Поурочный план на тему "Д.И.Менделеевтин периодтык заны"
Оценка 4.7

Поурочный план на тему "Д.И.Менделеевтин периодтык заны"

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
химия
8 кл
09.04.2017
Поурочный план на тему "Д.И.Менделеевтин периодтык заны"
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы. Атом құрылысы. Атом ядросының құрамы. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ. 1. Білімділік: Периодтық кесте, Периодтық жүйе бойынша пәндік ұғым негіздерін зерделеу; пәнаралық ізденіс арқылы білімдерін терендету. 2. Тәрбиелік: Белсенді әрекет ұйымдастыру арқылы бір - бірінің пікірін сыйлау, өзара көмек көрсету, өз жұмыстарына әділ баға беруге тәрбиелеу. 3. Дамытушылық: оқушылардың өзара белсенділігін, ой - өрісін, өздік әрекет атқару қабілетін дамыту.
$58.Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі.docx
Д.И.Менделеевтің   периодтық   заңы.   Атом   құрылысы.   Атом Күні: Сыныбы: 8ә сыныбы САБАҚТЫҢ   ТАҚЫРЫБЫ. ядросының құрамы. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ. 1. пәнаралық ізденіс арқылы білімдерін терендету. 2. көрсету, өз жұмыстарына әділ баға беруге тәрбиелеу. 3. Дамытушылық:  оқушылардың   өзара   белсенділігін,   ой   ­   өрісін,   өздік   әрекет   атқару қабілетін дамыту. Білімділік:  Периодтық кесте, Периодтық жүйе бойынша пәндік ұғым негіздерін зерделеу; Тәрбиелік: Белсенді әрекет ұйымдастыру арқылы бір ­ бірінің пікірін сыйлау, өзара көмек Сабақтың типі:  жаңа сабақты меңгеру сабағы Сабақтың түрі:  аралас сабағы.  Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ­жауап, талдау, ойын. Көрнекіліктер:   Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық кестесі, интерактивті тақта, слайд­шоу.  Пәнаралық байланыс: физика, биология, георафия  Сабақтың құрылымы:  Сабақтың барысы:  1. 2. Жаңа сабақты түсіндіру (25 минут) 3. Жаңа сабақты бекіту (15 минут) 4. 5. Бағалау (1 минут)  Үй тапсырмасы(1 минут) Ұйымдастыру кезеңі (2 минут) Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі.  ­Сәлеметсіздер ме? ­ Бүгін сыныпта кезекші кім? ­  Сабақта кім жоқ? ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Бүгін   бізде   жаңа   тақырып   «Д.И.Менделеев   жасаған   химиялық   элементтердің   периодтық жүйесі.Периодтық   жүйенің   құрылымы»   дәптерлерімізге   жазып   аламыз.   Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіне тоқталмас бұрын оның өмірбаянын мен қышқаша танысып өтейік.  Дмитрий Иванович Менделеев – орыс химигі. Петербург Ғылым Академиясының  корреспондент мүшесі (1876). 1834 ж. 27­қаңтарда Ресейдің Тобольск қаласында дүниеге келген. Санкт­Петербург Бас педагогикалық институтын бітірген (1855). Ғылыми­зерттеу жұмыстарының  негізгі бағыты жалпы химия, химиялық технология, физика, экономика, ауыл  шаруашылығы, метрология, т.б. салаларға арналған. Ол изомерия құбылысын зерттеп (1854 — 56), сұйықтықтың тығыздығын анықтайтын құрал – ареометр құрастырды (1859). “Органикалық  химия” деген алғаш орыс тілінде оқулық шығарды (1861). Сұйықтардың қайнауының абсолют  температурасын (1860),гидраттық теорияны (1865 – 87), жаратылыстың негізгі заңдарының бірі  – периодтық заңды ашты (1869). Сонымен қатармолекуланың массасын табудың Клапейрон –  Менделеев теңдеулерін шығарды. Мұнайдың ауыр металдар карбидтерінен түзілу гипотезасын  (1877), көмірді жер астында газға айналдыру идеясын (1880) ұсынды. Менделеев 1907 ж. 20­ қаңтарда Санкт­Петербургте қайтыс болды. Менделеевтің құрметіне жасанды жолмен алынған  радиоактивті химиялық элемент менделевий аталды. Өмірбаянмен танысып болсақ ары қарай жазамыз. Химиялық периодтық заңда айтылған химиялық элементтердің   өзара   байланысы   периодтық   кестеде   анық   көрсетілген.   Өзара   байланысты бөліктерден құралған тұтас дүние – жүйе деп аталады. Кестеде белгілі орындағы әрбір химиялық элемент химиялық таңбасы арқылы көрсетілген. Ол торда элемент туралы біраз мәлімет бар: аталуы,   реттік   нөмірі,   салыстырмалы   атомдық   массасы.   