Мұхтар Шаханов «Төрт ана»
Оценка 4.6

Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Оценка 4.6
Лекции
doc
чтение
3 кл
08.04.2017
Мұхтар Шаханов «Төрт ана»
Кіріспе бөлім Мұхтар Шахановтың өмір жолы Мұхтар Шаханов 1942жылы шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында туған. Жеті жылдық мектепті бітірген соң, трактордың тіркеушісі, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, «Лениншіл жас»газетінде оңтүстік облыстар бойынша меншікті тілші, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық «Жалын» журналының бас редакторы, т.б қызмет атқарды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР халық депутаты 1993-2003жж. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды. 2003-2004жж «Жалын» журналының бас редакторы, әлем ойшылдарының басын біріктіретін «ХХІ ғасыр және руханият»атты халықаралық элита клубының президенті.2004жылы ҚР президент міжілісінің депутаты болды. Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған. «Махаббат заңы», «Сенім патшалығы», «Сокротты еске алу түні»атты драмалары республикамызды және шетел театрларында қойылған Ш.Айтматовпен бірлесіп жазған «Құз басындағы аңшының зары» атты эссе кітабы мен «Сократты еске алу түні», драмасы көптеген тілге аударылған.. Қырғыз Республикасының халық ақыны, 1994 жылы ҚР халық жазушысы, 1999 жылы БҰҰ қоршаған орта бағдарламасы сыйлығының, Қазақстан және Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтарының, Түрік Республикасының «Түрік дүниесіне қызмет үшін» халықаралық сыйлығының және Қырғыз Республикасы халықаралық «руханият» түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің, ЮНЕСКО-ның «Боорукер» клубы сыйлықтарының иегері.Мұхтар Шаханов «Төрт ана»
Мұхтар омір баяны.doc
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы  КММ «Теңдік орта мектебі» Реферат Мұхтар Шаханов «Төрт ана» Дайындаған: Амиза А 2015­2016 оқу жылы Мазмұны Кіріспе бөлім.Мұхтар Шахановтың өмір жолы................................3 Негізгі бөлім. Мұхтар Шаханов «Төрт ана»......................................4 Қорытынды .........................................................................................8 Кіріспе бөлім Мұхтар Шахановтың өмір жолы Мұхтар Шаханов 1942жылы шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы,  Отырар ауданы, Шілік ауылында туған. Жеті жылдық мектепті бітірген  соң, трактордың тіркеушісі, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде  әдеби қызметкер, «Лениншіл жас»газетінде оңтүстік облыстар бойынша  меншікті тілші, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы,  республикалық «Жалын» журналының бас редакторы, т.б қызмет атқарды.  КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР халық депутаты  1993­2003жж.  Қазақстан Республикасының  Қырғыз Республикасындағы Төтенше және  Өкілетті Елшісі қызметінде болды. 2003­2004жж «Жалын» журналының  бас редакторы, әлем ойшылдарының басын біріктіретін «ХХІ ғасыр және  руханият»атты халықаралық элита клубының президенті.2004жылы       ҚР  президент міжілісінің депутаты болды. Балладалары мен поэмалары дүние  жүзі халықтарының 20­дан астам тілдеріне аударылған. «Махаббат заңы»,  «Сенім патшалығы», «Сокротты еске алу түні»атты драмалары  республикамызды және шетел театрларында қойылған Ш.