Организмнің жеке дамуы
Оценка 4.8

Организмнің жеке дамуы

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
биология
10 кл
17.02.2017
Организмнің жеке дамуы
Жасуша ұрықтанған соң организмнің деке дамуы онтогенез басталады.Эмбриология организм ұрығының дамуын зерттейтін ғылым.Эмбриология ғылымының негізін қалаушы Ресей Ғылым академиясының академигі К. Бэр.Блвстула-бір қабатты ұрық дапырақшасы. Митозды бөліну нəтидесінде пайда бооған бөлшектер бластомерлер.Гаструла қос қабатты ұрық жапырақшасы.Нейрула организмнің жеке мүшелерінің даму сатысыорганизмнің жеке дамуы бойынша сабақ жоспары.Топпен жұмыс.шығармашылық жұмыствр жүргізілу арқылы жүзеге асырылды..
Мусаева М орг жеке дамуы.docx
«Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол – жаңадан жаңаны табатын нәрсе»                                                                                                                      Ж. Аймауытов  Сабақтың тақырыбы:Организмдердің жеке дамуы . Мақсаты: • білімділік: Организмнің жеке дамуы туралы және әр кезеңдері туралы түсінік бере  отырып, оқушыларды өз беттерімен тақырыптағы негізгіні ажырата білуге, білім мен  дағдыны жаңа байланысқа кіргізе отырып тереңдету. Білім көздерінің ақпаратты –  коммуникативтік технологиямен ұштастыра отырып оқушыларды шығармашылық жұмысқа жетелеу; • Дамытушылық: Ақыл – ой әрекетінің дамуына оқушыларды пәнге қызықтыра отырып,  қазіргі заманауи мәселені көтеріп қана қоймай, шығармашылық қабілеттіліктерін және  ғылыми – тәжірибелік, зерттеушілік қабілеттерін арттыруға мүмкіндік ашу; қазіргі таңда  етек алып отырған әлеуметтік проблемаларды қозғау, әрі Адамдағы постэмбриондық  кезеңді ән арқылы ұғындырып, балалық шақ, жастық және қартаю кезіндегі дамудың  маңызын ашу • Тәрбиелік: Көрсетілген сюжеттер арқылы оқушылардың болашақтағы іс ­ әрекеттеріне  жауапкершілікпен қарауға, адамгершілік, саяси тұлға болып қалыптасуына, белсенділік,  орындаушылық, өз ­ өзіне баға беруге қабілетті, ынталы, шешім қабылдағыштық пен қатар  адамға қатысты сезімталдық мінездерінің қалыптасуына тәрбиелеу. Сабақтың типі: Аралас сабақ Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ Сабақтың әдісі: Топтау, ой шақыру, еркін микрофон, слайд Пәнаралық байланыс: Биология, әдебиет, ән. Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру А) Кезекші есебін талқылау Б) Сабаққа дайындығын тексеру ІІ. Оқушыларды топтарға бөлу , суреттер арқылы (біржасушалы ағзалар: амеба, жасыл  эвглена, кірпікшелі кебісше ,хламидоманада ; Ұлпалар: эпителий ,бұлшықет ,жүйке жасушасы – нейронның; жыныс жасушалары: аталық  және аналық жасушаларының суреттері беріледі)Оқушылар осы суреттерге қарап,  жасушалардың бөліну түрлеріне қарай топтарды таңдайды. І топ « Амитоз» ,ІІ топ « Митоз», ІІІ топ «Мейоз» Топбасшылар сайлау және топ атауын қорғау ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау "Тез, шапшаң" Ой шақыру 1. Аталық пен аналық жыныс жасушасының қосылуы 2. Қосарынан ұрықтануды ашқан ғалымдар 3. Ұрықтану дегеніміз не? 4.Аналық жыныс жасушаларының даму атауы? 5.Қасарланып ұрықтану дегеніміз не? 6.Жыныс жасушаларында және ұрықтанған жұмыртқа жасушасында хромосома жиынтығы  қандай болады? 7.Аталық гаметалардың дамуы. 