Повесть Бауыржана Момышулы "Наша семья" - как пособие для обучения и познания традиций в национальной педагогике
Оценка 4.9

Повесть Бауыржана Момышулы "Наша семья" - как пособие для обучения и познания традиций в национальной педагогике

Оценка 4.9
Занимательные материалы +1
docx
воспитательная работа
Взрослым
30.01.2017
Повесть Бауыржана Момышулы "Наша семья"  - как пособие для обучения и познания традиций в национальной педагогике
Б.Момышұлы балалық кезеңін туындысында кеңінен суреттей отырып, ұлттық тәрбиені тереңінен талғаммен алғанын, өткен көріністерді рет-ретімен бейнелеу барысында аса ерекше құлшыныспен баяндаған. «Ертексіз өскен бала – рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға әжелері, не шешелері ертек айта бермейді. Содан қорқам. Менің қазіргі келіндерім немерелеріме бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатқандақұлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын» . Міне, Б.Момышұлының ұлттық таным сипатын тереңнен тамыр алатын нәрі сонау бала күннен басталатын бүршік кезеңнің тәрбиесіне ерекше назар аудартатыны, қазіргі кезде сол нәр берер тұмса бұлақтың бітелуі қорқыныш тудыратынына ерекше назар аудартады.
мақала орлеу.docx
Бауыржан   Момышұлының   «Ұшқан   ұя»   повесі   ­   педагогикадағы ұлттық таным мен  тағылымды  ұштастырып оқыту құралы ретінде  Ығылова А.Қ. Атырау инженерлік­гуманитарлық институтының  оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі «Қиянаттың үлкені – халықтың өз тарихын  өзінен жасыру екен. Бұл – ұлттық сананың төте жолы ғой.  Ал, ұлттық санадан айырылған ел ұлт болудан қалады» Аристотель Қазіргі   кезде   білім   беру   ісінде,   жеке   тұлғаны   жан­жақты   жетілдіріп, танымдық іс­әрекеті мен ой­санасын дамытып, қалыптастыру барысында білім берудің   ұлттық,   педагогикалық,   психологиялық   негізін   айқындау,   елімізде болып   жатқан   әлеуметтік,   экономикалық,   экологиялық,   саяси,   мәдени өзгерістерге байланысты оқу­тәрбие үрдісін ұлттық сипатта ұйымдастыру — өмір талабы.  Әр   халықтың   ұлттық­тарихи   дәстүрі,   оның   адамзаттық   білім   берудегі мәдениеті   мен   диалектикалық   білімі   осы   оқу­тәрбие   үрдісіне   тікелей байланысты.  Ұлттық   таным   мен   тағылымды   дамытудың   басты   жолдары   көркем шығармалардан   бастау   алып,   өскелең   жас   ұрпақты   даңғыл   жолдарға жеткізетін басты рухани қазыналы ойларға ұласатыны белгілі.  Осы  сипаттағы   тағылымды  туындылардың   іргелісінің  бірі –  Бауыржан Момышұлының  «Ұшқан  ұя»  повесі  болып  табылады.  Жазушының аталған шығармасы   1947   жылы   орыс   тілінде   «Наша   семья»   деген   атпен   жазылып шықты.   Бірден   айта   кету   керек,   Б.Момышұлының   «Ұшқан   ұя»     повесі ұлтымыздың әдет­ғұрпы, салт­санасын дамытып, жас ұрпақтың бойына ұлттық танымды сіңіретін бірден­бір туынды болып саналады. Себебі, шығарманың әр эпизоды   бала   тәрбиелеудің   басты   құралы   сынды   «жамандықтан     жиреніп, жақсылықты       үйрену»   жолын   ұстанған.     Туындының   алғашқы   тарауы   да ұлтымыздың аса биік дәстүрі – бата алудан басталыпты.  «Біздің   ауылдың   Байтоқ   деген   кісісі   алпыс   шақырым   Әулиеатаға   ат сабылтып жетіп, әкем жатқан үйге кіріп келіп, бір ауыз сөз айтуға дәрмені келмей, Момышты құшақтап жылай беріпті. Әкемнің қарындасынының үй­іші үрпиісіп, бір жаманат  хабар  жеткен  екен  деп  қорқып  қалады. Ақыры бәрі Байтоқты   жұлмалай,   «не   боп   қалды, айтсаңшы» деп тақақтағанда ғана, Байтоқ: ­Жеңешем ұл тапты, ­ депті. Үрейден   үрпиіскен   жұрт   енді   мәз­мейрам   болып,   қуаныштары қойындарына сыймай, Байтоққа сүйіншісін  беріп  аттандырыпты.  Әулиеатадан   әкем   қайтып   келгенде,   ағайын­жекжат   құтты   болсынға жиналып қалған екен.  О, Момыш, балаңның бауы берік болсын! Ақментей  бабасындай батыр болсын! Ақмолда батыр бабасындай мәрт болсын! Бәйдібек батырдың әруағы қолдасын! Домалақ анамыз жар болсын! – десіпті. Сөйтіп,   шілдехана   тойға   ұласыпты.   Той   соңында   Имаш   атам   алақан жайып ел қарияларынан бата сұраған екен.  ­Төл   немерең,   бел   немерең   ғой.   Бата   жөні   де   өзіңдікі,   ­   десіпті ақсақалдар. Сонда Имаш бабам былай деген екен: Алатаудың қыраны мол еді –  Қырағы болсын, құлыным – Қойнауы суға мол еді –  Бұлағы болсын, құлыным. Елінің тілегі зор еді –  Шырағы болсын, құлыным. Ата тілегі оң еді –  Құмары болсын, құлыным. Бұл жер батырлар төрі еді –  . Сыңары болсын, құлыным»  Шығарманың  бастауы да жаңа туған Бауыржанға бабасы Имаштың бата беруінен басталуы  ұлттық таныммен ұштасып жатыр. Себебі, ұлтымыздың ең басты     салт­дәстүрі   болып   табылатын   бата   беру   дәстүрінің   де   алар   оны жоғары.  Аузы  дуалы  адамнан  алған  бата толықтай орындалатыны   тағы  да бар.     Б.Момышұлы   туындысының бастауы да жаңа   дүниеге   келген сәби қуанышынан бастап, сүйінші сұрау дәстүрін де бір байқатып өтеді. Ал оның жалғасы келесі тағылымы мол дәстүрдің бірі бата беруге ұласады.   Халық   педагогикасының   яғни   этнопедагогиканың   саласының бастауы көркем шығарма сипатында келтіріліп, баланы тәрбиелеудің негізі  ұлттық тағылымдық дәстүрде  нығайып, адам өмірінде алар басты орнын байқатады. Ол негіз отбасылық тәрбиеден бастау алған сара жол ретінде адамның бүкіл өміріне әсер етер басты күш.  Шығармадағы   ұлттық   тәрбиенің   жалғасар   жолына   келейік.   «жарық дүниеге келгеніме екі­үш ай болғанда, шешем   мені   күн   көзіне шығарып, Имаш атамның алдына әкеліпті. Атам ерте көктем алдында ағаш отырғызып жүр екен. ­Атасының қолын ұзартып, қолғабыс беруге келді, ­ депті шешем ізетпен иіліп. Атам еміреніп мені алақынына алыпты. Қолыма жас бұтақ ұстатып: Құрық деп берсем – құл болма, Шыбық деп берсем – шіл болма. Бәрінен де, шырағым, Баяны жоқ ұл болма, ­  деп келініне мені қайтарып берген екен. » Міне,   тағы   бір   ұлтымыздың   танымы   мол     ізгі   салты   баяндалды. Немересінің     алғаш   атасына   сәлем   беруі,   яғни   кездесуі.   Атасы   да   ағаш отырғызып,  ізгі   істің қасында жүріп, немересінің болашағына сәттілік тіледі. Кейін   бұл   жай   Б.Момышұлының   келіні   Зейнеп   Ахметованың   «Шуақты күндер» повесінде тап осылай қайталанды.  Б.Момышұлы  балалық  кезеңін туындысында кеңінен суреттей отырып, ұлттық тәрбиені тереңінен талғаммен алғанын, өткен көріністерді рет­ретімен бейнелеу барысында  аса  ерекше  құлшыныспен баяндаған. «Ертексіз  өскен бала – рухани   мүгедек   адам.   