Айтматовпен  бірлесіп жазған «Құз басындағы аңшының зары» атты эссе кітабы мен  «Сократты еске алу түні», драмасы көптеген тілге аударылған.. Қырғыз  Республикасының халық ақыны, 1994 жылы ҚР халық жазушысы,        1999 жылы БҰҰ қоршаған орта бағдарламасы сыйлығының, Қазақстан және  Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтарының, Түрік Республикасының  «Түрік дүниесіне қызмет үшін» халықаралық сыйлығының және Қырғыз  Республикасы халықаралық «руханият» түрік дүниесі жазушылар  бірлестігінің, ЮНЕСКО­ның «Боорукер» клубы сыйлықтарының иегері. Негізгі  бөлім Мұхтар Шаханов «Төрт ана»  Қай кезде де әр халықтың  бағына қарай біртуар, дара, ерекше  перзенттері дүниеге келіп отырған. Мұхтар Шахановты  қазақ елінде   білмейтін, танымайтын адам жоқ шығар.  ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында қазақ поэзиясында ешкімге  ұқсамайтын өз дауысымен, өз болмысымен, өз үнімен жарқ етіп көрінген  Мұхтар Шаханов – айбынды ақындығымен, асқақ азаматтығымен  ерекшелінген көрнекті ақын, ол қазақтың қара өлең жазирасындағы, қала  берді әлем поэзиясындағы ірі тұлғаға айналды. Мұхтар Шаханов туралы  әдебиетіміздің алыбы Ғабит Мүсірепов: «Дарын танылды. Ар­намыс  танылды. Бұл ақынымыздың әрбір шығармасын оқығаннан кейін        азды­ көпті ойланбай қала алмайсың. Ой мен сезімге едәуір күш түседі...» десе,  ақынға заңғар жазушы Ғабиден Мұстафин: «…өз дәуірінің көкейтесті  проблемаларын  дөп басып, кең тыныспен толғай білетін, оқырманына  таңдай қақтыра отырып, кейде пікір таласын тудыратын, аз уақыт ішінде өз соңына қаншама қалың жанкүйер ерткен Мұхтар Шаханов секілді ақын  бұрын бізде кездеспеген еді» деп баға берді. Оның  туындылары қазақ әдебиетінің баға жетпес жауһарына  айналды.  Шығармашылығы өз алдына, қайраткерлігімен қайсарлығы туралы айтар  әңгіме бір жақ, бірнеше ғылыми еңбектің өзегі болар еді.Халық өмірінің  терең шындығын айқын да әдемі бейнелеген талай­талай туындылары  қалың жұртшылықтың рухани серігі болуымен қатар, ұлттық  әдебиетіміздің алтын қорын үздіксіз молайтып отырады. Ақынның  шығармаларында адам санасын сәулелендіріп, жарық түсіретін терең  түйіндеу, өткір тілмен әсерлі жеткізетін ғаламат бір ерекшелік бар. Ақын  жырларының өзгеге ұқсамайтын ұлы қасиетінің бірі – шындықты еш  бүкпесіз, шынайы қалпында көрсетуге күш салатындығында. Шындық  арқылы жырға  шөлдеген көңілдерге жол табады  Әдебиет табыстары жақсы туындылармен өлшенеді десек, мұндай  шығармалар қатарына осындай дарашылдығынан Мұхтар Шаханов   өлеңдері де сөзсіз енеді. Мұхтар Шахановтың жұртшылыққа танымал  өлеңдерінің бірі – «Төрт ана». Мәнжазба қорғау жұмысымның көтеріп  отырған негізгі мәселесі де осы төрт анадан  туындайды.   