Шуақты күн
Оценка 4.6

Шуақты күн

Оценка 4.6
Разработки уроков
doc
искусство
3 кл
04.05.2017
Шуақты күн
балаларды отан сүйгіштікке, табиғат анаға деген сүйіспеншілік пен оны аялай білуге баулу; үшінші сынып оқушыларының бойында көркемдік қабілетін қалыптастыру: акварельді, кескіндеу өнерінің суреттеу мүмкіндіктерін пайдалану, композицияда пейзаждың негізгі және қосалқы элементтерін сәйкестендіре пайдалануға үйрету. Сабақтың материалдары: Мұғалім үшін: А.И. Куинджи картиналарының көшірмесі, жазға пейзаж суреттері. Оқушылар үшін: - сурет дәптер парақтары, қара қарындаш, өшіргіш, аквараль, қылқалам су құятын шағын ыдыс. Сабақтың барысы: Оқушылармен әңгімелесу барысында балалардың қыдырғанда немесе қала сыртына шыққанда не көргендерін, жазғы табиғаттың өздері байқаған әдемі көріністерін еске түсіреміз. Бұл сабақта балалар жазңы табиғат көрінісін қызықтап қана қоймай, өздерінің байқағаны мен көңілге түйгендерін пайдалана отырып, оны бейнелеп беруі қажет.
Бейнел 3-сынып.doc
Сабақтыі тақырыбы: «Шуақты күн».  1­САБАҚ Оқу­тәрбиелік мақсаты мен міндеттері: балаларды отан сүйгіштікке, табиғат анаға деген  сүйіспеншілік пен оны аялай білуге баулу; үшінші сынып оқушыларының бойында көркемдік қабілетін  қалыптастыру: акварельді, кескіндеу өнерінің суреттеу мүмкіндіктерін пайдалану, композицияда  пейзаждың негізгі және қосалқы элементтерін сәйкестендіре пайдалануға үйрету. Сабақтың материалдары: Мұғалім үшін: А.И. Куинджи картиналарының көшірмесі, жазға пейзаж суреттері. Оқушылар үшін: ­ сурет дәптер парақтары, қара қарындаш, өшіргіш, аквараль, қылқалам су  құятын шағын ыдыс. Сабақтың барысы: Оқушылармен әңгімелесу барысында балалардың қыдырғанда немесе қала сыртына шыққанда не  көргендерін, жазғы табиғаттың өздері байқаған әдемі көріністерін еске түсіреміз. Бұл сабақта балалар  жазңы табиғат көрінісін қызықтап қана қоймай, өздерінің байқағаны мен көңілге түйгендерін пайдалана  отырып, оны бейнелеп беруі қажет. Балаларға А.И. Куинджидің «Қайындар тоғайы», «Емендер», «кемпірқосақ» картиналарын қарап  шығуды ұсыну. Онда жазғы табиғат көріністерінен туатын көтеріңкі көңіл күй ғана емес, жарық әсерлері  де тамаша бейнеленген. «Қайыңдар тоғайы» картинасындағы композия және жарық пен көлеңкені  қарама­қарсы қою арқылы кәрі емендердің өн бойындағы сұлулық пен мықтылығы бейнеленген. Ал  «Кемпірқосақ» пейзажайы қарама­қарсы түстерді қатар пайдалану арқылы жасалған. Мұғалімге арналған ақпарат: Архип Иванович Куинджи (1842­1910) Тамаша қылқамен шебері Архип Кунджидің есемі ресейлік және әлемдік кескіндеме өнерінде өшпес  із қалдырған қайраткерлер арасында ерекше орын алады. Суретші көзі тірісінде өзі туралы  әңгімелеуді ұнатпапты. Сондықтан да біз оныі балалық және жастық шағы туралы көп білмейміз. Десек те, ол өзін­өзі қалыптастырған адам. Замандастары мен әріптестері Архип Куинджи  туралы айтқанда ең алдымен оның еңбекқорлығы мен діттеген мақсатына жетпей қоймайтын  табандылығын, махаббатпен мақсатына жетпей қоймайтын табандылығын, махаббат пен достыққа деген  адалдығын және тұрақтылығын тілге тиек етеді. Үш жасында жетім қалған Архип Куинджи өзінің еңбек жолын небәрі он жасында  бастапты. Ал он беске келгенде ақшадан да, тамыр­таныстан да жұрдай жас бала Айвазовскийдің шеберханасын іздеу үшін Феодосияға аттанады, содан соң Одессада болып, Петербург асады.  Келешектегі «үзеңгілестері» ­ жас суретшілермен қоян­қолтық араласа жүріп, Архип Куинджи  көп жайтты ақылмен ұғынып, өзінше қорытынды жасай білді. Өнер академиясының тыңдаушысы атанған Архип Куинджи өзінің жанына жақын, бірегей  жанр –пейзажды таңдады. Өнер әлеміне жаңадан қадам басқан жас суретші жалпы пәндер  бойынша емтиханнан босатылды, кәсіби емтиханды үздік тапсырып, суретші атанды. Бұл оның  бойындағы табиға қабілетінің арқасы болатын. Ал одан әрі қарай оның шығармашылығында  ғажайып сәттер басталды, соның арқасында Архип Куинджи кейінірек «әлем суретшісі» атанды. Архип Куинджи шығармаларының басым бөлігінде жарық пен оның түрлі қалыпқа енген  сіттері басты кейіпкер рөлін атқарады. Оныі картиналарының көршілігінде сюжет жоқ десек те  болады. Олар баланың суреті сияқты қарапайым әрі шынайы. Көзге ұрған ерекшелігі немесе айтар  өсиеті болмаса да,  Куинджи шығармалары қоршаған ортаның сұлулығы мен үйлесімділігін  бейнебір көрерменнің жүрегіне үңіліп тұрғандай тамаша, таң қаларлықтай етіп суреттейді. Қорытындылау: Әріптестері оның асқан шеберлігіне шынайы баға бере білді. Олардың айтуынша, реңді ешкім  де ол сияқты дәл сезіне алмайтын, қайткенде олардың бір­бірін толықтырып, күшейте түсетінін  ешкім Архип Куинджи сында толық түсіне алмайды. Оның картиналары қойылған көрмеге  келушілер ұзыннан­ұзақ кеззекте тұратын және суреттерді ұзақ тамашалағаннан кейін залдан  толқып, таңдатып шығатын. Кейде көрмеге оның бір ғана картинасы шығарылады, бірақ соның өзі  тамаша нәтиже беріп, қоғамда жақсы пікір тудыратын. Көрермен оны сиқыршыға бағалайтын.  Өкінішке қарай, сол кезеңде пайдаланылған бояулардың нашарлығына байланысты. ,  Куинджидің  картиналарындағы түстер уақыт өте келе күгірттеніп, әсемдігінен айырылды. Бейнелеу өнері        3­сынып         №2 сабақ Күні: 09.09.2013ж    Сабақтың тақырыбы: «Жәндіктер». Оқу­тәрбиелік мақсаты мен міндеттері: балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілік пен табиғат­ ананы аялай білуге үйрету, олардың графикалық қабілеттерін дамыту: шамалай білу және қабылдау,  сызықпен, үздік сызықпенғ дақпен жұмыс істеуге баулу. Материалдар мен жабдықтар: Мұғалім үшін: жәндіктердің фотосуреттері мен суреттері. Оқушы үшін: сурет дәптер парақтары, қара қарындаш, өшіргіш, қара гель қалам. Сабақтың барысы: Оқушылармен бірге жәндіктердің фотсуреттерін қарай отырып (үлкен, ұлғайтылған суреттерді  алған дұрыс), оларды жәндіктердің дене құрылысымен таныстыру. Бір­бірімен жалғасып жатқан дене  мүшелерін (басы, кеудесі, т.т.) көрсетіп, атын атау; аяғының құрылымын (тізесі, табаны) бөлек,  қанаттарының құрылымы мен орналасу ретін жеке түсіндіру. Бұл жерде профессор П.И.Мариковскийдің  «Жас энтомологқа» деген кітабын пайдалануға болады. Балаларға жұмсақ қарындашпен өздері ұнатқан жәндіктің долбарын салып шығу жөнінде ұсыныс  жасау. Негізінде жұмысты ірі жәндіктерден – қоңыз, қанқыздың суретін салудан бастаған дұрыс. Долбар жасағанда жәндіктің кейпі мен жалпы сипаттамасын беруге тырысқан абзал.  Оқушылардың ұсақ бөлшектерді көп салуына жол бермеу: кейде екі­үш сызыктың өзі жетіп жатады.  Мұндай долбарлардың шынайы және әдемі болуы тәжірибеге байланысты: сіз долбады қанша көп  салсаңыз, ол соншалықты жақсы шығады. Тақтаға суреттің қандай ретпен бейнеленетінін салып көрсетеміз: алдымен жәндікті ақ параққа  қалай салатынымызды (тігінен бе, әлде көлденеңінен бе) ойластырамыз, содан соң қара қарындашты  қатты баспай, жәндіктің жалпы тұрқын геометриялық пішін арқылы (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы)  саламыз. Міндетті түрде симметрия осін салыңыз. Ірі пішіндердің орналасуын, олардың симметриясы  мен өзара байланысын тауып, салыстырғаннан кейін, ұсақ дене бөліктерін (аяқтарды , мұрттары,  қанаттардағы сызықтар) салуға кірісеміз. Жәндікті жүріп бара жатқан немесе ұшып бара жатқан қалыпында салуға тырысу. Суретті әрі қарай гель қаламмен саламыз. Оқушыларға суретте қара дақтарды аз салуға тырысу  қажеттігін және қара дақтарды тек бірнеше жерде ғана салу керектігін түсіндіру. Сурет сұлбасының  қалыңдығы өзгермелі болуы мүмкін, кей жерлерді үздік сызықпен көлеңкелеген дұрыс. Суретті өсімдік  бейнесімен толықтырып, жәндікті өзінің тіршілік ететін ортасында орналастырған артықтық етпейді. Сабақты қорытындылаған кезде жәндіктің болмысын барынша дәл беретін үздік жұмыстарды атап өтеміз. Үйге тапсырма: суреттерін аяқтап келу. 3­САБАҚ Сабақтың тақырыбы: «Күзгі бұтақ». Оқу­тәрбиелік мақсаты мен міндеттері: балаларды күзгі табиғаттың сұлулығын, түстердің ашықтығын  қызықтай білуге баулу; композиция тәртібін пайдалана отырып, суретті парақтың көлеміне қарай дұрыс  орналастыруға, пішіндер мен түстердің тепе­теңдігін сақтау қажеттігіне үйрету; табиғат қойнауындағы  бұтақты сала білуге баулу; түстік қарым­қатыныстарды түсініп, жұмыс барысында бір­біріне қарама­ қарсы түстерді пайдалана білуге үйрету; акварельмен жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіру. Сабаққа қажетті материалдар: Мұғалім үшін: сыныпта табиға көрініс қалыптыстыру (мүмкіндік болса, әрбір партаға жапырағы  бар күзгі ағаш бұтағын қоюға болады); «Түсті шеңбер» кестесі, түстер карточкасы; күзгі табиғат  фотосуреттерді. Оқушы үшін: сурет дәптер парақтары, қара