«Математика алеминде» атты сайыс сабак
Оценка 4.9

«Математика алеминде» атты сайыс сабак

Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
математика
9 кл
17.02.2017
«Математика алеминде» атты сайыс сабак
Күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, математикадан алған білімдерін тереңдету, математикалық ой- өрісін дамыту, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деп Шоқан Уәлиханов, «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп Қ. Сәтбаев айтып кеткендей, еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.
«Математика әлемінде» атты сайыс сабақ.docx
Тақырыбы: «Математика әлемінде» атты сайыс сабақ Мақсаты: Күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, математикадан алған  білімдерін тереңдету, математикалық ой­ өрісін дамыту, білімді, дарынды, озық болуға  тәрбиелеу.  «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім  қажет» деп Шоқан Уәлиханов, «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу,  іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне  дейін көтеріледі» деп Қ. Сәтбаев айтып кеткендей, еліміздің болашағы тек қана білімді  жастар екені даусыз. Олай болса, 9­ сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған  «Математика  әлемінде» атты интеллектуалдық сайысымызды бастаймыз. Ғылымдардың патшасы атанғансың Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың. Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа Жасықтан емессің сен, қаталдансың «Ақыл ойды тәртіпке»  келтіретін Нағыз пән – математика атанғансың! – дей келе.                                      Ұпай есептеу үшін әділқазы мүшелерін сайлау. Алдымен қатысушы оқушыларды таныстыру. Сайыс 5 бөлімнен тұрады. І бөлім – «Бәйге» ІІ бөлім – «Тіл ­ өнер» ІІІ бөлім – «Математика мақал­ мәтелде» ІҮ бөлім – «Әзіл есептер» Ү бөлім – «Жорға» Мәңгі бақи есте қалар, Қызықты бір жиын болсын. Білімдірек шәкірт озар Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын І  бөлімін бастаймыз. І бөлім  «Бәйге». Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез  болу керек. Қай оқушы қолындағы карточкасын бірінші көтереді, сол ойыншы жауап  береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Сұрақтар: 1. Геометрия сөзі грекшеден аударғанда қандай ұғымды білдіреді? (жер өлшеу) 2. Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан?  («Әл – жебр деген араб сөзі») 3. Параллелепипедтің неше қыры, неше жағы бар?(12 қыры, 6 жағы) 4. Үшбұрыштың төбесі мен қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын кесінді.(медиана) 5. Шеңбердің ең үлкен хордасы  (диаметр) 6. Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)  7. 2 ғасырда неше жыл бар?  (200) 8. Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралатын геометриялық фигура. (бұрыш) 9. Кез – келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады. (түзу) 10. Қандай түзулердің ортақ нүктесі жоқ. (параллель) 11. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир) 12. Кез­келген барлық санға қалдықсыз бөлінетін сан? (1) 13. Тік бұрыш неше градусқа тең? (90 градус) 14. Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады? (1) 15. Қандай өрнекті әріпті өрнек деп атайды?(құрамында әрпі бар өрнекті әріпті өрнек деп  атайды) 16. Координаталық жазықтықта неше ширек бар? (4) 17. Геометриялық жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі. (планиметрия) 18. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (180 градус)            ІІ бөлім «Тіл ­ өнер».  Білім деген биік шың, Бақытқа сені жеткізеді. Білім деген ақылшың, Қиындықтан өткізер – дей келе, «Тіл ­ өнер» деп аталатын ІІ бөлімде жұмбақ, мақал – мәтел не өлең жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып, орысшаға, ағылшынға  аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, үш тілде  жауап берсе 30 ұпай. Осы бөлімнен кейін ұпайы аз екі оқушы ойынмен қош айтысады. 1) Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, Ұзындығы жазулы тұр бойында.  (сызғыш, линейка,  a ruler) 2) Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. Тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша  тартады?  ( он екі, двенадцать,    twelve)   3) Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді.(қалам, ручка, pen) 4) Ел құлағы нешеу? (елу, пятьдесят, Fifty)  sooty 5) Отыз тістен шыққан сөз – неше рулы елге тарайды? (отыз, тридцать,     ) 6) Қабат­қабат қаттама, ақылың болса  аттама (кітап, книга, book)   Ұпайы аз 2 оқушы шығады.   ІІІ бөлім. «Математика мақал­ мәтелде» Әр жауапқа 5 ұпай. 1. Жүз теңгең болғанша ... (Жүз досың болсын) 2. Отыз тістен шыққан сөз, ... (Отыз рулы елге тарайды) 3. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, ... ( төртеу түгел болса төбедегі жетеді) 4. Жеті рет өлшеп ... ( бір рет кес) 5. Бір тал кессең, ... ( он тал ек) 6. Білгенің бір тоғыз, ... ( білмегенің тоқсан тоғыз) 7. Ұлға отыз үйден , ... ( қызға қырық үйден тыйым) 8. Білімді бірді жығады, ... ( білекті бірді жығады) 9. Бір кісі қазған құдықтан, ... ( мың кісі су ішеді) І­бастаушы: Тағы келді сыналар шақ айналып Тереңіне білім­теңіз бойланып. Кім шешеді, сол сайыста ұтып тұр Алдарыңда « Әзіл есеп » күтіп тұр ІҮ бөлім –«Әзіл есептер»  мен логикалық есептер шығарылады. Әр есеп 5 ұпай. 1. Өзі менің әкемнің баласы , бірақ ол маған аға да, іні де емес. ( өзім) 2. Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге? ( бір бала  қоянды торымен алды) 3. Төрт пен бестің арасына қандай таңба қойғанда төрттен артық , бестен кем сан шығады  ( үтір) 4. Түлкі мен қасқыр екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға  нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған  үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында он балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды? ( Қасқыр­25, ең көп балықты түлкі алды ­30, 5 балыққа артық.) 5. Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса,жолда бір түлкі сұлап жатады, шал  қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта  1 балық, 2 минутта 2 балық, т.с.с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық  лақтыра береді. 5 минутта барлығы неше балық лақтырған. (31)  6. Үш жүргізушінің самат деген інісі болса керек. Бірақ Саматтың ағалары болмапты.  Сонда қалай? ( апалары) Ү бөлім. «Жорға»  «Жарыс заңы ежелден, Жеңімпазды анықтау. Жеңімпаз болу шарты сол Еңбектену жалықпау»­ дей отырып, ойынымыздың «Жорға» Ү бөлімінде әрбір  ойыншаға жеке­жеке сұрақтар қойылады, жылдам, тез жауап беруі қажет.    (Әр дұрыс  жауап 10 ұпай) 1. Шеңбер бойындағы кез – келген нүктені центрмен қосатын кесінді.(радиус) 2. Ортақ бөлгіші 1­ге тең сан. (өзара жай сан) 3. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек. (бұрыс бөлшек) 4. Нәрселерді санағанда қолданылатын натурал  сан. (натурал сан) 5. 369 саны 3­ке бөліне ме? (иә) 6. Қабырғасы 1­ге тең квадраттың ауданы неге тең? (1) 7. Дәлелденбейтін тұжырым не деп аталады? (аксиома) 8. Бағытталған кесінді. (вектор) 9. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны қалай аталады? (шеңбер) 10. ОХ осі қалай аталады? (абсцисса) 1. Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді. (диаметр) 2. Көбейтіндісі 1­ге тең бөлшектер қандай сандар деп аталады? (өзара кері) 3. 640 саны 5­ке бөліне ме? (иә) 4. Алымы бөлімінен кіші бөлшек. (дұрыс бөлшек) 5. Натурал сандар нешеден басталады? (1­ден) 6. Дәлелденетін тұжырым не деп аталады? (теорема) 7. Жазыңқы бұрыш шамасы нешеге тең? (180 градус) 8. Шеңбер  ұзындығының диаметрге қатынасы нешеге тең не пи­дің мәні нешеге тең? (3,14) 9. Биссектрисалары өзара перпендикуляр болатын төртбұрыш. (шаршы, ромб) 10. ОУ осі қалай аталады? (ордината)                                                                                                   Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз. Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз. Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз. Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз ­дей отырып, жеңімпазды анықтау үшін әділқазы  мүшелерге сөз кезегін берейік. Көңіл бөліп бұл кешке, Келгендерге көп рахмет. Шын сезінген көрерменге, Мың рахмет, мың рахмет!

«Математика алеминде» атты сайыс сабак

«Математика алеминде» атты сайыс сабак

«Математика алеминде» атты сайыс сабак

«Математика алеминде» атты сайыс сабак

«Математика алеминде» атты сайыс сабак

«Математика алеминде» атты сайыс сабак
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.02.2017