Сабақтың тақырыбы. «Менің Отаным — Қазақстан»
Оценка 4.6

Сабақтың тақырыбы. «Менің Отаным — Қазақстан»

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
классное руководство
5 кл
16.01.2017
Сабақтың тақырыбы. «Менің Отаным — Қазақстан»
Сабақың мақсаты: білімділік — оқушылардың білім деңгейін көтеру; дамытушылық — сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру; тәрбиелік — Отанды сүюге баулу, туған жерді аялауға, қорғауға тәрбилеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, лента, кесте. Сабақтың барысы: I. Психологиялық кезең II. Cабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру — Балалар, бүгін сендердің мойындарыңда екі түрлі лента бар. Бұл ненің белгісі? Бұл түстерді қай жерден көруге болады? — Тудан. — Көк түс нені білдіреді? — Ашық аспанды білдіреді. — Сары түс нені білдіреді? — Күн сәулесін білдіреді. — Осындай күн сәулесі төгілген, ашық аспанда тұрып жатқан біздің Отанымыз қалай аталады? — Қазақстан.Сабақтың тақырыбы. «Менің Отаным — Қазақстан»
Менің Отаным -Қаз алғ саб.docx
«Қазақстан – дүниедегі әр қазақтың қастерлі құбыласы!  Қазақстан – әлемдегі барша қазақтың құтты қарашаңырағы!  Қазақ баласы дүниенің қай түкпірінде жүрсе де, тұтас қазақ халқының бір бөлшегі екенін біз еш уақытта ұмытпауымыз керек» деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев    Сабақтың тақырыбы. «Менің Отаным — Қазақстан» Сынып: 5­сынып Сабақың мақсаты: білімділік — оқушылардың білім деңгейін көтеру; дамытушылық — сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру; тәрбиелік — Отанды сүюге баулу, туған жерді аялауға, қорғауға тәрбилеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Әдісі: сұрақ­жауап, ой қозғау Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, лента, кесте. Сабақтың барысы: I. Психологиялық кезең II. Cабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру — Балалар, бүгін сендердің мойындарыңда екі түрлі лента бар. Бұл ненің белгісі? Бұл түстерді  қай жерден көруге болады? — Тудан. — Көк түс нені білдіреді? — Ашық аспанды білдіреді. — Сары түс нені білдіреді? — Күн сәулесін білдіреді. — Осындай күн сәулесі төгілген, ашық аспанда тұрып жатқан біздің Отанымыз қалай аталады? — Қазақстан. — Қазақстан дегенде сендердің ойларыңа қандай сөздер түседі. (Кластер құрастыру) III. Жаңа сабақ Кіріспе бөлімі: — Қазақстан бәріміздің Отанымыз. Өйткені әр адамның өзінің туып­өскен жері болады.  Сондықтан әрбір адам өз Отанын, туған жерін, ата­мекенін қорғауы тиіс. Мінеки, балалар, өздерің байқап отырғандай, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстан —  біздің Отанымыз» деп аталады. Осы сабақта сөздік қорымызды байытып, өз туған жеріміз  туралы мағлұматтар алып, ойымызды еркін жеткізіп, ауызша сөйлеуге үйренеміз. 1) «Менің Отаным ­ Менің мақтанышым !»  Отан туралы  білетін өлеңдерін  айытқызу Отан – тарих, Отан – тіл, Жасаған елің, өз – халқың. Отан ­ өлең, Отан – жыр, Көтерген көкке ел даңқын. Отан – осы достарым, Көңілге мұны түйе біл! «Отан» ­ деп өс жас қауым,     Оны ардақтап сүйе біл!   2) «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» Бұл кезеңнің сұрағы, Көпшілікке  ұнайды. Көп сұрақтың  орнында, Қандай сөздер тұрады. Ойланайық азырақ, Уақытты үнемдеп. Кім айтады кәнеки?, Жауабын  мен білем деп.                   Жұмбақтар 1.     Түйе, бота маң басқан, Төрт аяғын тең басқан. Шумақ құлақ бес ешкі, Қос лақты, қос ешкі. Тор қозылы екі қой Бәрін бірге ойлап қой.  (17 бас мал) 2.     Атам, әжем, ағаммен.     Әкем, інім және мен, анам және енесі     Енесінің бөлесі, отыр едік шай ішіп.     Жеңгем кірді майысып, арқасында кіші інім.     Саны қанша айта ғой, үйдегі бар кісінің?   ( 11 адам) 4) «Жалғасын тап!» ойыны  Мақал­мәтелді  жалғастыру 1.Отан ­ елдiн анасы, Ел ­ ердiн анасы. 