қарындаш, өшіргіш, акварель, қылқалам, су құятын  шағын ыдыс. Сабақтың барысы: Балалрдың күзгі ағаштың жапырағы бар бұтағын суреттеп беруді сұраңыз. Күзгі табиғаттың  әсемдігін әңгімелеуге болады. Әңгімелесу барысында сұрақты дұрыс қоя біліңіз: балалар сұраққа жауап  берген кезде суретте көрген түстерді атауы қажет. Оқушылардың назарын кейбір түс жиынтықтарының ашық, нәрлілігіне, кейбірінің керісінше, күңгірт,  салқын екендігіне аударыңыз. Түсінік шеңбер мен түстер карточкасын пайдалана отырып, жақын және бір­біріне қарама­қарсы  түс жиынтықтарын қалай жасайтынын көрсетеміз. Түстік шеңберде бір­бірінің қасында тұрған түстер  бір­біріне құйылып жатқандай, астасып кеткен. Мәселен, сары –сарғылт­қызыл немесе жасыл – көгілдір­ көк. Бұлар бір­біріне жақын түстер. Ал бір­біріне қарама­қарсы түстер бұдан да ашық болып, жарқырап көрінеді. Мәселен, сары­көк немесе қызыл –жасыл немесе сарғылт –көгілдір. Түстердің осындай  үйлесімін контраст­түстер қарама­қарсылығы дейді. Оқушыларға жеке­жеке парақтарға бір­біріне жақын және қарама­қарсы түстерді құрастыруға  тапсырма беріңіз. Мұғалім жапырақтары бар бұтақты бейнелеудің негізгі сатысын тақтаға салып көрсету арқылы  орындағаны дұрыс: Бірінші саты­ суретті парақ бетіне қалай орналастыруға болатынын ойластыру. Екінші саты­ бұтақтың негізгі бөліктерін –бұтақ пен жапырақ шоғырларын бірден қылқаламмен  белгілеу. Үшінші саты­ түстердің бір­біріне құйылу тәсілдерін (жапырақтың негізгі түсіне қосымша түс  қосамыз, мәселен, сарыға­қоңыр, жасыл, сарғылт және т.б.) пайдалана отырып, жапырақтарды  акварельмен саламыз. Сурет аяғы жапырақтың түсіне қарама­қарсы түске боялады.  Оқушылар өздері жұмыс жасаған кезде суретті жалпыдан бастап, жекелеген бөліктермен аяқтау  туралы тапсырманы балалрдың қаншалықты түсінгенін, олардың қарама­қарсы түстердің үйлесімін қалай бергенін тексереміз. Сабақты қорытындылай келе, ондағы тапсырмалардың қалай орындалғанына назар аударыңыз.  Сонымен қатар оқушылардың үздік деген жұмыстарынан шағын көрме ұйымдастырып жіберсеңіз де  болады. Бейнелеу өнері.    №5 Күні: 30.09.2013ж. Сабақтың тақырыбы: «Өрнекті табақ». Оқу­тәрбиелік мақсаты мен міндеттері: балалардың бойында шынайы өмірге эстетикалық қарым­ қатыныстың қалыптасуына ықпал ету: эстетикалық таным­түсінікті тереңдету, хохлома нақышымен  таныстыру, күрделі пішіндегі заттарды бейнелеуде графикалық қабілеттің қалыптасуына ықпал ету;  бейнелеу өнері сабағын еңбек және табиғаттану пәндерімен байланыстыра көрсету. Сабаққа қажетті материалдар: Мұғалім үшін: көрнекті құрал­хохлома нақышымен безендірілген заттар немесе фотосуреттер. Оқушы үшін: сурет дәптерден дөңгелектеп қиылған шеңбер табақ, қара қарындаш, өшіргіш, гуашь,  қылқалам, су құятын шағын ыдыс. Сабақ жоспарының үлгісі: 1. Ұйымдастыру. 2. Сабақ тақырыбы бойынша ұйымдастырушылық­танымдық бағыттағы әңгіме. 3. Нақыштың орындалу технологиясын түсіндіру. 4. Нақыш элементтерін орындауға арналған жаттығулар. 5. Оқушылардың өздік жұмысы. Оқушылармен бірге хохлома нақышымен безендірілген бұйымдарды қарап шығамыз. Олардың қандай  материалдан жасалғаны, нақышты салған кезде пайдаланылған бояулар, нақыштардың өзіне тін сарыны  сынды ерекшеліктерін атап өтеміз. Мұғалімге қажетті  ақпарат: Ағаш ыдыстар мен жиһаздардағы нақыштар Горький обылысындағы ежелгі сауда орталығы  болған Хохлома деревнясының атымен аталып кеткен. Бұрғышының жону құралында жонылған,  жөке немесе қайыңнан пышақпен ойып жасалған бұйым жұп­жұқа сазбалшық қабатымен («вап»)  қапталады. Ол кепкеннен кейін бірнеше рет кендір майымен сырланып, күміс түстес алюминий  ұнтағымен боялады. Содан соң бұйым майлы бояулармен, негізінен ыстыққа төзімді қара немесе  қызыл бояумен нақышталады. Осылайша нақышталған бұйымға тағы да бірнеше рет кедір майы  жағылып, пешке кептіріледі. Нәтижесінде күміс алтын түстес сары реңк береді, ал қызыл  нақыштар алтын мен қара түстер аясында одан әрі жалындай түседі.  Хохлома шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдары «алтындай» немесе «жалындай» деп  жататыны сондықтан. Хохлома­сабақ, жапырақ, гүлдер мен жидектерден тұратын өсімдік нақышы. Оны  «шөптесін» және «ұйысқан» деп те атайды. Шөптесін негізінен ирелеңдей майысқан өсімдік сабағынан тұрады, одан жан­жаққа  тарамыстанып сабақшалар тарайды; олар ұзына бойына қалың, үлкен­кіші шырмауықтармен  көмкерілген. Ал шырмауықтар бір­бірін қайталамайтынын, әрқайсысының өзіндік ерекше пішіні бар  жіңішке жапырақтарға ұқсайды. Бір жапырақтар кішігірім сабақшалар жанына топтасса, енді  біреулері жіңішке қысқа үзік сызықтармен кезектесіп, сабақшаны түгел көмкеріп тұрады; барлық  сабақшалар мен жапырақтардың қозғалысы сабақтың негізгі қалқымалы қозғалысына тәуелді. Қорытындылау: Ұйысқан – жалпақ домалақ жапырақтары, ірі гүлдері мен шырмауықтары бар гүлді­ жапырақты нақыш. Әдетте алтын түстес әдемі сәндік элементтер сұлба бойымен айналдыра  сызылып, жеңіл үздік сызықпен безендіріледі. Әдетте «ұйысқан» нақыш аяға жазылады. Оның  айырмашылығы: әуелі қылқаламмен толқын тәрізді сабақша мен нақыштың барлық ірі  элементтерінің сұлбасы салынады. Содан соң бұйымының күміс түстес аясын қара немесе қызыл  бояумен бояйды, бірақ нақыш боялмайды. Кепкеннен кейін жартылай дайын нақышты ұсақ  элементтермен толықтырады. Дәлірек айтқанда, қара немесе қызыл түстің үстін жағу арқылы  түрлі гүлдердің шырмауықтарымен безендіреді. «Шөптесін» үстіңгі жағына салынады. Үстіңгі  нақыш күміс түстес бұйымның жоғары жағына қара, қызыл, жасыл және сары бояумен  салынады. Кептіріліп, бірнеше рет кендір майы жағылғаннан кейін бұйым беті алтын түстес реңге енеді. Енді нақыштағы көптеген түспен салынған бедерлер ұрып тұрады.         Мұғалім өсімдік өрнегін салудың негізгі сатыларын тақтаға сызып түсіндіргені дұрыс: Хохлома нақышын жасаған кезде алдын ала сурет салынбайды және ол қолдан, қылқаламның көмегімен  жасалады. Қылқалам безендірілетін заттың беткі жағына перпендикуляр бойымен қойылады, бұл гүлдердің, жапырақтар мен шырмауықтардың сұлбасын тез және домалатып салуға мүмкіндік береді.  Соңғы элементтердің ашық бояуға батырылған қылқаламды ақырын ғана басып, ирелеңдетіп саламыз. Тақтаға сурет салу тәсілдерін көрсетіп бергеннен кейін оқушыларға осы өрнектің кейбір элементтерін  әдемілеп бейнелеу туралы тапсырма беру. Келесі сатыда: Қағаздан қиылған дөңгелек табақтарды алтын түстес жосамен (охра) немесе сары түспен  бояймыз. Ол кепкенше оқушылар өз тәрелкелеріне салынатын нақыш композициясын ойластырады. Егер  уақыт болса, балалар салынатын нақыш долбарын сурет дәптеріне түсіріп алса да болады. Оқушылар өзіндік жұмыс жасап жатқан кезде балалардың қылқаламмен дұрыс жұмыс істеуін, олардың  басы артық ұсақ­ түйек бөлшектерге назар аудармай, өрнек ырғағын сақтауын, яғни, композиция  тұтастығын сақтауын қадағалап отыру.          Сабақты қорытқаннан кейін балалардың жұмысынан көрме ұйымдастыруға болады. Жұмыстарды  бірлесіп талқылаған кезде балалардың назарын сабақ тапсырмаларының қалай орындалғанына аударған  жөн. Бейнелеу өнері.    №6 Күні: 07.10.2013ж. Сабақтың тақырыбы: «Өрнекті табақ». Оқу­тәрбиелік мақсаты мен міндеттері: балалардың бойында шынайы өмірге эстетикалық қарым­ қатыныстың қалыптасуына ықпал ету: эстетикалық таным­түсінікті тереңдету, хохлома нақышымен  таныстыру, күрделі пішіндегі заттарды бейнелеуде графикалық қабілеттің қалыптасуына ықпал ету;  бейнелеу өнері сабағын еңбек және табиғаттану пәндерімен байланыстыра көрсету. Сабаққа қажетті материалдар: Мұғалім үшін: көрнекті құрал­хохлома нақышымен безендірілген заттар немесе фотосуреттер. Оқушы үшін: сурет дәптерден дөңгелектеп қиылған шеңбер табақ, қара қарындаш, өшіргіш, гуашь,  қылқалам, су құятын шағын ыдыс. Сабақ жоспарының үлгісі: 6. Ұйымдастыру. 7. Сабақ тақырыбы бойынша ұйымдастырушылық­танымдық бағыттағы әңгіме. 8. Нақыштың орындалу технологиясын түсіндіру. 9. Нақыш элементтерін орындауға арналған жаттығулар. 10. Оқушылардың өздік жұмысы. Бүгін біз өсімдік тәріздес өрнектер саламыз.Табақты  дөңгелек  өрнектермен безендіру. Мысал ретінде   хохлома нақышын пайдалан.    Хохлома нақышы­ орыс халқының сәндік­ қолданбалы өнерінің төл құбылысы.Бұл дәстүрлі  шығармашылық кәсіп Нижегород губерниясында пайда болған және ірі сауда орталығы Хохлома  деревниясының атымен аталып кеткен.Хохлома  нақышының өзіне тән ерекшелігі­қызыл және қараның   алтын түспен  астасып келуінде. Бұл нақыштың  негізгі  тәсілдерінің бірі «шөп» деп аталады. Бірақ қара,  қызыл, жасыл немесе сары шөптердің, бұтақтардың арасына жемістерді, гүлдерді, құстар мен  балықтарды бейнелейді. Шөпті суретін салғанда қылқаламды қатты баспай, ұшымен ғана салу керек. Ал жемістерді  нүктелеп  салуға болады.   