Сандар сыры
Оценка 4.7

Сандар сыры

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
математика
3 кл
06.04.2017
Сандар сыры
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың бойында ұлттық дүниетанымын қалыптастыру. ә) Экономикалық - саяси ұлттық тарих деңгейін және білім деңгейін арттыру. б) Оқушыларды жан - жақты ізденушілікке баулу. шығармашылық жұмыс жасауға үйрету. Күтілетін нәтиже: Сандардың өмірде қолданылуы мен математикамен байланысын түсінеді, сандардың басқа да пәндерде қолданылатыны туралы біледі.Ашық сабақ
сандар сыры 3 сынып.docx
Алматы облысы  Райымбек ауданы «Ақтасты орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып  мұғалімі Ашкеева Света Кенесовна Сабақтың тақырыбы: Сандар сыры. Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың бойында ұлттық дүниетанымын қалыптастыру. ә) Экономикалық ­ саяси ұлттық тарих деңгейін және білім деңгейін арттыру. б) Оқушыларды жан ­ жақты ізденушілікке баулу. шығармашылық жұмыс жасауға үйрету. Күтілетін нәтиже: Сандардың өмірде қолданылуы мен математикамен байланысын  түсінеді, сандардың басқа да пәндерде қолданылатыны туралы біледі. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі. II. Жұмбақ шешу: Атадан 10 боламыз, Бір ­ бір жастан арамыз. Қосылып кейде басымыз, Азайып кейде қаламыз. Бөлініп кейде арамыз, Көбейтіп те аламыз. (сандар) III. Ой қозғау: (Сұрақ белгісінің орнына тиісті санды қойыңыз) 1) (2*1) 3=4 2) (3*2) 1=2 3) (7*4) 2=5 4) (4*3) 5=? Жауабы: 6 IV. Математикалық және пәнаралық байланыстар: 1. Квадраттың қабырғалар санын 100 ­ ге көбейтіңіз. (400) 2. Дөңгелек сөзінің әріптер санын 2 ­ ге бөліп, 5 ­ ке көбейтіңіз. (20) 3. Шашбау сөзінің жартысына ка жалғауын қос.(шашка) 4. Бір жұмыртқа 4 минутта піседі. Ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (4минут) 5. Кісібе жылдың ақпан айының соңғы күнінен 4 пен 5 ­ тің көбейтіндісін айырыңыз.(9) 6. Тәуелсіздік күнін халықаралық әйелдер күніне көбейтіңіз.(128) 7. Шоқан Уалихановтың өмір сүрген жасына 25 ­ ті қосыңыз.(55) 8. Ұлы Отан соғысының басталған жылының цифрларының қосындысын табыңдар.(15) 9. Ең үлкен материктің әріптер санынан 4 ­ ті шегеріңіз.(3) 10.«ля» нотасының ретіне квартет қатысушы мүшелерінің санын көбейтіңіз.(24) V. Шығармашылық байланыстар ­ сандардың сырын ашу, яғни сандардың өмірде қолданылуы мен математикамен байланысы. «Үш бәйтерек, үш би, үш қуат, үш асыл, үш биік, үш жұрт» Үш бәйтерек ­ І. Жансүгіров, С. Сейфуллин, Б. Майлин Үш би ­ Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Үш жұрт ­ ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт. Үш қуат ­ ақыл, жүрек, тіл. Үш асыл ­ көз, тіл, көңіл. Үш биік ­ билік, дәулет, даналық. Осыған байланысты 3санын математикамен байланыстыратын ұғымдарды атап кету:  үшбұрыштарды шешу, үш перпендикуляр, 3 санына бөлінгіштік белгілері, үшбұрыштың  тамаша нүктелері т. с. с «Бес арыс, бес ақыл, бес қару» Бес арыс ­ Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов. Бес ақыл ­ талап, еңбек, ақыл ­ ой, қанағат, рақым. Бес қару ­ мылтық, найза, айбалта, қылыш, садақ. Осыған байланысты 5санын математикамен байланыстыратын ұғымдарды атау: Евклидтің  V пастулаты........ VI. Сандар мен амалдар: №1 I. 4 (5 2)=40 II. 1 (7 10)=70 III. 8 (4 0)=0 IV. 7 (3 2)=? Жауабы: 42 ● ● ● ● ● ● ● ● ▲ ▲ №2 I. (7 3)=21 II. (5 2)=10 III. (15 5)=3■ IV. (10 2)=5■ V. 40 (4 2)=? Жауабы: 5 ■ ▲ №3 I. 5 (3 9)=17 II. (8 3) 6=17 III. (6 5) (7 1)=19 IV. (5 2) (10 3)=? Жауабы: 20 VII. Үй жұмысы: «Жеті ата, жеті қазына, жеті ғалам» туралы білу. Сандар мен амалдарға есептер құрастыру VIII. Қорытынды.

Сандар сыры

Сандар сыры

Сандар сыры

Сандар сыры
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
06.04.2017