"Сарыарқа" 8 сынып
Оценка 4.9

"Сарыарқа" 8 сынып

Оценка 4.9
Презентации учебные
docx
география
8 кл
28.12.2017
"Сарыарқа" 8 сынып
Бұл өлке Қазақстанның көпшілік жерін алып жатыр. Ол батыста Торғай үстіртімен, шығыста Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен, солтүстігінде Қазақстан жазығымен, оңтүстік-батысында Тұран ойпатымен шектеседі. Батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы 1200 км, ені шығыс бөлігінде 400 км, батыс бөлігінде 900 км шамасында. Басты өзендері: Есіл, Нұра, Сарысу, Сілеті, Шідерті, Тоқырауын. Сарыарқада көл көп. Біразының суы ащы. Тұщы көлдер Көкшетау аймағында Бурабай, Шортанды және Қорғалжың көлі.
сабак жоспары.docx
Мақсаты:Білімділік мақсаты: Шөл зонасының физикалық географиялық орны, топырағы ,өсімдік  жамылғысы, жануарлар дүниесімен таныстыру және өзара ерекшелігін анықтау. Дамытушылық мақсаты: Құзыреттілікке бағытталған және қызығушылығын арттыруға арналған өздік  жұмыстарын орындау барысында танымдық қажеттілігін туғызу және логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды қоршаған ортаға, өз жеріміздің табиғи қорларына жауапкершілікпен  қарауға, табиғатты сүйюге және адамгершілікке баулу. Оқушылардың іс­әрекеті: ­өздігінен білім алу парағы бойынша жұмыс жасау: ­оқулық мәтінімен, картамен, кестелермен, қосымша ақпараттармен жұмыс кезінде сараптама жасау. Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Қолданылатын технология: өздігінен оқыту (ТИСО), ақпараттық технология. Құрал­жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, интербелсенді тақта, оқулық. Ұйымдастыру түрі: жеке, жұппен. Қосымша әдебиет: география сөздігі, 9 сынып оқулығы. Сабақтың барысы: 1.Ой қозғау стратегиясы. 1.Қазақстанның табиғат зоналарының қалыптасуы қандай факторларға байланысты? 2.Еліміздің әрбір табиғат занасы қандай ерекшелігімен сипатталады? 3.Қазақстанның жазық және таулы аудандарында қандай  табиғат зоналары және  қай бағытта ауысып отырады? 4.Орманды дала  және  дала зонасының географиялық орналасу ерекшелігі қандай? 5.Осы  табиғат зоналарынан  қандай өзендер ағып өтеді және олар қандай сумен толығады? 6. Орманды дала және дала зонасына қандай жануарлар мекендейді.? 7. Дала  зонасында қандай дәрілік өсімдіктер кездеседі? 8.Орманды дала және дала зонасының топырақтары қандай шаруашылықты дамытуға қолайлы? І. Мотивациялық кезең Табысқа жетуге жағдай туғызу: Бейнефильм көрсету «Қазақстан» Гипотезалық сұрақтар: Қазақстанның табиғат ерекшеліктері неде? Еліміздің  өсімдіктері мен жануарларының әркелкі  таралуы   қандай себептерге  байланысты? Қазақстан жер бедерінің алуан түрлілігіне байланысты табиғат зоналарының орналасуы  қандай? ­     Республика аумағының  көп бөлігін қандай табиғат зонасы алып жатыр? Қорытынды: Қазақстан климатының континенттілігіне байланысты еліміздің  көп бөлігін шөл зонасы алып  жатыр Тақырыпқа шығу: Қазақстанның  шөл зонасы. Проблемалық сұрақ: Қазақстанда шөлді аймақтардың  климатының  қалыптасуына  қандай факторлар әсер етеді? Шөл өсімдіктерінің басқа зоналармен салыстырғанда  қандай ерекшелігі бар? Шөл зонасы арқылы ағып өтетін өзендердің суы қайда жұмсалады? Осыған байланысты су проблемасы  қалай  шешілуде? ІІ. Жаңа білімді қалыптастыру кезеңі 1.