Дайындалған ағаш ыдыстың бетін алтын немесе сары түспен бояу. Кепкеннен соң  оның бетіне гуашь  бояуымен шөп өрнектерін түсіру. Бейнелеу өнері    2­сынып   №3 сабақ Күні: 22.09.2014ж. Сабақ тақырыбы: Алтын күз Мақсаты: пастоздық кескіндеу техникасы туралы эмоцияны суретпен беру білімін қалыптастыру Оқушылардың көркемдік­графикалық: пастоздық кескіндеу, бөлек жағынды жағу мүмкіндіктерін,  пейзаж композициясында негізгі және қосымша элементтерді үйлестіру дағдыларын қалыптастыру Табиғат түстері мен сурет түстерін эмоциялық­сезімдік байланыстыру  қабілетін қалыптастыра  отырып,түстерді сезіну дағдыларын дамыту. Балалардың табиғатқа  деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Пәнаралық  байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды сабаққа даярлау ІІ. Жаңа сабақ «Табиғат пен суретші», «Табиғат және сен» тақырыбында әңгіме өткізу    Бұл сабақта  оқушылар жаздың көркем көрінісінен  гөрі күзгі табиғатты тамашалайды. «Алтын күз», «Күз. Тұман»деп аталатын И.Левитанның суретінен біз түрліше құбылып,түрленген күздің  құбылысын көреміз.Алтын зер жамылған ақ қайыңның жұмсақ шұғыласы «»Күз.Тұман  Суретінде күмістей ақ тұманға сіңіп кеткен  т.б. Сурет көшірмелеріне қарай отырып,суретшілердің  суретіндегі әдемілікке таң­тамаша боламыз. Оқушылар өз бетімен  шығармашылық жұмысқа кіріседі Бағалау Үйге тапсырма: суреттерін аяқтап келу Бейнелеу өнері     3 «А» сынып        № 3 Күні: 22.09.2014ж. Сабақтың тақырыбы: «Күзгі натюрморт». Оқу­тәрбиелік мақсаты мен міндеттері: оқушылардың түсті түйсінуін дамыту. Олардың түстің  бейнелеу мүмкіндіктеріне қатысты түсінігін тереңдете түсу; үшінші сынып оқушыларына жарық пен  көлеңке туралы қарапайым түсінік беру; балалардың бойында шығармашылыққа деген сұранысты  дамытып, түстерді көңіл күйді бейнелеу құралы ретінде қабылдай білуге баулу; оқушыларды  акварельмен жұмыс істеу барысында жалтырату техникасын пайдалана білуге үйрету.  Сабаққа қажетті материалдар: Мұғалім үшін: натюрморт көшірмесі; күзгі жапырақтар, жемістер мен көкөністерден тұратын қарапайым  натюрморт. Оқушылар үшін: сурет дәптер парақтары, акварель, қара қарындас, өшіргіш, қылқалам, су құятын шағын  ыдыс. Сабақтың барысы: Алдымен «натюрморт» сөзінің «өлі табиғат» деген мағына беретінін балалардың есіне саламыз. Бірақ  суретшілер натюрморттарда гүлдер, жемістер, құстар мен жәндіктерді де бейнелейді. Ал бұлардың өлі  еместігі, тіршілік иесі екені анық. Сондықтан «натюрморт» сөзін «тоқтап, қатып қалған» табиғат деп  аударған дұрыс болатын сияқты.  Әрі қарай оқушыларды XVI­XVII ғасырларда өмір сүрген голланд суретшілерімен, атап айтқанда  Бальтазар ван дер Аст өмірбаянымен таныстырамыз. Бальтазар ван дер Аст (1593­1657)  Голландия мен Фландия өнері мен тарихи тағдырының ортақтығы кескіндеу өнерінде көптеген ортақ  белгілер қалыптастырды. Натюрморт жанрында жасалған туындылардың да ортақ белгілері де көп.  Ұқсастық әсіресе жанрдың фламандтық кескіндемеші Үлкен Амброзиус Босхарт (1570 ­1621 ) негізін  қалаған саласында қатты байқалады. Оның ісін суретшінің шәкірті Бальтазар ван дер Аст жалғастырған  болатын. Ол өз шығармаларын Утрехт пен Делфте жазды. Бальтазар ван дер Асттың «Жемісті натюрморты» голланд натюрмортының ертедегі кезенінен хабар  береді. Ол кезеңде голланд натюрмортында бірнеше ерекше нысандар қатар бейнеленді. Мәселен, таң  қалдырарлықтай бақалшықтар, экзотикалық құстар мен жемістер, алашұбар жәндіктер мен құстар  жиынтығы және т.б. Бальтазар ван дер Асттың «Жеміс салынған тәрелке және бақалшықтар» және  «Бақалшықтар» деп аталатын екі натбрмортын да осындай түс шұбарлығымен және көтерген «жүгінің»  көптігімен ерекшеленді. Олардың екеуінде де жергілікті түстер шырайы мейлінше көп пайдаланылған.  Вальтазар ван дер Аст натбрморттың көрермен үшін қызықты түрлерін іздеді. Бұл жолдан оның ісін  жалғастырушылар бас тартты. Бірақ суретшінің бұйымдар әлеміндегі кішігірім пішін мен ұсақ  детальдарға деген шексіз сүйіспеншілігі голланд натюрмортының ұлттық белгісіне айналды.  Қанаттарындағы суреттері мұқият бейнеленген мұндай көбелектер, шыбындар инліктерді кейінірек  XVIII ғасырдың орта тұсындағы голланд натюрмортшыларынан кездестіреміз.     Қойылымдық натюрморт талқылаймыз құмыраға салынған күзгі жапырақтар немесе гүлдер, жемістер немесе көкөністер атқара алады. Балалардан натюрмортты суреттеп беруді өтінеміз. Жарықтың заттарға қалай түсірілгеніне  назар аударамыз.  Жарық  көзіне – терезеге  немесе шамға  жақынырақ  орналасқан заттың ашығырақ, ал жарықтан алысырақ жерлердің күңгіттеу болып бейнеленгенін атап өтіңіз. Оған қоса   әр   заттан   көлеңке   түседі.   Дәл   осы   жарық   пен   көлеңке   қарым­қатынасы   заттардың   көлемі   мен олардың жалпақ үстелдегі орнын көрсетуге көмектеседі. Балалар осының бәрін өз суреттерінде жеткізе білуі тиіс.       Бұл жұмыс сәтті шығуы үшін акварельмен жалтырату  техникасын пайдаланғанымыз абзал. Бояулар мөлдір   қабаттармен   біртіндеп   жағылатындықтан   заттардың   түсін   ғана  емес,   оларға   жарықтың   қалай түсірілгенін де беруге болады.          Жалтырату техникасын пайдаланып акварельмен сурет   салу рет­ретімен түсіндіру қажет етеді. Сондықтан балаларға суретті қандай реттілікпен салатынымызды көрсетіп беру қажет.             Оқушыларға сурет салудың композицияны анықтаудан басталатынын ескертіңіз. Сурет жіңішке сызықпен салынуы тиіс, ол акварельмен бояғанан кейін көрініп тұрмауы керек.         Алғашқы реңктерді бояу. Жазуға кіріскен кезде ұсақ­түйекке  назар аудармай, парақтың бетін сумен аралыстырылған   өте   ашық   бояулармен   бояп   шығыңыз.   Акварельде   ақ   сыр   болмайтынын   білесіз. Сондықтан жұмыс барысында ең ашық реңк ретінде ақ парақты ғана пайдаланамыз.           Содан соң кепкен бояу қабатының үстіне негізгі массаны салу үшін барынша күнгірт реңді бояу жағылады. Абай болыңыз. Акварель бояу мүлдем   түзетуге келмейді десе де болады. Егер бір жердің реңін   әлсірету   қажет   болса,   сол   жерді   сумен   жуып,қайтадан   бояп  көріңіз.Суреттің   қалған   бөліктері кепкен бояу қабатының үстіне біртіндеп,қабат­қабатымен жағылады. Жұмысты  аяқтау.Акварель  техникасымен   әзірленген  дайын  жұмыс   жаңа  және  жанды  болып көрінеді,тіпті ең күңгірт деген жердегі  бояудың өзі мөлдіреп тұрады.Бұл сатыдағы  негізгі жұмыс­ең басты жұмысты белгілеп,композиция тұтастығына қол жеткізу.          Балалармен жеке жұмыс істегенде мынандай ақыл­кеңес беруге болады;          Суретті параққа дұрыс орналастырудың маңызы зор.                    Сурет салған кезде ұсақ­түйек бөлшектермен айналысудың қажеті жоқ,бұл жұмысқа кедергі келтіреді. Өз жұмысында ашық,бірақ аса менмұндалап тұрмайтын түстерді пайдаланыңдар,сурет үйлесімді болуы тиіс.  Жұмысты қорытындылаған кезде ең ашық,шынайы,сенімді шыққан суреттер балалардың өздері анықтаса болады. 6­Сабақ Сабақтың тақырыбы; « Өсімдік тектес өренкті мүсіндейік».  Оқу­тәрбиелік мақсаты мен міндеттері;мүсін өнерінің бір түрі саналатын бедерлеумен танысу;мүсін жасау   тәжірибесі   мен   қбілетін   жетілдіру;балалардың   назары   мен   бақылау   қабілетін   дамыту,қол саусақтарын бейімдеу.            Сабаққа қажетті материалдар;  Мұғалім  үшін; корнекті құрал­өрнекті бедер бейнеленген сурет көшірмелері,өсімдік өрнегінің үлгілері.   Оқушылар   үшін;картон   парақ,ерменсаз,таяқша,ермексазбен   жұмыс   істеуге   арналған   клеенка   немесе арнайы тақтайша.                                                    Сабақтың барысы: Сабақ   тақырыбын   хабарлаймыз.Оқушыларға   бедердің   мүсін   өнерінің   бір   түрі     екендігін ескертеміз.Бедердегі сурет тегіс бетке салынады және ол жарты көлемді болып жасалады.  Оқушылар бедер жасай білетін болғандықтан,олар үшін бедер қалау көлемді мүсінге қарағанда айырақ.Мұндай жағдайда нысанның тек бір жағын қалау қажет. Көшірмелермен таныстыру барысында бедерлі өрнектің ежелгі дәуірлердегі сияқты бүгінгі таңда      да ғимараттарды безендіру пайдаланылатынын айтймыз.     қандай   бөліктерінің     Оқушылармен   бірге   өсімдік   өрнегінің   бірнеше   үлгісін   қарап   шығамыз.Өрнектерде   өсімдіктің кездесетінін (гүлдер,жапырактар,сабақшалар,жемістер) көбірек     анықтаймыз.Оқушыларға өз бетінше өрнек жасап шығуды ұсыныңыз.      Жұмыстың қандай ретпен орындалатынын түсіндіреміз:  Алдымен өрнекті парақ бетіне салып аламыз.   Содаң   соң   бедердің   аясын   әзірлейміз.Ол   үшін   ермексаздың     кішкене   бөлігін жұмсартып,картонның бетіне жағамыз.