Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем
Оценка 4.6

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
русский язык
Взрослым
14.05.2017
Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем
Өнім Эльмира.docx
Мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты Өнім    Тақырыбы: «Отбасы мүшелерінің қызметі»  Туынды зат есім            Тереңдетіле қалыптасқан игерім 10­сынып       Орындағандар            Нашарова Т.Ж.Бұқаржырау ауданы Баймырза селосы «Калинин ЖББОМ»                                                      қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі                                                                                                                                                     Ғылыми жетекші кафедра меңгерушісі,  доцент   Смағұлова Ғ.Ғ.                            ҚГБББ кафедрасының аға оқытушысы Шакимова Д.Д.       Жұмысты өткізу мерзімі: 03.10.2012ж. Қарағанды – 2012 Өнім құрылымы:       1.Кіріспе………………………………………………………………….......     1.1. Өнімнің қысқаша негіздемесі…………………………....................     1.2. Өнімнің идеясы.....................................................................................     1.3. Өнімнің өзектілігі ..............................................................................     1.4. Өнімнің жаңалығы ............................................................................     1.5. Өнімнің мақсаты мен міндеттері ....................................................     1.6. Күтілетін нәтиже ...............................................................................     1.7. Өнімнің мазмұны ............................................................................ 5. Глоссарий…………………………………………………………………. 6. Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………….......... ӨНІМНІҢ ҚЫСҚАША НЕГІЗДЕМЕСІ: Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім беру туралы» Заңдары мен Қазақстанда тілдерді дамытудың «2001­2010 жылдарға арналған мемлекеттік   бағдарламасында»   белгіленген   міндеттер   еліміздің   білім   беру жүйесінде   көптілді   меңгерген   дара   тұлға   қалыптастыру   мақсатын   жүзеге асырудың   ұтымды   жолдарын   анықтауды   талап   етіп   отыр.   Республиканың әдіскер­ғалымдарының   қатысуымен   тілді   меңгерту   бойынша   өркениетті елдердің тәжірибесі мен отандық озық дәстүрлер үйлестіріле отырып, тілдері оқытудың жаңа бағыттары белгіленді.  Әлемдік   білім   кеңістігінде   орныққан   «Шетел   тілдерін   деңгейлеп меңгертудің еуропалық жүйесінде» белгіленген тілді игерудің 6 деңгейі мен олардың   сипаттарының   негізінде,   Қазақстан   Республикасының   өзге   тілді жалпы білім беретін орта мектебінің 1­11 сыныптарында қазақ тілін үйретудің 5 деңгейлі құрылымы айқындалды.  Қазақ   тілін   үйренуге   негіз   болатын   бөлімдар   арқылы   оқушылардың жобаланған оқу нәтижелеріне жетуі қарастырылады.                                    ӨНІМНІҢ   ИДЕЯСЫ: Оқушының   білім,   білік,   дағдылары   орта   мектеп   жүйесінде   тілді меңгертудің 5 деңгейінің ішкі құрылымдық ерекшеліктеріне сәйкестендіріліп, жіктелді.   Атап   айтқанда   10­11   сыныптардағы   ортадан   жоғары   деңгейдегі талаптар В1    (Тереңдетіле қалыптасқан игерім В1.1;  Тереңдетіле қалыптасқан толық  игерім В1.2.; ) болып екі сатыға ажыратылды                                  ӨНІМНІҢ  ӨЗЕКТІЛІГІ:   Түсініктілік   ұстанымы   қазақ   тілін     оқыту   барысында   жоғары сынып оқушыларының психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып психологиялық үйлесімділік   жағдай тудыруға мүмкіндік жасайды.    Оқушылардың   қарым­қатынас   жасауына   және   олардың   өз жетістігін сезінуіне мүмкіндік беретін тілектестік ниетті ұстану оқу процесінің тиімділігінің маңызды шарты болып табылады.  