ВАШЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО
О ПУБЛИКАЦИИ В СМИ И РЕЦЕНЗИЯ
бесплатно за 1 минуту
Добавить материал
Количество Ваших материалов: 0.
Авторское
свидетельство о публикации в СМИ
добавьте 1 материал
Свидетельство
о создании электронного портфолио
добавьте 5 материала
Секретный
подарок
добавьте 10 материалов
Грамота за
информатизацию образования
добавьте 12 материалов
Рецензия
на любой материал бесплатно
добавьте 15 материалов
Нурбаев Досымбек Свидетельство о публикации Рецензия
Свидетельство о публикации Скачивание доступно только автору
Латын Америкасының шаруашылығының жалпы сипаты
Просмотр файла:

03.03..docx - Латын Америкасының шаруашылығының жалпы сипаты


Латын Америкасының шаруашылығының жалпы сипаты

Сабақ жоспары
Күні: 3.03.17
География—11
Сабақтың тақырыбы: Шаруашылығының жалпы сипаты. Көлік қатынасы
Сабақтың мақсаты: 1.Білімдік: Латын Америкасының шаруашылығы, сыртқы байланыстары туралы толық
мағлұмат беру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету.
3.Дамытушылық: Балалардың өзіндік ойлана білуіне, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға,
өздерінше іздене білулеріне, т.б. үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің саяси картасы, қосымша деректер
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақтар беріп бағалау.
1.Латын Америкасының халқының саны?
2.Аймақтың байырғы халқы үндістер қанша пайызын құрайды?
3.Аймақтың урбандалу деңгейі?
4.Аймақта қанша «миллионер» қала бар?
5.Аймақтағы ең үлкен агломерация?
6. Аймақтағы ең «еуропаландырылған» елі?
3.Жаңа сабақ.
Отарлау кезеңінде аймақта бағалы металдар өндірісі мен плантациялық
шаруашылық басым дамыды, бұл өнімдер түгелімен дерлік Еуропа нарығына
бағытталған болатын. Тәуелсіздігін алғаннан кейін де, бұл елдердің шетел
қаржысына негізделген сыртқы нарыққа бағынышты экономикасы біржақты
дамыды. 20 ғасырдың басында Гондурас жеріндегі банан плантацияларына иелік
еткен АҚШ бұл елдің барлық істеріне араласа алатын. Сондықтан осы елге
қатысты ең алғаш рет «Банан республикасы» деген атау пайда болды. Аймақтың
минералды ресурстары барланған соң Мексика, Венесуела, Перу, Боливия, Чилиде
шетелдің компаниялардың иелігіндегі ірі мұнай кәсіпшіліктері мен кеніштері пайда
болды. Кариб алабындағы қант қамысын өсіруге маманданған аралдық
мемлекеттер «қант салғышқа», ал Бразилия ен Колумбия «кофе елдеріне»
айналды. Аргентина, Уругвай мен Бразилия жеріндегі пампада ет пен жүн
дайындалды.
Өнеркәсібі. Аймақта тау-кен өнеркәсібі күшті дамыған, бұған минералды шикізат
қорының молдығы мен алуан түрлігі себепші болған. Латын Америкасында
қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсіп салаларының бірі –энергетика.
Энергетикалық шикізат негізін мұнай мен газ құрайды. Олардың үлесіне бастапқы
энергия көзінің 85 пайызы тиісілі.
Қара және түсті металлургия жергілікті шикізат базасы негізінде және шетел
қаржысының қатысуымен дамуда. Бұл салаларды соңғы кезде жаңа
технологияларды пайдалану және экспортқа бағдарлану жобалары жүзеге
асуда.Алюминий өндірісіне қажетті мол боксит қоры, арзан электр энергиясы бар
Бразилия бұл салада жетекші орын алады. Қазіргі кезде Латын Америкасына
әлемдегі таза мыс өндірісінің 25 пайызы тиісілі. Мыс өндіруден Чили жетекші ел
болып саналады. Метал өңдеу мен машина жасау өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі
жоғары болған ымен, орналасуында ала-құлалық байқалады. Аймақтағы жетекші
үш ел бұл саладағы өнімнің 2/3 бөлігін өндіреді. Метал өңдеу мен машина жасау
кәсіпорындары Венесуэла, Колумбия, Чили мен Перу де бар. Аймақтағы