Содан соң аяны түзетеміз. Таяқтың сүйір ұшымен сурет саламыз, оны бүлдіріп алмауға тырысу қажет. Өрнек симметриясының осін белгілеуді ұмытпаңдар. Ширатылған   ермексазды   өрнектің   сұлбасын   бойлай   орналастырып,   ақырын   жабыстырамыз. Суретіміздің бүтіндігін тексереміз. Артық­ауыс кеткен жерлерін таяқпен түзетеміз. Өрнектің ішін ермексазбен толтырып, түзетеміз. Сабақшалар мен бедердің иілген жерлері мен бұрылыстарын   таяқпен   жөндейміз   және   өрнек   суретінің   симметриясы   мен   дұрыстығын   тағы   бір  рет тексереміз. Жеке жұмыс кезінде балаларға: ермексазбен дұрыс жұмыс істеуге; материалды үнемдеп пайдалануға: өрнек элементтерін дұрыс ­ орналастырып, бекітуге және симметрияны сақтауға көмектесіңіз. Сабақты қорыту барысында мүмкіндігінше дұрыс және таза орындалған жұмыстарды атап өту қажет. Сабақтың тақырыбы: «Қожа Ахмет Йасауи кесенесі». 7­САБАҚ Оқу­тәрбиелік мақсаты мен міндеттері: балалрдың архитектуралық шығармаларымен таныстыру:  олардың бойында сомдау қабілетін дамыту, стильдеу түсінігін нығайту; ермексазбен жұмыс істеуде  қолданылатын сәндік тәсілдерді түсіндіру. Сабаққа қажетті материалдар: Мұғалім үшін: Қ.А. Йасауи мемориалды кешенінің архитектурасына қатысты фотосуреттер мен  бейнематериалдар. Оқушылар үшін: картон парақ, қара қарындаш, өшіргіш, ермексаз, таяқша, ермексазбен жұмыс істеуге  арналған клеенка немесе арнайы тақтайша. Сабақтың барысы:    Сабақ басында оқушыларға алдымен архитектура жайында түсінік беріп өткен жөн.    Архитектура­бұл заманауи технологиялық мүмкіндіктер мен сұлулық түсінігіне сәйкестендіріп,  адамдардығ өмір сүруі мен қызмет етуіне қажетті ғимараттар салу өнері.    Оқушылармен бірге Қ.А. Йасауи мемориалды кешенінің архитектурасына қатысты фотосуреттерді  немесе бейнематериалды қарап шыққан кезде музей архитектурасына назар аударамыз. Сондай­ақ  «тарихи архитектура» түсінігінің мәнін түсіндіреміз. Мұғалімге арналған ақпарат: Қожа Ахмет Йасауи кесенесі      Қазақстан –ежелгі өркениеттер тоғысқан жер. Есте жоқ ескі замандарда оны мекендеген  адамдар, қазіргі қазақьардың ата­бабалары бірегей әрі қайталанбайтын өзіндік мәдениетін  қалыптастырған. Оладан қалған мәдени мұраға жататын кейбір ескерткіштер бізге қорым, кесене  және тіпті тұтас қалшықтар түрінде сақталып жетті. Оңтүстік Қазақстан обылысының Түркістан қаласында (ХVІ ғасырға дейін Йасы деп аталған)  орнласқан Қожа Ахмет Йасауи кесенесі –қазақ халқының өткен тарихынан хабар беретін бірегей  ескерткіш.      Йасы қаласы Ұлы Жібек жолының Джешті­Қыпшақ даласы мен Орталық Азиядағы Хорезм,  Ташкент, Бұхар, Самархан сынды қалалар арасын жалғап жатқан бір тармағында орналасқан.Бұл жерде қай кезде де сауда қызып жататын: Қытай фарфорын, парсылар жолбарыс терісін, алтын  және күміс бұйымдардын, Византия матаның түр­түрін саудаға шығарады.     Қожа Ахмет Қазіреті Сұлтан Йасауи­сопылықтың түркі бұтағының жұрт мойындаған  басшысы, ойшыл, көшпенді қазақтар арасында кең танылған қиялшыл ақын және діни уағыздаушы.    Йасауи өз еңбектерінде сыртықы дүниеден баз кешуге және шыдымдылыққа шақырады. Бұл о  дүниеден баз кешуге және шыдамдылыққа шақырады. Қорытындылау Түркістандағы кесене Йасауи дүниеден озғаннан кейін 233 жылдан соң Ақсақ Темірдің бұйрығымен  бой көиерген. Қожа Ахмет Йасауиге арналған мемориалды кешен күмбездері мен порталдары бар  тікбұрышты алып ғимарат (46,5 х65,5 м). Ішкі қабырғаларының қалындығы 2 метрге жуық,  орталық залы қабырғаларының қалындығы 3 метр. Ғимараттың кіреберіс да өте үлкен, көптеген  мұнаралары бар.     Ахмет Йасауи кесенесі ауқымы жағынан өзбектің Самарқан қаласындағы Бибі­Ханым мешітімен бірдей. Бүгінде ортағасырлық архитектураның бірегей туындысы­Қожа  Ахмет Йасауи кесенесін көру үшін Түркістанға әлемнің түпкір­түкпірінен туристер мен тәу  етушілер ағылып жатыр.. Балаларға осы тамаша архитектуралық ескерткіштің бедерін жасап шығуды ұсыныңыз. Оқушылар үшін  көлемді нәрсені бейнелеу оңайға соқпайды. Сондықтан олар өз жұмысында кесененің алдыңғы жағынан  түсірілген суретін пайдаланғаны жөн. Сонымен қатар оқушыларға «стильдеудің» не екенін түсіндіру  қажет: ол­жалрыландыру. Нысанның ортақ және өзіне тән белгілерін анықтау дегенді білдіреді. Жұмыс мынадай ретпен орындалады: ­ Картоп парақшаға кесене суретін саламыз. ­ Бедерлі жұмысты жасау үшін бізге түсті ермексаз қажет. Ермексаздан өзімізге өажетті түстерді таңдап аламыз. Түстерді араластыру арқылы жетпей тұрған түстерді жасаймыз. Оны қалай жасауға болатынын  оқушыларға көрсетіп беріңіз. ­ Ермексаздан аздап шымшып аламыз да, оны саусағымызбен картоп қағаздың бетіндегі суретке  жағамыз. Бұл сыр бояумен сурет салу тәсіліне өте ұқсас. ­ Ғимараттың суретін сәл бедерлілек, көлемдірек етіп, аядан шығып тұратындай қылып салуға  болады. ­ Соңғы сатыда сурет анық және ісерлі болуы үшін ұқсас элементтерін таяқшамен жасаймыз. ­ Балалармен жеке жұмыс істегенде мынадай ақыл­кеңес беруге болады: ­ Сурет салған кезде ұсақ­түйек бөлшектермен айналысудың қажеті жоқтығын, стильдеуде  нысанның тұпнұсқадағы ерекшеліктерін баса көрсету керектігін ескерту қажет. ­ Бедерді әбден ойластырып барып, мұқияттап салған дұрыс, өйткені дәл салынбаған суретті түзету қиынға соғады. Балалармен бірге жұмыстарды талқылаған кезде олардың сабақ тапсырмаларын қалай орындағанын  талдаған жөн. 8­ САБАҚ Сабақтың тақырыбы: «Шығыс ертегілері». Сабақтың міндеттері: коллажды көркем шығармашылықтың бір түрі ретінде түсіндіру; пішіндерді  өзгерту мен бөліктерді түрлендірудің сәндік тәсілдерін түсіндіру: материалдың бет­бедерін пайдалану  мүмкіндіктерін көрсетіп беру; саусақ қимылдарын жетілдіру, қайшымен, желіммен жұмыс істеуге  үйрету; тағат тауып, отыруға, тазалыққа баулу. Сабаққа қажетті материалдар: Мұғалім үшін: Шығыс архитектурасының фотосуреттері, Шығыс ертегілеріне қатысты сурет  көшірмелері, үлкен ауқымды дайындалған коллаж үлгісі, бет­бедері әртүрлі түсті қағаз үлгілері. Оқушы үшін:картон, түрлі түсті қағаз, жылтыр журналдардан алынған қиындылар, фольга, жылтырақтар, ПВА және жай желім, қайшы, қара қарындаш, өшіргіш. Сабақтың барысы:       Оқушылардан ертегілерден алған ісерін айтып беруді, қандай ертегілердің есте қалғанын сұраңыз.  Мұндай әңгіме оқушыларды эмоциялық жағынан дайындап, оларға жұмысқа қажетті көңіл күйін  сыйлайды.      Сурет салудың ауызша тәсілін пайдалана отырып, балалрға алда орындалатын жұмыстығ сюжетін  анықтауға көмектесеміз. Оларға композицияның маңыздылығын, бір ертегіні жалғыз суретпен беру  мүмкін еместігін және өзімізге ұнаған бір бөлігін ғана таңдап алу қажеттігін түсіндіреміз.      Шыңыс қалаларының сыртқы келбеті, кейіпкерлердің киім кию үлгісі мен күнделікті тұрмысқа  қолданған заттары туралы түсінік қалыптастыру үшін, Шығыс архитектурасына қатысты фотосуреттер  мен Шығыс ертегілері бейнеленген шығармалар көшірмелерін пайдаланамыз.     Оқушыларға бұл жұмысты коллаж арқылы жасауға болатынын түсіндіріңіз. Коллаждың аппликацияға  ұқсас келетінін, бірақ коллажда түрлі түсті қағаздан басқа мата, газет, фолга, қауырсын, журналдан қиып алынған суреттер, бақалшық сынды өзге де көптеген материалдарды пайдалануға болатынын балалрдың  есіне саламыз. Коллаждың бірнеше үлгісін көрсетіп, стильдеу және жалпылау сынды тәсілдердің атқаратын рөлін  түсіндіріп береміз.       Стилдеу – нысанның түпнұсқалық ерекшеліктерін әдейі ұқсатып жасау.       Жалпылау –нысанның өзі чынды бірнеше нысанға ортақ қасиеттерін көрсету.      Коллаж үлгісі балаларға жанрдың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін түйсінуге көмектеседі.       Коллажда пайдаланатын материалдардың фактурасы үлкен маңызға ие. Ол жұмысымызда  сомдалатын бейнені еске салып отырады. Оқушылардың назарын материалдардың осы қасиетіне  аударыңыз және олардың фактурасы әртүрлі материалдарды қалай пайдаланатыны жөніндегі пікірін  біліңіз.      Оқушыларға коллажбен қалай жұмыс істеу керектігін көрсетеміз: ­ Жұмысқа арқау болатын параққа белгі саламыз. Сызықьар бойынша жұқа және үзік­үзік болғаны дұрыс (тек негізгілерін ғана белгілейміз), әйтпесе  олар болашақ жұмысыңыздың түр­келбетін бұзуы мүмкін. ­ Материалды таңдаймыз және коллаждың негізгі элементтерін қиып аламыз. ­ Элементтерді желімнің көмегімен қағазға жабыстырамыз. Жеңіл материалдар үшін кеңсе желімін, ал ауыр материалдарды жабыстыру үшін ПВА желімін пайдаланамыз. ­ Коллажды түрлі бөлшектермен безендіреміз. Ол үшін фольга, түрлі түсті қағаз, сондай­ақ арнайы  жылтырақтар – жапсырылатын глиттерді пайдалауға болады. Жеке жұмыс барысында балалрға: қайшымен қалай дұрыс жұмыс істеу керектігін: материалды қалай  үнемдеп пайдалануға болатынын түсіндіріп беріңіз; бөлшектерді бүлдірмей, мұқият әрі дұрыс  жабыстыру тәсілін көрсетіңіз. Жұмыс соңында балалар салған суреттерді тақтаға ілеміз. Бұл оқушылардың өз жұмыстарын  салыстырып, бағалауына көмектеседі. 