Сабақ жоспары Өзін - өзі тану Тақырыбы "Көкірек көзін ашалық"
Оценка 4.8

Сабақ жоспары Өзін - өзі тану Тақырыбы "Көкірек көзін ашалық"

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
естествознание
7 кл
11.05.2017
Сабақ жоспары Өзін - өзі тану  Тақырыбы "Көкірек көзін ашалық"
Публикация является частью публикации:
7-1.docx
Ресурстар  (материалдар,  дереккөздері) «Өзін­өзі тану» сабағының жоспары Мектеп :                               №1                  Мерзім:                     Мұғалім:                                Сынып: 7          Оқушылардың саны: Тақырып: Көкірек көзін ашалық! Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: Мүмкіндік, шынайылық, адалдық, парасат Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойында адам мүмкіндіктері, өз­өзін жетілдіру, дамыту жолындағы сүйіспеншілік құндылықтарын дамыту  Сабақтың міндеттері: Білімділік:  Адам бойындағы табиғи мүмкіндіктер, өз ісіне деген сүйіспеншілік, жетістікке жету жолындағы шынайылық пен адалдық ұғымдары туралы білімін жетілдіру Дамытушылық: Оқушының өз бойындағы қабілеттерін дамыта білу, қандай жетістікке жетсе де өз­өзін қадағалай білу қасиеттерін дамыту Тәрбиелік:  Кез   келген   істі   сүйіспеншілікпен,   шынайлылықпен   істеуге,   өз   мүмкіндіктерін пайдалана білуге тәрбиелеу Сабақтың барысы: 5­Т ұстанымы Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.  Су асты патшалығына ойша саяхат.  (Оқушылардан   шеңбер   құрып   отыруды,   қолдарын   тізесіне   немесе   үстел   үстіне   қоюды,   аяқтарын   айқастырмауды   өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз). Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет   терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан­жағыңызға   қараңыз:   мұнда   кемпірқосақ   тәрізді   арлы­берлі   жарқырай   қалқыған   әсем   балықтар   қаншама.   Теңіз   түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.  Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.  Сұрақтар: 1. 2. Қандай күйде болдыңдар? Ішкі тыныштыққа жете алдыңдар ма? Қорытынды:Ендеше үнемі айналаға сүйіспеншілікпен қарай білейік. Үй тапсырмасын тексеру:  «Өсіп­өнсін ағаштар» әңгімесі К. Сегізбаев «Ағаштар да сөйлейді» дейсің бе? Онда өзіміз куәсі болған мына бір әңгімені тыңдап көрші. Көркемнің   шуағы   тұла   бойын   қыздырып,   құстардың   мың   құбылған   әні   айналаны тербеткен шақта жас шыбық Қызылкүрең де қысқы ұйқысының оянған. О,ғажап! Бұрын тал түс   болғанша   бұған   күннің   сәулесін   көрсетпейтін   алып   алма   ағашы   дәл   төбесінен   төніп, тынысын тарылтып тұрушы еді. Жалғыз ол емес, басқа да үлкен ағаштар қатарласа самсап, күннің сәулесін қойғанда бұл жазғанға аспанның өзін көрсетпеуге тырысатын. Бәрі де үшты­ күйлі жоғалыпты. Өзі үлкен бір үйдің терезесінің алдына орын теуіпті. ­Ояндың ба? –деген нәзік үн дәл қасынан естілді. Қараса бойы өзінен де кішкентай құбақан түсті өскін Қызылкүренге күлімдей қарайды. –Енді екеуіміз іргелес тұрып, қатар өсетін боламыз. Қызылкүрең   сонда   ғана   өзінің  жаңа   мекенге   қоныс   тепкенін   түсінген.   Кезінде   күн сәулесін  түсірмегені үшін алып алма ағашына өкпелі де сияқты еді. Ал енді өзінің алғашқы рет топырақ арасынан бүр жарып, жарық дүниені көрген туған мекенін, тіпті алып ағашты да сағынғандай күй кешкен. Сол кезде қолында шелегі бар Кекілді балақан келіп, Қызыкүреңнің және оның қасында тұрған  құбақаның  түбіне су құйған. Жылы ылғалды рақаттана сорған қылдырықтай тамырлар көктем күнінің шуағымен балқып, ерекше бір күйге енген дерсің. Екі­үш күн өтпей­ақ сидиған кішкене бұтақтардың әр тұтас бөртіп тұрды да, жап­ жасыл жапырақтар қылтия бастады. ­ Ой, сенің жапырақтарың қандай әдемі, ­ деді Құбақан, ­ жап­жасыл екен. ­ Сенің де жапырақтарың көздің жауын алғандай көрікті­ақ, ­ деді Қызылкүрең де көршісінің көңілін көтеріп. ­ Шіркін, біз де үлкен ағаш болып, жеміс берер ме екенбіз?! – деп армандады бір күні Құбақан. ­   Және   біздің   жемісіміз   сонша   әдемі,   сонша   дәмді   болса   ғой,   ­   деп   қиялдады Қызылкүрең де. Үйге   кіріп­шығып   жататын   кісілердің   ең   кішкентайы   кекілді   балақан   жаз   бойы екеуінің түбіне шыққан арам­шөптерді отап, топырақты қопсытуды да ұмытқан жоқ. Көздің жауын алғандай олардың жап­жасыл жапырақтары небір ыстық күндерде де өңінен тайған емес. Уақытымен құйылған суға қанған олар аңызақты ыстықтан қорқуды білмейтін. Екеуі жаңа   қоныстағы   алғашқы   жаздарын   жаман   өткізген   жоқ.   Айналаны   ақша   қар   басып,   қыс түскенде екеуі тағы ұзақ ұйқыға кеткен. Көктем шығып, бұтақтары бүр жара бастағанда екеуі бойларының өткен жылға қарағанда біраз өсіп қалғандарын айтып, мәз болысатын. Осылайша олар бірнеше жазды өткізіп, бірнеше көктемді қарсы алатын. Құбақан мен  Қызылкүрең  сол тату­тәтті қалыптары қатар есейіп келе  жатты.  Күн сайын таңғы самалға күлтеленген жапырақтарын тербетіп тұрып, бір­біріне сәлемдесіп, күн сайын жұлдыздарды көк жүзін толтырған тұста түнтыныштығын тілейді. Тұңғыш рет әр бұтақ, әр   бүршіктері   сәл   қызғылтым   реңкі   байқалатын   аппақ   гүлге   толған   сәттегі   екеуінің қуаныштарын айтып жеткізу қиын еді. Гүлдерінің хош иістеріне өздерін қойғанда, ауланың ішіндегі   өсімдік   атаулы   естігендей.   Ешқашан   маңайларына   жоламайтын   бал   аралары   да таңның жарығынан келіп, айналаны уілдеген бір әдемі әуенге толтырады дейсіз. Бұтақтарына қонып алып, саураудан жалықпайтын қараторғайдың әнін айтсаңызшы, Олар сынау көктемді, көктемдей өмірді жырға қосатын. Екеуі   ойламаған   жерде   қуанышқа   бөлеп,   ойламаған   жерде   өкіндіріп   кеткен   қысқа ғұмырлы гүлдерін әңгімелеп жүрген шақта сол гүлдердің орнына кішкене­кішкене түйіндердің пайда болып қалғанын байқамапты. ­Білдім, білдім, ­ деді бір күні Құбақан. Бұрын мен өнген жерде үлкен ағашқа керемет әдемі алмалар өсетін. Мүмкін, мынау кішкентай түйіншіктер біздің алма жемістеріміз шығар. ­Мен де солай ғой деп тұрмын. Біздің кішкентай қожайынымыздың күніне неше дүркін келіп   жүргеніне   қарағанда,   биыл   жеміс   беруге   тиіспіз,   ­   деді   әрқашан   өзінің   айтқанын құбақаның мақұлдағаның ұнататын Қызылкүрең. Расында, кекілді балақан күн құрғатпай келіп, екі ағашты ерекше күтіп­бағудан бір жалыққан жоқ. Ақыры, жаз ортасы ауа екі ағаштан бір­бір алманы үзіп алып, жеп көрген балақан қуанғанынан үйге қарай тұра жүгірген. Әңгімеде не туралы айтылады? Ағаштардың «алып ағашқа» айналып өсуіне не көмектесті? Адамның жан дүниесіне қандай қасиеттер сәуле береді? Кекілді балақанның бойында қандай жақсы қасиеттер бар деп ойлайсыңдар? Кекілді балақан үлкен жігіт болып өскен сайын біздің бұл алма ағаштарымыз да адам танымастай алып ағашқа айналған еді. Әр көктем сайын гүлдеп, күзде ал қызыл алмаларын әрең көтеріп, олар жылдан жылға өсе берді, өне берді. Сұрақтар: 1. 2. 3. 4. Қорытынды:  Әңгімеде ағаштар қалай өсетіні туралы айттық. Сол сияқты адам баласы да үнемі өсу жолында болады. Есейген сайын адамның білуге құштарлығы артады. Бірақ біз өскен сайын парасатты, зерделі, жүрегі сүйіспеншілікке толы, адал болуымыз керек. Дәйексөз:  «Жақсы шешен болғың келсе, алдымен жақсы адам бол!»  Сұрақтар: Цецерон 1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? 2. Адам өз арманына жету үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?  Түйін: Цецерон   бұл   сөзі   арқылы   қанша   атақты   болсаңда   адам   бол   дейді.   Яғни   сүйіспеншілік, адалдықты ылғи жүректе сақтап, өз­өзіңді қадағалай білсең «адам» деген атқа лайық боласың. Адам қандай үлкен болсақ та, парасат, ізгілік, сыйластық деген асыл қасиет пен сүйіспеншілік деген құндылық үнемі жүрегімізде болуы керек екен. Оқиға айту:  «Талаптың пайдасы» әңгімесі Ы.