Ұлағатты сөздер
Оценка 4.6

Ұлағатты сөздер

Оценка 4.6
Памятки
doc
обществознание
Взрослым
22.02.2018
Ұлағатты сөздер
Дене мен рух, жеке – жеке нәрселер болумен қатар, адамның өмірінде соншама сәйкескен, тіпті біреуінде болған ақау, екіншісіне де әсер етеді. Меһмет Соймен Өзінің ішкі сарайына көз жүгірте білетін әрбір адам – психологияның дап – дайын тұрғын дәрісі. К. Д. Ушинский Жан сыры деп жазылған Психология деген пән. Шәкерім Құдайбердиев Әрекет етудегі мақсатқа адам ең алдымен өзін – өзі жетілдіру, сонан кейін бір үйде немесе бір қалада тұратын басқаларды жетілдіру арқылы жетеді. Әл – фарабиДене мен рух, жеке – жеке нәрселер болумен қатар, адамның өмірінде соншама сәйкескен, тіпті біреуінде болған ақау, екіншісіне де әсер етеді. Меһмет Соймен Өзінің ішкі сарайына көз жүгірте білетін әрбір адам – психологияның дап – дайын тұрғын дәрісі. К. Д. Ушинский Жан сыры деп жазылған Психология деген пән. Шәкерім Құдайбердиев Әрекет етудегі мақсатқа адам ең алдымен өзін – өзі жетілдіру, сонан кейін бір үйде немесе бір қалада тұратын басқаларды жетілдіру арқылы жетеді. Әл – фараби
Ұлағатты сөздер.doc
Ұлағатты сөздер      Дене мен рух, жеке – жеке нәрселер болумен қатар, адамның өмірінде  соншама сәйкескен, тіпті біреуінде болған ақау, екіншісіне де әсер етеді.      Өзінің ішкі сарайына көз жүгірте білетін әрбір адам – психологияның дап –  дайын тұрғын дәрісі. Меһмет Соймен Жан сыры деп жазылған Психология деген пән. К. Д. Ушинский Шәкерім Құдайбердиев      Әрекет етудегі мақсатқа адам ең алдымен өзін – өзі жетілдіру, сонан кейін  бір үйде немесе бір қалада тұратын басқаларды жетілдіру арқылы жетеді.      Егер мақсатың болмаса, түк те тындыра алмайсың, ал мақсатың мардымсыз болса, ешқандай көрнекті нәрсе тындырмайсың. Әл – фараби Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады. Адамдарды алдына қойған мақсатына қарай бағалау керек. Д.  Дидро Л.  Фейербах Адам тек басқалар арасында ғана адам бола алады. Н.  Н.  Миклухо – Маклай И.  Бехер      Ұжым – күрделі оркестр, онда әркімнің өз аспабы болады, сол аспабымен  ойнайды. В.  А.  Сухомлинский Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені. Абай Құнанбаев Жеке адам өз ақыл – ойының толысқаны үшін қоғамға қарыздар. Н.  Г.  Чернышевский Ұжым әрқашан адамды көтеріп, оны аяғынан нық тұрғызады. Н.  А.  Островский      Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым –  қатынасы.  ... сөз жүзінде емес, мінез – құлықты іс жүзінде шыңдау арқылы іске асырауға  болады. А.  Линколын Әл – Фараби      Жақсы мінез – құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар  адамшылық қасиеттер болып табылады. Әл – Фараби       Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез – құлыққа  байланысты. Әл – Фараби       Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп  болмайды деген кісінің тілін кесер едім. Абай Құнанбаев      ... адам мінезінің, ақыл – қайратының әртүрлі болуы – тәрбиенің түрлі –  түрлі болуынан.      Жағдайдың өзгеруі мінезді де өзгертеді. Жүсіпбек Аймауытов Жүсіпбек Аймауытов      Тәуір мінез – білімнің аздығынан гөрі, жігердің жетіспеуінен көбірек жапа  шегеді. Мінез – принцип бойынша әрекет етуге қабілеттілік.      Мінез дегеніміз моральдық әдеттердің жиынтығы.      Мінез – құлық – әркім өзінің кейпін көрсететін айна. Г.  Спенсер И.  Кант А.  Стендаль И.  Гете      Мінез – әркімнің өзін – өзі нұсқап, мақсатқа жету жолындағы пәрменді  құлшынысынан байқалады.      Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы.      Мінез бірқалыпты адамдардың өмірі де жайма шуақ болады. И.  Гете У.  Гэзлит Демокрит      Сенім әдет болып қалыптасқанда ғана мінезге айналады.      Тек қана әдет арқылы адам өз мінезін қалыптастырып, ойы іске айналады.      Өзгермейтін, түзелмейтін мінез болмайды, Сондықтан бір жарамсыз  қылықты ақтап, аршып алу үшін мінездегі кемістікті сылтау ету тіпті бос сөз.  Адам өз мінезіне өзі жауапты. К. Д. Ушинский      Қабілеттілік те бұлшық ет тәрізді жаттығумен жетіледі. Б. М.  Теплов В.  Обручев      Егер адам бойындағы зиянды әдет – дағдыларды түп – тамырымен бір  уақытта жою үшін аз да болса бар күш – жігері мен кіріссе, одан құтылу да қиынға түспес еді... Бірақ та қиыншылығы сонда ­ мысқалдап ұзақ уақыт енген жаман әдет – дағдыны құрту үшін, соншама ұзақ уақыт күресу керек. К.  Д.  Ушинский      ... Түйсік  пен қабылдау неғұрлым нәзік болған сайын, адамның рухани  мәдениетін сипаттайтын эмоциялық диапазоны кеңейе түспек. В. А.  Сухомлинский      Тән сезіп, көзбен көрмек, мұрын исі, тіл дәмнен хабар бермек. Бесеуінен  мұндағы ой хабар алып, жақсы – жаман әр істі сол тексермек.      ... зейін – адамның жан дүниесіне енетіннің барлығы да өтетін бірден – бір  есік. Ш.  Құдайбердиев К. Д.  Ушинский      Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ,  ашығырақ қабылдауға, оларды санамызға сәулелендіруге болмас еді. Т.  Тәжіраев       Зейін дамытудың ең жақсы тәсілі адамдарға ықыласты болуға өзіңді  үйрету... Өзің туралы ойдан, өз қам – қаракетіңнен бойыңды алшақ ұстау...      ...ес болмаса, біздің түйсіктеріміз бен қабылдауларымыз пайда болған бетте із – түссіз жоғалып, адам мәңгі бақи жас нәресте қалпында қалар еді. С.  Соловейчик И. М.  Сеченов      Егер адамда ес болмаса... ол өмір бойы жиналған рухани байлық пен  мұраны меңгере алмай... ғылымның, тарихтың, өнердің, барлық мәдениет  атаулының ешбір өсіп – даму прогресі де болмас еді. Т. Тәжібаев      Өзінің есін дамытқысы келетін әрбір адам жүйелі және ұйымдасқан түрде  есте қалдыруға және қайта жаңғыртуға өзін үйретуі керек. Ой көрігінен сомдалып шыққан сөздің шынайысы да, жалғаны да болады. Б. М.  Теплов ...Әр сөздің айтылуына қарай мың мағынасы бар. Әл – Фараби  А. П. Чехов Тіл – ішкі сырды сыртқы шығаратын құрал. Жүсіпбек Аймауытов Тіл – халық тарихы. Тіл өркениет пен мәдениеттің даму жолы. А. И.  Куприн Ойың дұрыс болса, сөзің дұрыс, олай болса ісіңнің иесі дұрыс. Д. И.  Писарев Сөз көмескілігі – ой пікір көмескілігінің айнымас белгісі. Құнды сөз құнарлы ойдан туады. Л. Н.  Толстой Л. Н.  Толстой Сөйлеу мәдениеті өспейінше жоғары ақыл мәдениетіне жетуге болмайды. Сөз – өмірдің салиқалы түйіні Әрбір сөзде жатыр маржан бұйығы. Б. М.  Теплов Әбдірахман  Жәми Тіл – ұлттың жаны. Тіл – идеяның, сезімнің, ойдың жанды көрінісі. А. Н.  Толстой Халық өз тілінен айрылған кезде харакетінен де айрылады. Ойланбай айтқан сөзден без. И. Кант Сөз – ойдың көрінісі: ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр. Муслихитдин  Сағди В. Г.  Белинский Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау. Ахмет  Байтұрсынов Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті. Ойдың алғырлығы, қайраттың іскерлігі бәрінен де мәндірек. Ғабиден  Мұстафин Н. Г.  Чернышевский Әлішер  Науаи Тіріні көрге салар да – сөз, Өліні тірілте алар да – сөз. Сөзіне қарап кісіні ал, Кісіге қарап сөз алма. Шын сөз қайсы біле алмай Әр нәрседен құр қалма. Сөз өнерінің сұлулығынан халықтың жан сұлулығы туындайды. Абай  Құнанбаев К. Д.  