Өмірің өз қолында
Оценка 4.8

Өмірің өз қолында

Оценка 4.8
Работа в классе
docx
музыка +1
Детсад
10.05.2017
Өмірің өз қолында
Әннің сөзін таза, көңілді, жеңіл орындауға үйрету. Музыка ырғағына қосылып, анық, нық би қимылдарын жасауға дағдыландыру. Ойын арқылы жол жүру ережесін және оны сақтауға үйрету.Ән айтар алдында кеудені тік ұстап, дауысымызға жаттығу жасайық. Ән көңілді, жылдам орындалады. Ән сақтануды, жолда абай болуды ескертіп түр. Әркез жол ережелерін бұзбай, жол айырығында бағдаршамның көмегімен өткен дұрыс.
Музыка2.docx
Музыка  Оқу іс­әрекетінің тақырыбы: Өмірің өз қолыңда. Бағдарламалық   мазмұны:  Музыканың   дыбыс   жоғарылығын,   таныс   әндерді   танып, ажырату. Әннің сөзін таза, көңілді, жеңіл орындауға үйрету. Музыка ырғағына қосылып, анық, нық би қимылдарын жасауға дағдыландыру. Ойын арқылы жол жүру ережесін және оны сақтауға үйрету. Пайдаланылатын   құралдар:  Түрлі   ойыншық   машиналар,   жол   белгілері,   қораптан жасалған үй макеті, бағдаршам, жол инспекторы киімі, таяқша. Алдын   ала   ұйымдастырылатын   жұмыс:  Серуенде   бағдаршам   арқылы   өтетін адамдардың жол ережесін сақтауын бақылау. Жол ережесі белгілерімен танысу. Аулада жаяу жүргінші жолын салып, жол ережелері бойынша желілі ойын ұйымдастыру. Төтенше жағдайларға, табиғи апаттарға байланысты (сел, жер сілкіну), өрт қауіпсіздігі, қарапайым қауіпсіздік ережелерімен таныстыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастырып өткізу. «Өзіңе өзің көмектес»,   «Көмекке   кел   басқаға»   т.с.с.   ойын   ­   ермектерді   педагог,   ата­аналармен бірлестікте ұйымдастырып өткізу. Іс­әрекет кезеңі: Жұмбақ:  Үш көзі бар қаз­қатар,  Кезек­кезек ашады.  Үшеуінен байқасам,  Үш түрлі нұр шашады. Бұл  не? Бағдаршам Ашса кезек үш көзін,  Айтты деп ұқ үш сөзін:  Тоқта! Сақтан! Жол ашық!  Жүрме жолға таласып.  Қызыл көзін ашқанда  Сынық сүйем баспа алға!  Сары көзін ашқанда  Қарап қалма аспанға!  Жасыл көзін ашқанда  Өте бергін, жасқанба! Ән тыңдау. «Ана әлдиі». А. Меңжанова. ­ Музыканың көңіл күйі қандай? ­ Бұл музыка әуеніне не істеуге болады? Музыка жеңіл, көңілді орындалады. Бұл әуенге секіргің, билегің, асыр салып ойнап, қуанғаннан   алақайлап   айқайлағың   келеді.   Музыка   арқылы   адамның   көңіл   күйін   білуге болады. Бұл ән кейінгі сабақтардың бірінде үйренуге беріледі. Ән айту. «Бағдаршам». Ғ.Тамендаров. ­ Ән не туралы? Ән қалай орындалады? ­ Бағдаршам қандай түстерден тұрады? ­ Қай түс не айтады? Ән айтар алдында кеудені тік ұстап, дауысымызға жаттығу жасайық. Ән көңілді, жылдам   орындалады.   Ән   сақтануды,   жолда   абай   болуды   ескертіп   түр.   Әркез   жол ережелерін бұзбай, жол айырығында бағдаршамның көмегімен өткен дұрыс. Әуенді   қимыл­қозғалыс.  «Жалаушамен   би».   Қазақтың   халық   әнін   өңдеген   Е. Брусиловский. Көңілді музыка әуенімен, қол ұстасып, шармен, жалаумен нық қимылдар жасауға талпыну, жұптасып билеуге дағдылану. Әліппе ­ дәптермен жұмыс. Қорытынды:  Бағдаршам   не   үшін   керек?   Жаяу   жолаушылардың   жолы   қалай белгіленеді? Жаяу жолаушыларға тағы арнайы жасалған қандай жол бар? (Жерасты жолы). Жол жүру Ережелерін ұмытпай, қатаң сақтаңдар!

Өмірің өз қолында

Өмірің өз қолында

Өмірің өз қолында

Өмірің өз қолында
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.05.2017