Рефлексивті есеп
Оценка 4.7

Рефлексивті есеп

Оценка 4.7
Лекции
docx
английский язык
5 кл—11 кл +1
29.01.2017
Рефлексивті есеп
Қазақстан Республикасында білім берудің жаңа модулін құрып, оны сынақтан өткізу мен өмірге енгізудің ауқымды жұмыстары жүріп жатыр. Қоғамдағы қазіргі кезеңдегі қайта құрулар, экономикалық дамудағы жаңа стратегиялық бағдарлар қоғамның талабына сай оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім берудегі талапты түбегейлі өзгертті. Сондықтан да, болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беріп, танымдық қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру үшін олардың әр пәнге деген қызығушылығын, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа,тәрбиелеу –мектептің басты міндетіне айналды.
Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс қалай енгізгені және басқарылғаны туралы рефлексивтік есеп.docx
2014­2015 оқу жылы бойынша 5 кластарда «Оқыту мен оқу» тәжірибесіне өзгеріс қалай енгізгені  және басқарылғаны туралы рефлексивтік есеп. 1­жарты жылдық бойынша   қоғамдық   істерге   белсене   араласуым   қажет. Қазақстан Республикасында білім берудің жаңа модулін құрып, оны сынақтан өткізу   мен өмірге енгізудің ауқымды жұмыстары жүріп жатыр. Қоғамдағы қазіргі кезеңдегі қайта құрулар, экономикалық  дамудағы  жаңа стратегиялық бағдарлар қоғамның талабына сай оның жедел ақпараттануы   мен қарқынды дамуы білім берудегі талапты түбегейлі өзгертті. Сондықтан да,   болашақта өркениетті   дамыған елдердің   қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.   Қоғамдағы   өзгерістерге   сәйкес   оқушыларға   бүгінгі   таңда   тиянақты білім беріп, танымдық қабілетін дамыту, танымдық  белсенділігін    арттыру үшін   олардың   әр   пәнге   деген   қызығушылығын,   өздігінен   даму   дағдыларын қалыптастыру,   ізденімпаздыққа,   шығармашылыққа,тәрбиелеу   –мектептің басты міндетіне айналды.             «Мұғалім   еңбегі – үнемі жаңарып, дамып өзгеріске ұшырап отыратын процесс».   Сондықтан   мен     үнемі   ізденіп,   жаңалыққа   құмартып,   өз­өзімді жетілдіріп, қоғам дамуынан кеш қалмай, ғылыми –теориялық білімімді үнемі жетілдіріп,   Педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарына барып, білімімді жетілдіріп оқушыларға   сапалы   білім   беру   олардығ   сыни   тұрғыдан   ойлау   қабілеттерін жақсарту       менің   негізгі   міндетім   болды.   Қазіргі     таңда   біздің   ел   үшін демократиялық қоғамда жұмыс жасайтын белсенді, сыни тұрғыдан ойлайтын азамат   тәрбиелеу   өзекті   мәселеге     айналды.   Себебі,   бұрын   Қазақстанда дәстүрлі ойлау –болмыстың өзгермейтіні туралы және өзгерту мүмкін емес болатын. Бұл дәстүрлі ойлаудан  құтыла салу оңай емес, себебі әбден сіңісті болған   дәстүрлі   менталитетті   өзгерту   қиын.   Соған   өз   үлесімді   қосу   үшін, Қазақстан Республикасының  педагог қызметкерлерінің  біліктілігін арттыру курстарының үшінші негізгі деңгей «Кембридж» бағдарламасын оқып оны өз  орта тәжірибемде   қолдана   отырып   7   модульді   ықпалдастыра   отырып   мерзімді   және   қысқа   мерзімді   сабақ   жоспарын  құрып,   балалардың дарындылығы   мен   жас   ерекшелігін   де   ескере   отырып   тапсырмалар дайындалып сабақ жоспарларына кіргізілді               Бағдарламаның негізгі мазмұнында айтылғандай  оқытудың жаңаша тәсілдері оқу мен оқытудағы өзгерістер, оған басшылық жасау әрекеттерін үйрету, оқушыларға қалай оқу керектігін үйретудегі түрлі әдіс ­ тәсілдер, бағалаудың түрлі   жолдарын 7 модулді, негізгі идеяларды   өз тәжірибемде қолдануға тырыстым. Оқыту мен оқудағы өзгеріске жетелейтін, оқушыларға қалай   оқу   керектігін   үйрететін   бірден   бір   тәсіл   ол   ­   топтық   жұмыстарды ұйымдастыру екендігі белгілі болды. Сондықтан мен өз тәжірибемде сабақты жоспарлаған   кезде   осы   топтық   жұмыстан     және     тізбектектелген   сабақ топтамасын   құрудан   бастадым.  