Оқушылардың зерттеушілік  әрекеті.        1.Берілген оқу парағы арқылы тапсырмаларды орындай отырып, жаңа тақырыпты меңгеру. 2.Әр тапсырмадан кейін қорытынды жасап отыру. №1 тапсырма./10 ұпай/ Оқулықты және Қазақстанның  физикалық  картасын пайдалана отырып, шөл зонасының  географиялық орнына  сипаттама бер: ­Қазақстанның қандай аймақтарын алып жатыр? ­Шөл зонасынң аумағы қанша? ­Қазақстанда шөлдің қандай түрлері таралған? ­Құмды шөлдерге Қазқстанның қандай жерлері кіреді? ­Ең ірі сазды шөлдер еліміздің қандай жерлерін алып жатыр? №2 тапсырма/10 ұпай/    Оқулықты және Қазақстанның климаттық картасын пайдалана отырып шөл зонасының климатына сипаттама  бер: ­Климатының жалпы ерекшелігі қандай? ­Жылдық жауын­шашын мөлшері? ­шілденің орташа температурасы? ­қаңтардың орташа температурасы ­ Шөл зонасының климатын орманды дала және дала зоналарымен салыстырып айырмашылығын анықта. №3 тапсырма/10/ ­Шөл зонасынан қандай өзендер ағып  өтеді? Картадан көрсет. ­Шөл өзендері суының аздығы қандай себептерге байланысты? ­Климатының құрғақтығына байланысты  жалпы шаруашылығында қандай судың маңызы өте зор? ­Тоғай дегеніміз не? Тоғай қандай жерлерде кездеседі? №4 Оқушылардың үй тапсырмасындағы  зерттеу жұмыстарын  тындап, талдау жасау. ІҮ Бекіту Тест сұрақтары /5 ұпай/ Бағалау: әр сураққа 1 ұпай 1.Шөл зонасы республика аумағының  ....% алып жатыр. а) 40 б)44 с)46 д)54 2.Шөл зонасымен ағып өтетін өзендер а)Ертіс б)Есіл с)Шу д)Тобыл  3.Қазақстанның « Қызыл Кітабына» енгізілген өсімдік? а)Дермене б)сексеуіл с)еркекшөп д)қоңырбас 4.Ең ірі сазды шөлдерге: а)Қарақұм б)Мойынқұм с)Бетпақдала д)Нарын 5.Тоғай дегеніміз­ а)үйінді шөлдер б)өзен аңғарлары с)қалың бұталар д)тұз қабыршақтары Географиялық диктант /5 ұпай/ Бағалау: әр сураққа 1 ұпай 1.Шөл зонасы Каспий теңізі жағалауынан... тауының етегіне дейін созылады. 2.Жауын­шашынның көбі...түседі. 3.Шөлдерде ағаш тектес өсімдіктерден..және ...өседі. 4.Тоғай әсіресе ..,... мен ...өзен аңғарларына тән. 5.Қазақстанның оңтүстік шөлдерінде улы өрмекше тәріздестерден ­..кездеседі. Ү. Рефлексия ҮІ  Бағалау   ҮІІ Үй тапсырмасы: Қазақстанның шөл зонасы. Кескін картамен жұмыс. Шөл зонасы Мақсаты: Қазақстанның шөл зонасы туралы білімдерін дамытуға жағдай жасау. Мұғалімнің іс – әректінің мақсаты: Қазақстанның негізгі табиғат зоналарымен; Олардың   географиялық   орнының,   климатының,   топырақ   –   өсімдік   жамылғысы   мен жануарлар әлемінің ерекшеліктерін; Әрбір табиғат зоналарындағы экологиялық мәселелер мен адам әрекеті Шөл зонасының ерекшеліктерін ажырата білуге жағдай жасау.     