Оқушылардың тұлғалық жетістіктерін ескеру ұстанымы түрлі  деңгейдегі   күрделі   тапсырмаларды   шешуге,   өздік   жұмыстарды орындауға, оқыту  мотивінің тұлғалық­мәнділігін қалыптастыруға, оқытудың ұтымды технологиясы мен оқу материалдарын таңдауға және   бейімдеуге,   білім   деңгейлері     әр   түрлі   оқушылардың жоспарланған нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді.  Шығармашылық ұстанымы оқушылардың түрлі шынайы            жағдаяттарда жаңа типтегі міндеттерді өздігінен шешу қабілетін, құзіреттіліктіліктілікке   бағытталған   тапсырмаларды   орындау білігін  қалыптастыруға мүмкіндік тудырады.                           ӨНІМНІҢ   ЖАҢАЛЫҒЫ:      Жоғары   сыныпқа арналған бұл оқу бағдарламасының жаңалығы – ортадан жоғары деңгейдің 2 сатыға жіктелуінде.   Білім   деңгейлерін   ішкі   кезеңдерге   бөлу   білім   беруді   дара   тұлғаға бағдарлау ұстанымына сай іске асады.  Бір деңгейдің алғашқы сатысында білім мазмұнын игере алмаған оқушы бейімдеу, дамыту, психологиялық үйлесімділік ұстанымдары негізінде келесі сатыда тиісті мазмұнды меңгеруге мүмкіндік алады.   Үздіксіздік ұстанымы оқытудың барлық сатыларының арасындағы жалғастықты   әдіснама,   мазмұн,   әдістеме   және   технология деңгейінде оқытуды қамтамасыз етеді.  Оқытудың  әрекетшілдік негіздегі ұстанымы  оқушыларды оқу­ танымдық әрекетке белсенді қатыстыру арқылы жаңа білімдерді ашуын,   өзін   өзі   бағалау   мен   өз   әрекетін   өзі   бақылауының қалыптасуын қамтамасыз етеді.  Пәнаралық интеграция ұстанымы  мәтіннен ақпаратты тауып алу   тәсілі,   мәтінді   мағыналық   бөліктерге   бөлу,   негізгі   және нақтылаушы   ақпаратты   бөліп   алу   және   т.б.   (әдебиетпен байланыс); өзектілік тәсілі, салыстыру, жүйелілік, қарсы қою, себеп­салдарлық байланысты анықтау және т.б. (ана тілімен байланыс) жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.                            ӨНІМНІҢ   МАҚСАТЫ: Ортадан   жоғары   деңгей   бойынша   қазақ   тілін   қатысымдық   тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде   сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін   дамыту,   тақырыптарды коммуникативтік   тұрғыдан   ұсына   отырып,   оқушыларға     қазақша   тілдік қатынасты  игерту.    бір­бірімен   сабақтас,   жүйелі                                                                                ӨНІМНІҢ  МІНДЕТТЕРІ:  Жоғары   сынып   оқушыларының   білімін   тілдік,   танымдық, лингвомәдениеттанымдық,   ұлттық­әлеуметтік,   өркениеттік­әлемдік тұрғыдан тереңдетіп, қазақ тілін   ұтымды игерудің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру;   қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгерту: оқушының  өз ойын, пікірін, көзқарасын еркін, дұрыс, нақты (ауызша және жазбаша) жеткізе білуін іске асыру;   оқушылардың қазақша дұрыс, түсінікті сөйлеуі мен сауатты жазуын жүзеге асыру;   жеке, қоғамдық­әлеуметтік, бағдарлы бағыттағы жағдаяттарды  жан­ жақты   ескере   отырып,   қазақша   тілдік   қатынасты   бағдарлы   түрде жүзеге асыру.                          КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Ақпараттық құзыреттілік: Өз бетінше табатындай, талдайтындай, іріктеу жасайтындай, түсіндіре білетін  және ақпаратты тасымалдауды, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық  коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыра  білуінде. Коммуникативтік құзыреттілік: Нақты өмірлік жағдайларда өзінің міндеттерін шешу үшін ауызша және  жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға мүмкіндік береді. Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі: Әр түрлі жағдайда проблемаларды анықтай білуінде, жауапты шешім  қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға мүмкіндік туғызады. ӨНІМНІҢ  МАЗМҰНЫ: Оқыту қазақ тілді емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің базалық білім мазмұнын   анықтауға   түрлі   тілдік   қарым­қатынастың   ауқымында   пайда болатын жағдаяттар, жағдаятқа қатысушылар, заттар, оқиғалар, іс­әрекеттер, мәтіндер негіз болады.  «Қазақ тілі» пәнінің мазмұндық желісі үш аяға бөлініп ұсынылды:    Әлеуметтік­тұрмыстық ая;  Әлеуметтік­мәдени ая;  Оқу­еңбек аясы  Әрбір   аяда   қамтылған   тақырыптар   мектептің   негізгі   және   бағдарлы сатыларында   бірізділікті   сақтай   отырып,   бірте­бірте   күрделенеді.   Қазақ тілінің   функционалдық­грамматикалық   минимумдары   осы   лексикалық тақырыптарды меңгерудің құралы ретінде ұсынылады.  Оқытудың  ортадан   жоғары  деңгейіне   арналған   базалық   білім мазмұнына  сипаттама: І. Әлеуметтік­тұрмыстық ая 1 Менің ата­анам. 2 Отбасы мүшелерінің қызметі.                  Пәнаралық   байланыс.                    Бағдарламада  оқу  орыс  тілдерінде   оқитын  мектептердегі  қазақ  тілі пәнінің  білімдік,  тәрбиелік  мақсаттары  басқа пәгдермен   байланыста  жүргізіледі,  оқыту  барысында                                          ана  тілі   (сипаттау,   өз  ойын   білдіру  т.б.),   музыка   (кейіпкердің  көңіл – күйін,   сезімін   білдіру,   ауа – райының  құбылысын  т.б,),   бейнелеу  өнері  ( әдемілікті,   сұлулықты   көріп,   сезіну,   қабылдау  т.б.),   технология  (еңбектің  адам  өміріне   деген  орнын   түсіндіру  т.б.),   математика   (оқушылардың  логикалық  (қисыннан)  ойлау  қабілетін  дамыту  т.б.)  сабақтарымен  пәнаралық  байланыс  жүзеге   асырылатындағы   түсіндірілген. Менің  Ата­анам ­ 1сағат. Тілдік бөлім: Ауызекі сөйлеу стилі.    Грамматика.. Сұраулы сөйлем.  Сұраулық шылаулар  Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым.  Тақырыпқа  қатысты  мәтіндерді  түсіну. Оқылым. Тақырыпқа  қатысты мәтіндерді оқу. Айтылым..  Тақырып  туралы баяндау. Жазылым. Үй төлемінің түбіртегін толтыру.  Тілдесім Кәсіби тілдесімді жүзеге асыру(тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету). Диалог­ сұрақ. Диалог­жауап. Мәдениетаралық қарым­қатынас бөлімі.  Ата­ана туралы мақал­мәтел,  нақыл сөздер.  Отбасы мүшелерінің қызметі­1сағат.    Зат   есімнің   көптелуі.   Зат   есімнің   септелуі.   Етістік. Тілдік     бөлім:   Етістіктің   жіктелуі,  көпше   түрі.Арнайы   сұрақ.  Грамматика:  Туынды   зат есім. Қатысымдық   сөйлесімдік   бөлім:  Тыңдалым.     Мәтіндегі   ұлттық ерекшеліктерді айыру. Диалогтік мәтіндер. Оқылым. Қонақ күту дәстүріне байланысты   мәтіндер.   Айтылым..   Қонақ   күтуде   жасалатын   іс­әрекеттерді баяндау.   Жазылым.   Танымдық   жазылым   (оқушыны   қонақ   күту   туралы   өз ойынан   қорытынды   жасап,   жазуға   үйрету).   Оқыған   мәліметтерді   жазу. Тілдесім. Бейресми тілдесімді қолдану (оқушыларға ресми емес, күнделікті тұрмыс­тіршілікте   кездесетін,   қарапайым   қарым­қатынастың   түрлерін үйрету). Диалог­мәлімет.   Мәдениетаралық қарым­қатынас бөлімі  :     Отбасы, ата­ана арасындағы қарым­қатынас туралы мақал­мәтелдер мен қанатты сөздер, тиым сөздермен танысу. Мақал туралы ой бөлісу.   Ортадан жоғары деңгей. Тереңдетіле қалыптасқан игеріміне арналған   базалық  білім  мазмұнының  сипаттамасы: Тыңдалым бойынша: Өзіне   таныс   нақты,   анық   айтылған   мәтіндерді;   ауызекі   тілде   айтылған ақпаратты; радио, телехабарларда берілетін жаңалықтарды түсінеді; Тақырып бойынша аудиоматериалды тыңдай отырып, айтылған ойға, басты мазмұнға көңіл   аудара   алады;   Тілдік   қарым   –қатынаста   қолданылатын   ұғымдардың анықтамаларын   тыңдап,   олардың   білдіретін   мағынасын   дұрыс   қабылдай алады; Оқылым бойынша: Әр   түрлі   тақырыптарда   ұсынылған   мәтіндерді   оқи   