9­САБАҚ Сабақтың тақырыбы:  «Құс». Оқу­тәрбиелік мақсаты мен міндеттері: балалрдың графикалық қабілеті мен дағдыларын дамыту:  ден қою мен бақылау қабілетін дамыту, саусақ қимылдарын жетілдіру. Сабаққа қажетті материалдар: Мұғалім үшін: көрнекті материал­ құстар бейнеленген шығармалар көшірмелері, құстардың  фотосуреттері. Оқушылар үшін: сурет дәптер парақтары, қара қарындаш, өшіргіш. Сабақтың барысы: Алдымен сабақтың тақырбын хабарлаңыз. Әңгіме барысында балалрдың қандай құстарды білетінін,  ол құстардың қандай ерекшеліктері иен дағдыларын байқағанын анықтаңыз. Олардың сырт келбетін  суреттеп беруді сұраңыз.   Балалармен құстардың пайдасы туралы әңгіме жүргізіп, сурет көшірмелері мен құстардың  фотосуреттерін бірге қараңыздар. Суреттерді талдаған кезде құстың сыртқы келбеті өзі мекендейтін  орта мен тіршілік ету жағдайына біршама тәуелді болатынын түсіндіреміз. Бұл: ­ ­ құстың дене тұрқының мөлшері; аяқтары ұзын немесе қысқа: ­ мойыны ұзын немесе қысқа; ­ Құйрықтары мен қанаттарының пішіні, көлемі; ­ Тұмсығы, табандары мен тырнақтарының пішіні; ­ Жүннің түрі мен бояуы. Бірақ олардың әрқайсысының басы, көздері мен дене тұрқы іртүрлі болғынымен, түптеп келгенде бәрінің  пішіні бірдей десе де болады. Тек бастың көлемі мен иілу осі ғана өзгереді. Барлық құстың басы тұмсық  сызығы бар шар пішіндес келеді. Денесі алмұрт тәріздес. Құстардың тұмсығы –ұзын, қысқа, орташа,  жалпақ және жіңішке, түзу және қисық болады. Мойындары –ұзын, қысқа жалпақ және жіңішке, аяқтары  да қысқа, ұзын немесе орташа болып келеді. Дегенмен құс табанның пішіні өте маңызды. Құс табанының алдыңғы жағында 3, артқы жағында бір саусағы болады. Саусақ ұшында тырнақтары болады, олар кейде  аса мықты жіне үшкір келеді. Егер құс суда жүзетін болса, оның саусақтарының арасына тері перде  тартылған. Сол сияқты қанаттары мен құйырықтары да  ұзын немесе қысқа болады. Бірақ құстардың жүндері мен олардың түсі бір­бірін қайталамайды. Кейбір  құстардың айдар, «жаға» сынды қосымша белгілері болады.     Енді сары шымшықты мысалға ала отырып, құстың суретін қалай салу керектігін талқылаймыз.     Сары шымшық ­өте жылдам қимылдайтын құс. Оның домаланған қысқа ғана денесі, кішігірім басы,  ішке қарай тартылған иықтары мен кішкентай тұмсығы бар. Қанаттары да қысқа. Жіңішке аяқтары ұзын  саусақтары мен өткір тырнақтары бар, ал құйрықтары ұзын және трапеция пішіндес.      Сурет қара қарындашпен салынады. Оқушылардың қаттылығы іртүрлі бірнеше қара қарындаш  пайдаланғаны дұрыс (ТМ –сурет салу үшін, 2М­3М­штрих үшін).     Құстың суретін қандай ретпен салу керектігін көрсетіп береміз:     Құстың денесін сопақша етіп, сәл еңкейтіп саламыз. Үстіне дөңгелетіп басын саламыз.     Арқасы мен құйрығының сұлбасын жасаймыз. Тұмсығын саламыз. Үздік сызықтармен маңдайын, төбесі мен желкесін белгілейміз. Үзік сызықтармен маңдайын, төбесі мен желкесін белгілейміз. Мойыны мен  арқа сұлбасын жасау үшін бас сызы,ын аздап майыстырамыз.     Қарындашты басыңқырып, шығыңқы омырау сызығын саламыз, қарын мен құйрықтың астын аздап  қалындатамыз. Қанаттары мен құйрық сұлбасын басыңқыраймыз. Аяқтары мен саусақтарын түсіреміз.     Қара тақиясы мен өңіршесінің, қанат­құйрығының күңгірт жерлерін белгілейміз және осының бәрін  параллель штрихтармен сызамыз.    Картина аяқталған дүниеге ұқасауы үшін құстың суретін қоршаған орта белгілерімен – ағаш бұтақтары, жапырақ және т.б. заттармен толықтырамыз.    Балалармен жеке жұмыс істеу барысында мынадай ақыл­кеңес беруге болады: ­ ­ суретті жалпыдан бастап, жеке бөліктермен аяқтаймыз (алдымен жалпы суретті, содан соң  бөлшектерді саламыз); салып жатқан құстың дене мүшелерінің пропорциясын сақтауға назар аударған дұрыс (үлкен мен  кішіні салыстыру); ­ штрихтарды өз қалауымызша емес, қауырсын пішіні бойынша саламыз, әйтпесе сурет «қисайып  қалған» сияқты болып көрінеді. Сабақты қорытқан кезде ұжымдық талқылау тәсілін таңдауға болады. Балалар өз жұмыстарын  салыстырып, барынша дәл және дұрыс орындалған жұмысты атайды. 10­Сабақ Сабақтың тақырыбы: «Сырмақ» Оқу­тәрбиелік мақсат пен міндеттер: шынайы өмір мен өнерге эстетикалық қарым­қатынасты  қалыптыру; қазақтың ұлттық ою­қрнекгі туралы білімді нығайту; шығармашылық қиялды күшейту;  көркемдік талғамның дамуына ықпал ету; декоративтік сарынды бейнелеуге қажетті графикалық  қабілетті дамыту. Сабаққа қажетті материалдар: Мұғалім үшін:халықтық кілем тоқу өнері .лгілерінің фотосуреттерә немесе слайдтар, «Түсті шеңбер»,  «Қазақтың ұлттық ою­өрнек элементтер» атты әдңстемелік кестелер. Оқушы үшін:сурет дәптер парақтары, қарындаш, өшіргіш, түсті қарындаштар. Сабақтың барысы:    1­2­сыныптардағы қазақтың ұлттық ою­өрнегімен танысудың әрі қарай жалғастырамыз. Оқушыларға  ою­өрнек элементтерін «оқып шығуды» ұсынамыз. Мұны «Неге ұқсайды?» деген ойын түрінде жүргізуге  болады. «Оқу» үшін бір өрнекті тұтас емес, оның жекелеген элементтерін таңдап алған дұрыс. Өйткені  бінеше ою түрі бейнеленген тұтас балалрды шатастырады.      Оқушылардың пікірлерін жалпыландырып, негізгі өрнек түрлерін атап өтеміз: ­ ­ ­ ­ ғарыштық –табиғат құбылыстарын (күн, ай жұлдыз, су және т.б.) бейнелейтін ою­өрнектер: зооморфтық –жануарлар бейнесіндегі өрнектер; өсімдік өрнектері ­өсімдіктерді бейнелейді: антропомдық –адамдарды суретейтін өрнектер. Сонымен қатар өрнектің түсі де аса зор маңызға ие. Ерте заманда ою­өрнектердің түсіне де  символикалық мән берілген. Мәселен, көк түс­аспанның және көкке табыну белгісі, қызыл – от пен  күннің, ақ –адалдықтың, қуаныш пен бақыттың, сары­ ақылдың, қара –жердің, жасыл­көктем мен  жастықтың белгісі саналған. Міне, осылардың барлығы, ­негізгі өрнектер мен олардың символдық түстерінің үйлесімі күрделі өрнекті  –оларды салушы адамдар әлемінің көрінісін құрайды.      Ұлттық киіз кілем түрлері: бастырма кілем –текемет пен жапсырма кілем –сырмақтың  айырмашылығын атап өтеміз. «Сырмақ» қара немесе ақ киізден түрлі пішінде қиып алынған өрнектерден тігіледі. Тігістерді жасыру  үшін аппликация элементтерін түрлі түсті: алқызыл, қара, қоңыр, сары сұр, көгілдір, ақ түсті жіптермен  тігіледі, сонда кілем құлпырып шыға келеді.      Эскизбен өзіндік жұмыс істеген кезде балаларға түстік шеңбер кестесі көп көмектеседі.      Балалар негізгі және қосалқы түстермен танысты, осы түстердің үйлесімділігін тусіне біледі. Біз түс  сезімін дамытуды әрі қарай жалғастырамыз, жылы және салқын түстер тобына назар аударып, түсі қанық  композиция жасау үшін оларды қалай үйлестіру керектігін үйретеміз. Мұғалімге арналған ақпарат.  Түсті шеңбер – желілік спектр түстерінің шартты түрде бейнеленген үлгісі. Желілік спектрдің  шетіндегі түстерге қою қызыл түс қосып, осы (қызыл мен күлгін түстер) қоспа арқылы түсті  шеңберді тұйықтауға болады.    Түсті шеңберді «қою қызыл­жасыл» диаметрі бойынша екіге бөлсек, салқын және жылы түстер  тобы пайда болады. Салқын түстер дегеніміз көгілдір түс қоспасы сезілетін, ал жылы деп сары  түстер қоспасы бар түстерді айтамыз. Бұл әрине, шартты түрдегі анықтама, бірақ ол бояу  таңдағанкезде өте мағызды.    Көптеген бояулар салқын түске де, жылы түске де жатады. Мұны әсіресе жасыл түскен анық  байқауға болады: ол көгілдір немесе көк түспен анық байқауға болады: ол көгілдір немесе көк  түспен араласқанда көгілдірлеу жасылдау реңке ие болып, салқын түске айналады, ал сары­жасыл  түс қоспасы жылы түске айналады.      Мұндай үйлесімділікке тек қана жылы түстерді немесе тек қана салқын түстерді қосу арқылы  қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, жылы және салқын түстерді бір­біріне қарама­қарсы  қолдану арқылы да қарама­қарсы түстердің үйлесімділігіне қол жеткіземіз. Жылы және салқын түстерді үйлестіре білу қабілетін оқушы жұмысының ашық және әдемі болып  шығыуына көмектеседі.     Оларға осы сабақта танысқан қазақтың ұлттық ою­өрнек элементтерін пайдалана отырып, өз бетінше  сырмақ эскизін сызу туралы ұсыныс жасаңыз.     Балалрмен жеке жұмыс істеу барысында мынадай ақыл кеңес беруге болады. ­ Сырмақ суретін салған кезде суретті параққа дұрыс орналастыру керек. ­ Ою элементтерін салған кезде симметрия осін сақтау қажет. ­ Ою­өрнек элементтерін бояған кезде суреттің жалпы түстік үйлесімділігін ұмытпаған абзал. Сабақты қортытқан кезде тақтаға балалар жұмыстарының көрмесін ұйымдастырамыз. Осылайша,  оқушыларға өз жұмысын сыныптастарының жұмыстарымен салыстыруға мүмкіндік береміз. Сабақтың тақырыбы: «Таңғы және кешкі мезгіл». 