Алтынсарин     Ұлы Петр деген патшаның бабасы бір күн шіркеуде тұрғанда көп адамның артқы жағында үңіліп патшаға қарап, бөркімен қалқалап қана бір нәрсені сызып тұрған балаға көзі түседі. Мұнымен бөтен кісінің ісі жоқ, жалғыз­ ақ ақылы кемел патша сол бала­ екеш балаға да көзін салып тұрған екен. Тілек тілеп болған соң, жұрт екі жарылып, патшаға жол беріпті. Сонда патша тұп­ тура манағы балаға барды. Бала қолындағы сызумен болып тұрып, тіпті, патшаның қасына келгенін де байқамай қалыпты. Сонда жұмсақ шыраймен патша сұрады:  ­ Неғылып тұрсың?  ­ Сенің жүзіңді жазып алайын деп едім.  ­ Оны неғылмақсың?  ­ Даңқың, дабылың жер жүзіне жайылған патшам, сенің суретіңді сызып алып, өміріме шейін бойымда сақтайын деп едім.  ­ Қане, көрсетші сызғаныңды?  Сол   уакытка   шейін   корықпай   жауап   беріп   тұрған   бала,   сызғаныңды   көрсет   дегенде, қысылайын депті, сөйтсе де, сызған қағазын әдеппен патшаның қолына берді. Қараса, сурет реуішті де емес, әйтеуір өз білімінше сызған сызық, бала ол күнде сурет салуды қайдан білсін. Солай да болса, әлемге ақылы жеткен патша баланың талапты, зерек екенін аңғарып, оқуға бергізіп,   ақырында   сол   бала,   бүкіл   орыс   жұртына   даңқы   шыққан   Матвеев   деген   суретші болған. Сұрақтар: 1. Әңгімеде не туралы айтылған? 2. Патша не себепті баланы оқуға бергізді? 3. Мақсатқа жету үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсың? Қорытынды:  Кез   келген   істі   сүйіспеншілікпен,   шын   жүекпен   жасасаңдар   әрқашанда нәтижелі болады. Шығармашылық жұмыс: Ыбырай Алтынсаринның «Талаптың пайдасы» әңгімесін  сахналау Сұрақтар: 1. Сахналаудан қандай әсер алдыңдар? 2. Патша не себепті көп арасынан тек сол баланы байқап калды? 3. Атақты суретші болу үшін бала қандай әрекет жасады? Қортынды: Мақсаттарыңды нақты анықтап, соны шын жүректен қаласаңдар, сонымен қатар оны сүйіспеншілікпен жасасаңдар  орындалады. Топпен ән айту:  Тек алға! Әні: Маржан Арапбаева Сөзі: Ринат Заитов Орындаушы: Маржан Арапбаева Тек алға Тіршілік қайнап тұрса, Көңілің сайрап тұрса, Жас жанып жайнап тұрса Дала Сөндірме жан нұрыңды Жазғырма тағдырыңды Бақытқа әр күніңді бала Қайырмасы: Арманың барда Шаршама талма Жасқанып қалма Жүре бер тек алға! Өмір сынаса Көңілге алма Әніңді жалға Жүре бер тек алға! Қиналсаң анда санда Үмітің алдаса да Өтпелі әрқашан да Бәрі. Сәтсіз күн оралмасын Қайғыға жоламасын Жүректің жоғалмасын Сәні Қайырмасы: Бақ жұлдызың жанады Арманға қалай қағады Мұңайма ещқашан да өмірде Әр адам бақыт алады Сұрақтар: 1. Әнді қалай түсіндіндер? 2. Өз мақсаттарыңа жету үшін осындай әндердің тигізер пайдасы қаншалықты? Қорытынды:Мақсатқа жету үшін тек жақсы оймен алға ұмтылу керек. Үй тапсырмасы:  Б.Бұлқышевтың «Адам ­ өз  өмірінің суретшісі» әңгімесін оқу, 11­бет Оқушы дәптерінен: 4­беттегі 1­тапсырманы орындау Сабақтың қорытындысы:  Балалар, бүгінгі сабақта алған ойларды жүрегімізге түйейік. Сабақ  аяқталды,сіздерге рахмет!  Сау болыңыздар!

Сабақ жоспары Өзін - өзі тану Тақырыбы "Көкірек көзін ашалық"

Сабақ жоспары Өзін - өзі тану  Тақырыбы "Көкірек көзін ашалық"

Сабақ жоспары Өзін - өзі тану Тақырыбы "Көкірек көзін ашалық"

Сабақ жоспары Өзін - өзі тану  Тақырыбы "Көкірек көзін ашалық"

Сабақ жоспары Өзін - өзі тану Тақырыбы "Көкірек көзін ашалық"

Сабақ жоспары Өзін - өзі тану  Тақырыбы "Көкірек көзін ашалық"

Сабақ жоспары Өзін - өзі тану Тақырыбы "Көкірек көзін ашалық"

Сабақ жоспары Өзін - өзі тану  Тақырыбы "Көкірек көзін ашалық"

Сабақ жоспары Өзін - өзі тану Тақырыбы "Көкірек көзін ашалық"

Сабақ жоспары Өзін - өзі тану  Тақырыбы "Көкірек көзін ашалық"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
11.05.2017