Көлденең   қатарларда   периодтар,   тік бағанада топтар орналасқандықтан әрбір элемент бір мезгілде белгілі бір топқа және периодқа жатады. Химиялық   элементтердің   периодтық   жүйесінде   7   период   бар,   ол   10   тақ   және   жұп   қатардан тұрады. 8 тік бағандар топ деп аталады. Кіші периодтар бір ғана қатардан, ал 4­периодтан, 7­ периодқа дейін 2 қатардан тұрады, олар үлкен периодтар деп аталады.  Топта   қасиеттері   ұқсас   элементтер   орналасқан.   Топ   нөмірі   I   –VIII   дейін   рим   сандарымен белгіленген. Кейбір ауытқулар болмаса топ нөмірі валенттілікке сәйкес келеді. Әрбір период сілтілік   металдардан   басталып   (I   –   период   сутектен)   инертті   элементтермен   аяқталады. Периодтағы атомдардың электрондық қабаттарының  саны бірдей болады.  Кіші периодтарда  ядро зарядының мәні  артқан сайын сыртқы қабаттағы электрондар саны өседі. Бұл   жоғары   валенттіліктің   өсуіне,   металдық   қасиеттің   бісеңдеуіне,   бейметалдық   қасиеттің артуына әкеледі.  Үлкен периодтарда сілтілік және сілтілік жер металдарынан  кейін электрондық қабаттың толуы басқаша жүреді. Әр периодтың ішінде элементтің металдық қасиеті солдан оңға қарай әлсірей бастайтындықтан үлкен периодта жоғары жұп санды қатардағы элементтердің металдық қасиеттері, төменгі тақ қатардағы элементтердің қасиеттерінен басым болады.  Әрбір топ 2 топшадан: негізгі және қосымша топшалардан тұрады. Негізгі топша үлкен және кіші период элементтерінен құралады. Олар үшін топ нөмірі сыртқы қабаттағы электрондар санына сәйкес  келеді.   Қосымша  топшаға  ұлкен   периодтың   «ауыспалы»   элементтері   кіреді.     Олардың сыртқы қабатында 1­2 электрондар ғана болады.  Периодтық   кестеде   элементтердің   химиялық   қасиеттері,   олардың   салыстырмалы   атомдық массалары, валенттіліктері тік бағытта да, көлденең бағытты да белгілі бір заңдылықта өзгереді.  Бір топта орналасқан элементтерге мынадай заңдылықтар тән. Әр топ элементтерінің оттекті қосылыстарындағы жоғары валенттігі, негізінен сол топтың 1. реттік нөміріне сәйкес келеді. Қосымша топшалардың элементтері топ нөміріне сәйкес келмейтін басқа валенттік көрсетуі де мүмкін. Мысалы, мыстың мынадай оксидіндегі Cu2O мыс І валентті. Бірақ мыс өз қосылыстарында ІІ валенттік көрсетеді.  2. Негізгі   топшаларда   элементтердің   салыстырмалы   атомдық   массалары   өскен   сайын (жоғарыдан   төменге   қарай)   олардың   металдық   қасиеттері   басым   бола   түседі.     Оның   себебі салыстырмалы   атомдық   массалары   өскен   сайын   негізгі   топшалардағы   элемент   атомдарының электрондық қабаттары өсіп, соңғы қабаттағы валенттік электрондар мен ядро арасы алшақтай түседі. Мұндай электрондар атомнан оңай үзіледі, бұл олардың металдық қасиетінің арта түсуіне әкеледі.  3. Негізгі   топшадағы   элементтер   атомдарының   сыртқы   электрон   қабатында     орналасқан электрондар саны, сол топтың нөміріне  сәйкес келеді.  Мысалы, ІІІ топтың негізгі топшасындағы элементтердің(B,Al,Ga,In,Tl)  атомдарының сыртқы энергиялық қабаттарында 3 электроннан бар, яғни оттекті қосылыстарындағы валенттігі 3­ке тең. ІІІ. Жаңа сабақты бекіту. Оқушылар енді сіздермен осы өтілген тақырып бойынша жеке және топпен есептер шығарып,  жаттығулар орындаймыз.  Сіздерге слайдта берілген реакция теңдеулерін жазу  керек, ол үшін әр  қатардан бір оқушы шығып тақтаға шығарсын. Тақтадағы оқушыға көмек беруге болады.   Тапсырмалары:  1. 2. 3. реакция теңдеуін аяқтап, өнімдерін атаңыз. Жауабы: 4Na+O2=2Na2O; SO3+H2O=H2SO4; CaCl2+Na2CO3=2NaCl+CaCO3 1s22s22p63s1 элементінің оттекпен әрекеттесу теңдеуін жазыңыз. 1s22s22p63s23p4 элемент (VI) оксидінің сумен әрекеттесу теңдеуін жазыңыз 1s22s22p63s23p64s2 элементінің хлоридіне 1s22s22p63s1 элементінің карбонатын қосыңыз, Енді келесі тапсырма. Слайдта берілген сұрақтарға қол көтеріп жауап береміз.  1. Д И Менделеев қай жылы, қай жерде дүниеге келді (1834ж Тобольск қаласы.) 2. Периодтық заңды Д. И. Менделеев қай жылы ашты (1869ж) 3. Периодтық кестеде элементтер неше топқа бөлінген (металдар және бейметалдар). 4.Период дегеніміз не? Кестеден кіші және үлкен периодтарды көрсет. (7 көлденең орналасқан  баған, кіші период 1­3, үлкен 4­7) 5.