ТӨРТ АНА Тағдырыңды тамырсыздық iндетiнен қалқала, Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға. Әр адамда өз анасынан басқа да, Ғұмырына етер мәңгi астана, Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада, Болу керек құдiреттi төрт ана: ТУҒАН ЖЕРI – түп қазығы, айбыны, ТУҒАН ТIЛI – мәңгi өнеге айдыны, ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ­ДӘСТҮРI – тiрегi, Қадамына шуақ шашар үнемi, Және ТУҒАН ТАРИХЫ, Еске алуға қаншама Ауыр әрi қасiреттi болса да. Құдiрет жоқ төрт анаға тең келер, Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер. Өзге ананың ұлылығын танымас, Төрт анасын менсiнбеген пенделер. Төрт анадан сенiм таба алмаған Тамырсыздың басы қайда қалмаған?! Төрт анасын сыйламаған халықтың Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған. Қасиеттi бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы, Төрт ана үшiн болған күрес – күрестердiң ұлысы!,­ деп Мұхтар Шаханов  тебіренгендей әр адамның адамдығының, әр   халықтың халықтығының кепілі  құдіретті төрт ана болса, сол киелі төрт  ананы пәле­жаладан,  жаманшылықтан сақтап, қорғайтын ,                желеп­ жебейтін бойтұмары – еркіндік. Еліміздің еркін өмірдегі бүгінгі  табыстарының бәрі де тәуелсіздіктің нәтижесі.  Тәуелсіздіктің дабылындай  болып, кеңістік жүйені дүр сілкіндіріп халықтың қалқыған санасын оятқан  1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының орны тіпті ерекше. Желтоқсан! Сен жайлы ойға батамын, Бұл іңкәрлік созылады қашанға.  Кім қаншама шексіз сүйсе Отанын, Оның тартар азабыда соншама,­деп Мұхтар Шаханов жазғандай,азаттық  жолында құрбан болған,азап шегіп, қасірет тартқан аға­апаларымыздың  ерлігін қалай ұмытамыз! Жылдар бойы іште жиналған төзім запыраны  бір­ ақ күнде бөгетті бұзған тасқын судай ақтарылды.Бірақ, әмірші­әкімшіл  үкімет бейбіт демонстратцияны армия күшімен жаныштай бастады да тап  баяғы 30­жылдардағыдай сұмдығына найза бойламайтын репрессия  апаратын іске қосты.Осындай бір қиын кезде, Желтоқсан  оқиғасының  құрбаны болған жазықсыз жоқшысы болып,өз тағдырын қылыштың  жүзіндей қатерге байлап, халық назарының билігіне  ақын Мұхтар Шаханов көтерілді. Ақын Желтоқсан көтерілісіне үлкен баға берді. «Желтоқсан  алаңы», «Желтоқсан тағылымы»,  «Желтоқсан эпопеясы» атты  шығармаларын жазды. Мұхтар Шаханов     Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,  Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың,­ деп жырлағандай, еліміздің өрімдей ұл­қыздары 1986 жылы алаңға  шықты. Бұл қозғалыс Колбин сияқты дүмбілез, алпауыт әміршісіне ғана  қарсы тұрған наразылық емес, қазақ халқының диктатураға,  орыстандыруға, полигондар мен лагерьлерге қарсы наразылығы болатын.  Тарихта алтын әріптермен жазылған Желтоқсан оқиғасы кеңістік  империяның шаңырағын шайқалтты, осылайша ер түріктің ерлік дәстүрін  әлемге тағы бір мәрте паш етті. Бүгінгі таңда қолымыз жетіп, елдігімізді  асқақтатқан  Тәуелсіздік желтоқсаннан бастау алады.Ел үшін,халқының   тәуелсіздігі үшін арпалысқан  жастардың еңбегі тек бес жыл  өткен соң ҚР  егемендігін алумен аяқталды.Тәу еткен тұғырлы тәуелсіздігіміз тек қана желтоқсан құрбандарының арқасында келді. Қазақстан тәуелсіз мемлекет   ретінде дүние  жүзіндегі барлық елдерге түгел танылды. Қазағымның ұлы ақыны Абай туған Шыңғыстауды  кеңес одағы   қырық   жыл бойы сынақ алаңына айналдырып, жан түршігерлік жарылыстармен   сілкіндіріп тұрды. Семей өңіріндегі Бельгия  жерімен бірдей бос алаңда  456 ядролық сынақ жасалды.