«Менің Қазақстаным-менің болашағым».
Оценка 4.7

«Менің Қазақстаным-менің болашағым».

Оценка 4.7
Мероприятия +1
docx
воспитательная работа
5 кл
10.01.2017
«Менің Қазақстаным-менің болашағым».
Мұғалім: Тыңда, дүние ғаламат,бар адамзат! Бүгін біздің сыныпта думанды күн! Барлығыңызға дауыстап ұран айтып, Тойлаймыз сыныптағы тәрбие сағатын. Қымбатты ұстаздар, ата-аналар бүгінгі 5 «Б» сыныбының «Менің Қазақстаным-менің болашағым» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер! Батырлыққа уызынан жарыған Ер түркіні байрағынан таныған Өзі әнші, өзі ақын халықта Кім айта алар болмаған деп әнұран. Сынып қатар түзеп, тік тұрайық! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны шырқалсын! Фильм Әнұран көрсету,бірге шырқау. Оқушылар хормен музыканың сүйемелдеуімен әнұранды шырқайды.Әнұран айтылғанда интерактивті тақтадан Қазақстан Республикасының туы,елбасы суреті,Ата заң,Астана қаласы,ондағы ескерткіштер,қазақ ғарышкерлерінің суреттері көрсетіледі.Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік.Оқушылардың отан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. 2.Дамытушылық.Сөз қорын, ақыл-ойын молайту. 3.Тәрбиелік.Адамгершілікке, отансүйгіштікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: мақал-мәтелдер, слайд, шарлар, жалау, әнұран музыкасы, суреттер.
ертенгі тәрбие сағаты.docx
Сабақтың тақырыбы: «Менің Қазақстаным­менің болашағым». Сабақтың мақсаты:  1.Білімділік.Оқушылардың отан, туған жер туралы түсініктерін           кеңейту. 2.Дамытушылық.Сөз қорын, ақыл­ойын молайту. 3.Тәрбиелік.Адамгершілікке, отансүйгіштікке,ұлтжандылыққа  тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: мақал­мәтелдер, слайд, шарлар, жалау, әнұран музыкасы,  суреттер. Сабақтың әдісі: сұрақ­жауап,түсіндіру Сабақтың жүрісі: І.Ұйымдастыру. Оқушылар назарын сабаққа аударту,екі қатарға бөліп отырғызу.Оқушылардың  басында көк пилотка,мойындарында көгілдір галстук тағылған ІІ.Негізгі бөлім. Мұғалім:                        Тыңда, дүние ғаламат,бар адамзат! Бүгін біздің сыныпта думанды күн! Барлығыңызға дауыстап ұран айтып, Тойлаймыз сыныптағы тәрбие сағатын. Қымбатты ұстаздар, ата­аналар бүгінгі 5 «Б» сыныбының                             «Менің Қазақстаным­менің болашағым» атты тәрбие сағатына қош  келіпсіздер! Батырлыққа уызынан жарыған Ер түркіні байрағынан таныған Өзі әнші, өзі ақын халықта Кім айта алар болмаған деп әнұран. Сынып қатар түзеп, тік тұрайық! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  әнұраны шырқалсын!  Фильм Әнұран көрсету,бірге шырқау. Оқушылар хормен музыканың сүйемелдеуімен  әнұранды шырқайды.Әнұран  айтылғанда интерактивті тақтадан Қазақстан Республикасының туы,елбасы  суреті,Ата заң,Астана қаласы,ондағы ескерткіштер,қазақ ғарышкерлерінің  суреттері көрсетіледі. Еліміз егемендігін алған күннен бастап өз тілі, өз әнұраны, өз елтаңбасы, өз туы,  өз теңгесі, өзіндік салт­санасы мен өз шекарасы белгіленген дербес күйге ендік.  Осы күнді ғасырлар бойы жауымен арпалысып келген ата­бабаларымыз қалай  аңсады десеңізші!         Ия,  біз ата­бабаларымыздың арманына жеттік. Етек жеңін жинаған,  көршілерімен тату –тәтті өмір сүрген ел болдық. Көкшедей сұлу табиғаты,  Каспийдей кең айдыны, Алатаудай асқары бар сұлу табиғат бізде десек артық  айтпаймыз.Рас, сұлу табиғат, бай өлке бізде. Оны ақын жырлары да растай  түскендей. Ырғалған жас жанымда гүл боп жайнап, Сенбісің Қазақстан деген аймақ? Сенбісің дүниені дүр сілкінтіп, Өмірдің думан тойын жатқан тойлап Ата­бабаларымыз жылдар бойы аңсаған күнін, күткен таңын біздер, бүгінгі  ұрпақ қадірлеп, осы күн үшін күрескен азаматтарымызды еске алып, ертеңгі  күніміз бүгінгіден де жарқын болсын деп армандаймыз! Тәуелсіз елдің жырын жырлап ғарыштан Қазағыммен бүкіл әлем танысқан Келешегі кең өрісті кемелді Жайна мәңгі Қазақстан гүлстан! Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін Көрсең ашық Алатаудың күндерін Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген Ұлан –байтақ Республикам бұл менің!  «Қазақстаным» фильмін көру.  