Латын Америкасының шаруашылығының жалпы сипаты

автомобиль өндірісінің аумақтық шоғырлануы күшті; Бразилия автозаводтары,
негізінен, Сан-Паулу мен Сантус порттары аралығында, ал Мексикада Мехико
маңында, Аргентинада Кардова қаласының айналасында орналасқан. Аймақта,
сондай-ақ кемелер мен ұшақтар, құрал-жабдық пен тұрмыс техникасы жасалады.
Аймақ экономикасының маманданған салаларының бірі –мұнай өңдеу өнеркәсібі.
Аймақтың үлесіне жалпы дүниежүзінде өңделетін мұнайдың 14 пайызы тиісілі, бұл
ішкі өнім ғана емес, едәуір мөлшерде сырттан әкелінетін мұнай да өңделеді деген
сөз.
Латын Америкасы аумағының көпшілік бөлігінің тропиктік және субтропиктік
белдеулерде орналасуы, агроклиматық жағдайларының қолайлығы ауыл
шаруашылығы дақылдарынан жылына 2-4 рет өнім жинауға мүмкіндік береді.
Орталық және Кариб аралындағы аралдық елдерде жер түгелімен дерлік
өңделеді. Дегенмен, жалпы алғанда, аумақтың жер ресурстары толық
пайдаланылмай келеді. Өңделген жерлер ауданы аумақтың тек 1/10 бөлігін ғана
құрайды.
Өсімдік шаруашылығы-аймақтағы барлық дерлік елдердің (Аргентина мен
Уругвайдан басқа) ауыл шаруашылығының жетекші саласы.
Қант қамысы-аумақтағы ең байырғы және кеңінен таралған дақылдардың бірі. Ол
Чили мен Уругвайдан басқа елдердің барлығында өсіріледі. Бразилия мен Куба
қант қамысын өндіруден дүниежүзінде жетекші орын алады.
Какао аймақтың 16 елінде өсіріледі. Жетекші елдер Бразилия, Экуадор және
Доминикан Республикасы. Бананды экспорттаудан Эквадор дүниежүзінде бірінші,
Косто-Рика 2-орын алады.
Көлік. Темір жолының басым бөлігі Бразилия мен Аргентинаға тиісілі.
Панамерикалық шоссенің аймақ экономикасы үшін маңызы зор. Панама каналы
1914 жылы пайдалануға берілді.
Сабақты бекіту.
1.Болат балқытудан жетекші ел: /Бразилия/
2.Панама каналы қай жылы салынды: /1914 ж/
3.АҚШ-тан Аргентинаға дейін созылып жатқан тас жол: /Панамерикандық/
4.Дүниежүзі бойынша кофенің 20 пайызы қай елге тиісілі: /Бразилия/
5.Банан өсіруден жетекші елдер: /Панама мен Косто-Рика/
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: Латын Америкасынғы шаруашылығы. Оқу.

Латын Америкасының шаруашылығының жалпы сипаты

Сабақ жоспары
Күні: 3.03.17
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Ауа райы және климат
Сабақтың мақсаты: Ауа райы және климат туралы түсінік бере отырып, оның
өзгеру себептерін ашып, болжау түрлеріне тоқталу. Климаттың алуан түрлілігіне
сипаттама беру. Жергілікті жерді климатын талдау. Атмосфераның
құбылыстарымен танысу арқылы , оны қорғау мәселелерін қарастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын сұрау.
Қосымша сұрақтар беріп, бағалау.
1.Жауын-шашын дегеніміз не?
2.Жауын-шашынның қандай түрлері бар?
3.Жауын-шашынның мөлшерін анықтайтын құрал?
4.Бұлттың неше түрі бар?
5.Жер шарындағы жауын-шашын ең көп түсетін жер?
6.Жер шарында жауын-шашын ең көп түсетін жылу белдеуі?
Жел қаңтар айында с-тен 5 күн, о-тен 3 күн, б-тан 6 күн, шығыстан 4 күн, об-2 күн,
ош-3 күн, сш-4 күн, сб- 3 күн соқты. Жел өрнегін сыз.
Жаңа сабақ.
Атмосфераның жер бетіне таяу қабаты- тропосфераның белгілі бір жердегі белгілі
бір қысқа мерзімдік (тәулік, апта, ай) жай-күйін ауа райы дейді. Атмосфера
қысымы, температура, ылғалдылық, жауын-шашын және жел ауа райының
элементтері.
Ауа райы — атмосфераның жергілікті жердегі белгілі бір уақытта немесе уақыт
аралығында (тәулік, ай) байқалатын құбылмалы жағдайы. Ол көбіне атмосф-ның
төменгі тропосфера қабатының күйімен сипаттайды. Себебі, А. р-н өзгертетін
негізгі процестер осы қабатта дамиды. Бірақ, әртүрлі биіктіктегі атмосф.
процестер бір-бірімен тығыз байланыста болады, сондықтан жер бетіндегі А. р-ның
өзгеру себептерін білу үшін атмосфераның жоғарғы биік қабаттары зерттеледі. А.
р. метеорол. өлшемдермен (температура, қысым, жел, ауа ылғалд., бұлттылық,
атмосфералық жауын-шашын) және атмосфералық құбылыстармен (тұман,
найзағай, боран, дауыл т.б.) сипатталады. Жер бетіндегі А. р-ның өзгеруі

