Презентация по казахскому языку на тему Жаңаша жеті модуль бойынша оқыту арқылы құзіретті тұлға қалыптастыру
Оценка 4.7

Презентация по казахскому языку на тему Жаңаша жеті модуль бойынша оқыту арқылы құзіретті тұлға қалыптастыру

Оценка 4.7
Образовательные программы
docx
чтение
9 кл
17.02.2017
Презентация  по казахскому  языку  на тему Жаңаша жеті модуль бойынша оқыту арқылы құзіретті тұлға қалыптастыру
Бүгінгі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой-өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала – балқытылған алтын» деген қанатты сөзді еске түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Стронг /2011/ мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға –мұғалім деп атап көрсеткендей, егеменді еліміздің алғышарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуді міндет етсе, өркениетке жету үшін жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіруде ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойылып отыр.Жаңаша жеті модуль бойынша оқыту арқылы құзіретті тұлға қалыптастыру
Документ Microsoft Word.docx
Жаңаша жеті модуль бойынша оқыту арқылы құзіретті тұлға қалыптастыру     Бүгінгі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой­өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға  ретінде қалыптасуын талап етуде. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің  «Бала  – балқытылған алтын» деген қанатты сөзді еске түседі. Балаға қалай  бағыт берсең, солай өседі.          Стронг /2011/ мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі  негізгі тұлға –мұғалім деп атап көрсеткендей, егеменді еліміздің  алғышарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуді міндет етсе, өркениетке  жету үшін жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіруде ұстаздар  қауымының алдына жаңа міндеттер қойылып отыр.               Б.Т.Лихачев «Педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат  көздей отырып әсер ететін педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің  жүйесі» ретінде көрсетеді, оның үнемі өзгеріп отыратындығын айтады.           Осындай жаңа педагогикалық технологиялардың жиынтығы болып  табылатын , өзіміз биылғы жылы тамамдаған білім берудегі жаңа формат  тәсілінің теориялық негіздеріне сүйене отырып практикаға енгізіліп жатырған  жеті  модульден құралған бағдарламаның менің өмірімде алатын орны ерекше  болмақ. Әлемдік тәжірибеге негізделе отырып жасақталған бұл бағдарлама  оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік  дәлелін нанымды жеткізе алатындай, сенімді, сыни пікір­көзқарастары жүйелі  дамыған, танымдық қызығушылығы мен мүмкіндігі жоғары оқушы  қалыптастыруды мақсат етеді.           Қазақта жетіні қасиетті санға теңесе, мен үшін де осы бағдарлама  мазмұнындағы жеті модульдің қасиеті ерекше болды. Бұл модульдердің  көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп,  олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппін. Әрине, бұрынғы дәстүрлі  әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары  болады. Осы 7 модульді апарып сабақтарыма салған кезде сыныптағы көрініс,  оқушылардың көзқарасы мен оқу үрдісіне қатысы бойынша орын алған  өзгерістерге тоқталғым келеді.            Біз қолданып жатырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан , сындарлы оқыту негіздері қамтылған. Бұл 7модульдің барлығы  да қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарында қолдануға ыңғайлы әрі тиімді.        «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО)   бағдарламасының  қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын  шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан  ойлауды дамыту  бағдарламасы – әлемнің түпкір­ түпкірінен жиылған білім берушілердің  бірлескен еңбегі, ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский  теорияларын басшылыққа алады.         Сабақтарымда кластер құру, «жуан­жіңішке» сұрақтар, екі түрлі күнделік стратегияларын қолдану арқылы балалар өз беттерінше тұжырым  жасауға, ойларын еркін жеткізуге, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін   таңдай білуге тырысты.  