11­САБАҚ Оқу­тәрбиелік мақсаттар мен міндеттер: кескіндемелік дағды мен қабілетті дамыту; «шырай  (колорит)» түсінігімен танысуды әрі қарай жалғастыру; ден қою мен бақылау қабілетін дамыту;  табиғатқа сүйіспеншілікті дамытып, шынайы өмірге эстетикалық қарым­қатынас қалыптастыру.  Сабаққа қажетті материалдар: Мұғалім үшін: көрнекі материал –күннің батып бара жатқан сәтін бейнелейтін шығарма көшірмелері мен фотосуреттер,       Клод Лоррен картиналарының көшірмелері. Оқушылар  үшін:сурет діптер парақтары, қара қарындаш, өшіргіш, акварель, қылқамен, су құятын шағын ыдыс. Сабақты жүргізу үлгісі: Күннің батуы мен шығуын бейнелейтін картина көшірмелері және фотосуреттерді талқылау барысында  балалрдан табиғаттың әртүрлі күйге енген кездегі түс пен реңк айырмашылықтарын анықтауды сұраңыз.      Балалар білетін (жылы» және «салқын» түстер туралы түсініктерді еске аламыз. Реңктік қарым­ қатынастарды (ашық күңгірт) анықтау балалр үшін қиындық тудырмайды және үшінші сынып оқушылары бұл сыннан мүдірмей өтеді.      Оқушылардан өздері салатын пейзажда табиғаттың бір ғана сәтін­таңды немесе кешкі уақытты  бейнелеуін сұраймыз. (Оларңа пейзажайдың табиғат көрінісі екенін айтамыз).      Бірақ сурет салуға кіріспес бұрын танымал француз суретшісі Клод Лорреннің шығармашылығымен  танысамыз. Бұл бізге суретшінің тәуліктің түрлі мезгілін қандай құралдармен бергенін түсіну үшін қажет. Мұғалімге арналған ақпарат:    Клод Лоррен (1600­1682) –танымал француз кескіндемешісі және пейзаж нақыштауышы.     Фрайбургте ағашқа нақыш салудың шебері болған ағасынан сурет салудың қыр­сырын меңгерген  ол туыстарының бірімен Италияға аттанады; Неополда Г. Вельтен өрістілік пен архитектура  өнерін үйренеді және Римде Агостино Тассидің жетекшілігімен пейзаж кескіндеп, қабілетін  шыңдады. 1625­1627 жылдары Францияда болған кезін есептемегенде, К.Лорреннің саналы ғұмыры  Римде өтті десе де болады. Лоррен өзінің классикалық стильде жасаған ланшафттарында табиғатты дәлме­дәл беруге емес,  табиғат сұлулығын оянатын поэтикалық сезімді жеткізуге тырысты.    Суретші әр сағатта әртүрлі күйге енген күн сәулесін, таңғы ауа тазалығы мен түстегі аптап  ыстықты, ымырттың көңілсіз жылтырауын, жылы түндердің ызғарлы көлеңкесін, жәймен  тербеліп жатқан немесе тым­тырыс күйге енген айдың судың жырқылын, таза ауаның мөлдірлігі  мен жеңіл тұман басқан алыс жерлерді асқан шеберлікпен бейнелейді. Оның шығармашылығынан  екі нәрсені аңғаруға болады: суретшінің ертеректе жазған картиналары мықты, қою және жылы  реңктермен жасалған ал үлкейген шағындағы шығармалары салқындау реңкпен орындалған. Қорытындалау: Лоррен картиналары Еуропаның үлкен галереяларының бәріне дерлік қойылған. Әсіресе оларды  Ұлыбритания мен Луврдың қоғамдық және коллекцияларында, Римдегі Дориа палаццосында,  Мюнхен пинакотекасында, Дрезденсойя галереясында және Санкт­Петербургтегі Эрмитаждан  көптеп кездестіруге болады.      Барокко кезіндегі пейзаж екінші орындағы жанр саналады. Дегенмен Лорренді жұртшылық  мойындады және ол ештеңеден мұқтаждық көрген жоқ. Суретші ел астанасының орталығында,  Испания алаңына жақын маңдағы (1650 жылдан бастап) үш қабатты үлкен үйді жалдап тұрды;  1634 жылдан бастап ол Әулие Лук Академиясы атанады. Кейінірек 1650 жылы оған осы  Академияның ректоры қызметі ұсынылады, бірақ тыныш жұмыс істегенді қалаған Лоррен бұл  қызметтен бас тартады. Сабақтың тақырыбы: «Сюжетті натюрморт». 12­ САБАҚ Оқу­тәрбиелік мақсат және міндеттер: өмір менөнерге шынайы эстетикалық көзқарас қалыптастыруға  ықпал ету; оқушыларда композиция сезімен дамыту; түстің бейнелеушілік және әсемдеушілік  мүмкіндіктері туралы түсініктерін тереңдету; балалардың бойында шығармашылыққа деген сұранысты  дамыту; үшінші сынып оқушыларының көркемдік графикалық қабілеттерін жетілдіру. Сабаққа қажетті материалдар: Мұғалім үшін: натюрморт көшірмесі: мазмұны аса күрделі емес, жеңіл сюжетті нарюрморт. Оқушылар  үшін: қойлымдық натюрмортқа арналған заттар, сурет дәптер парақтары,гуашь, қара  қарындаш, өшіргіш, қылқалам, су құятын шағын ыдыс. Сабақтың барысы: Мұғалімге арналған ақпарат: Серебрякова Зинаида Евгеньевна (1884­1967) өнерлі отбасында өсті. Оның әкесі  Е.А. Лансере мүсінші болған адам. 1886 жылы әкесі дүниеден озғаннан кейін Зинаида ағасы,  болашақ график Е.А. Лансеремен бірге нағашы атасы­петербургтық архитектор Н.Л.Бенуаның  тәрбиесіне өтеді.     Ол ешқашан жүйелі түрде көркемөнер саласында білім алмаған. Бірақ оның көрерменді тәнті  ете білетін қасиеті бар. Зинаида Серебрякова мұндай шеберлікке айналасындағы орта мен бірінші  кезекте өзіне қатаң талап қоя білген күш –жігерінің арқасында қол жеткізді.     Ол үздіксіз табиғат аясында жұмыс жасады. Харьков түбіндегі кішігірім Нескучный  қыстағында этюдтер, пейзаждар мен портреттер жазды. Олардың көбінде жергілікті шаруалар  суреттелген. Серебрякова көпшіліктің алдында 1910 жылы шықты. Ол РСО VII көрмесіне өзінің 14  шығармасын қойды. Көрмеге қойылған шығармаларының арасында автопортрет түрінде салынған  «Өзін ретке келтіру» (1909 жыл) шығармасы да бар еді. Бұл картинадағы жан тазалығы, оның  сенімді және ақылды орындалғаны соншалық, қоғам Серебрякованы қайталанбайтын құбылыс деп  тани бастады. 1912 жылы ол көптеген достары мен туыстары бас қосқан «Өнер әлемі»  бірлестігіне мүше болып кірді. Қорытындылау.    Жалпы суретші көп күш жігерін шаруалар өмірін суреттеуге арнады. «Монша» деп аталатын екі  картинасы (1912, 1913 жылдар) жан мен тән үйлесімділігін тамаша бейнеледі.     Бұл шығармалар революцияға дейінгі орыс ауылан азалау (реквием) сияқты қабылданады. Көп  жылдар бойы ауыл өмірін бақылаған Серебреякова оны өзінің сүйікті ақыны А.Г. Венециановтың  ақындық ықпалымен және Қайта өрлеу дәуірі шеберлерінің тәжірибесімен толықтыра түседі.  Суретшінің бойында мүсіншілік дарыны болды, бірақ өмір оның бұл талантын іске асыруға  мүмкіндік бермеді.     Революция оның өмірінің астан­кестені шығарды. 1919 жылдың науырызында күйеуі қайтыс  болып,ол төрт баламен жесір қалады. Сондан соң кездейсоқ табыспен күнелтті, аз уақыт көрнекі  құралдар шеберханасында жұмыс істейді. Шығармашылыққа қайта оралғаннан кейін көбіне өз  жақындарының портреттерін жазды.    Балет өнеріне қызығушылығының нәтижесінде ол балериналар туралы бірнеше картина мен  портреттер жасады. 1924 жылы Серебрякова аздап ақша тауып қайтпақ оймен Парижге  аттанады, бірақ елге қайту мүмкін болмай қалады. Париж оның үмітін ақтамады: ол аянбастан,  жанын салып еңбек етсе де, әл­ауқаты арта қойған жоқ. Бұл кездері оның қылқаламынан  туындаған дүниелер төңкеріске дейінгі жылдары жазған шығармаларынан айтарлықтай төмен  болды. Мұның себебі тұрмыс қиындығында ғана емес еді. Суретші қылқаламы мұқалуының баста  себебі­оның туған топырағынан көз жазып өалауында болатын. Оқушылардан натюрмортта қандай заттар бейнеленгенін және олардың картина тарихын қалай  елестетенін айтып беруді өтініңіз.       Зинаида Серебрякова өзінің шеберханасындағы үстелді, гипс маска, түрлі түсті дақтары бар әтір  шишаларын бейнеледі –мұның бәрі суретшінің шығармашылық әлемінің бір бөлігі іспеттес.     Балаларға үйден әкелген заттардан натюрморт құрастыруды ұсыныңыз. Оларға композиция тәртібін  түсіндіріңіз. Заттар тым тығыз орналаспауы қажет және өте шашыраңқы қойылғаны да дұрыс емес. Олар  бір­бірін көлегейлемей, бір­бірінің қасиеттерін ашып тұратындай етіп бейнелеуі тиіс.     Натюрморт кездейсоқ таңдалған заттардан құралмайды. Олар бір­біріне ұқсайтын, туыс заттар болуы  қажет. Натюрморт композициясы таңдап алынған заттар тобы табиға әсер бергенде ғана әдемі шығады.          Натюрморттың композициялық орталығы болуы шарт. Топтың ішінде мағыналық жағынан, көлемі,  пішіні, түсі жағынан негізгі бола алатындай зат болуы қажет. Қалған қосалқы заттар осы басты дүниеге  бағынуы тиіс. Алдыңғы планға бет­бедері мен түсі жағынан өзге заттардан ерекшеленіп тұратын  кішігірім затты қоюға болады. Түс үйлесімдігілі де өте маңызды. Натрюиортта тек ашық немесе күңгірт түсті заттарды ғана  біріктіру қажет емес.    Натюрморт түстері бірігей реңк пен түске бағынуы тиіс.      Оқушылар қарындашпен параққа заттарды орналастырып,  натюрморттың долбарын сызады. Содан  соң жұмыс гуашьпен пастозды кескіндеу арқылы қою, араластырылмаған бояулармен орындалады.     Балалармен жеке жұмыс істегенде мынадай ақыл­кеңес беруге болады: ­ Параққа суретті дұрыс орналастырудың маңызы зор. ­ Сурет салған кезде ұсақ бөліктерге көңіл бөлудің қажеті жоқ, ол жұмысқа кедергі келтіріреді. ­ Жұмысқа ашық бірақ қатты көзге ұрмайтын түстерді пайдаланған дұрыс және сурет үйлесімді  болуы тиіс.  