Латын Америкасының шаруашылығының жалпы сипаты

тіршілікке, табиғатқа елеулі ықпал жасайды. А. р-ның көп жылдық режимі климат
деп аталады.
Тропосфераның температурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі, т.б. қасиеттері жөнінен
біртектес ірі бөлігі ауа массалары деп аталады. Жер шарында негізгі 4 түрлі ауа
массасы бар: 1) Экваторлық ауа массасы – экваторлық ыстық белдеуде
қалыптасады. Жылдың барлық мезгілінде жылы әрі ылғалды болады. 2) Тропиктік
ауа (солтүстік және оңтүстік жартышарларда) – жылы және құрғақ ауа. 3)
Қоңыржай ендіктің ауасы (екі жартышардың қоңыржай ендігінде қалыптасады) –
тропиктік ауаға қарағанда салқын, бірақ ылғалды, ал арктикалық немесе
антарктикалық ауаға қарағанда жылы және ылғалды. 4) Арктиткалық ауа
(оңтүстік жартышарда антарктикалық ауа) – биік ендіктерде пайда болатындықтан
суық ауа. Экваторлық ауадан басқа негізгі ауа массалары континенттік және
теңіздік болып екіге бөленеді.
Ауа райы карталары – шартты белгілермен және цифрлармен ауа райының белгілі
бір кезеңдегі жай-күйін көрсететін карталар. Ауа райын болжау картасы – алда
температруаның күйі, желдің бағыты қандай болатынын, жаңбыр немесе қар
жаууы, тұман түсу мүмкіндігі сияқты белгілерді көрсететін карта.Мыналарды
анықтап еске сақтайды: Ауа райын болжау бүкіл жер бетіндегі метеорологиялық
стансаларда және атмосфераның біршама биік қабаттарында жүргізілетін
бақылауларға негізделеді. Қазіргі кезде Жер шарында 10 мыңнан астам
метеорлогиялық стансалар бар. Бүкіл дүние жүзінің метеоролог мамандары
бірыңғай Гринвич уақытымен бақылау жүргізеді. Атмосфераның жай-күйі туралы
деректер ауа райы кемелерінен, ұшақтардан, зымырандардан, автомат
стансалардан, метеорологиялық Жер серіктерінен алынады.
Климат — грекше –(еңкейіс) — белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық
режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен
оның бір ізбен өзгеріп отыруы.
Ол физикалық (климат жасайтын) процестердің, күн радиациясының,
атмосфералық циркуляцияның, жер беті бедерінің туындысы. Белгілі бір жердің
климатын толық білу, оның басқа жердің климатымен салыстырғандағы
ерекшеліктерін айыру, сонымен қатар берілген жердің климатының өзгеруін
байқау тек көп жылдар бойы жүргізілген байқауларды жүйелеу, қорыту негізінде
айқындалады.Сабақты бекіту сұрақтары:
1.Ауа райы дегеніміз не?
2.Ауа райы элементтеріне нелер жатады?
3.Ауа райын зерттеушілерді кімдер дейді?
4.Ауа райы құбылыстары?
5. Климат дегеніміз не?
6.Климат грекше не мағына береді?
7.Климаттың элементтеріне жатады?
8.Теңіздік климат дегеніміз не?
9.Жер шарында неше климаттық белдеу бар?
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу.

Латын Америкасының шаруашылығының жалпы сипаты

Прямая ссылка на скачивание файла: Скачать файл