Неліктен Мұстафа Кемалді «Ататүрік» деп атады?
Оценка 4.7

Неліктен Мұстафа Кемалді «Ататүрік» деп атады?

Оценка 4.7
Работа в классе
docx
история
9 кл
20.10.2020
Неліктен Мұстафа Кемалді «Ататүрік» деп атады?
М.Кемал туралы қмж 8-9 СЫНЫП оқушыларға арналған
М.Кемаль.docx

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия елдері

Мектеп:№18 ЖББОМ. Құлсары қаласы

Күні:              Мұғалімнің  аты-жөні: Жанжігітова Айшат Маратқызы

Сынып:8      Қатысқандар:          Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Неліктен Мұстафа Кемалді «Ататүрік» деп атады?

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу  бағдарламасына сəйкес)

8.2.1.1 тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін салыстыру арқылы мемлекет пен діннің өзара қатынасын сипаттау.

Сабақтың мақсаты

- М.Кемалдың Түрік үкіметінің дінге және зайырлы мемлекеттің қалыптасуына әсерін сипаттайды;

-М.Кемалдың билігіне дейінгі және сол кезеңдегі Түркияның дамуын салыстырады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану, талдау.

Бағалау критерийі

- Осман империясында сұлтан билігінің жойылуы кезеңін сипаттайды;

-М.Кемалдың реформаларын анықтайды;

- Зайырлы мемлекеттің қалыптасу себептерін анықтайды;

- М.Кемалдың тарихи рөлін айқындайды.

Тілдік мақсаттар

Айтылым, тыңдалым дағдысы

Тақырып бойынша видеоны қарап тыңдау арқылы ондағы негізгі мәліметтерді айтады.

 

Жазылым дағдысы

Ұлт көшбасшысы бойынша осы кезеңге қатысты негізгі фактілерге талдаулар мен тапсырмалар жазады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Ұлт-азаттық қозғалыс-ұлттық тәуелсіздікті жеңіп алуға, шетелдік үстемдікті, отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталған күрес.

буржуазиялық-патриоттық қоғамдар-құқықтық қоғам ұйымдары.

Кемалдық  революция-1918-1923жж Мұстафа Кемал төңкерісі.

партизандық қозғалыс-жау басып алған территорияда өз Отанының тәуелсіздігі жолындағы халықтық күрес.

Ұлы халық жиналысы - Түркияда сұлтандық билік болу себебі.......

ұлттық –демократиялық революция-.............. құруға ұмтылыс.

Түрік республикасы-.................. басқаратын мемлекет.

 

Тарихи концент

Өзгеріс пен сабақтастық;

Себеп пен салдар;

Дәлел;

Маңыздылық.

Құндылықтарға баулу

Мұстафа Кемалдың  естеліктерін, келтіре отырып, «Мәңгілік Ел» идеясының Жалпы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім құндылығы бойынша оқушылардың бойына татулықты және патриоттық сезімді қалыптастыру.

Пəнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, География.

 

Алдыңғы бөлім

1917-1924 жылдарда Ресей қаншалықты өзгергенін біледі.

Сабақ барысы

 

Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері. Сабақтың жоспарланған кезеңдері: сабақтың басы

Ресурстар

1минут

 

5минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

7 минут

Ұйымдастыру кезені:

1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Үй тапсырмасын пысықтау. «Тез, жылдам!»  

(допты оқушыларға беру арқылы сұрақ - жауап)

БК: Осман империясында сұлтан билігінің жойылуы кезеңін сипаттайды;

1.1826 жылы янычарлар әскерін таратқан сұлтан: І Махмұд

2. ХІХ ғасырдың 30-50жылдары Түркиядағы реформаға жетекшілік еткен қайраткер:   Рашид паша

3.1839 жылы қарашада Түркияда жариялаған бұйрық:        «Қасиетті жарлық»

4.Түркия тарихында басталған реформалық кезең:  Танзимат

5. 1865 жылы құрылған «жаңа османдар» ұйымының жетекшісі: Намык Кемал

6.1876 жылғы конституцияға сәйкес Түркияның мемлекеттік басқару формасы: Конст монархия

 

Дескрипторлар:

1.1826 жылы янычарлар әскерін таратқан сұлтанды атайды;

2. ХІХ ғасырдың 30-50 жылдары Түркиядағы реформаға жетекшілік еткен қайраткерді атайды;

3.1839 жылы қарашада Түркияда жариялаған бұйрықты табады;        4.Түркия тарихында басталған реформалық кезеңді атайды;

5. 1865 жылы құрылған «жаңа османдар» ұйымының жетекшісіатайды;

6.1876 жылғы конституцияға сәйкес Түркияның мемлекеттік басқару формасын атайды;

ҚБ: Мұғалім әрбір оқушының тапсырманы дұрыс орындауына қарай түрік лирасын береді.                   