Екінші сабағымда «Автор орындығы» стратегиясын  пайдалану арқылы оқушының үйден дайындап келген шығармасын оқуда  сенімділік ұялатса, РАФТ стратегиясы арқылы оқушыларды тереңнен,  салыстыра ойлануға жетелеп, Блум өлшемдерімен жұмыс арқылы қабілетті  оқушылардың жұмыс жасау, бірлесе жұмыстануға үйретуге тырыстым.  Үшінші сабағымда INSERT картасы , дискуссиялық карта, Ішкі және сыртқы,  Венн диаграммасы, концептуалдық кесте толтыру стратегиялары арқылы  мәтіннен өзіне қажеттісін тауып, қолдана білуге, дискуссилық карта арқылы  өз ойын әрқашан дәлелдей білуге, ішкі және сыртқы стратегиясы арқылы  жақсы мен жаманның ара жігін ажырата білу, Венн диаграммасы арқылы  салыстырып, талдау жасай алуға үйретуді мақсат еттім.           Бұл стратегияларды әр тақырыпқа сәйкестендіріп бұрыннан да  сабағымда пайдаланушы едім. Топтық жағдайда өткен осы мектептегі  тәжірибе кезіндегі сабақтарымда сыни тұрғысынан ойлауға үйрету әдістері  бұрынғыдан да әсерлі, тиімді шыққанына сенімдімін. Сын тұрғысынан  ойлау  стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың тиісті деңгейде: 1.Өзбетінше тұжырым жасау, қортындыға келу. 2.Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу. 3. Проблеманы шеше білу. 4. Пікірталасты жүргізе білу қабілеттері белгілі бір деңгейде  қалыптасты деп  айтуға болады.           Педагогикалық қызметте дарынды және қабілетті балаларға қатысты  мәселе ойлауды, талқылауды және мұқият жоспардауды қажет етеді.  Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар  үшін мектеп стандартын күрделендіре отырып анағұрлым жоғары  нәтижелерге қол жеткізе алады. Деңгейлік тапсырмаларды Блум өлшемдеріне  сәйкестендіріп,  төрт деңгейде беруді үйрендім . 1­деңгейдегі тапсырмаларын  орындау барысында  «танып білу» және үлгі бойынша  «қолдану»  арқылы  орындалды, яғни жаңа сабақ бойынша берілген тапсырмалармен жұмыс  жүргізілді.Бұл тапсырмалар білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт  талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас  ерекшеліктерне сай таңдалып берілді.  2­деңгей тапсырмалары түрленіп ,  күрделене түседі. Оқушы өз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқушының  қабылдауы ,жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері міндетті деңгейден  әлдеқайда жоғары болды. 3­ деңгей тапсырмаларына талдау ,жинақтау,қорыту жасалды. Ал 4­ деңгей тапсырмалары негізінен  дарынды ,ізденімпаз ,қабілеті  жоғары , талапты балаларға арналды. Ондай оқушыларға  тек тақырыбын ғана  беремін,оқушының өзі мақсатын қояды,нәтижесіне жетеді,жазба жұмыстарын  өз бетінше орындайды. Мысалы бір сабағымда дарынды оқушыларды бір  топқа топтастырып, Блум өлшемдері сұрақтарымен жұмыстандыру  барысында оқушылар мұғалімнің көмегінсіз, өздерінің біліктілігі, ой ұшқырлығы арқасында діттеген нәтижелерге қол жеткізе алды. Берілген  дайын сұрақтарды Блум өлшемдері бойынша пирамидаларға орналастырып,  сұрақтарға сәйкесті жауаптарын беру арқылы жоғары деңгейлі  тапсырмаларды өз беттерімен орындап шықты.          Оқушылардың дүниетанымын, ой­өрісін кеңейту, өмірге деген  көзқарасын жан­жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашуда  ақпараттық­коммуникациялық технологияларды пайдалану –заман талабы.  Мектептегі технологияларға теледидар бағдарламалары, электрондық  оқулықтар, интернет, ұялы телефон, компьютер, т.б жатқызсақ,  сабақтарымызда оқушылардың қызығушылығын ояту, ынтасын арттыруда бұл  құралдарды пайдаланып жүрміз. Өз сабақтарымда электрондық оқулықпен  жұмыс, бейнефильмдер көрсету арқылы оқушылардың естерінде ұзақ сақтау  дағдыларын жетілдірумен қатар, үйге тапсырма берген уақытта көбіне  интернет беттерінен іздеуді ұсынып, кейде нақты интернет сайттарына  сілтеме беріп отырдым.  