8.Эндоспермнің дамуы қалай барады? 9.Эндоспермнің триплоидтің табиғатын қай ғалым ашты? 10.Сперматогенез және овогенез сызбасын тақтағы сыз. ІІІ .Жаңа сабақ: Сперматозоид пен овоцит жасушаларының қосылуынан ЗИГОТА пайда  болады. Ұрықтың әрі қарай дамуы ОНТОГЕНЕЗ деп аталады. Онтогенез ↓ 1. Эмбриондық 2. Постэмбриондық ↓ тура даму түрленіп даму ІҮ. Мәтінмен жұмыс , мәтінді оқу. «Экипаж» ойыны арқылы мәтінді талдау. Оқушылар карточка таңдап алады (сайлау , делегат , барлығы , сенім): 1­ Сайлау карточкасын алған топтан мұғалім бір оқушыны сайлайды. 2­ Делегат карточкасын алған топтан оқушылар өз ішінен бір­екі оқушыны дайындап,  делегат ретінде сабақ айтуға жібереді. 3­ Барлығы карточкасын алған топтың барлығы сөйлейді. 4­ Сенім карточкасын алған топтан топ жетекшісі оқушылардан сұрайды, бағалайды ,  мұғалім сенеді. Топ мүшелері сөйлеп болған соң, бағалары бағалау парағында ұпай арқылы қойылады. Ү.Қорытынды жасалғаннан соң оқушылар тақтаға шығып, топ мүшелеріне басқа топтар  дайындаған қарама – қарсы сұрақтар қойылады. 1 – топқа сұрақтар. 1. Зигота дегеніміз не? 2. Бөлшектену кезеңінің қандай ерекшелігі бар? 3. Бөлшектенудің ересек жануарлардың жасушаларының митоздық бөлінуінен  айырмашылығы қандай? 2 ­ топқа сұрақтар. 1. Ұрық жапырақшалары дегеніміз не? 2. Эмбрионды даму кезіндегі жасушалардың жіктелуі деген не? 3 – сұрақтар. • 1. Онтогенетика нені зерттейді? • 2. Мезодерма қабатында қандай мүшелер түзіледі? Қарама – қарсы сұрақтан соң оқушылар бағалау парағын толтырады, қорытындыланады.  ҮІ.Келесі кезең эссе жазбас бұрын оқушыларға «Туылмаған сәбидің күнделігінен» атты  видео сюжет көрсетіледі. Содан кейін эссе жазуға уақыт беріледі.  ҮІІ. «Постэмбриондық даму» мәтінімен танысу , тірек суреттермен жұмыс.  ( слайд арқылы дамудың 3 жолы көрсетіледі: тура даму , шала түрленіп даму және толық  түрленіп даму). ҮІІІ.Соңғы «Қарт сөзі» атты Муз. АРТ тобының әні тыңдалады. Оқушылар түйінді сөздерін жеткізеді ( балалық , жастық, қарттық шақ – постэмбриондық даму туралы). ІХ. Оқушылар білімін және сабақтағы белсенділігін бағалау парақшасы арқылы бағалау. Х. Үйге тапсырма беру: §37­38 Онтогенез ­ организмдердің жеке дамуы. Адам ұрығының дамуына зиянды әдеттердің әсері. Адам тұлғасының қалыптасуына кері әсерін тигізетін жат қылықтар (жұптық жоба) ХІ. Сабақ соңындағы кері байланысты «Тазалық» ойыны түрінде өткізу. Оқушыларға бір парақтан беріледі, онда мына суреттер бар: чемодан , қоқыс жәшігі,  еттартқыш. Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды ЧЕМОДАНҒА сақтайды,  ал аса қажет болмаған , артық дүние болса ҚОҚЫС ЖӘШІГІНЕ салады, бүгінгі  тақырыптан әлі оқуым керек, толықтыруым керек десе , ЕТТАРТҚЫШқа салады, яғни  жазады (осылайша оқушылардың бүгінгі сабақтан не білім алғандары бағаланады). «Тазалық» ойыны Егер де уақыт қалса, Ой түйін: ●  Мен кіммін? (тіршілік иесі, адам, перзент, маман, өз отанын сүйетін патриот) ● ●  Бұл өмірде менің орным қандай?  Өз орнымды адаспай табу үшін не істеуім қажет?

Организмнің жеке дамуы

Организмнің жеке дамуы

Организмнің жеке дамуы

Организмнің жеке дамуы

Организмнің жеке дамуы

Организмнің жеке дамуы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.02.2017