Оқушы іс – әрекетінің мақсаты: * ұжымда жұмыс істеуге дағдылану, ақпарат көзі арқылы жұмыс жасау, жан – жақты іздену. *Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, экологиялық тәлім арқылы адамгершілікке, елін­жерін сүю арқылы патриоттыққа тәрбиелеу * білімдерін логикалық ойлау арқылы дамытуға жағдай жасау, *оқушыларды танымдылыққа баулу, кездей соқ жағдайларда әр түрлі тапсырмаларды орындауға, шапшаңдылыққа, дағды мен икемдерін дамыту. Әдісі:  үшөлшемді бағалау технологиясы Түрі: жеке Көрнекілігі: Интерактивті тақта І. Тірек тапсырмалар Миға шабуыл 1. Шөлейт зонасы Қанша шақырымға созылып жатыр?  2. Зонаның оңтүстіктегі шекарасы нешінші ендіктерде  орналасқан?  3. Топырақтың қандай түрлері таралған?  4. Климаты қандай?  5. Шөлейт зонасында шаруашылықтың қай саласы дамыған? Тапсырма:1 Шөлейт зонасының климатыа мына сөздерді тиісті орнына қойып сипаттама беріңдер? Континентті        шілденің орташа температурасы     жауын – шашын көп    жауын – шашын аз   жылдық жауын – шашын 180 – 300мм   +15 ° С +17 ° С  ­22 °С – 24 °С  қысы суық  қаңтардың орташа температурасы Тапсырма:2 Мына кестені толтырыңдар топырағы   Тапсырма №3. Дала мен шөлейтте кездесетін жануарларды табыңдар: құм тышқаны   құм қояны бүркіт   қасқыр   ақбөкен   суыр   күзен   саршұнақ    сасық күзен   қосаяқ  түлкі  қарақұйрық   дала жануарлары   флип. тест Шөлейт 8 сын..flp ІІ. Жаңа сабақты меңгеру алгоритмі Жоспары 1. Географиялық  орны 2. Климаты 3. Топырағы 4. Өсімдігі шөл жануарлары   өсімдіктері   жануарлары 1. 2. 1. 1. 1. 1. 1. 2. 3. 4. 5. 1. 5. Жануары 6. Шаруашылыққа пайдаланылуы Ой сергіту Қазақстанның шөл зонасы қайда орналасқан? Қазақстанның шөлдері А. Орналасуына  қарай:  Ә. Түрлері бойынша:    3. Шөл климаты қандай?      4. Шөлде қандай өсімдіктер мен жануарлар тіршілік етеді?      5. Шөлдің топырағы қандай? Ол қалай игерілген? Тапсырма:2 Картамен жұмыс 1. Шөл зонасының алып жатқан ауданын көрсет. 2. Республика аумағының неше пайызын алып жатыр? 3.   Картадан   көрсетілген   ?   белгісі   орналасқан   жерлерде   қандай   шөлдер   жасырылған?   Олардың қайсысы құмды, қайсысы тасты шөлдерге жатады? тапсырма №3. Шөл зонасының өсімдіктері мен жануарлары қоршаған ортаға  қалай бейімделген. Тапсырма: №4.Жұмбақ. 1. Тамақ атымен аталатын құм 2.  Құс атымен аталатын үстірт           3.. Ұлт атымен аталатын жазықтар 4. Дене мүшесінің атымен аталатын құм           5. Бояу атымен аталатын құм ІІІ. Деңгейлік тапсырмалары І – деңгей Шөлдерді ерекшелігіне қарай: А)                            Ә)                                    Б)  2. Шөл зонасында ұйымдастырылған қорықтарды ата?  3. Шөлдерді орналастыр: ІІ – деңгей Оқулық пен атласты пайдалана отырып мына кестені толтыр. Табиғат зонасы   Географиялық орны   аумағы климаты топырақ өсімдік жануары           Құмды   және   сазды   шөлдердің   табиғатына   салыстырмалы   сипаттаманы   мына   жоспар бойынша беріңдер:  Климаты Топырағы Өсімдігі Жануарлары Шөл зонасының климатының басты белгілерін анықта. ІІІ – деңгей Егер де, шөл табиғатын қолдан суару арқылы өзгертер болсақ, онда көз алдыңда қандай табиғат көрініс берер еді? « Гүлденген шөл далам » тақырыпта шығарма – эссе жазыңдар Қорытынды. Бағалау. Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғат зоналары Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың табиғат зоналары туралы алған білімдерін қорыта бекіту Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, картамен, оқулықпен жұмыс жасай білу, білім ­ білік  дағдыларын жетілдіру, география пәніне қызығушылық қабілетін дамыту; жеке тұлғаны дамыту, талдау,  салыстыра білу қабілетін дамыту. Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғай білуге, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға  тәрбиелеу Сабақтың түрі: Жинақтап қайталау сабағы Сабақтың әдістері: Сұрақ ­ жауап, кестемен жұмыс, кескін картамен жұмыс, тест, сөзжұмбақ шешу Сабақтың көрнекіліктері: Қазақстанның физикалық картасы, Атлас, оқулық, жануарлардың суреттері,  үлестірмелі материалдар, электрондық тақта Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Бой сергіту ІІІ. Табиғат зоналарына сипаттама ІҮ. Адасқан жануарлар Ү. Ой қозғау ҮІ. Сен маған ­ мен саған ҮІІ. Көп оқысаң көп білесің ҮІІІ. Сөзжұмбақ шешу ІХ. Бекіту Сабақтың барысы І. Кезең. Бой сергіту І топтың сұрақтары: 1. Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатқан табиғат зонасы? 2. Орманды даланың ірі өзендері? 3. Шөлдің климаты? 4. Шөлдің өсімдіктері? 5. Дала зонасының топырағы? 6. Шөлейт зонасының жауын ­ шашын мөлшері? 7. Шөл зонасының құмдарының пайда болу себебі? 8. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген шөлдің өсімдігі? 9. Орманды дала мен дала зонасында қандай жануарлар мекендейді? 10. Шөл зонасының өзендері? І І топтың сұрақтары: 1. Тастақ немесе тасты шөлдер еліміздің қай жерінде кездеседі? 2. Тоғай дегеніміз не? 3. Шөлде құстардың қандай түрлері бар? 4. Шөлейттің климаты? 5. Орманды даланың жер бедері? 6. Батыс Сібір жазығының ормандары? 7. Каспий теңізінен Тарбағатай тауына дейінгі зона? 8. Еліміздің 44% алып жатқан зона? 9. Жалпы Сырт қыратының ормандары? 10. Шөлейт зонасындағы шаруашылықтың түрі? ІІ кезең: Табиғат зоналарына сипаттама Мына сипаттама бойынша қандай табиғат зона екенін тап 1 топқа: Арқаның Бетпақ деген даласы бар, Бетпақ шөл, ойлы ­ қырлы панасы бар. Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп ­ өнген. Жәндіктің киік деген баласы бар. Бетпақта қысы ­ жазы ел болмайды, Ел ­ жайлау, өзен яғни көл болмайды. Бұтасы қи болады, қара жусан Көгара бетегелі бел болмайды. С. Сейфуллиннің “ Ақсақ киік” поэмасынан алынған өлең шумағы қандай табиғат зонасы туралы айтылған? 