Әрине қазіргі оқушылар кітапханаға барғаннан гөрі  интернетпен жұмыстануға көбірек қызығушылық танытады, заман талабына  сай жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, өмір жағдайларының барлық  аспектілерінде жаңа технологиялардың бар мүмкіндіктерін пайдаланып, оны  өмірлік қажеттіліктеріне қарай пайдаланатын ұрпақ тәрбиелеуде АКТ  таптырмайтын тәсіл болып қала бермек.           Білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау модулі біз үшін жаңалық болмаса да, осы курс нәтижесінде бағалауға деген мүлдем жаңа көзқарас  қалыптасты десем , қателеспеймін. Балаларды ынталандыруда тәуекелге  барып, оқушылардың жауаптарын жоққа шығармай, сол қателерін өзіне түзете арқылы жұмыстандыру қажеттігін, бағалау критерийлері арқылы әділ  бағалауға қол жеткізудің мұғалім үшін де, оқушы үшін де тиімділігін ұғынып,  аз уақыт ішінде болса да бағалау түрлерін өз тәжірибемде пайдаланып, оң  нәтижелерге қол жеткізе алдым. Оған дәлел сабақ беретін 8«б» сыныбындағы  білім сапасының ІҮ оқу тоқсаны қорытындысында 85 көтерілуі болды.           Мұғалімдік тәжірибемдегі ендігі мақсат – заман талабына сай құзіретті  тұлға қалыптастыруда осы жеті тәсілді жүйелі қолдана отырып, өз  тәжірибемді толықтыру, жетілдіру болмақ. ­℅ дан 100 ­℅ ға   Алматы облысы  ,Көксу ауданы  Темірғали Исабаев атындағы мектепке  дейінгі  шағын орталағы бар орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің  мұғалімі  Талдыбаева Д.О. Менің педагогикалық ұстанымым                                                 Менің өзекті  мәселем  басқа  ұлттың тілінде сауатты  сөйлеп, сөйлеу   мәдениетін ,өз ойларын жетік жеткізе  білуге ,нәтижелі жолмен оқытып  ,үйрету .Мұғалім әдісті көп білуге  тырысу керек, оларды  өзіне сүйеніш   қолғабыс нәрсе  есебінде қолдану керек деп А.Байтұрсынұлы  айтқандай   әдіс­тәсілдердің түрлері өте көп болғанымен ,ол әдістерді дұрыс  таңдау әр  мұғалімнің шеберлігіне байланысты .Оқушының шығармашылықпен   айналысуға талпынысы, өзіндік пікір айтуы әдістемелер арқылы  жетіледі.  Менің өзім қолданып     жүрген әдістерімнің бірі –ойын  әдістері , олар   оқушылардың қызығушылықтарын  арттыруда ,ынтымақтастыққа тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады .Ұстаз  ол үнемі шығармашылық  ізденістерде білім  білік  дағдыларының жиынтығын  шығармашылықпен  жұмыс істеу   мақсатында  жүргізеді.     Мен де осы Педагогикалық Шеберлік Орталығына келіп, өзімнің кәсіби  білімімді жетілдіру , жаңа әдіс­тәсілдерін оқып үйреніп, өз іс – тәжірибемде   жүзеге асыру.   Өйткені жан­жақты ақпараттық  материалдарды , ұтымды  технологияларды ,тиімді әдіс ­  тәсілдерді пайдалана отырып, тиянақты білім  беруге  міндетті .     Ұстаздың білім беруінің  сапалы  болуы үшін жан­жақты білімінің болуы , өз мамандығына  деген шынайы сүйіспеншілігі   балаға деген  мейірімі ,  қамқорлығы арқасында жүзеге асады .Осы жаңа  тәсілдерді  жүзеге асырып  ,білім беруге  жаңа көзқараспен қарап ,тиянақты да  сапалы білімнің   арқасында  нәтижеге  жетуді ойлаймын.      Алматы облысы  ,Көксу ауданы  Темірғали Исабаев атындағы мектепке  дейінгі  шағын орталағы бар орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің  мұғалімі  Талдыбаева Д.О.

Презентация по казахскому языку на тему Жаңаша жеті модуль бойынша оқыту арқылы құзіретті тұлға қалыптастыру

Презентация  по казахскому  языку  на тему Жаңаша жеті модуль бойынша оқыту арқылы құзіретті тұлға қалыптастыру

Презентация по казахскому языку на тему Жаңаша жеті модуль бойынша оқыту арқылы құзіретті тұлға қалыптастыру

Презентация  по казахскому  языку  на тему Жаңаша жеті модуль бойынша оқыту арқылы құзіретті тұлға қалыптастыру

Презентация по казахскому языку на тему Жаңаша жеті модуль бойынша оқыту арқылы құзіретті тұлға қалыптастыру

Презентация  по казахскому  языку  на тему Жаңаша жеті модуль бойынша оқыту арқылы құзіретті тұлға қалыптастыру

Презентация по казахскому языку на тему Жаңаша жеті модуль бойынша оқыту арқылы құзіретті тұлға қалыптастыру

Презентация  по казахскому  языку  на тему Жаңаша жеті модуль бойынша оқыту арқылы құзіретті тұлға қалыптастыру
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.02.2017