Біздің   қазіргі балаларымызға әжелері, не шешелері   ертек   айта   бермейді.   Содан   қорқам.   Менің   қазіргі   келіндерім немерелеріме     бесік   жырын   айта   білмейді.     Бесікте   жатқандақұлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын»  . Міне, Б.Момышұлының ұлттық таным сипатын   тереңнен тамыр алатын нәрі сонау бала күннен басталатын  бүршік кезеңнің тәрбиесіне ерекше назар аудартатыны, қазіргі кезде сол нәр берер тұмса бұлақтың бітелуі  қорқыныш тудыратынына  ерекше  назар аудартады.  Ауыз   әдебиетінің   дәстүрінде   айтылатын   отбасылық   тәлім­тәрбиенің өзіндік   орны   өте   жоғары   екендігін   бағамдағандай   боламыз.   Ұлтымыздың әдебиетінің   өзі   тәрбие   құралы   басты   кілті   болып   табылатыны   да   ерекше құбылыс.  Бұдан  шығатын қорытынды, «қазақтану – ұлттық идеал, танымдық бейне­белгі,   дүниетанымдық   бағдар,   жүйелі   әлеуметтік­гуманитарлық білімдердің     концептуалды     жиынтығы;   адамның   жаңа   қасиет­қабілетін қабылдау; қазақтың өзіндік және әлеуметтік тұтас бейнесін жасау;   қазақтың санасы     мен   өзіндік   танымын   жетілдіру   арқылы   отандаспен   үндесуге, ұрпақтармен   үйлесуге   жөн   табу;   отандық   азамат   пен   халық   өмірінің   бас мәнісін айқындап, сапасын оңайлауға жол ашу. Қазақтану­адамтанудың,     ұлтанудың,     қоғамтанудың белгілі бір тұтас көрінісі  ретінде,  осы   өмірлік тәжірибелерге тарихи­философиялық, мәдени­ тарихи және әлеуметтік­гуманитарлық көзқарастарды тоғыстыру» атты ұлтты тануға   байланысты   пікірмен   қосыла   отырып,   қазақы   мінездің   ұлттық болмыстың қалыптасуында бұл көркем туындының атқаратын қызметінің зор екенін тағы да баса айтқым келеді. Ұлттық   таным   –   күллі   тірлігіміздің,     жетілуіміздің,   тұтас     түрде дамуымыздың     негізі   болып   табылады.   Қоршаған   ортамызда,   жекеленген тіршілік иелерінің іс­әрекеттері мен ішкі дүниесінде, ақылы мен санасында – барлығында ­ танымдық өзгерістер үнемі үзіліссіз жүріп жататыны белгілі.  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Момышұлы Б. Ұшқан ұя (Көптомдық шығармалар жинағы) 1­том. Алматы, Өнер, 2008. ­281.   Ахметова З.   Шуақты күндер: Б.Момышұлы туралы   естелік.   Алматы, Жазушы, 1984. ­175

Повесть Бауыржана Момышулы "Наша семья" - как пособие для обучения и познания традиций в национальной педагогике

Повесть Бауыржана Момышулы "Наша семья"  - как пособие для обучения и познания традиций в национальной педагогике

Повесть Бауыржана Момышулы "Наша семья" - как пособие для обучения и познания традиций в национальной педагогике

Повесть Бауыржана Момышулы "Наша семья"  - как пособие для обучения и познания традиций в национальной педагогике

Повесть Бауыржана Момышулы "Наша семья" - как пособие для обучения и познания традиций в национальной педагогике

Повесть Бауыржана Момышулы "Наша семья"  - как пособие для обучения и познания традиций в национальной педагогике

Повесть Бауыржана Момышулы "Наша семья" - как пособие для обучения и познания традиций в национальной педагогике

Повесть Бауыржана Момышулы "Наша семья"  - как пособие для обучения и познания традиций в национальной педагогике
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.01.2017