Бұл сынақтық нәтижесінде сол аймақтың  тұрғындарының шеккен азабын ұмыту мүмкін емес.  Мұхтар  Шаханов пен  Олжас Сүлейменовтың   жетекшілігімен  қазақ жеріндегі жарылыстарды  тоқтату жұмыстары кеңінен жүргізілді.Тәуелсіздіктің алғашқы  жылдарында Н.Ә. Назарбаевтың тікелей басшылығымен  аз ғана уақыттың  ішінде әлемдегі ең үлкен сынақ орны Семей полигоны жабылды.     Мұхтар Шаханов   ең басты мәселе ұлтты сақтап қалу екендігі  жайында жазған.Ал ол үшін алдымен ана тілімізді сақтауымыз қажет.Тілі  құрыған  халықтың  салт­ дәстүрі  мен тарихы да ұмытылады. Тіл – ұлттың ұлт болып өмір сүруінің, ұлттық руханияттың салтанат  құруының бірден­бір шарты, көрсеткіші, болашағы. Болашағы бар ел  алдымен тілін қадірлейді. Мұхтар Шаханов ­тіл жанашыры.Мемлекеттік  тілді құрметтеу  мақсатында бірнеше шығармалар жазды. «Жаңа қазақтар», «Компьютер басты жартылар» тағы басқа өлеңдері ақынның  мемлекеттік  тілдің жанашыры екендігінің дәлелі. Қорытынды бөлім Қасым Қайсенов: "Мұхтар Шаханов ­ ұлт мүддесін қорғаушылардың ең алдыңғы сапында  келе жатқан қайсар,тұлғалы  ұлы ақын.Кешегі Желтоқсан көтерілісі  кезеңінде,ел ерге,ер жерге қараған сын сағаттарда сонау Мәскеудегі  қылышынан қан тамған тоталитарлық жүйенің алпауыттарына басын  бәйгеге тіге отырып қарсы шыққан,сөйтіп, ұлтымызды үлкен  әділетсіздіктен қорғап қалған осы жігіт еді ғой. Арал қасіретіне  күллі  әлемнің назарын  бұрған да ­ Шаханов.Ұлтымыздың ірілі­ұсақты  проблемаларының маңында ылғида осы ақын келе жатқан жоқ па! Тіпті  қазіргі өздерің тойлап жүрген "наурыз"мерекесінде Колбинмен жағаласып  жүріп осы бала тірілтпеп пе?.Елдік мазмұндағы ерен істер үшін бұл дара  азаматқа дұрыстап алғыс та айтпаппыз ­ау.Алғыс түгілі оның әлем  ЮНЕСКО  мойындаған шығармалары төңірегінде өз ішіміздегі кейбіреулер жалдамалы жазғыштар арқылы дау­дамай ұйымдастырып, кедергі  жасаумен келеді. Енді тіл мәселесі ауқымында "ертең ұлт болып қаламыз  ба,қалмаймыз ба?"деген зарлы күдік алдымызды ораған кезде тағы да  Шаханов орнынан   көтерілді.Бұл істе де біз оны қолдамасақ  ұтылатынымыз айқын.Өйткені оның түйсігі­таза ақындық пайым парасат  пен ұлттық санаға терең тамыр жіберген, жалғандыққа жаны қас  шыншыл   түйсік.Ой маржанын бүкіл әлемнен, ал поэзияның бояуларын халықтық  жырдан іздейтін Мұхтар Шаханов туған ел мен ару атамекеннің қасиетін,  сағым көмкерген даланың құдіретті күшін,бабалардың өшпес рухы мен  қайтпас ерлігін, адалдықты ту еткен асқақ жандардың ару махаббаты мен  адал достығын, халқының салт­дәстүрі мен құдіретті тілін жырлаған,  келешек ұрпаққа үлгі боларлық өр мінезді ақын» Мәнжазбамды   Дінмұхамет Қонаевтың «Ақындығын азаматтығы,  азаматтығын ақындығы көтерген елдің сөзін сөйлеп, жоғын жоқтаған,  дауласуға бар, бірақ жауласуға жоқ, осындай ұлдары бар халықта арман  жоқ»,­деген сөзімен аяқтаймын. Пайдалынған әдебиеттер: 1. Мұхтар Шаханов «Махаббатты қорғау» Алматы «Жалын» 1982 2. Қазақ тілі мен әдебиеті 2. 2007 3. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде 1.2010

Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Мұхтар Шаханов «Төрт ана»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
08.04.2017