алады   және   түсінеді; Оқылған мәтіннің негізі мазмұнын түсініп, талдайды;   Ғылыми, қоғамдық – саяси, көркем әдебиет түпнұсқаларынан алынған үзіндіні нормативті деңгейде оқи алады; Айтылым бойынша: Өзінің алған әсері арманы, досым, әріптесі туралы мағұлмат бере алады; Түрлі жағдаятқа   сәйкес   көзқарасын   білдіреді;   Мәтінді   оқып,   сұрақтарға   жауап береді,   мағыналық   бөліктерге   жіктей   алады;   Тақырып   бойынша   лексиканы меңгере отырып, өз ойын жеткізе біледі; Жазылым бойынша: Өзінің алған әсері туралы қысқа, шағын әңгімелер жаза алады; Пунктуация ережелерін сақтай біледі Тілдесім бойынша: Сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдерді ұтымды қолдана алады; Әр түрлі жағдаяттарда   сұхбат   құра   алады;   Өзіне   таныс   жағдаятарда   ешкімнің көмегінсіз   сұхбатқа   араласады;   Үнтаспада   жазылған   сұрақтарды   тыңдап, оларға жауап бере алады; Оқыған мәтін бойынша өз пікірін айта алады. ЛЕКСИКА:  Берілген   ойдың   мазмұнына   қарай   қажетті   сөзді   орынды қолданады; Мақалдың дұрыс мағынасын анықтайды; Мәтінде берілген ойдың тақырыбын анықтай алады; 1300 лексикалық бірлікті меңгереді. Сөз   құрамы   мен   сөзжасам:   туынды   түбірлердің   мағыналық   байланысын біледі; Сөз таптарының сөзжасамдық ерекшеліктерін ажырата алады. Грамматика: салаластың түрлерін қайталайды; Стилдік  түрлерін орынды қолдана алады; Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра біледі.   зат   есімдерді   септейді,   септік   жалғауларын   жалғайды, 10­сынып бойынша қазақ тілі пәнінен тақырыптық – күнтізбе жоспары Оқу орыс тілінде жүретін мектептеріне  арналған 10 сынып оқулығына сүйене отырып құрылды. Авторлары: Т.Артыкова, А.Жаканбаева, М.Толеуова, Алматы «Атамұра», 2006 жыл Ортадан жоғары деңгей –В1, (В.1.1.­ тереңдете қалыптасқан игерім) Құрастырушы: Абзалбекова А.Т. (№15 ОМ, Қарағанды қаласы) № Сабақт ың н а с   т а ғ а тақыр ыбы С 1 Менің  1 Тілдік материалдар Граммат ика Фонет ика Айтыл ым і м і з р е М Лексика лық  миниму м Сөйлесім әрекетінің түрлері Жазыл Тыңдал ым ым Оқыл ым Тілдесі м Қазақ  тіліне  тән  дыбыста рды  қайталау Дауыст ы және  дауысс ыз  дыбыст ар Сөздер ді  мәнерл еп айту Мәтінді дұрыс  оқу  және  түсіну Мәтін ді  тыңда п  айтылғ ан  ойды  түсіну Тақыры пқа сай, тілдесі м  жүргізу . 1. Кіріспе 1.1.Жобаның қысқаша негіздемесі Өзге тілді мектептерде қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытудың құқықтық негіздері Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім беру туралы» Заңдары мен Тіл саясаты тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып дамиды. Осы мемлекеттік реттеу ұстанымдарын басшылыққа алып отырған қазақ тілінің барлық жалпы білім беретін орта мектептерде деңгейлік, кешенді түрде оқытылуы – бүгінгі уақыт сұранысынан туындап отырған мәселе. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін бекітетін екі фактор бар: Бірінші фактор  –   қазақ тілін үйренуге қажеттілік тудыратын тиімді жолдарды анықтай отырып, оған ықпал ететін мотивтерді толық және жан­ жақты   іске   асырумен   байланысты.  Тілді   меңгерудегі   мотивация   соңғы нәтижеге бағытталғанда ғана алға қойылған мақсатқа жетуге болады,    яғни оқушы тіл үйренген соң қандай жетістіктерге қолы жететіндігін білгені абзал. Оқушы   тілді   үйренерде   өзінің   болашақ   өміріне:   әлеуметтік   мәртебесіне, бәсекеге қабілетті болуына, мәнсабының өсуіне  және кәсіби деңгейде білікті маман иесі болатындығына сенім артуы шарт.  Екінші фактор  – мектептерде қазақ тілін үйрету әдістемесіне қажет технологиялар мен қазіргі уақыт сұранысына орай жаңа бағыттарды дұрыс жолға қоюмен байланысты.  