                                                                                         

-М.Кемал туралы бейнебаян көрсетіледі.

Мұндағы мақсат – оқушылардың беріліп отырған кезеңдегі ұлт жанашырының болуы  мен жалпы тарих парақтарындағы әрбір оқиғаның маңызын ұғынуына ықпалдасу, сабаққа қызығушылықты ояту.

 

-Ой шақыру. Мұғалім:

- Оқушылар, бұл тұлғаның  түрік тарихындағы рөлі қандай?

- Қандай қасиеттерге ие адам ұлт-зиялы көшбасшысына айналады?

- Мұстафа Кемалды ұлт-зиялы көшбасшысы деп атауға болама?

-Қазақстан тарихынан өткен, ұлт-зиялы көшбасшыларынан кімдерді білесіңдер? (сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар негізгі сұраққа жауап беруге уәжденеді).

 

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын жариялайды.

БК: М.Кемалдың реформаларын анықтайды;

1-тапсырма «Атаулар туралы үш сұрақ » Ұлт-азаттық қозғалыс,  Кемалдық  революция мен реформалар, Түрік республикасы.

1.Қайда?  Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?

2.Қалай?  Өз тәжірибеңізбен осы атауларды қолданудың мысалдарын  келтіре аласызба?

3.Қандай ? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?

 

Дескрипторлар:

-Ұлт-азаттық қозғалыс,  Кемалдық  революция мен реформалар, Түрік республикасы  терминдерді бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіргенін оқушылар айтады ;

-Ұлт – азаттық қозғалыстың мемлекетке әсерін, М.Кемалдың реформасының қалай пайда болғандығы туралы деректер келтіреді;

-Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болатын айтады.

ҚБ: Мұғалім әрбір оқушының тапсырманы дұрыс орындауына қарай түрік лирасын береді  және окушының қажеттігіне қарай кері байланыс береді.

 

 

 

 

 

 

Оқулық    материалы

 

 

 

Слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түрік лирасы

http://optmonet.pro/assets/images/products/1223/1-turetskaya-lira-2015-god-angorskaya-koza0.jpg

 

 

 

 

Слайд

 

 

 

 

 

Слайд

Оқулық материалы

 

 

 

 

 

 

 

Слайд

Оқулық материалы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түрік лирасы

http://optmonet.pro/assets/images/products/1223/1-turetskaya-lira-2015-god-angorskaya-koza0.jpg

 

7 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5минут

 

 

 

 

 

 

 

2 тапсырма. «Төрт сөйлем тәсілі»

БК: Зайырлы мемлекеттің қалыптасу себептерін анықтайды;

Мемлекет пен діннің өзара қатынасын оқушылар төрт сөйлем тәсілі арқылы талдап меңгереді.

Пікір- негізгі идеяны бір сөйлеммен келтіру.

Дәлел- келтірген пікірді дәлелдеу.

Логикалық тұрғыда дәйектеу.

Мысал.Тағы мысал келтіріп дәлелдеу.

Қорытынды.  Төрт сөйлеммен қорытындылау.

Тапсырма:

-Зайырлы мемлекеттің қалыптасу себептерін анықта;

-Сынытасыңмен пікірлеріс;

- Келтірген пікірді дәлелде;

-Төрт сөйлеммен  қорытынды жаса.

Дескриптор

- Мемлекет пен діннің өзара қатынасы негізгі идеяны бір сөйлеммен келтіру арқылы тауып, жазады;

- келтірген пікірді дәлелдейді;

- Қосымша мысал келтіріп дәлелдейді;

Мемлекет пен діннің өзара қатынасын оқушылар төрт сөйлем тәсілі арқылы қорытындылайды.

ҚБ: «Дурум» әдісі арқылы бірін - бірі бағалау.

1-бөлік – позитивті комментарий, не ұнады;

2-бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;

3-бөлік – келешекке арналған коментарий, маған ұнады; бірақ келесі жолы....

____________________________________________

 

БК: М.Кемалдың тарихи рөлін айқындайды.

3-тапсырма. Пікір-талас.

Мұстафа Кемалды «Ататүрік» деп атағаны қаншалықты дұрыс немесе бұрыс.