Біздің тәрбие сағатымыз екі бөлімнен тұрады: 1­ші бөлім­Топтар арасындағы сайыс  Отан –ата­бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп­өніп келе жатқан жері.  Ендеше келесі кезекті Отан, туған жер туралы ұлағатты сөздерге берейік.  «Жүрген жақсы, көп дүниені көрген жақсы.Көре біліп, жүре­жүре келіп Отаңына  қайтқан бәрінен де жақсы.»М.Әуезов « Отан үшін отқа түс –күймейсің.» Б.Момышұлы « Елің үшін аянба­ерлігіңе сын,Жұртың үшін аянба –жігіттігіңе сын.»Б.Момышұлы « Туған жердің намысы, бөтен қолда кетпесін.» Қ.Рысқұлбеков « Алтын анам Отаным, сеннен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ ­деп ер­ қайратыңа мін­дағы, өрге бас.» М.Әуезов « Туған ел дүниеде сен болмасаң, өзімді отқа атар едім әлдеқашан.»Қ.Аманжолов. « Күн көреді әкесіз де, анасыз да,өмір сүрер  әйелсіз де, баласыз да,ал Отансыз нағыз  сорлы –панасыз.» М.Мақатаев Мұғалім: Кезек топтар арасындағы сайысқа да келіп жетті. Сайыс шарттары : 1.Топтың аты, ұраны 2.» Білгенге маржан», яғни сұрақтарға жауап беру. 3. «Мақал­сөздің мәйегі» деп аталады. Мұнда берілген  мақалды  жалғастыру. Әр дұрыс жауап 1 жалаумен белгіленеді. 1 топ — «Атамекен» тобы Ұраны: Атамекен анаң екен, Қысылғанда панаң екен. 2 топ­ «Туған жер» тобы Ұраны: Туған жердей, жер болмас Туған елдей, ел болмас 2­ ші шарт бойынша сұрақтарға жауап беру. 1.Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? 1986 жылы  16 желтоқсан 2. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан жариялады? 1991жылы 16желтоқсан 3.Ұлттық валютамыз қашан енгізілді? 1993жылы 4.Қазақстан Республикамыздың елтаңбасының авторы? Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов 5.Қазақстан Республикамыздың туының  авторы?   Ш.Ниязбеков 6. Қазақстан Республикамыздың гимннің  авторы? Сөзі: Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов Әні: Ш.Қалдаяқов 7. Астанамыз Астана қаласы болып қай жылы аталды? 1997м 8.Қазақтың тұңғыш ғарышкерін ата? Тоқтар Әубакіров 9.Қазақстан жер көлемі жөнінен нешінші орында тұр? 9­шы орында 10. Қазақстан Республикасы қай елдермен көршілес? Ресей, Түркіменстан, Әзірбайжан, Қытай 11. Қазақтың үш биін ата? Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. 12. Ақ күрішті аймақ?  Қызылорда 13. Мұнайлы өлкелерді ата? Маңғыстау, Атырау 14. Қазақстан Республикасында неше облыс, неше қала бар? 14облыс, 85қала 15.Бәйтерек ескерткішінің биіктігі неше метр? 97м Мұғалім: Келесі кезекті «Мақал –сөздің мәйегі» деп аталатын бөлімге береміз.  Сіздерге туған жер, Отан туралы мақалдардың бастапқы бөлігі беріледі, сіздер соның жалғасың табасыздар. 1.Отан­ елдің анасы, Ел ­елдің анасы 2. Отанасыз адам Ормансыз бұлбұл 3. Отанды сүю­ Отбасыдан басталады 4. Аққу көлін аңсайды Адам туған жерін аңсайды 5. Ит­ тойған жеріңе Ер ­туған жеріңне. 6. Отан үшін күрес­ Ерге тиген үлес Қай топта жалау көбін, анықтау. Ұпай саны көп топты марапаттау.Мақтау қағазын  беру. Мұғалім: Екі топқа бүгінгі тақырып бойынша сурет салу.  Тәрбие жұмысының орынбасарына,  ата­аналарға сөз кезегін беру. Мұғалім: «Көк тудың желбірегені» атты фильм көру. Құрметті қонақтар, алтын  уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп­көп рахмет. Еліміз тыныш, басымыз аман  болсын!Кезекті «Атамекен» әніне берейік. Хор: музыканың сүйемелдеуімен «Атамекен» әні. Әнді айтқанда оқушылар  қолдарындағы жалауды желбіретеді. «№2 Бадамша орта мектебі» Тәрбие сағаты: 5 «Б»­сынып Орындаған: Жакипова Альбина Мені ң Қаза қста ным­ мені ң бола шағы м Бадамша 2015 жыл

«Менің Қазақстаным-менің болашағым».

«Менің Қазақстаным-менің болашағым».

«Менің Қазақстаным-менің болашағым».

«Менің Қазақстаным-менің болашағым».

«Менің Қазақстаным-менің болашағым».

«Менің Қазақстаным-менің болашағым».

«Менің Қазақстаным-менің болашағым».

«Менің Қазақстаным-менің болашағым».

«Менің Қазақстаным-менің болашағым».

«Менің Қазақстаным-менің болашағым».

«Менің Қазақстаным-менің болашағым».

«Менің Қазақстаным-менің болашағым».

«Менің Қазақстаным-менің болашағым».

«Менің Қазақстаным-менің болашағым».

«Менің Қазақстаным-менің болашағым».

«Менің Қазақстаным-менің болашағым».
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.01.2017