Сабақты қорытқан кезде балалар ең ашық, шынайы және сенімді шыққан жұмысты өздері анықтай алады.                                                 13­сабақ Сабақтың тақырыбы: «Балалар ойын алаңы.  Оқу­ тарбиелик мақсаттар мен міндеттер:балаларды архитектура өнерімен таныстыру ;кеңістік  қиялын,графикалық қабілетті,құрастыру қабілетін дамыту;ұжыммен жұмыс істеу білуге баулу.        Сабақтың қажетті материалдары:    Мұғалім үшін:арзетиктуралық фотосуреттер мен бейнематериал;қазіргі заманғы балалар алаңының  среті,үлкен қартон парақ.     Оқушылар үшін:сурет дәптер парақтары,қара қарындаш, өшіргіш,сызғыш,қайшы желім. Сабақтың барысы:      Сабақтың  басында балаларға архетиктура туралы қысқаша түсінік береміз.Архитектура­бұл заманауи технологиялық мүмкіндіктер мен сұлулық түсінігіне сәйкестендіріп;адамдардың өмір сүруі  мен қызмет  етуіне қажетті ғимараттар салу өнері.Фотосуреттер мен бейнематериалдар қарпап шығамыз.Оқушыларға  мына ғимараттардың қайсысы адамға қажеттірек деген сұрақ қоямыз.Олардың арасында тұрған үйлер  мектеп пен балабақша, аурухана, дүкен, спорт нысандары, театр,кинотеарт мен өзге де ғимараттар бар.      Балалардың пікірлерін қорытамыз. Бұл ғимараттардығ бәрі де маңызды және олардың төңірегін  қоршап тұрған дүниелер­бақ, саябақ,жолдар,алаңдар мен балалардың ойын алаңдары да маңызсыз емес.  Сондықтан архитекторлар тұрғын үй ғимараттарын кеценді түрде жобалайды, олардың ішінде саябақтар, когалдар,жолдар мен балалар алаңдары да бар. (Архитектор­құрылыстар мен ғимараттарды, тұрғын  үйлер мен қоғамдық ғимараттарды жобалаумен және дизайнын жасаумен айналысатын адам.) Оқушыларға өзін архитектор ретінде  сезініп, балаларға арналған  ойын алаңын  жобалап көруге ұсыныс жасаңыз. Бұл өте қызықты және  шығармашылық  тұрғыдағы тапсырма, бірақ,өкінішке орай ,көп уақытты талап етеді. Сондықтан тапсырманы орындау үшін  жұмыстың ұжымдық түрін таңдаған дұрыс.  Оқушыларға  шығармашылық топтпрда («жобалаушылар», «құрастырушылар», «ландшафттық  дизайнерлер»)бөліну жөнінде  ұсыныс жасаймыз.     «Жобалаушылар» тобы эскиз жасайды.Сырғанақ, әткеншек, карусель, бассейндердің пішінін көз  алдымызға елестету үшін, олардың суретін салу керек. Ойын алаңының жалпы эскизі де қажет. Жоба түсінікті болуы үшін, оны макет түрінде жасап аламыз. Архитектура макет дегеніміз­көлемді  сурет, ғимараттың немесе архитектуралық кешеннің көлемі кішірейтілген үлгісі. «Құрастырушылар» тобы қағазды бүктеу тәсілі арқылы нысанның көлемді бейнесін әзірлейді.      Қағазбен жұмыс істеудің майыстыру, бүктеу, шиыршықтау сынды тәсілдерін оқушылардың есіне  саламыз (балалар бұл тәсілдерді оқушылардың есіне саламыз (балалар бұл тәсілдерді еңбек сабағында  меңгерген болатын). Мұның бәрін қатты ақ қағаздан жасаған дұрыс. Қағазды майыстыру арқылы макет  жасаған кезде банкі, қорап, пластик шөлмек сынды қол астындағы қарапайым материалдарды қоса  пайдалануға болады. Макеттің элементтерін боясақ та, аппақ күйінде қалдырсақ та болады.       «Жобалаушылар» мен «құрастырушылар» нысан макетін жасап жатқан кезде «ландшафттық  дизайнерлер» тобы эскизге сүйеніп, макетке ағаштар, жолдар мен көгалды жапсырмаларды. Бұл жерде  материалдарды немесе сым, түрлі түсті қағаз және т.б. заттарды пайдалануға болады.       Енді макетті жинақтау керек. Оқушылар алдын ала жасалған эскизге сүйене отырып, картон қағаздың бетіне балалар алаңының өздері әзірлеген элементтерін орналастырады. Нысандардың бір­біріне кедергі  келтірмей, үйлесімді етіп орналастырылуын бақылау қажет.        Балалармен жеке жұмыс істегенде мынандай ақыл­кеңес беруге болады:        Жұмыс кезінде ойын алаңының бөлшектері тым үлкен немесе тым кішкентай болып шықпас үшін,  оның эскизіне сүйену қажет және нысандардың ауқымын бақылап отырған дұрыс.         Ұжымдық жұмыс болғандықтан әр адамның мұқият, ұқыпты болғаны дұрыс. Өйткені рабайсыз және  ұқыпсыз жасалған элемент ортақ күш жұмсауымыздың нәтижесі – «Балалардың ойын алаңының» макеті  болып шықты. 14­cабақ Сабақтың тақырыбы: «Зергерлік бұйымдар».       Оқу­тәрбиелік мақсаттар мен міндеттер:  оқушыларды Қазақстандағы зергерлік өнермен  таныстыру; туған халқының мәдениетіне деген қызығушылық пен құрмеи сезіміне баулу; өрнекті  орналастыру түрлерін түсіндіру; композиция сезімін графикалық қабілетті дамыту.      Сабаққа қажетті материалдар:       Мұғалім үшін:  көрнекті материал – ұлттық нақышпен безендірілген зергерлік бұйымдардың  фотосуреттері мен көшірмелері: өрнектерді орналастыру түрлері көрсетілген кесте.       Оқушылар үшін:  картон, түрлі түсті қағаз, жылтыр журналдан кесіп алынған қиындылар, фольга,  жылтырақтар, жай желім мен ПВА, қайшы, қара қарындаш, өшіргіш.                                                   Сабақтың барысы:        Оқушыларды сәндік­қолданбалы өнердің бір түрі – суретші зергер өнерімен таныстырамыз.        Мұғалімге арналған ақпарат:        Зергерлік қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің үй кәсібіне айналған өзге түрлеріне қарағанда кәсіби сипатқа ие болды. Қазақ зергерлері ( парсы тілінен аударғанда зер­зар «алтын» деген мағынаны білдіреді) жеке дара жұмыс жасаған, ал шеберлік ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған. Олардың қолында белгілі бір құрал саймандары болды, алдымен шәкірттікпен бастаған. Зергерлер әйелдердің әшекей бұйымдары  мен ұлттық киім тағыншықтарын, дене күтіміне арналған бұйымдар мен асүй құралдарын, киіз үйге,  жиһазға, ағаш пен былғары ыдыстарға, музыкалық аспаптарға, қару мен ат әбзелдеріне арналған сәндік  бұйымдарды жасаған.       Қазақ  ісмерлері зергерлік өнердің қалыптау, нақыштау, бүршіктеу, сымкәп, ою, қаралау сынды  күрделі техникаларын меңгерген. Зергерлердің қолынан шыққан өнімдердің әшекей бұйымдары  құрайтын. Жалпы, қоғамның барлық әлеуметтік топтарында әйел әшекейлеріне деген сұраныс жоғары  болды. Бұл әйелдердің әдемілігі үшін ғана емес, салт­дәстүр, діни әдет­ғұрыптардан туындаған сұраныс  еді.       Зергерлер күміс пен алтыннан жүзік сақина, сырға, мен білезік, омырауға тағатын әшекейлер жасады,  халықтың бұл бұйымдарға деген сұранысы да жоғары болатын. Қазақ зерерлері күмістен бұйым  жасағанды ұнатқан. Ертеде қазақтың әрбір әйел күміс сырға, білізік, шашбау сынды әшкейлер  тағынды,бұл металдан жасалған бұйымдар бүгінгі таңда да ұлттық киәмдерді толықтырып келеді. Зергерлік өнері қазақ мәдениеті тарихында ерекше орын алады. Қазақтың қолөнер кәсібі негізінен  Сырдаоия жағалауында, Орталық Қазақстан және Жетісуда орналасқан қалалар мен ауылдарда  шоғырланды. Мұнда танымал ұста­шеберлер, оюшылар, зергерлер, құюшылар, ойып­қырау шеберлері  жұмыс істеді. Қорытындылау: Әшекейіне қарап әйелдің қай өңірінде тұратынын, жасы мен әл­ауқатын аңғаруға болатын. Бай  әйелдер зергерге біртұтас стильде жасалған әшекейлер жиынтығына тапсырыс береді. Ауқатты адамдар  қыздарының күміс әшекей жиынтықтарының жалпы салмағы 3 келіден кем түспейтін. Әдетте әйелдер бір қолға үш­төрттен жүзік пен сақина таққан. Олар күнделікті әшекей бұйым  қатарына жатұызылатын. Ал жасы үлкен әйелдер салтанатты шараларға арнап қалың, көлемді жүзік  жасатқан. Сабақтың тақырыбы: «Портрет». 15 – САБАҚ Оқу тәрбиелік мақсаттар мен міндеттер:  портрет жанрымен танысу; графикалық қабілет   пен   дағдыны   қалыптастыру;   ден   қою   және   байқампаздық   қабілетін   дамыту; шынайы өмірге эстетикалық қарым – қатынас қалыптастыру. Сабаққа қажетті материалдар: Мұғалім үшін: көрнекті құрал – портрет көшірмесі, портреттік фотосуреттер. Оқушы үшін:сурет дәптер парақтары, қара қарындаш, өшіргіш, гуашь, қылқалам, су құятын шағын ыдыс. Сабақтың барасы: Тақтаға   түрлі   суретшілер   жасаған   портреттер   көшірмесінен   кішігірім   көрме ұйымдастырамыз. Оқушылар портрет жанрын дұрыс дұрыс түсінуі үшін портреттің әр түрін пайдаланамыз (басынан аяғына дейін, белден жоғары, кеудеден жоғары және т.б. салынған суреттер) . Алдымен   балаларға   көшірмелерді   мұқият   қарап   шығуға   рұқсат   берініз.   