ВАШЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО
О ПУБЛИКАЦИИ В СМИ И РЕЦЕНЗИЯ
бесплатно за 1 минуту
Добавить материал
Количество Ваших материалов: 0.
Авторское
свидетельство о публикации в СМИ
добавьте 1 материал
Свидетельство
о создании электронного портфолио
добавьте 5 материала
Секретный
подарок
добавьте 10 материалов
Грамота за
информатизацию образования
добавьте 12 материалов
Рецензия
на любой материал бесплатно
добавьте 15 материалов
Видеоуроки
по быстрому созданию эффектных презентаций
добавьте 17 материалов
Рыскуль Бижанова свидетельство о публикации рецензия
‘видетельство о публикации скачивание доступно только автору
Ғ.Мүсірепов "Ұлпан"
Файл:

Ұлпан.pptx - Ғ.Мүсірепов "Ұлпан"


Ғ.Мүсірепов "Ұлпан"

«Ғабит Мүсіреповті мақтаудың
керегі жоқ. Ғабит Мүсіреповпен
мақтануымыз керек».
З. Қабдолов.

Ғ.Мүсірепов "Ұлпан"

Сабақтың тақырыбы:

Ғ.Мүсіреповтің “Ұлпан”
романындағы ана бейнесі
9 класс
Пән мұғалімі: Бижанова Р.Б.

Ғ.Мүсірепов "Ұлпан"

ҒАБЕҢНЕН ҚАЛҒАН ҚАНАТТЫ
СӨЗДЕР
 Шала білім, шалағай мәдениет бір
құлатпай қоймайды.
 Данышпандықты танып, білгенде
ғана­ данышпан.
 Үлкен өнердің ­ үлкен, таза мінезі
болуы керек.
 Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде ­
ұлт та ұлы бола алмайды.
 Театр ­ хас сұлудың көз жасындай
мөлдір өнер.
 Көркем сөз­ жанның сәулесі.
 Талантқа қанат болар сезім емес, сенім
болу керек.
 Ел ерсіз, ер елсіз болмайды.
 Ана тілінен айырылған адам өз халқы
жасаған мәдени мұраның бәрінен
құралақан қалады.

Ғ.Мүсірепов "Ұлпан"

 Сабақтың тақырыбы:
 Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романындағы ана бейнесі.
 Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Оқушыларға
романның мазмұнын, идеясын, тақырыбын ұғындыру,
«Ұлпан» романының қазақ прозасының ішіндегі ана
бейнесін жасаудағы шоқтығы биік өнер туындысы
екенін таныту.
2) Дамытушылық: Басты кейіпкерлер өмірде
болғандығын, оның тарихи типтік образдарын оқу мен
жазу арқылы өзара кеңесе отырып, жеке және топтық
жүйеде талқылау жұмысына үйрету.
3) Тәрбиелік: Асылдың сынығындай ардақты, киелі
тарихи адамдардың бейнесін тани білуге баулу, Ұлпан
ананың бойындағы жақсы қасиеттерді дәріптей
отырып, үлгі ету.
 Сабақтың көрнекілігі: маркер, ақ парақ, кубик, тірек
сызбалар, электронды оқулық (Қазақ прозасындағы
аналар бейнесі), ғаламтор материалдары.
Сабақтың әдісі: топтастыру, із қуалау, семантикалық
карта, салыстыру сызбасы, кубизм, эссе.
Сабақтың түрі: шығармашылық ­ ізденіс сабағы
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық
ІІ. Өткен сабақты пысықтау сұрақтары

Ғ.Мүсірепов "Ұлпан"

ІІІ. Жаңа сабақ
Төмендегі сызба арқылы оқушылар ойын
жинақтап, жаңа сабаққа бағыт ­ бағдар беремін.
Ғ. Мүсіреповтың шығармалары қандай
тақырыптарға арналады?
Жауап: Отан, туған жер, өнідіріс, табиғат,
махаббат, ерлік.
Ана, әйел: ер ана, Ақлима, ананың анасы, Ұлпан,
ананың арашасы.
Ішінара топтастыру жасау арқылы жазушының
бүгін «Ұлпан» романындағы Ұлпан образын
талдап, кім екенін танитынымызды ескертемін.
Үйге берілген тапсырмалар негізінде құрылған
сюжеттік жоспар бойынша «Ұлпан» романын
бөлімдерге бөліп, тақырыпша қою.
Сюжеттік жоспар: (жоба)
1. Есенейдің анасы І топ
2. Әмеңгерлік ІІ топ
3. Күшік күйеу ІІІ топ
Осы жоспар бойынша романды мазмұндату.
Мазмұнмен танысып болған соң, 3 топқа Ұлпан
бейнесін талдау үшін 3 түрлі тапсырма беремін.

Ғ.Мүсірепов "Ұлпан"

І топ. «Із қалдыру» әдісі бойынша Ұлпанға
байланысты оқиғаларды теріп, беттерін
оқулықтан анықтайды.
Тақырыпша
Бөлім
Беттері
ІІ топ. Семантикалық карта жасау арқылы
Ұлпанның елге жасаған қызметі және Ұлпан
жайлы жұрттың пікірін оқулықтан жинастыру.
Ұлпан – ұлт анасы, ел анасы, халық анасы.
Ұлпанның елге жасаған қызметі
­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ Ұлпан жайлы ел –
жұрттың пікірі
ІІІ топ. Электрондық оқулықтан алған
әсерлері арқылы М. Әуезовтің «Абай жолы»
романындағы Ұлжан ана мен Ұлпан
бейнелерінің ерекшеліктері мен ортақ қасиетін
анықтау.
Ұлжан ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ Ортақ
қасиеттері ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ Ұлпан
Романдағы басты кейіпкеріміз Ұлпан ананың
бейнесін таныту үшін осындай әдістер
қолданып, оқушылардың өз бетінше іздене
жұмыс жасауына жол ашамыз.

Ғ.Мүсірепов "Ұлпан"

ІҮ. Жаңа сабақты қорыту. Кубизм әдісі
1. Суреттеңіз: Романға композициялық
жоспар жаса.
2. Салыстырыңыз: 20 ­ жылдарда жазылған
ана, әйел бейнесі көрінетін шығармалар мен
«Ұлпан» романын салыстырыңыз.
3. Зерттеңіз: Шығармада шешендік сөздер,
мақал ­ мәтелдердің қолданылу мәнін
түсіндіріңіз.
4. Қолданыңыз: Романнан үзінді алып, рөлдік
ойын, көрініс даярлаңыз.
5. Елестетіңіз: Ұлпан қайталанбас біртуар
ұлы тұлға екенін, Ұлпандай ел анасы
арамызда бар ма деген сұрақтарға жауап
іздеп, елес жетелеңіз.
6. Қарсы шығыңыз: Романда автормен
келіспейтін оқиғалар мен идеяларға қарсы
шығыңыз, өз пікіріңізді қорғаңыз.
Эссе жазу: Ғ. Мүсірепов ана
тақырыбындағы шығармаларынан қандай ой
түйдіңдер?
Ү. Формативті бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: Ғ. Мүсіреповтың
әңгімелерін оқып, тақырыбын айқындау

Ғ.Мүсірепов "Ұлпан"

Р е ф л е к с и я

1. Сабақта маған ұнағаны.........

2. Маған ой салғаны............

3. Мені мазалағаны............

4. Маған ұнамағаны........

5. Менің ұсынысым.........

Прямая ссылка на скачивание файла: Скачать файл