1.Мұстафа Кемалды әлемдегі он ұлы көшбасшының бірі деп айтуға болама?

2.Түркия заңнамасымен бірге , қай елдердің заңдарымен негізделіп, Мұстафа Кемал Ататүрік болған?

3.Қай жылы, қандай шешіммен, түріктердің атасы деген фамилия беріледі?

Дескрипторлар:

-Мұстафа Кемалды әлемдегі он ұлы көшбасшының бірі деп айтуға болатынын немесе болмайтынын айтады;

-Түркия заңнамасымен бірге , қай елдердің заңдарымен негізделіп, Мұстафа Кемал Ататүрік болғаны туралы айтады;

-Қай жылы,қандай шешім мен, түріктердің атасы деген фамилия берілгенін айтады.

ҚБ: «Дурум» әдісі арқылы бірін – бірі бағалау.

1-бөлік – позитивті комментарий, не ұнады;

2-бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;

3-бөлік – келешекке арналған коментарий, маған ұнады; бірақ келесі жолы....

 

Сыныпта ең көп лира жинаған оқушыға «СЫнып көшбасшысы» атты номинациямен мадақтама беріледі.

Бекіту: Неліктен Мұстафа Кемалді «Ататүрік» деп атады?

    

 

 

 

Мәтінмен жұмыс,

Қағаз, маркер,

 

Оқулық материалы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мадақтау «Дурум» әдісіhttps://thumbs.dreamstime.com/b/kebab-doner-durum-56182886.jpg

 

 

 

 

 

Оқулық

Материалы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мадақтау «Дурум» әдісі

https://thumbs.dreamstime.com/b/kebab-doner-durum-56182886.jpg

 

5 минут

Сабақтың соңы

Оқушылардың  рефлексиясы:

Кері байланыс «МММ» әдісі

Кері байланыс әр түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін.

Маған ұнады ......,

Маған ұнамады ....,

Менің пікірімше .....

Үйге тапсырма: Мұстафа Кемал жайлы эссе жазу.  

Тақырыпқа сай оқушы өз ойын қорыта және жинақтай отырып, ой-толғанысын жазады. 10 -15 сөйлем көлемі негізінде жазылу керек.

Қажетті сөз тіркестері: М.Кемалдың реформалары;

Зайырлы мемлекеттің қалыптасуы; М.Кемалдың тарихи рөлі.

Кері байланыс «МММ» әдісі

Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Мұнда оқушыларға әрбір кезеңде, сұрақ

қою арқылы, яғни қарапайымнан күрделіге, қарай жетелеймін. Ресми түрде топ басшысы анықталмаса да, жұмыс барысында қабілетті оқушылар өз идеяларын  ұсынып, пікір-таластар туғызу арқылы, қабілетін шыңдай түседі.Саралаудың жіктеу тәсілін негізге ала отырып, қабілеті бар оқушыларға тереңірек тапсырма беремін.

 

Қалыптастырушы бағалау ретінде әрбір оқушының тапсырманы дұрыс орындауына қарай түрік лирасын беру;               «Дурум» әдісі арқылы бірін - бірі бағалау; «МММ» әдісі секілді кері байланыс түрлері, сондай-ақ, мұғалімнің жетелеуші сұрақтары мен оқушылармен диалог құруы, пікір-талас тудыру, мәселені жан-жақты талдау оқушылардың уәжін көтереді. Әрі сабақ бойында оқушыларды  жетелеу арқылы ойын тереңдетуге  қарай бағыт аламын.

 

 

Оқушылардың сынып бөлмесінде қауіпсіздік техникасын сақтауына көңіл бөлемін, компьютерді, интерактивті тақтаны қажет емес жағдайда өшіру шарт. Кабинеттің ауасын ара-тұра желдетіп, жарықтың оқушы үстеліне дұрыс түсуін, дұрыс отыруын  қадағалаймын.  Тапсырмалардың әртүрлі формаларын қолдану арқылы сабақ үстінде оқушылардың еркін қозғалуына мүмкіндік жасалды. Парта орындықтардың дұрыс тұруын қадағалау.

 

 


 

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі

Оқушылармен сәлемдесу. 2. Үй тапсырмасын пысықтау

Оқушылармен сәлемдесу. 2. Үй тапсырмасын пысықтау

Дескрипторлар: -Ұлт-азаттық қозғалыс,

Дескрипторлар: -Ұлт-азаттық қозғалыс,
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.10.2020