Ұшинский Қиял!  Мұңсыз ақын да, философ та... тіпті адам болу да мүмкін емес.      Армандай білуге бейімділікте де ұлы даналық бар. Дени Дидро А. Франс Арман – жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң,  алға басу да жоқ, тірлік те жоқ.      Менің арманым – өмір үнемі алға қарыштай берсе екен. Л. Н. Толстой Г. И.  Успенский      ...арман деген көп белес. Біріне шықсаң бірі бар.      Арманмен ойнау қауіпті, күйреген арман өмірді бақытсыздыққа душар етуі де мүмкін. Ғабиден Мұстафин Д. И.  Писарев      Егерде арман адамның нақты әрекетінің орнына жүре бастаса, адам әрекет  етудің орнына бос қиялға сүңгісе... келешектің қамы болмай, дай лағу болып  шығады. Б. М. Теплов      Шабыт – тек іздеген адамға ғана кезігетін қонақ ... Жалқау адамға шабыт  жуымайды.      Шабыт... – ғаламат көрінген істің оп – оңай орындалуы. Ондайда сызу да,  жазу да, ою да, әлденені жасай салу да – әсерлі, әдемі. П. И. Чайковский Я. Корчак      Шабыттың өздігінен келіп, тербетіп оятуы қажет емес, тіпті жақсы,  келмейді екен – бәрі бір жұмыс істей беріңіз. И. С. Тургенев      Шабытты сақтау керек. Ол – творчествоның нақты құралы,  сүйіспеншіліктің дәнекері, ұзақ өмірдің арқауы. А. А. Богомолец      Өмірі мазмұнды кісінің творчествосы да мазмұнды. Суреткерге творчестволық жалын, жанқиярлық қажет. Г. Ибсен В. Н.  Мешков      Творчество – өте зор, тұрақты және қатты жігермен істелетін еңбек.      Ашуға берілу – басқаның кінәсі үшін өзіңді – өзің жазалаумен бірдей. Б. М. Теплов Д. Свифт      Адамның жан дүниесінің шарықтап, жан – жақты жетілуінің қажетті шарты  – сезімдерінің байлығы. Сезімнің қораш, солғын болушылығы – адамның  өмірін де күңгірт, мардымсыз етіп жібереді. Б. М. Теплов      Жеке өмірде терең сезім адамға зор қуат береді. Өзін терең, қуатты  сезімдерге баули алмағандар бүгін біреуге, ертең біреуге үстірт, кездейсоқ,  сүйіспеншілік білдіруге құштарланып тұрады.      Біздің жеке басымыз – бақ, ал біздің ерік – жігеріміз оның бағбаны. В. Шекспир      Ерен ерік – жігер – бір нәрсені қалау және жете білу ғана емес, қажет  болғанда одан бас тарта білу. А. С. Макаренко      Біздің еркіміз, бұлшық ет секілді ұдайы жетіліп отыратын әрекетпен  шындалады. К. Д. Ушинский      Сезімді тәрбиелеу ... – эмоцияны билеп, қажет емес жағымсыз  қобалжуларды басып тастайтын әдеттерге баулу. Ф. Н. Гоноболин Рухани байлығы мол ... жоғары идеяларға берілген адамдар қиын  жағдайлардың өзінде де қайратын жоймай, тіпті шат көңілмен өмір сүріп,  жұмыс істей береді.      Борыш сезімі нұрландырмаған өмірдің шын мәнінде ешқандай бағасы  болмас еді. А. Темірбеков      Өзіңнің борышынды орындап кетсең болды өзіңді тани кетесің. С. Смайлс И. Гете      Міндетті түрде күн сайын аз да болса міндет борышын атқарып отыру –  тамаша іс. Э. Делакруа      Өзіңнің борышынды орындауға тырыс, сонда сен өзіңнің неге тұратыныңды  дереу біліп аласың. Л. Н. Толстой      Борышты түсінуіне қарап адамның қылықтарын жақсы, жаман деп  бағалауға болады. Б. М. Теплов      Адамдық борыш, ат үшін,      Барша адамзат қамы үшін,      Серт бергем еңбек етем деп,      Алдағы атар таң үшін.       Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы,  жақсы ұстаздан болады. Шәкерім Құдайбердиев      Адамды, кісілікті терең ұғынған сайын кісі өзіне жақсы төреші бола алады. В. А. Сухомлинский Абай  Құнанбаев Бөгде адамның жетістігіне қуана білмеген адамға әлеуметтік өмірдің  мақсаты да жат.      