Осындай   факторлар   білім   жүйесінде   «Қазақ   тілі»   пәнінің   әлеуетін арттырып,   тілді   меңгерту   әдістемесін   жаңартып,   жаңғыртып   отыруды қалайды. Бұл осы саладағы жетістіктер мен жетіспеушіліктерді  қайта қарап, бүгінгі   күнге   сай   мәселені   дұрыс   таңдап,   іске   қосуды   қажет   етеді.   Осы бағытта  республиканың тілші­ғалымдарының қатысуымен қазақ тілін үйрету әдістемесін жетілдіру мақсатында дүниежүзіндегі өркениетті елдердің екінші тілдерді меңгерту әдістемесіндегі озық үлгілер сараланып, мемлекеттік тілдің қоғамдық, әлеуметтік қызметі мен орнына сәйкес жаңа бағыттар айқындалды.  1991   жылы   Швейцарияның   Рюшликон   қаласында   өткізілген   тілді меңгерудің   жалпыевропалық   компетенцияларын   жасау   мәселелері қарастырылған Үкімет аралық  симпозиумда бастау алып, Европаның барлық елдері   мен   Ресейде   тестіден   өткізілген   «Жалпыевропалық   тілдік   қоржын» (European   Language   Portfolio)   бағдарламасына   назар   аударылды. «Жалпыевропалық   тілдік   қоржын»   ­   тілдік   дамудың   деңгейін   бағалауға қойылатын келісілген ортақ талаптарды сипаттайды. Мұнда тілді меңгерудің 6 деңгейі қабылданған. Тілді меңгерудің анықталған осы деңгейлері бойынша азаматтар   өздерінің   тілдік   құзыреттілігін   сөйлесім   әрекетінің   тыңдалым, айтылым  және жазылым  түрлері арқылы тексере алады. Осындай шетелдік тәжірибелер   мен   отандық   озық   дәстүрлер   үйлестіріле   отырып,   тілдерді оқытудың жаңа бағыттары белгіленді. Көптен бері тіл мамандары тарапынан мемлекеттік тілді үйретудегі негізгі мәселе ретінде көтеріліп, шешімін таппай келе   жатқан   өзекті   мәселе  –   өзге   тілді   мектептерде   қазақ   тілін   үйретудің деңгейлері ғылыми негізделді.  Қазақ   тілін   өзге   тілді   мектептерде   деңгейлеп   меңгерту   Қазақстан Республикасының   көпұлттық   сипаты   мен   өзіндік   ерекшелігін   және   тілдік білімді   бағалаудың   халықаралық,   Европалық   стандарттары   TOEFL, DALF\DELF, ALTE, IELTS (А1 Бастапқы игерім; А2  Қалыптасу қарсаңындағы игерім;   В1  Қалыптасқан   игерім;   В1+    тереңдетіле   қалыптасқан   игерім;   В2 Тереңдетіле,   ілгерілей   қалыптасқан   игерім;   С1  Кәсіби   игерім)   негізінде, бағалау және оқыту жүйелерін ескере отырып, әзірленді.    Еуропалық   стандарт   көрсеткіштері деңгейлерінің жіктелуі төмендегідей:    бойынша   тілді   білу Қарапайым деңгей    Негізгі деңгей             А 1    Бастапқы игерім  А2    Қалыптасу қарсаңындағы  игерім Орта деңгей                Ортадан жоғары деңгей В1     Қалыптасқан игерім В1+       игерім  Тереңдетіле   қалыптасқан Жоғары деңгей В2     Ілгерілей қалыптасқан   игерім Жетік деңгей    Тереңдетіле, В2 қалыптасқан игерім,  С1        Кәсіби игерім   ілгерілей Әлемдік   білім   кеңістігінде   орныққан   «Шетел   тілдерін   деңгейлеп меңгертудің еуропалық жүйесінде» белгіленген тілді игерудің 6 деңгейі мен олардың   сипаттарының   негізінде,   Қазақстан   Республикасының   өзге   тілді жалпы білім беретін орта мектебінің 1­11 сыныптарында қазақ тілін үйретудің 5 деңгейлі құрылымы айқындалды. Бұл деңгейлер ҚР өзіндік ерекшелігі мен қазақ тілін үйренудің әлеуметтік, қоғамдық орнын ескере отырып жасалған. Осыған   сәйкес   Қазақстан   Республикасы   Білім   және   ғылым   министрінің 09.07.2010  жылғы  №367  бұйрығымен  бекітілген  Оқыту  қазақ  тілінде  емес жалпы білім беретін мектептің 1­11 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу бағдарламасы   құрастырылды.  Бағдарлама   авторлары:  Оразбаева   Ф.Ш., Аяпова Т.Т.,  Дәулетбекова Ж.Т.,  Рахметова С.Р.,    Мадиева А.Т.,  Рауандина А.Қ., Қалиакпар Д. Қ., Қадашева Қ.Қ.  СОНЫМЕН, мынадай:   ҚАЗАҚ   ТІЛІН   ҮЙРЕТУДІҢ   ДЕҢГЕЙЛЕРІ Бастапқы қарапайым игерім А1 А1 ­1­сынып  Қарапайым деңгей Бастапқы деңгей  Бастапқы игерім  А1.1 Бастапқы   толық   орта   игерім А1.2 Бастапқы толық жетік игерім А1+ Негізгі деңгей  Қалыптасу   қарсаңындағы бастапқы игерім А2.1 Қалыптасу толық игерім А2.1.1 Қалыптасқан игерім А2.1.2   қарсаңындағы Орта деңгей  Қалыптасқан орта игерім А2.2 Қалыптасқан  толық игерім А2.