Жеті   модульдердің   барлығында қарастырылатын   идеяларды   оқыту   мен   оқудың   жаңа   тәсілдері   деп  санауға болатынына қарамастан,біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту»  мен «Қалай оқу керектігін үйренуді» ғана қарастырамыз,себебі олар әлеуметтік­ сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты.  Қазіргі   таңда   сыныптағы   оқушылардың   бірлескен   әңгімелесуі,   көп   пайда әкелетінін көрсететін көптеген дәлелдемелер бар, себебі ол:   оқушыларға тақырыпты өзінің түсінгені бойынша айтуға;  оқушылардың басқа адамдарда әр түрлі идеялар болатынын түсінуіне;  оқушылардың өз идеяларын дәйектеуге; мұғалімдерге өзінің оқыту үдерісінде «оқушыларының қай кезеңде екендігін»  түсінуіне мүмкіндік бере отырып көмек береді. Әр тоқсан жасалынған орта мерзімді жоспарлағы берілген әдіс тәсілдер Нұсқаулық мақсатында көзделгендей, мұғалім ең біріншіден, тізбектелген сабақтар   топтамасын   ұйымдастырады,   одан   кейін   сол   енгізген   модуль ықпалын жұмыс барысында нақтылайды, нәтижені анықтайды және сол әр өткізген сабағында барлық оқушының сабаққа қамтылуын қамтамасыз етіп отыру керек.          Мектепке тәжірибеге барған кездегі менің сабағымдағы өзгерістерге   бірлестік   мүшелерімен,   ата­ келетін   болсам,   мектеп   әкімшілігімен,   аналарыммен,сынып   оқушыларыммен     кеңесуден,   пікір   алысудан бастадым.олар маған қалай ықпал етті? Ата­аналар тарапынан біраз келіспеушіліктер де болғаны рас. Кейін ата­ аналарым сабақтарға қатысу арқылы балаларында өзгерістің болғанын,  ізденетінін, өздеріне көп сұрақтар қоятынын, тіпті өздерінің қиналатындарын  айтты. Ал,сыныппен жұмыс жасау кезінде сыныптағы оқушыларымның  қызығатынын, ізденетінін, пікір бөлісетінін, топ ішінде талқылаудың таласпен  жүретінін, кері байланыстың болатынын,бағалаудың не екенін түсінгендеріне  қарап біршама өзгерістің болғанын байқадым деп ойлаймын ,      Бұл курсқа келмес бұрын өзімнің іс­тәжірибемде  «дәстүрлі»  оқыту стилін қолдандым.   Бұл   дайын   білім   беруге   негізделген   «дәстүрлі»   стиль   арқылы алынған   білімнің   мән­мағынасы   терең   меңгерілмей     жай   ғана жатталғандықтан   оны   оқушы   өмірде   тиімді   пайдалана   алмайды.     Ал «Кембридж»   бағдарламасының   басым   бөлігі   сындарлы   оқыту   теориясына негізделген. Сындарлы оқытуда – оқушының пәнді терең түсіне білу қабілетін дамытып, алған білімдерін сыныптан тыс жерде , кез­келген жағдайда тиімді пайдалана   алады.   Сондықтан   оқушыға   нақты   білім   беруді   мақсат   тұтқан мұғалімнің өзі сабақтарын оқушының идеясы мен  білім­біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыру қажеттігін түсіндім.         Мектептегі іс­тәжірибемде сындарлы оқыту теориясын басшылыққа ала отырып, сабақ жоспарыма өзгерістер енгіздім.           Мектеп жұмысы мен   оқушы жетістіктерін   өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім деп (Strong, Ward, Grant 2011)  айтқандай «Кембридж»  бағдарламасы бойынша алған білімімді,   жаңаша әдіс­тәсілдерімді оқушыларыма жеткізуге асықтым.   