселелер ұсынылады. Инфляция (лат. inflatio – «қабыну», «ісіну») — бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының  төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай­ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі. Гипотеза (гр. ὑπόθεσις — негізгі, жорамал) — белгілі бір құбылысты түсіндіру үшін алға тартылатын  және тәжірибе түрінде тексеруді  және сенімді ғылыми теория болып  қалыптасу үшін теориялық негізді талап ететін ғылыми болжам, дәлелденбеген тұжырымдама, жорамал. 1 жүргізуші: Сәкен   Өзбекұлы   "Соттар   санатына   тек   қана   ары   таза,   терең   білімді,   әдебиетті   меңгерген адамдар ғана кіруі қажет" деген екен.  Бойларында от бар екенін байқадық, Жүректерде шоқ бар екенін байқадық. Әрқашанда осы шоқты өшірмей, Жалындатып, шарықтаңдар әр дайым Маман бол түсініп сөздің парқын, Әр кезде бола берсін жүзің жарқын. Мәңгілік жоғарыласын жұлдыздарың Мол баққа бөлеңдерші қазақ халқын­ деген өлең жолдарымен сайысымызды аяқтаймыз. Ел билеген Шеген би "Би болсаң даналық керек. Даналық үшін саналық керек" деген екен.  Сайыскерлердің   білімін,   кәсіби   құзреттілігін,   шығармашылығын,   ой   ұшқырлығын   анықтап, "Білім марафоны" кәсіби шеберлік сайысының жеңімпазын марапаттау үшін әділ қазыларға сөз кезегін береміз. Марапаттау. 1 жүргізуші: Келіп қатысқандарыңызға көп рахмет! Келесі кездескенше!

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.02.2018