Адамгершілік кімде болса, соны ер деп есепте.      Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,      Ұл атадан үйренбей сапар шекпес      Имансыздың жүрегінде Отан сүйіспеншілігі болмайды. А. П. Чехов Ахмет Жүйнеки Қорқыт ата Меһмет  Соймен      Қазақ меймандос халық, ол ең жақсы төсенішін қонағының астына төсейді,  асының дәмдісін соның аузына тосады. А. И. Левшин      Бала күнінен ат құлағында ойнау ­  қазақтың тұңғыш гимнастикасы. А. И. Левшин      Қазақтар сөз өнеріне жетік келеді. Бұл жұрттың бәріне: оқыған адамдарға  да, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет. А. Брем      Қазақ халқы әнқұмар халық ... Бір де бір жиын. Бір де бір ойын – сауық  өлеңсіз өтпейді.      Қазақтар сөз өнеріне жетік келеді. Бұл жұрттың бәріне: оқыған адамдарға  да, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет. М. В. Готовицкий      Қазақ халқы әнқұмар халық... Бір де бір жиын, бір де бір ойын – сауық  өлеңсіз өтпейді. М. В. Готовицкий А. Брем ...киіз үйді мекен еткен қазақтардың поэзияға бейімділігі Париж бен  Лондондағы оқымысты қауым өкілдерінен молырақ екеніне ешкім  таңданбауға тиіс. А. Вамбери      Қазақтар иен далада жел жетпес жүйрік мініп дағдыланған...      Оларды жауға қарсы ұрыста ешкім де, ештеңе де тоқтата алмайды.      Қазақ баласын үлкенді сыйлауға кішкентайынан үйретеді. И. Г. Эренбург Э. С. Эренбург      Қазақтардың көру қабілеті мейлінше дамыған...  Қазақ әдетте кең байтақ  жазирада өмір сүреді, сондықтан жас шағынан зер салып, шола қарауға  дағдыланған.    В. В. Радлов      Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның  дегенін істеу – қуаныш, мақсаныш.      Адам жүрексіз өмір сүре алмайтын болса, Отансыз да өмір сүре алмайды. Баубек  Бұлқышов К. Г. Паустовский      Отансыз бақыт жоқ, кім – кімнің де тамыр жаяр топырағы – туған жері.      Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ. И. С.  Тургенев Ғабит  Мүсірепов       Егер сен шын адам болсаң, халқының тағдырына қабырғасы қайыспайтын  қалтақбасты адам деуші болма.       Ұлттық мақтаныш – жеке адам мен ұлт үшін бұлжымас заң. Кімде – кім өз  ұлтын құрметтемесе және оны мақтан тұтпаса – ол адам сөзсіз арамза,  қанғыбас. Әлішер  Науаи ...өз ұлтын сүйген адам өз ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбан  қылады. Бауыржан  Момышұлы Мағжан  Жұмабаев      Жастық оты қайдасың,      Жүректі түртіп қозғамай?      Ғылымның біліп пайдасын,      Дүниенің көркін болжамай?      Мен жігін он бес – отыз арасында      Бұл жаста көп – бересі аласым да ... Абай  Құнанбаев Сұлтанмахмұт  Торайғыров       Жастық – арман. Бұл – сенім. Бұл ерлікке құштарлық. Бұл әрі лирика, әрі  романтика. Бұл болашақ жөніндегі үлкен – үлкен жоспарлар. Бұл –  перспектива атаулының бастауы. Назым  Хикмет      Қайран жастық... Бәлкім сенің ғажаптығың бәрін де тындыра аламын деп  ойлау мүмкіндігінде болар – ау! И. С. Тургенев      Жастық адамға бір – ақ рет беріледі, мұның басқа жас кезеңдерінен  ерекшелігі – барлық әдемілік атаулымен асқаралы мұратқа бір табан  жақындығы. В. Г. Белинский      ...