ВАШЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО
О ПУБЛИКАЦИИ В СМИ И РЕЦЕНЗИЯ
бесплатно за 1 минуту
Добавить материал
Количество Ваших материалов: 0.
Авторское
свидетельство о публикации в СМИ
добавьте 1 материал
Свидетельство
о создании электронного портфолио
добавьте 5 материала
Секретный
подарок
добавьте 10 материалов
Грамота за
информатизацию образования
добавьте 12 материалов
Рецензия
на любой материал бесплатно
добавьте 15 материалов
Видеоуроки
по быстрому созданию эффектных презентаций
добавьте 17 материалов
Акзира Муратова свидетельство о публикации рецензия
‘видетельство о публикации скачивание доступно только автору
Открытый урок "Оқуға құштарлық"
Файл:

Оқуға құштарлық.docx - Открытый урок "Оқуға құштарлық"


Все файлы публикации > Оқуға құштарлық.docx
Открытый урок "Оқуға құштарлық"

Оқуға құштарлық.
Мектеп :«№2 Қашар орта мектебі»КММ
Сабақ: № 5
Тақырыбы: Оқуға құштарлық
Құндылық: Дұрыс іс ­ әрекет
Қасиеттер: әділдік, мейірімділік, ақылдылық, білімділік.
Мұғалiм: Муратова А.Б
Сынып: 2а­2ә
Күні:06.10.2016
Сабақ мақсаты: «Білім», «махаббат» адамгершілік
құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
­ оқу­білімнің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;
­ оқуға, білім алуға деген ынталарын дамыту;
­ кітапты қадірлеуге, еңбекті сүюге тәрбиелеу.
Білімділік: 2 сыныпқа арналған «Өзін­өзі тану» пәнінің
мазмұнымен таныстыру;
Дамытушылық: оқуға деген құштарлығын арттыру
Тәрбиелік: ізгілікке тәрбиелеу;
Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңi.
Тыныштық сәтi.
Жәймен көзіңді жұмып мені тыңдаңыздар. Тамаша таңертеңгі
ашық күнді елестетіңіз. Сіз тынық та ерекше көлдің
жағасындасыз. Тек қана сіздің тыныс алғаныңызбен судың
сылдыры ғана естіледі. Күн жарқырап нұрын төккен сайын сіз
өзіңізді жақсы сезінесіз. Құстардың сайрағанымен шегірткенің
шырылын естисіз. Сіз салмақтысыз. Ауа таза және мөлдір, сіз
барлық денеңізбен күн жылуын сезінесіз, сіз осы тыныш
таңертеңгі мезгіл сияқты бірқалыпты және қозғалыссыз тұрсыз.
Сіз өзіңізді бақытты сезінесіз. Барлық дене мүшелеріңіз
тыныштыққа және күн нұрына бөленуде. Сіз жақсы дем алудасыз.
Енді жайлап көзімізді ашамыз. Біз тынығып, көңіл­күйіміз
жақсарады, сергекпіз жағымды сезімдер күні бойы бізбен бірге
болады.
Сұрақ:
1) Қандай сезімде болдыңдар?
Ресурстар(құра
лдар,
мәлiметтер)
классикалық
музыка
жазылған
таспа.Әннің сөзі
мен музыкасы
жазылған
таспа.Интеракт
ивті тақта
Сабақ барысын
талдау:

Открытый урок "Оқуға құштарлық"

Мұғалім қорытынды жасайды: Әр күнде бір – бірімізге
жақсылық тілейік. Көзіңізді ашып, күлімдеңіз!
Үй тапсырмасын сұрау. № 4 сабақтағы салған суреттерін
тексеру.
Дәйек сөз
«Мал да, дәулет те – оқуда » Абай
Бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіріледі.
Оқушыларға 2 – 3 рет қайталатып, жатқа сұралады.
Сұрақ: 1) Оқу дегенде нені түсінесіңдер?
2) Адам жақсы өмір сүру үшін не қажет екен?
Мұғалім қорытынды жасайды: Адам жақсы өмір сүру үшін
,білімді болу үшін ең алдымен оқу керек. Оқуға қызығу қажет.
Оқиға айту (мұғалім сыйы)
Балаларға интерактивті тақтада ертегі көрсету Еретегі
«Табанды бала» Аңыз әңгіме туралы әңгімелер оқып келу
Сұрақ: 1.Ертегі не туралы?
2.Білімді болу үшін не қажет?
Мұғалім қорытынды жасайды. Қандай жағдай болсада
үлкенді тыңдап ,ерінбей еңбектеніп кітап оқып жүрген дұрыс.
Сергіту сәті: «Көңілді жануарлар»
Балаларға
интерактивті
тақтада ертегі
көрсету
Шығармашылық жұмыс және топпен жұмыс
Тапқыр болсаң, шешіп көр:
«Жұмбақтар»
(Жұмбақтан беріледі)
Бiлiмнен мол сый­асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп)
Шәкiртке жанашыр,
Мейiрман кiм, жаны асыл? (Ұстаз)
Жаны жоқ болса да,
Ақылды адам ісін істейді. (Кітап)
Теңіздей түбі терең ,
Сүңгіген жетер әрең. (Білім)
Дәптермен жұмыс: Оқуға қажетті құралдарды жинақтап айту
және суретін салу.
5.ТОППЕН ӘН АЙТУ
ТОП ТОП БАЛАҚАН
Біздер үйдің гүліміз,
Біздер үйдің күніміз.
Ата­анаға қуаныш,
Біздің әсем үніміз

Открытый урок "Оқуға құштарлық"

Топ топ балақан
Шапалақта алақан
Мәпелеген анамыз,
Әке деген панамыз.
Кәмпит берсе біздерге,
Риза болып қаламыз.
Аман болсын анамыз,
Аман болсын панамыз.
Аман болса екеуі,
Жұлдыз болып жанамыз.
Топ топ балақан
Шапалақта алақан
Мәпелеген анамыз,
Әке деген панамыз.
Кәмпит берсе біздерге,
Риза болып қаламыз.
Балалар өздері
үйде ізденіп
сурет салады.
Сұрақ: 1) Өлең не туралы?
2) Үнемі қалай жүруге болады?
Мұғалім қорытынды жасайды. Еңбектеніп, талаптанып өскен
ұрпақ еш уақытта жаман әрекеттерге бармайды.
Үй тапсырмасы: Оқу құралдар суреттерін дәптерге салу.
Соңғы тыныштық сәтi. Сабақ соңындағы тыныштық сәті
(2мин)Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап,
көзін жұмып отырады.
Мұғалім жай дауыспен:
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп,
айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз бен
ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы
қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы
ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгін
сабақта үйренген құндылықтар мен қасиеттерді есімізге
түсірейік. Өзгелерді ренжітпей, жануарларға қамқорлық
көрсетіп, киянат жасамауға үйренейік
Осы қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Осындай тыныштықта
сәл отыра тұрайық. Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»
Сабақ аяқталды. Сау болыңдар. Ертеңгі күндеріңе сәттілік

Открытый урок "Оқуға құштарлық"

тілеймін.
Сұрақ:
– Балалар, бүгін біз қандай құндылықтармен, қасиеттерді
үйрендік?
– Қорытынды: Сендердің бойларында бүгінгі сабақ арқылы
осындай қасиет қалыптасты деген ниеттемін.

Прямая ссылка на скачивание файла: Скачать файл