+ Ортадан жоғары деңгей    Тереңдетіле игерім В1.1. Тереңдетіле толық  игерім В1.2.   қалыптасқан қалыптасқан А1.1  ­ 2­сынып; А1.2  ­ 3­сынып;  А1+  ­ 4­сынып. А2.1  ­ 5­сынып; А2.1.1  ­ 6­сынып;  А2.1.2.  ­ 7­сынып. А2.2  ­ 8­сынып; А2.+  ­ 9­сынып. В1.1  ­10­сынып  В1.2  ­11­сынып Осы деңгейлерге сәйкес қазақ тілінің күтілетін нәтижелері ақпараттық, коммуникативтік,   түйінді  қарапайым, құзыреттіліктердің   қалыптасуына   мүмкіндік   тудыратын бастапқы, негізгі, орта және ортадан жоғары деңгейлердің өзара сабақтас сатылары бойынша анықталады.    проблеманың   шешімін   табу  секілді Қазақ тілін меңгертудегі  деңгейлердің нәтижесі  мына  мәселелерді қамтиды:  •  Қарапайым және бастапқы деңгейде  күтілетін  нәтиже:  күнделікті жағдаяттарда   қарапайым   тілдік   дағдыларды   өз   мүмкіндігінше   пайдаланып, қазақ тілінде қатысымға түседі. •  Негізгі деңгейде  күтілетін  нәтиже:  ауызша және жазбаша ақпараттар алмасуда   тілдік   бірліктерді   дұрыс,   орынды,   сауатты   жазады   және пайдаланады.  •  Орта деңгейде  күтілетін  нәтиже: өз  ойын әдеби тілде түсінікті әрі еркін жеткізеді, сауатты және дұрыс жазады.  •  Ортадан жоғары деңгейде  күтілетін  нәтиже:  қоғамдық ортада, әр түрлі әлеуметтік жағдайларда өз көзқарасын білдіріп, оны  қысқаша дәлелдеп, қазақша тілдік қатынасты жан­жақты игереді. Өзге   тілді   мектептерде   қазақ   тілін     деңгейлеп   оқыту   жүйесінің мақсаты  –   қарапайым   және   бастапқы,   негізгі,   орта   және   ортадан   жоғары деңгей   бойынша   базалық   және   пәндік   құзыреттерді   жүзеге   асыра   отырып, қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде  сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір­бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды   коммуникативтік   тұрғыдан   ұсына   отырып,   оқушыларға қазақша тілдік қатынасты  игерту. Қазақ   тілін   деңгейлеп   оқытудың   мақсатына   орай   мынадай міндеттер іс жүзіне асырылуы қажет: • қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгерту: оқушының   өз ойын, пікірін, көзқарасын еркін, дұрыс, нақты (ауызша және жазбаша) жеткізе білуін іске асыру;  • оқушылардың   қазақша   дұрыс,   түсінікті   сөйлеуі   мен   сауатты   жазуын жүзеге асыру;  • өзге   тілді   мектеп   оқушыларының   білімін   тілдік,   танымдық, лингвомәдениеттанымдық,   ұлттық­әлеуметтік,   өркениеттік­әлемдік тұрғыдан   тереңдетіп,  қазақ   тілін     ұтымды   игерудің  коммуникативтік бағытын жүзеге асыру;  • жеке,   қоғамдық­әлеуметтік,   бағдарлы   бағыттағы   жағдаяттарды   жан­ жақты ескере отырып, қазақша тілдік қатынасты бағдарлы түрде жүзеге асыру.  Тілді деңгейлеп меңгерудің   білім мазмұнын айқындауда басшылыққа алынатын  басты ұстанымдар мыналар:  1. Білім мазмұнының оқыту мақстаттарына сай келуі;  2. Білім мазмұнынының аутенттілігі, шынайы өмірге сәйкестігі;  3. Ұсынылатын материалдың тіл үйренуші деңгейіне сай келуі;  4. Сөйлесім әрекетінің барлық түрінің өзара бірлікте жүзеге асырылуы;  5. Жаттығу жұмыстарының жүйелі түрде берілуі;  6. Тілдік материалдың кешенді түрде ұсынылуы;  7. Білім мазмұны мен әдістемені дара тұлғаны қалыптастыруға бағыттау. Бұл   ұстанымдар   тіл   үйренудің   барлық   деңгейінде   жүйелі   түрде дамытылып отырылатындықтан,   әр  оқушының алғашқы қадамынан бастап, оның білім, білік, дағдысын жетілдіреді және бекітеді. Мемлекеттік   стандартқа   негізделген   қазақ   тілін   коммуникативтік тұрғыдан   қарым­қатынас   құралы   ретінде   үйретуге   байланысты   ең   басты ұстанымдар:  тілді  меңгерту  тіл  білімін  