Бүкіл ақыл – ой болмысының негіздері балаң жаста қаланады. А. И. Герцен      Бүгінгі жастарымызға ізгілік, парасат, жалындаған жігер тән. Олардың  көкірегі ояу, көңілдері сергек. Сүюге үйрету, махабатты тануға үйрету, бақытты болуға үйрету – бұлар  өзіңді өзің құрметтей білуге үйрету, адам баласының бойындағы жақсы  қасиетке үйрету болып табылады. Жазылбек  Қуанышбаев А. С. Макаренко      Өзінің әке – шешесін, жолдастарын, достарын жақсы көрмеген болса, жас  жігіт өзінің қалыңдығын, келіншегін ешқашан сүймейтін болады. А. С. Макаренко      Өзіне – өзі ғашық адамның қолынан шынайы махаббат келмейді... Өзімшіл  болсаң, онда отбасын құрмай – ақ қойғаның абзал. В. А. Сухомлинский      Үйлену дегеніміз ­  өз правоңның жарымын азайтып, міндетінді екі есе  көбейту деген сөз. А. Шопенгауэр      Егер ерлі – зайыптылар бастары қосылғанша бір – бірінің құлқын, әдеттері  мен мінездерін біліп алмаса, некенің бақытты болуы мүмкін емес. О. Бальзак      Өз сүйгеніңе адал, айнымас жар болу деген жан  дүниеңнің бір бөлігін  сүйікті адамыңа сыйлау деген сөз. В. А. Сухомлинский      Сүйіп үйлену ғана қызық, әдемілігіне ғана қызығып үйлену базардан  керексіз нәрсені жақсы болғаны үшін ғана сатып алғанмен бірдей. А. П. Чехов      Әйелің жақсы болса, бірінші – «иманың», екінші – жиғаның, үшінші –  ырысыңның тұрағы. Төле би      Аяғын көр, асын іш деген сөз бар,      Шешесін көр, қызын ал, сол белгісі. Шал ақын      Көргенді жерден қыз алсаң, атыңды ерттер жүгендеп, далаға жүрер уақта  керегіңді түгендеп... Майлықожа  Сұлтанқожаұлы      Қалыңдығыңа қалай қарадың, әйеліңе де солай қара Н. Г. Чернышевский      Балаларым болса екен деу – табиғи нәрсе ... бала болмаса, адам мен  адамның табиғи байланысының болуы да мүмкін емес. Цицерон      Перзент сүймей адамның мейірі қанбас.                                         Шал ақын     Егер естілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса  жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен – өзің есеп ал! Сол алдағы есеп  алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен... өзің өкінбестей қылықпен  өткізілсің бе? Жоқ болмаса, не қып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың? Абай Құнанбаев      1) Нені тез орындау көзделсе, қандай жағдайлар кездеспесін, орындайтын  бол. 2)Орындайтын ісіңді жақсылап орында. 3)Ұмытып қалғандарыңды еш  уақытта да кітаптан іздеме, оны өзің еске түсіруге тырыс. 4)Ақыл – ойынды  барлық күш – жігеріңмен тек іске жұмсай біл... Л. Н. Толстой      Адам өзінің мінезі мен ерікті – жігерін не үшін шындайтынына ылғи да есеп бере білуі тиіс. А. В. Петровский      Өзіңді – өзің бағындыруға, өзіңе – өзің билік көрсетуге кішкентайыңнан  үйрен. Құлқың соқпаған, бірақ қажетті істі атқаруға өзіңді көндіре біл.  Тиістіні тындыру – ерік – қайраттың бірінші қайнар бұлағы. В. А. Сухомлинский      Өзіңді – өзің тәрбиелеу үшін алдымен өзіңді – өзің қатал, әрі әділ сотына  тарта білуің керек. Адам өзіне – өзі бағынып, өзінің шешімдеріне бой ұсынып үйренуге тиіс. Н. А. Островский      ...адамның өзін – өзі тексеруі оның жан тұрмысының өркендеуіне, түзу  жолға түсуіне бірінші шарт. Мағжан  Жұмабаев Цицерон

Ұлағатты сөздер

Ұлағатты сөздер

Ұлағатты сөздер

Ұлағатты сөздер

Ұлағатты сөздер

Ұлағатты сөздер

Ұлағатты сөздер

Ұлағатты сөздер

Ұлағатты сөздер

Ұлағатты сөздер

Ұлағатты сөздер

Ұлағатты сөздер

Ұлағатты сөздер

Ұлағатты сөздер

Ұлағатты сөздер

Ұлағатты сөздер

Ұлағатты сөздер

Ұлағатты сөздер

Ұлағатты сөздер

Ұлағатты сөздер

Ұлағатты сөздер

Ұлағатты сөздер

Ұлағатты сөздер

Ұлағатты сөздер

Ұлағатты сөздер

Ұлағатты сөздер

Ұлағатты сөздер

Ұлағатты сөздер

Ұлағатты сөздер

Ұлағатты сөздер
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.02.2018