2.Отанды сую­ От басынан басталады. 3.Отанын суйген отка жанбайды, Суfа батпайды 4.Отан ушiн курес­ Ерге тиген улес 5.Отансыз адам­ Ормансыз булбул.  6.Ата коныс ­ алтын мекен. 5) «Кім шапшаң!»  ойыны Оқушылар сіздерге экранда 8 әріп көрсетілген. Қойған сұрақтарға осы әріптің көмегімен  жауап берулеріңіз тиіс. Дұрыс жауапқа 1 ұпай.  Қанша сөз құралса, сонша ұпай жинайсыздар. Ал,  енді  дайын  болсаңыздар,  бастаймыз.   1 топ       Л,  П, Ы, Н, Т, А, Қ, А.  1) Нешеу ала  болса,  ауыздағы кетеді.(алты) 2) Қорған болу ...    болу   (пана) 3) Қасқырдың  іні  (апан) 4) Мұң –қайғының синонимі (нала) 5) Ашу дұшпан, .... дос.  (ақыл) 6) Арыстанның күшігі (алан) 7) Қазақтың  скипкашы  (Лана)  Құс немен ұшады?   (қанат) 8) 9)  Адамға еңбегі үшін не беріледі?  (атақ) 10) Ерболат Құдайбергеновтың әкесі  (Қанат) 2 топ  Н, К, Е, Т, Р, Л, Е, І.   1. ҚР медалі .... еңбегі үшін  (ерен) 2. Елігу етістігі  етістігі жіктік жалғаудың 2­ші жағында (елік) 3. Тары түйетін ыдыс. (келі) 4. М.Жүнісова орындайтын ән . Қазақтың ерке қызымын.(ерке) 5. Алғаның   антонимі  (кері) 6. Досқан Жолжақсыновтың інісі  (Ерік)  Болжалуы    келер    шақтағы іс­әрекет атауы  (кетер) 7.    Заңды түрде ерлі­зайыпты болу (неке) 8. 9.    Малға, адамға зиянды жәндік (кене) 10.      Ру атауы  ....(кете)                              6)«Білгенге маржан»  Тарихи деректерден  кітапша жасау  1.   16 желтоқсан Қазақстан  Республикасының тәуелсіздік  туралы  заңы қабылданды. 21 желтоқсанда ТМД  құрылды. (1991) 2. Қазан  айында тұңғыш  ғарышкер  Тоқтар Әубәкіров  ғарышқа самғады(1992) 3. Тұңғыш  Конституция  қабылданды. 12 қарашада  төл теңге  дүниеге  келді. (1993) 4. Мемлекеттің  тұңғыш  ордендері мен медальдары  дүниеге  келді. 30 маусымда ұшқыш Т.Мұсабаев  аспан  көгіне  көтерілді. (1994) 5. 30 тамыз  жаңа  Ата заң қабылданды. (1995) 6. Алматыда  тәуелсіздік  ескерткіші  ашылды. (1996) 7. Елорда  Астанаға  көшірілді. Қазақстан­2030 жолдауының  шығуы. Жалпы ұлттық  татулық  пен  қуғын­сүргіндерді  еске алу  жылы. (1997) 8. Халықтар  тұтастығы мен тарих  жылы. (1998) 9. Ұрпақтар  бірлігі  мен сабақтастығы  жылы (1999) 10. Мәдениетті қолдау  жылы. (2000) 11. Қазақстандағы  Ресей  жылы. (2006) 12. Денсаулық  жылы. (2002) 13. Ауыл  жылдары.(2003­2005) 14. Тәуелсіздікке 15 жыл. Желтоқсанға 20 жыл.  7 қаңтарда жаңа  әнұран қабылданды. (2006) 15. Қазақ  тілін  қолдау  жылы. (2007) 16. Астанаға  10 жыл (2008) 17. Қазақстанның Украинадағы  жылы (2009) 18. ЕҚЫҰ самммиті (2010) 19.  1­ желтоқсанда  Республика жұртшылығы  тұңғыш рет  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты  республикамыздың президенті етіп сайлады. (1991) 20. Маусым айында Қазақстан БҰҰ­на мүше болды.  Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады. (1992) 21. Қысқы VII Азияда олимпиадасы (2011) 22.  3 сәуірде  кезектен тыс  Президенттік сайлау болып өтті. Халық қалауы Елбасы  Н.Ә.Назарбаев болды. (2011) 23. Қазақтың бір туар ұлы Абай Құнанбайұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО бойынша атап өтілді.( 1995) 24. Халық санағы болды.Қазақстан халқының саны 1600000 –ға жуықтады.(2008 ) 25. Қуғын­сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.(1997) 7) Сергіту сәті «Досқа тілек» 8) Сабақты бекіту, қорытындылау 9) Оқушыларды бағалау (Балардың жазған тілектері тыңдалады). 10) Үйге тапсырма: «Менің Отаным — Қазақстан» шағын шығарма жазу.

Сабақтың тақырыбы. «Менің Отаным — Қазақстан»

Сабақтың тақырыбы. «Менің Отаным — Қазақстан»

Сабақтың тақырыбы. «Менің Отаным — Қазақстан»

Сабақтың тақырыбы. «Менің Отаным — Қазақстан»

Сабақтың тақырыбы. «Менің Отаным — Қазақстан»

Сабақтың тақырыбы. «Менің Отаным — Қазақстан»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.01.2017