оқытуға  емес,  тілді  қарым­қатынас құралы ретінде үйрету; тілді тез және сапалы үйрену үшін сөйлемді дұрыс құрастыруға қажет басты­басты лексикалық, грамматикалық минимумдарды ғана   сұрыптап   алу;   оқыту   грамматикалық   ережелерге   негізделмейді, керісінше, грамматика сөйлем құрауға негізделеді. Сөйлесім әрекетін меңгеру үшін тіл үйренушіге ұсынылатын  тақырыптар  бір қадамнан екінші қадамға дамытылып, сабақтасып, отырғаны тиімді. Сонда тіл үйренуші алдында өткен материалды   әрі   есте   сақтап,   әрі   жалғастырып,   өзінің   сөйлеу   әрекетін жетілдіреді.  Тілдік   қатынасқа   байланысты   іске   асатын   сөйлесім   әрекеті   бес   түрге бөлінеді: 1. Оқылым; 2. Жазылым; 3. Тыңдалым; 4. Айтылым; 5. Тілдесім. Осы ұстанымдары тілді үйренудегі түпкі нәтижеге бағытталғанда қазақ тілінің   әлеуметтік   қызметі   жоғары   дәрежеге   жетеді.   Басты   нәтиже   –   тіл үйренушінің коммуникативтік  құзыреттілігін  қамтамасыз ету; қазақ тілінде сауатты жаза білу, өз ойын әдеби тілмен түсінікті, еркін айта білу. Осы бағдарламаны жүзеге асыруда тіл үйренушілер мен үйретушілер  үшін оқулықтың маңызы зор.  А2.2;    ­ Қалыптасқан игерім орта деңгей бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыда меңгерту, оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, тілдік қабілеті   дамыған   тұлғаның   дамуына   мүмкіндік   жасау   үшін         европалық стандарт   негізінде     жасалған   мемлекеттік   тілді   деңгейлеп   оқыту бағдарламасының міндетін  қолда бар ресурстар мен материалдарды қолдана отырып   ,сәтті   шешуге   мүмкіндік   туғызу,   АКТ   мүмкіндіктерін   пайдалана отырып,оқушының   ғаламдану,   жаһандану   кезеңіндегі   қалыптасқан   тілдік қабілеті жоғары тұлғасын қалыптастыру қажет.   Мақсаты: 1.2.Жобаның мақсаты мен міндеттері: Жаңа   бағдарлама   негізінде   оқулық   материалдарын   құрастыру   арқылы   өзге тілді мектептердің 8­сынып оқушыларының алдына қойға мақсат міндеттерді жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасау.  Міндеттері: 1. оқулық мазмұнын бағдарлама талаптарына сай құру; 2. оқулық  мазмұны оқушылардың  жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жасалуын жүзеге асыру; 3. оқулық материалдарының оқушылар түсінігіне жақын, қол жетімді болуын, мұғалімдердің   оларды   сабақ   барысында   кәсіби   қажеттіліктеріне   сай әдістемелік   жұмыстың   тиімді   формалары   мен   әдістерін   таңдау   жүргізе отырып пайдалануын қамтамасыз ету; 4. оқушыларды   сөйлесім   әрекетінің   түрлерін   әлеуметтік   ортада   қолдана білуге үйрету; 5. оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту; 6. қарым­қатынас әдебінің нормаларын меңгерту: 7. күнделікті   өмір   жағдаяттарында   қазақ   тілін   орынды   қолдана   білуге дағдыландыру; 8. оқушыны   қазақ   халқының   мәдениетімен,   әдебиетімен,   ұлттық   салт­ дәстүрімен таныстырып, мәдени ортада пайдалануға баулу; 9. оқушылардың   шығармашылық  қабілетін   дамытып,   іскерлік   дағдыларын жетілдіру; 10.оқушылардың   қазақ   тіліне   қызығушылығын   дамыту,   қазақ   еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу. 1.4. Жобадан күтілетін негізгі нәтижелер: 1. оқулық мазмұнын бағдарлама талаптарына сай болады; 11.оқулық мазмұны оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жасалуы жүзеге асырылады; 12.оқулық материалдарының оқушылар түсінігіне жақын, қол жетімді болуын, мұғалімдердің   оларды   сабақ   барысында   кәсіби   қажеттіліктеріне   сай әдістемелік   жұмыстың   тиімді   формалары   мен   әдістерін   таңдау   жүргізе отырып пайдалануын қамтамасыз етіледі. 