Үлкен периодтағы және кіші периодтағы элементтердің металдық және бейметалдық қасиеттері  қалай өзгереді? 6.Кіші периодтағы элементтердің оттегі және сутегі бойынша валенттілігі қалай өзгереді? 7. Период бойынша элементтердің қандай қасиеттері өзгереді? (Жауабы кетеде көрсетілген).  Оқушылардан жауап алынған соң келесі тапсырма орындалады. Оқушылар келесі тапсырмаға  назар аударайық. Алдарыңыздағы слайдта элемент және олардың графикалық формулалары  көрсетілген, бірақ шатастырып берілген. Солардың сәйкестерін табайық. • Сәйкестігін тап:                                                               Жауабы: 1. N+7)      2) 5) ­­­­­­­­­ d. 1s22s22p5 2. Ne+10)  2) 8) ­­­­­­      b. 1s22s22p3 3. C+6)      2) 4) ­­­­­­­­­  c. 1s22s22p6 4. F+9)      2)7) ­­­­­­­­­    a. 1s22s22p2                      1b 2с 3а 4d      Қосымша материал.  Белгілері Период нөмірлері Элемент саны Қатар саны Элемент атомы  құрылысының ерекшеліктері Периодтар кіші 1,2,3 2 және 8 бір Атомда ішкі қабат  электронмен біртіндеп  толтырылады. Валенттік  электрондар сыртқы  энергиялық қабатта  орналасады. Металдық қасиеті тез кемиді Металдық қасиеті баяу  үлкен 4,5,6,7 18 және 32 екі Атомда ішкі қабат  электронмен біртіндеп  толтырылады.  Валенттік  электрондар сыртқы және  астыңғы энергиялық қабатта орналасады. Период бойынша элементтер қасиеттерінің  өзгеру  ерекшеліктері Периодтық жүйедегі сілтілік металдар мен галогендердің қасиеттерінің периодты өзгеруін  түсіндіру. Оқушыларға кіші және үлкен период элементтерін салыстыруға дайын түрде  беріледі. кемиді (жұп қатарда  металдар орналасқан)     Элементтердің оттегімен қосылыстарындағы жоғары валенттілігінің  топ нөміріне сәйкес  келетіндігіне көңіл аударамыз. Жоғары  оксидтер мен сутегі қосылыстарының формуласы жазылған кестені көрсетеміз.  Сілтілік металдар тобы мен галогендер тобындағы элементтер қасиеттерінің ядро зарядына атом  радиусына тәуелді өзгеретінін айта отырып, мынадай қорытындыға келеміз. Негізгі топша  элементтердің ядро зарядының артуына байланысты металдық қасиеті артады, бейметалдық  қасиеті кемиді.     Бұл бағыныштылыққа тек қана негізгі топша элементтеріне тән екендігін атап көрсету керек.  Үлкен периодтағы тақ қатардың элементтерінен құралған қосымша топшада тек металдар ғана  орналасқандығына көңіл бөлген жөн.     Қосымша топша элементтерінің атомдарында арттан санағандағы екі қабаты электронға  толады, ал сыртқы электрон қабаты негізгі топшаның металдарындай болады.    Период және  негізгі топша бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеруі. Қасиеттер Металдық Бейметалдық Оттек бойынша валенттігі Сутек бойынша валенттігі Ядро заряды Салыстырмалы атомдық  массасы Өзгерістер бағыты   Негізгі топшада өседі ↓ өседі ↑ тұрақты,топ нөміріне сәйкес тұрақты,8­ден топ нөмірін  алғанға тең өседі ↓ өседі ↓ Периодтарда өседі ← өседі → 1­ден 7­ге дейін өседі 4­тен 1­ге дейін кемиді өседі → өседі → IV. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларға баға қою.  V. Үй тапсырмасы. Үйге §58, тақырып соңындағы 6 тапсырма.

Поурочный план на тему "Д.И.Менделеевтин периодтык заны"

Поурочный план на тему "Д.И.Менделеевтин периодтык заны"

Поурочный план на тему "Д.И.Менделеевтин периодтык заны"

Поурочный план на тему "Д.И.Менделеевтин периодтык заны"

Поурочный план на тему "Д.И.Менделеевтин периодтык заны"

Поурочный план на тему "Д.И.Менделеевтин периодтык заны"

Поурочный план на тему "Д.И.Менделеевтин периодтык заны"

Поурочный план на тему "Д.И.Менделеевтин периодтык заны"

Поурочный план на тему "Д.И.Менделеевтин периодтык заны"

Поурочный план на тему "Д.И.Менделеевтин периодтык заны"

Поурочный план на тему "Д.И.Менделеевтин периодтык заны"

Поурочный план на тему "Д.И.Менделеевтин периодтык заны"

Поурочный план на тему "Д.И.Менделеевтин периодтык заны"

Поурочный план на тему "Д.И.Менделеевтин периодтык заны"

Поурочный план на тему "Д.И.Менделеевтин периодтык заны"

Поурочный план на тему "Д.И.Менделеевтин периодтык заны"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.04.2017