Мектептегі   тәжірибе   кезінде     алғашқы   сабағымды   жаңаша   әдіс­ тәсілмен   өткізуді   ұйғардым. Балаларымның сабаққа деген қызығушылығын   ынтымақтастық   орта   қалыптастыу   үшін мектептегі арттырып, тәжірибемдегі сабақтарымды ең алғаш «Ынтымақтастық атмосферасын» ұйымдастырудан бастадым. Барлық төрт сабақты «Шаттық шеңберінен» бастау оқушыларға тиімді әрі қызықты болған. « Шаттық шеңбері » кезінде 1- ші сабақта оқушылар бір – біріне жақсы тілектер тіледі, 2- ші сабақта өздерінің есімдерінің басқы әріпінен тұратын әріптен басталатын тілек тілеуден басталды, 3- ші сабақта оқушылардың өздеріне ұнайтын мінездерін айтудан басталса, 4- ші сабақта мен өзім де қосылып балаларға жақсы тілек тілеуден бастадым. Оқушыларымның     осы   кезде қымсынып, ашылмай, өзін артық іс –қимылдардан тежей берді. Тіпті сәттілік тілеудің   өзінде   кей   оқушыларым   ұзақ   ойланып   тұрды,   бір­бірінің   сөзін қайталай берді. Осы жерде балаларымның сыни ойлау қабілетінің төмендігін байқадым. Бұған себеп жоғарыда айтып өткендей біздің оқушыларға   әбден сіңісті болған дәстүрлі менталитетіміз. Бұрын олай   жасауға, бұлай жасауға болмайды   дейтін   едім,   бүгінде   ашыл,   сөйле,   қысылма   деген   сөздерді   көп айтатын   болдым.     Бұл   тренинг   оқушыларыма   қуанышты   көңіл   сыйлап, сабаққа   деген   қызығушылықтарын     арттырып,   бір­біріне   деген   ыстық сезімдерін ұялатты. Келесі сабақтарымның барысында бірінші сабақтағыдай қиындық   туғызбады.   Балалар   өздері   шаттық   шеңберін   құрып,   апай   біз дайынбыз деп тұрғанда іштей қуандым. Балаларыма қатты ұнағанын және  тез арада   шаттық   шеңберін   құруға   дағдыланғандарын   көріп   қуандым.Бірінші кезде   ер   балалар   бөлек,   қыз   балалар   бөлек   қолдарын   ұстап   және   сәттілік тілегенде тек қыз балалар, қыз балаларға, ер балалар ,ер балаларға айтатын еді.   Ал қазір оқушы бойынан үлкен   өзгерісті   байқадым. Ынтымақтастық орта   қалыптастыру   сәтібалаларды   сыйластыққа,   сыпайылыққа   ,   мәдениетті болуға тәрбиелейді.          Топқа   бөліну   балаларды     бірігіп   жұмыс   жасауға,   ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке, достыққа тәрбиелейді. Бұрын дәстүрлі сабақта бір­біріне айтуға болмайды, көмектесуге болмайды деген ой қалыптасқан еді. Ал қазір бір­біріне  көмектесу қажет, білмегенін бірлесе  шешу, бірлесіп іздену қажет деген ұғымдарды үйренді.     Топқа бөліну кезінде  ер балалар бір бөлек, қыз балалар бір бөлек бөлініп алып, мен ананың қасына отырмайм менің досым ол емес деп  алғашқы кезде қиыншылықтар туғызды. Тапсырманы орындау     кезінде   өз   бетінше   қасындағы   жұбына   да,   тобына   да   қарамай, жамырап сөйлей бастады. Осы жерде топпен, бірігіп жұмыс жасау керектігін үйреттім.   Топ   басшысын   сайлап,   топ   басшысының   атқаратын   жұмысымен таныстырдым.   Осы   жерде   бұрынғы   қолданып   жүрген   дәстүрлі   оқыту   мен сындарлы оқытудың айырмашылығы айқын көрініп тұрғанын байқадым. Топ ережесін   құру   кезінде   түрткі   сұрақтар   және     сынақтан   өткізуге   арналған сұрақтар қойып, оқушыларды диалогқа тарттым. Топ ұстанымын құру, постерге сурет салып, өз ойларын топпен шығып,қорғау кезінде  бұрын соңды байқалмай жүрген Сағдат , Әділдің  сурет салуға деген қабілеттерін байқадым.     