2. Жобаның негізгі мазмұны Жобаның қысқаша негіздемесі: «Европалық стандарт негізінде өзге  тілді мектептерде қазақ тілін  деңгейлеп оқыту бағдарламасы бойынша 8­ сыныпқа арналған оқулық құру жобасы» тақырыбының бүгінгі білім беру  жүйесіндегі өзектілігі мен маңыздылығы бүгінгі күннің білім беру бағытын  айқындауда, тіл үйрету мәселесін шешуде маңызды болып отыр. Оқыту қазақ тілді емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәні – мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартына сәйкес «Филология» білім беру саласына   енгізілген   және   мектептің   негізгі   деңгейінде   міндетті   түрде оқытылатын пән. «Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы қазақ тілінің Мемлекеттік тіл мәртебесімен дәйектеледі. Сондықтан қазақ тілін оқыту барысында өзге тілде білім алатын орта буын оқушыларын қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетін мәдениаралық   қатысым   құралы   ретінде   меңгерту   көзделеді.   соны   жүзеге асырудың бірден бір жолы жаңа бағдарлама негізінде оқулықтар құрастыру.   Жобаның   идеясы:  Қазақстан Республикасындағы оқыту қазақ тілді емес   жалпы   білім   беретін   мектептердің   1­11   сыныптарында   қазақ   тілін үйретудің Әлемдік білім кеңістігінде орныққан «Шетел тілдерін деңгейлеп меңгертудің еуропалық жүйесінде» белгіленген тілді игерудің 6 деңгейі мен олардың сипаттарының негізінде 5 деңгейлі құрылымы негізінде құрылған оқу бағдарламасын жүзеге асыру.   Жобаның өзектілігі:  Қазақ тілін деңгейлеп оқыту жүйесі европалық стандрт талаптарына сәйкестендіріліп, әлемдік білім кеңестігіне шығу, тілдік құзіреттілікке,бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Тілдерді деңгейлеп оқыту бағдарламасын енгізу арқылы бағалаудың бірден бір құралы ретінде оқушының тілдік портфолиосын жүргізу. Жобаның жаңалығы –    1.Жаңа бағдарламаға, оның мазмұны мен қойылатын талаптарына сай оқулық жасалады; 2.Оқулық мазмұнының жаңа бағдарламаның негізгі ұстанымы білім беруді дара тұлғаға бағдарлау ұстанымына сай іске асады; 3.Бір деңгейдің алғашқы сатысында білім мазмұнын игере алмаған оқушы бейімдеу, дамыту, психологиялық үйлесімділік ұстанымдары негізінде келесі сатыда тиісті мазмұнды меңгеруге мүмкіндік алады.    4.   Оқулықмазмұнын   іріктеуде   қатысымдық­әрекеттік,   қатысымдық­ функционалдық, тілдік білімді функционалдық  тұрғыдан  сұрыптау, ұлттық ерекшеліктерді ескеру,   5.Оқулық мазмұнының аутенттілігі, шындық өмірге сәйкестігі;    7. Оқушы деңгейіне сай келуі; білім мазмұнының жеке тұлғаның өзін−өзі дамытуға,   оның   өзіндік   және   шығармашылық   қабілетін   арттыруға,   қажетті іскерліктері   мен   дағдыларын   қалыптастыруға   бағыттау   басшылыққа алынды.   ұстанымдары Болжамы:    Егер   осы   жоба     іс­тәжірибеде   оңтайлы   іске   асса,   онда   құзіретілігін   мүмкіндік   беретін   оқулық   арқылы   оқушылардың   деңгейлік европалық   стандарттарға   сай   келетін   оқушының   түйінді   дамытуға   жетістіктерін бағалауға жол ашатын бағдарлама іске қосылады.   Мемлекеттік   тілдің   өз   мәртебесіне   лайық   қолданылуының   алғышарты ретінде   жүзеге   асырылуы   тиіс   көпдеңгейлік   игерім   қазақ   тілін   екінші   тіл ретінде   оқыту   әдістемесінің   әлемдік   тәжірибеде   қалыптасқан   игі   үрдістің нәтижесін   ескере  отырып   жасалды.  Отандық   білім   жүйесінің,  қазақ   тілінің өзіндік ерекшеліктері осы үрдіспен үндесіп, тілді меңгертудің Қазақстандық жаңа үлгісі әзірленді. Ендігі міндет осы идея мен жаңа бағыттың жалпы білім беру   жүйесіне   бірізділікпен   толықта   енгізілуін   қамтамасыз   ету   болып табылады.   2.2. Жобаны жүзеге асыру іс­әрекетін жоспарлау Әлеуметтік­тұрмыстық ая. ІІІ. Асханада тамақ ішемін.   3.1. Ас ­ адамның арқауы

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем

Открытый урок по казахскому языку "Менің ата-анам"Сұраулық сөйлем
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.05.2017