2 топқа: Оқжетпес оқшырайып өрлеп кеткен, Кеудені керіп көкке сермеп кеткен. Қия ­ құз, жоқпар сарай, бура тастар, Тәртіппен көлді айнала сәндеп шөккен І. Жансүгіровтың поэмасынан алынған өлеңде қай жер туралы айтылған? ІІІ. Кезең. Адасқан жануарлар ІҮ. Ой толғаныс. Семантикалық карта стратегиясы. Қ. т. з 300 ­ 350мм жауын ­ шашын 220 ­ 310мм ­ 16 ­ 18 градус қаңтар орт. темп. +22+24 градус шілде орташа темп. сұр – қоңыр топырақ Талас, Іле, Қаратал өзендері 180 ­ 300мм  Қарашірінді 2 ­ 3%  Қайың ­ көктерек Орманды дала зона Дала зонасы Шөлейт зонасы Шөл зонасы Ү кезең: Сен маған ­ мен саған (топтар бір ­ біріне сұрақтар қояды) ҮІ кезең: Көп оқысаң, көп білесің 1 топ Орманды дала, Дала зоналарын 2 топ Шөлейт және Шөл зоналарын қорғайды Ү ІІ. Сөзжұмбақ шешу Көдеңнен: 1. Орманды дала зонасының ағашы 2. Қазақстанның 27 пайызын алып жатқан табиғат зонасы 3. Даланың өсімдігі 4. Орманды далаға жерсіндірілген жануар 5. Салмағы 16 кг дейін жететін құс 6. Шөлейттің өзені 7. Дала мен Шөлдің арасындағы зона 8. Шөл зонасындағы өзен аңғарларындағы бұталар 9. Орманды дала зонасына Солтүстіктен қоныс аударған жануар Тігінен: 1. Біздің мемлекет Бекіту тест сынағы. 1. Топырақтың су және жел әрекетінен бұзылуы: А) мелиорация В) құнарлығы С) эрозия Д) денудация Е) кептіру 2. Топырақтың құнарлы қабаты нені деп атайды? А) сазды қабатты В) ауыспалы қабат С) қарашірікті қабат Д) құмды қабат Е) құмдауытты қабат 3. Қазақстанның солтүстігінде орналасқан орманды дала зонасының топырағы А) сұр топырақ В) қара топырақ С) сортаң топырақ Д) қоңыр ­ сұр топырақ Е) сарғылт топырақ 4. Топырақ деп... айтамыз. А) жердің беткі, жұқа құнарлы қабатын В) батпақты С) құмды Д) тыңайтқышты Е) шаң – тозаңды 5. Қазақстанның дала зонасының жылдық жауын ­ шашын мөлшері (мм): A) 300 ­ 450 B) 220 ­ 310 C) 100 ­ 250 D) 100 ­ 370 E) 150 ­ 310 6. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген шөл зонасының өсімдігі: A) Жүзгін B) Дермене жусаны C) Құм қарағаны D) Бұйырғын E) Селеу 7. Шөл зонасындағы өзен аңғарларында әр түрлі өсімдіктерден құралған қалың бұталар: A) Тасты шөл B) Құмды шөл C) Тақыр D) Тоғай E) Ну орман 8. Орманды дала зонасында өсетін ағаштар А) Бал қарағай, шырша В) Сексеуіл, жыңғыл С) Қайың, көктерек D) Шырша, қарағай Е) Май қарағай, тобылғы 9. Қазақстан аумағының % дала зонасы алып жатыр А) 26 В) 27 С) 28 D) 29 Е) 30 10. Шөлейт зонасының негізгі топырағы А) Қара топырақ В) Қызыл қоңыр С) Қоңыр D) Ашық қара қоңыр Е) Қызғылт Дұрыс жауабы 1. с 2с 3в 4. а 5. в 6. в 7. д 8. с 9. в 10. д Үйге тапсырма: 38, 39 параграф оқу. Сарамандық жұмыс №8 кескін картаға зоналардың шекарасын сызып, боя. Оқулықтың 168 беттегі бір табиғат  зонасына жоспар бойынша сипаттама бер.

"Сарыарқа" 8 сынып

"Сарыарқа" 8 сынып

"Сарыарқа" 8 сынып

"Сарыарқа" 8 сынып

"Сарыарқа" 8 сынып

"Сарыарқа" 8 сынып

"Сарыарқа" 8 сынып

"Сарыарқа" 8 сынып

"Сарыарқа" 8 сынып

"Сарыарқа" 8 сынып

"Сарыарқа" 8 сынып

"Сарыарқа" 8 сынып

"Сарыарқа" 8 сынып

"Сарыарқа" 8 сынып

"Сарыарқа" 8 сынып

"Сарыарқа" 8 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
28.12.2017