Paint графикалық редакторы (5 клаcc)
Оценка 4.7

Paint графикалық редакторы (5 клаcc)

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
информатика
5 кл
30.01.2017
Paint графикалық редакторы (5 клаcc)
Сабақтың тақырыбы: Сурет салу, сақтау және ашу. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Сурет салу, сақтау және ашу редактормен жұмыс істеуге үйрету. Графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру; Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету; Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, интерактивті тақта, тұсаукесер.Білімділік: Оқушыларға Сурет салу, сақтау және ашу редактормен жұмыс істеуге үйрету. Графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру; Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету; Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Paint графикалық редакторы.docx
Алматы облысы                                                                                                                       Еңбекшіқазақ ауданы Бөлек ауылы «М.Горький атындағы орта мектеп»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі Оспанбаева Бағлан Өмірғалиқызы Информатика пәнінің мұғалімі Сабақтың тақырыбы: Сурет салу, сақтау және ашу. Сабақтың мақсаты:   Білімділік: Оқушыларға Сурет салу, сақтау және ашу редактормен жұмыс  істеуге үйрету. Графикалық ақпаратты жасау  туралы түсінік беру; Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа  үйрету;  Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық­абстракциясын  дамыту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, интерактивті  тақта, тұсаукесер.  Сабақтың өту барысы 1.      Оқушыларды ұйымдастыру  2.      Үйге берілген тапсырманы тексеру  3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру 4.      Тапсырмаларды орындау 5.      Сабақты бекіту 6.      Үйге тапсырма беру Өткен материалды қайталау сұрақтары: •        Қажетті файлды бумадан қалай табуға болады? •        Дискідегі файлды қалай табуға болады? •        Ақпаратты компьютерде қалай сақтаймыз? •        Сақтау және Қалай сақтау бұйрықтарының айырмашылығы неде? Жаңа түсініктер:      ДК­нің мәтіндік те, графикалық та ақпаратты өңдеу мүмкіндігі бар.  Мұндай ақпаратты өндеудің қарапайым құралы стандартгы WINDOWS '98  операциялық жүйесі болып табылады. Раіnt графикалық  редакторы дегеніміз  не? Бұл редактор растрлық бейнелермен (көптеген бөлек түрлі­түсті  нүктелерден ­ пикселдерден тұратын) жұмыс істеуге арналған, сондықтан  әрбір суретке қатаң анықталған орын беріледі (өлшем). Сонымен бірге  бекітілген түстер саны қолданылады. Графикалық редактор ­ графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге  арналған программа. Paint (ағылшынша сурет, сурет салу) – растрлық (нүктелерден тұратын)  бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор. Пискель (ағылшынша picture element – суреттің елементі) – растрлық  бейненің ең кішкентай елементі. Редактор: 1.      Құрал­саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға; 2.      Суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға; 3.      Суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға; 4.      Бар графикалық объектілерді түзетуге; Раіnt бағдарламасын іске қосу: БастауБарлық   программалар СтандарттыРаіnt Редакторды жүктегеннен кейін экранда әдеттегідей, тақырып жолынан, меню  мен жұмыс үстелінен тұратын терезе пайда болады. Менюді пайдалана  отырып, терезеде құрал­саймандар тақтасын, палитраны және қалып­күй  жолын жарықтандыруға болады. Егер жұмыс ортасының өлшемі терезе  өлшемінен үлкен болып берілсе, онда жұмыс ортасының төменгі және оң  жақтарында айналдыру жолақтары пайда болады.  Қалып күй жолында  меңзердің пикселдердегі координаттарын байқауға болды.    СУРЕТ САЛУ КЕЗЕҢДЕРІ Құрал­саймандар тақтасы жұмыс аймағының сол жағында орналасады және  онда мынандай құрал­саймандар бар: — суреттің ерікті аймағын белгілеу; —  суреттің тік төртбұрышты үзіндісін белгілеу; —  суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған өшіргіш; — тұйық контурды құю; —  суреттен түс таңдау; — экрандағы бейненің өлшемін өзгертуге арналған масштаб; — жіңішке сызықтарды сызуға арналған қарындаш; — ерікті сызықтарды сызуға арналған кисть (қылқалам); — түрлі түсті нүктелерді салуға арналған бүріккіш; — мәтінді енгізу мен қалыптастыруға арналған жазу (әріптердің пішіні мәтін атрибуттарының тақтасының көмегімен өзгертіледі, ол меню арқылы шақырылады); — түзу сызықтарды салуға арналған сызық; —  қисық сызықтарды салуға арналған қисық (алдымен түзу сызық саламыз,  содан кейін екі рет сызық қисықтығын береміз, бұл маустың сол жақ батырмасын  басып жылжыту арқылы орындалады); —    тікбұрыш, көпбұрыш және эллипс ­ қажет фигураны салуға мүмкіндік  беретін       құрал­саймандар, фигура дұрыс салынуы үшін (шаршы, шеңбер) маусты жылжытқанда Shift пернесін басып ұстау керек. — салынған кескінді болдырмау үшін Сtrl+Z пернесін басу керек. Сурет салу тәсілдері. Маустың сол жақ батырмасын басу арқылы құрал тандаймыз. Егер қажет  болса, сызықтар калыңдьғын, түсін, оның конфигурациясын немесе қажет  режімді, мысалы, эллипсті таңдаймыз. Маустың сол жақ батырмасын басып  отырып, сурет саламыз. Мәтінді енгізгенде алдымен жазу, қаріп, оның өлшемі  және басқа атрибуттары орналасатын жерді белгілейміз. Палитра. Палитра жұмыс аумағынан төмен орналасқан және түсnер жиынтығъшан басқа (түрлі түсті шаршылар), негізгі және фонның түстерін көрсететін түс индикаторы бар. Түстер маус батырмасын қажетті түсте басу арқылы таңдалынады. Оң жақ батырмамен — фонның, ал сол жақ батырмамен негізгі түсті тандаймыз. Өшіргіш кескінді  фон түсімен өшіреді. Тікбұрыш, көпбұрыш және эллипс тандалған режімге  байланысты, фон түсімен боялуы мүмкін. Палитраны өзгерту үшін, оған  маустың оң жақ батырмасымен екі рет шерту керек Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау: Сабақты бекіту сұрақтары: Раіnt  графиктік редакторының атқаратын қызметі қандай? Раіnt графиктік редакторын қалай іске қосамыз? Раіnt графиктік редакторының тезесінің бөліктерін атаңыз Сурет салу әдістері қалай орындалады? Түстер палитрасының қызметі қандай? Меню жолының қызметі қандай? Рефлексия: сабақ ұнады, ұнамады өз ойларын стикерге жазып ілу. Үйге тапсырма: § 14 оқу, Эссе жазу.

Paint графикалық редакторы (5 клаcc)

Paint графикалық редакторы (5 клаcc)

Paint графикалық редакторы (5 клаcc)

Paint графикалық редакторы (5 клаcc)

Paint графикалық редакторы (5 клаcc)

Paint графикалық редакторы (5 клаcc)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.01.2017