Оқушыларымныңалғаш   рет   сыни   тұрғыдан   ойлау   арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып жасаған жұмыстарына қуандым. Әсия, Дилназ, Мадина   деген   оқушыларым     топқа   ат   қойып,   ұран шығарды. Бірақ   эстетикалық   талғам   жағынан   кемшіліктер   болды.   Жазған сөздері мен салған суретті байланыстыру қажеттігін  түсіндірдім. Осы кезде оқушыларыма қатты риза болдым. Басқа топтарда бірлесіп жұмыс жасауға бұрын­соңды қалыптаспағандықтан, постердің әр жеріне алты   оқушы алты түрлі   жазып,   сурет   салып   қойған   оқушылар   да   кездесті.   «Екі   жұлдыз,   бір тілек»   айту   кезінде   өзім   балаларға   жетелеу   сұрақтары   арқылы   сын­пікір айтуға   көмектестім.   Осы   бағдарламаны   оқу   барысында   оқушыларымның бойындағы   жасырын   жатқан   шығармашылық   қабілеттерін   байқадым.   Бірақ бірінші сабақ болғандықтан, ұйымдастыру маған қиындау болды. Топқа бөлу кезінде, ойласу кезінде, сурет салу кезінде қатты шулап, еркін жіберген соң олар   сөйлеп,   күліп,   ер   бала   бөлек,қыз   балалар   бөлек   бөліне   берді. Оқушыларды   бұл   әдістерге   қалыптастыру   қажет   деп   шештім.   Балалар арасында  ағылшын тілі сабағы тұрмақ қазақ тілінен тұтығып сөйлеген сөздерін шаққа жеткізетін Тахмин деген оқушымның бойынан   сабаққа деген ынтасының жоғары екенін, сабаққа деген көзқарастарының өзгергендігін байқадым.  Үнемі сабаққа белсене араласып балаларға көмектесуге тырысып отырады. Жоспарланған     сабақтарыма   бағдарламаның   жеті   модульде   қарастырылған идеялар мен сабақта пайдаланатын жекелеген стратегиялар мен   тәсілдерді енгізіп   отырдым.   Оқулық   бойынша   сабағымда   жаңа   сабақтың   тақырыбын ашуда сыни тұрғыдан ойлау  әдісін және оқыту және оқудағы жаңа тәсілдерді көп   қолдандым.   Жаңа   сабақтың   тақырыбын   ашу   кезінде   сыни   тұрғыдан ойлауға тапсырмалар беріп, постер қорғады. Топтасып, бірлесіп жұмыс жасау кезінде   еркіндікті   сезініп,   шукөбейеді.   Ол   кезде   топ   ережесін   ескертемін. Постер қорғау кезінде   үнсіз оқушының өзі қызығушылық танытып,   сөйлеп, өзінің   ойын   айтты.   Ол   өзінің   де   сабақ   барысында   атсалысу   керек   екенін, пікірін  достары  тыңдайтынын   білді.    Оқушылар   белсенділік,  қызығушылық таныта отырып тақырыпты жақсы меңгерді.   Бір байқағаным, бұрын сабақ үстінде   оқушылар сыртқа шығуға көп сұранатын. Ал қазір   тіпті қоңырау кезінде   де ілініп   тұрған постерді аяқтаймыз деп бірігіп   бояп журеді. Осы кезде оқушылардың арасында достық қарым­қатынастың күшейгені байқалды. Сабаққа деген ынтасы дәстүрлі сабақ кезіндей емес, өзгергенін байқадым.       Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайтынын, бұл мәліметтерді   емтихан   кезінде   ұтымды   пайдаланып,   бірақ   мән­ мағынасытерең меңгерілмей , оқушы оны тиімді пайдалана алмайды деген тұжырымды   ескеріп,   тапсырмаларыма   жеті модулді   енгізе   отырып, өзгерістер енгіздім. Оқушыларды тек оқулық шеңберінде ғана қосымша оқытпай, тапсырма ретінде қоғаммен   байланыстыра отырып, спорт туралы бейнетүсірілім көрсеттім. Бейнетүсірілімнен алған әсерлері туралы эссе жазды.           Оқыту   мен   оқуда   болашақ   ұрпақты   сандық   технологияларда   құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптастыру үшін ақпараттық – коммуникациялық технологияларды   қолдандым.     Сандық   сауаттылық   –   бұл   сандық технологияны   пайдалана   отырып,   ақпараттың   орналасқан   жерін   анықтау, ақпаратты ұйымдастыру,түсіну, бағалау және құру  қабілеті болып табылады. Техникалық   жағынан   сауатты   болу   оқушылардың   сандық   құралдарды пайдалана білуін  білдіреді. (Нұсқаулық 68­бет). Бастауыш класс оқушылары болғандықтан   сабақ   барысында   қызығушылықтарын   арттыру   үшін   және бойларын сергітіп алу үшін ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдандым.   Есте   сақтау   қабілеттерін   дамыту   үшін     «Жадыны   дамытуға арналған   жаттығулар»,       «Крестиктер   ,   нөлдіктер»,     «Тақырыпты   түйінді сөздер»   тақырыбында   ойын     тапсырмалар   ұйымдастырдым.   Ақпараттық   – коммуникациялық   технологияларды     қолдану   нәтижесінде   оқушыларым белсенділік   танытумен   қатар   техникалық   жағынан сауаттанып, сандық құралдарды пайдалана біледі Бағалау   –   одан   арғы   оқу   туралы   шешімді   қабылдау   мақсатымен оқытудың  нәтижелерін жүйелі  түрде  жиынтықтауға  бағытталған қызметті белгілеу   үшін   қолданылатын   термин.   (Нұсқаулық   56­бет).   Дәстүрлі   сабақ барысында   жазбаша   және     ауызша   түрде   бағалауды   ғана   қолданатынмын. Оқыту үшін бағалау – білім алушылар   өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын   ,  қандай   бағытта   даму   керек   және   қажетті   деңгейге   қалай   жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу  мен түсіндіру үдерісі деп  «Бағалау Реформасының Тобы» (2002)   осындай   анықтама   берді.     Бұл   анықтамадан   бағалаушы   тұлға   тек мұғалім   емес,   оқушылардың   да   өздерінің   сыныптастарын   және   өздерін бағалауға   белсенді   қатыса   алатынын   атап   айтты.     Білім   алушылар   өз білімдерін   арттыру   үшін   бағалауды   үйренуі   қажет,   сондықтан   оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеуі қажеттігін бірінші бетпе­бет кезеңінде оқып   үйрендім.   Сабақ барысында   жеті   модулді   басшылыққа   ала   отырып   құрғандықтан,   сабақ барысында оқытуды бағалау түрлерін кіріктірдім.   Оқыту үшін бағалау түрі балаларым үшін де ,мен үшін де өте сәтті болды. Топ ережесін құру кезінде «Екі   жұлдыз,   бір   тілек   »   әдісін   қолдану   кезінде   балалар   қызығушылық танытты.   Бірақ   өз   ойларын   еркін   ашып   айта   алмай,   қысылып   сөйлемей қиындық тудырды. Келесі сабақтарымда бағалау кезеңінде оқушыларым сыни тұрғыдан    ойлай отырып жұлдызшалармен бірін­бірі бағалады. Белсенділік күшейіп,   бір­бірімен   жарысып,   ойларын   жеткізуге   асықты.   Осыдан­ақ оқушыларымның бойында бірінші кездегідей қиындық туғызбай , өзгеріс пайда болғанын байқадым.        Осы «Кембридж» бағдарламасын меңгеру нәтижесінде «Мұғалім  еңбегі – үнемі жаңарып, дамып өзгеріске ұшырап отыратын процесс»   болғандықтан дәстүрлі оқыту стилімді өзгерттім. Осы сындарлы оқыту теориясынан топқа бөлуді,   сыни   тұрғыдан   ойлауды,   бағалау   түрлерін,   ынтымақтастық   орта қалыптастыруды, өз ойын ашық айтуды ,Акт –ні шебер қолдануды  үйрендім. Өз   тәжірибеме     осылай   өзгерістер   енгізу   арқылы   сабақ   беру   тәсілімді өзгерттім.  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:   1. Мұғалімге арналған оқулық.« Назарбаев Зияткерлік  мектебі»   ДББҰ,    2012 2. «Сын тұрғысынан  ойлау  білім үдерісінде оқу­әдістемелік құрал».Алматы 2008ж әді

Рефлексивті есеп

Рефлексивті есеп

Рефлексивті есеп

Рефлексивті есеп

Рефлексивті есеп

Рефлексивті есеп

Рефлексивті есеп

Рефлексивті есеп

Рефлексивті есеп

Рефлексивті есеп

Рефлексивті есеп

Рефлексивті есеп

Рефлексивті есеп

Рефлексивті есеп
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.01.2017