Содан   соң олардың   не   көргенін   сұрап,   портреттерде   бейнеленген   адамдардың   мінез   –   құлқын анықтауға тырысып көріңіз. Оқушылармен бірге «портреттің» не екенін еске түсіріп, толықтырыңыз. Портрет  – бұл адамның суреті. Суретші портреттерде жеке ұқсастығы бейнелеуге, адамның ішкі дүниесі мен мінез – құлқын беруге тырысады. Бірақ онда қай кезде де шынайы   бейнемен   бірге   суретшінің   алған   әсері,   үлгіге   деген   қөзқарасықатар   журеді. Портреттегі   адам   басынан   аяғына   дейін   немесе   отырған   қалпына   бейнелене   береді. Болмаса   біз   оның   бетін   ғана   көруіміз   мүмкін,   бірақ   бұның   бәрі   де   портрет   болып есептеледі. Балаларға өзінің сыныптасының портретін салуға тапсырма беріңіз, бірақ олар суретті ойша салулары керек. Алдымен оқушыларға сыныптасын біраз бақылап, оның тек бет – жүзін ғана емес, киімін және отырып тұрған кездерін есте сақтап қалу керектігін айтамыз. Сурет салуда бұл бақылаулардың маңызы өте зор. Оқушыларға мұны дұрыстап түсіндіру үшін аздап тәжірибе жүргізіп, кез келген портрет кейіпкерін сөзбен суреттейміз. Жұмысқа кіріспес бұрын сурет салу тәртібін еске саламыз және сонымен бірге портрет салу реттілігін көрсетіп береміз: ­ Композицияны,   яғни   суретті   қағазға   қалай   орналастырғанын   дұрыс   екенін оқұшылардың   есіне   саламыз.   Ол   тым   үлкен   немесе   ұсақ   болмауы   тиіс,   суретті парақтың ортасына салған абзал. ­ Алдымен   сопақша   етіп   адамның   бетін   саламыз,   оны   тігінен   қосалқы   сықықпен (симметрия   осі   бойымен)   екі   бөлікке   бөлеміз.   Балаларға   барлық   қосалқы сызықтарды қара қарындашпен сызу керектігін және өшіріп тастауға оңай болуы үшін қарындашты қатты баспау керектігінтүсіндіріңіз. ­ Содан соң сопақша суретімізді көлденеңінен шамалап үш бөлікке бөлеміз, мұны да қосалқы сызықпен сызамыз. ­ Оның үстінгі бөлігі адамның маңдайы, ортасына мұрыны мен көздерін, астыңғы бөлігіне аузы мен иегін саламыз. ­ Шашты саламыз, бұл жерде шаштың да көлемі мен пішіні болатынын ұмытпаған жөн. ­ Сосын адамның мойыны мен иықтарын, киімін саламыз. ­ Суреттердің долбары жасалғаннан кейін бояуды пайдалануға болады. Сурет салу үшін гуашь пайдаланған дұрыс. Өйткені бояуларды араластыра отырып, қажетті түстер мен реңктерді жасап алуға болады.        Жеке жұмыс барысында оқушыларға портретте кейіпкердің бет­әлпетіндегі өзіне ғана   тән   ерекшеліктерін­қасының   иілген   тұстарын,көзі   мен   ерін   пішінін,шаш   қою үлгісін бере білу қажеттігін айтамыз.Бұл белгілер суретте кейіпкердің мінез­құлқы мен көңіл күйінен хабар береді.    Жұмыс аяқталғаннан кейін балалардың суреттерін тақтаға іліп, « Менің достарым» атты көрме ұйымдастыруға болады.                                  Пәні.Бейнелеу.       Сабақтың тақырыбы: «Адам және жануар»             Оқу   тәрбиелік   мақсаттар   мен   міндеттер:  түрлі   мүсіндік   материалдармен көлемді   бейне   жасаған   кезде   жұмыс   ерекшеліктері   туралы   түсінік   беру;   мүсінші­ шығармашылық суретшінің қабілеттерін,көркемджеу қасиетті дамытып,табиғатқа көңіл бөлуге үйрету.      Сабаққа қажетті материалдар: дамыту;байқампаздық танысу;оқушылардың жұмысымен   мәдениетін үшін:   Оқушылар   жасағанда   пайдаланатын ермексаз,жұмыс Мұғалім   үшін:суретші­анималистер   шығармаларының   көшірмелері,жануарлардың фотосуреттері мен кішігірім мүсіндері,жануарларды бейнелейтін ойыншықтар.   тақтайша,таяқша,шүберек,су құйылған банка.       Сабақтың барысы:               Біз   бұл    сабақта   мүсін   өнері   туралы   әңгімемізді   жалғастырамыз.Латынның «sculptura»   сөзі   «   қиып   алу»,   «   ойып   түсіру»,   «сөз   жапсыру»   деген   мағына береді.Мүсін­көлемді және белгілі бір пішінде жасалған,барлық жағынан айналдырып қарауға болатын туынды.Мүсінші өз шығармасын қатты материалдан қиып,ойып,егеп немесе   ерігіш  материалдан   жапсырып   жасайды.Мүсінші   шығармасы  артық   массаны алып тастау арқылы немесе керісінше,қажетті массаны қоса отырып,әлде құю арқылы жасалады.Кейде мүсін боялатын кездер де болады.    Оқушылардаң мүсінші пайдаланатын материалдарды атап беруді сұраймыз.    Сабақтың тақырыбын хабарлаймыз.         Оқушыларға   өздерінің   сүйікті   үй   жануарлары,   олардың   түр­түсі   ,мінезі   мен қылықтары туралы айтып беру жөнінде ұсыныс жасаңыз.    Енді біз ермексаздан екі фигуралық композиция­екі кейіпкерден тұратын дөңгелек мүсін жасаймыз.     Жұмысты композициядан бастау қажет. Біздің мүсініміз бір­бірінің қасына қойыла салатын фигуралар емес, бір­бірінебайланысы бар топ. Ендеше қозғалыс та, ишара да мүсіннің негізгі идеясына бағынуы тиіс.      Мүсінмен жұмыс істеу сатылары:      Мүсіндеуді мүсіннің көлемін анықтаудан бастаймыз. Алдымен мүсін кішкентай етіп жасалады, содан соң оның көлемі үстінен ермексаз жапсыру арқылы үлкейтіледі.          Жалпы және сипаттамалық, шамалық байланыстырадыанықтай тоырып мүсіннің көлемін нақтылаймыз.          Әрі қарай мүсін бөлшектерін салуға, негізгіден қосалқы бөлшектерге көшеміз. Мүсіндеген кезде белгілі бір бөліктің қайда салынатынын түсіну үшін, мүсінді үнемі тұтас қалпында елестетіп отыру қажет.       Композицияны мүсіндеудің соңғы сатысы­ мүсіннің құрамдас бөліктерін пысықтау. Мұны  таяқшамен   жасаймыз,  суретті  мұқият  “салып”,көлемді   пішіннің   беткі  жағын ақырындап түзетіп жылмитып отырамыз.             Оқушылармен жеке жұмыс істеу. Жалпы қателерді   сараптау (оқушылардың көмегімен, тақтада сызбалар мен кестелер пайдалану арқылы және түсіндіру ауызша талдау арқылы). Пішін мен қозғалысты нақтылаймыз.      Сабақты қорытындылаған кезде жұмысқа қойылатын  негізгі талаптарды ескереміз: мүсін бөлшектерінің шамалық байланысын сақтау; қозғалысты дәлме­дәл беру; ұсақ бөлшектермен мұқият жұмыс істеу;мүсіннің жалпы сұлулығы және оны аяқтау. Пәні.Бейнелеу.  Сабақтың тақырыбы  «Көктем». Оқу­тәрбиелік  мақсаттар  мен  міндеттер:  оқушыларды қозғалыстағы адамның сұлбасы бейнеленген  суретпен таныстыру; графикалық қабілетті, суретте эмоциялық жағдай мен қозғалыстағы беру қабілетін дамыту. Сабаққа қажетті материалдар:       Мұғалім үшін: көрнекі маттериал – қозғалыстағы адам суретін бейнелей  фотосуреттер мен А. Дейнека картиналарының көшірмелері; “Қозғалыстағы адам суреті”  кестесі.       Оқушылар үшін: сурет дәптер парақтары, қара қарындаш, өшіргіш, гуашь, қылқалам,  су құятын шағын ыдыс. Сабақтың барысы: Сабақты А. Дейнека картиналарының көшірмесіне қатысты әңгімеден бастауға болады.  Бұл суретшінің “Жастық”, “Еркіндік”,”Эстафета” сынды картиналары адамның жақсы  көңіл күйі мен қозғалыстағы қалпын тамаша шеберлікпен жеткізеді.          Мұғалімге арналған ақпарат:        Дейнека Александр Александрович (1899­1969) кеңестік бейнелеу өнері тарихына көптеген кескіндемелік және графикалық шығармалардың, фреска(шикі сылақ үстіне кескіндеу) мен өрнектердің, мозаикалар мен мүсіндер авторы ретінде енді. Кезінде  Дейнека: “Өнердің өткенді тіріліп, ертеңгі күнді көрсетіп беретін тамаша қасиеті  бар. Мемлекет шаруашылықты бесжылдықтармен жоспарлайды, ал суретші үшін  өткен жылдардағы батырлығымызды есте сақтай оиырып, ертеңгі күннің  сұлулығын бейнелеуден асқан мәртебеліқызмет жоқ. Бірақ өткенді қанша ашып,  болашаққа қанша көз жүгіртсе де өнер өз дәуіріне ғана тиесілі. Және өн бойында  тұрақты және заманы өтіп кемпейтін идеялары бар өнер ешқашан өлмейді…Өнер  өмірдің шындығынан да жоғары болуы тиіс, ол өмірдің өзіне айналуы қажет” деп  жазған болатын.        …Дейнека Курскіде қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келді. Харьковтегі  көркемсурет училищесінде білім алған. 1919­1920 жылдары қызыл әскер қатарында  борышын өтеген соң, Мәскеуге аттанады. Сол жерде ВХУТЕМА – ға оқуға түсіп, оны 1925 жылы тәмәмдаған .20 – жылдары ол график ретінде еңбек етті ,”Станок  қасында”,деп аталатын туындылары журналға шығып жүрді. Н.Асаев пен  А.Бартонның өлеңдерін , Анри Барбюстің «От кешкендер» романын безендірді.  «Петроградты қорғау»  деп аталатын картинасы суретшінің алғашқы кескіндемелік шығармасы болатын.  Оның артынан «Донбастағы түскі үзіліс» (1935). « Никитка – бірінші орыс ұшқышы»  (1940). «Болашақ ұшқыштар» (1937) сынды туындылары дүниеге келген .          Оның картиналары әрқашан идеясының тереңдігімен және жоғары кәсіби  шеберлігімен ерекшеленетін. Дейнека тосын құырынан көрсетуді , шымыр  өзгерістерді жақсы көретін және өнердің мүсіндік түріне біртабан жақын болды.  Оның 1964 жылы «Тамаша таң» (1959­ 1960). «Хокеишілер» (1959 – 1960) ,         Дейнека шығармашылығынан біз оның әрқашан өнерден қайталанбайтын ,  бірегей , өзіне ғана тән үлгі іздегенін көреміз. Және мүндай ізденістер оның 30 –  жылдары жазған «Донбассты механикаландырамыз!» , «Өзіміз маман болайық»  сынды т.б. плакаттарынан , мозайкалары мен витраждпрынан, қыштан жасалған  жұмыстарынан да кездестіре аламыз.      Дейнека спорт тақырыбында да енбектенді. Ол адамгершілігі мол, рухани дүниесі  бай жандарды ғана емес, спортпен айналысатын адамдардың жанкүйері еді. Оның  кейіпкерлері негізінен бойы ұзын, денсаулығы мықты, денесі мығым жігіттер мен  қыздар болды. «Б» айналмасының эстафетасы» (1947) картинасы, «Шаңғышылар»  (1950) мозайкасы, «Жүз метрлік» , «Желаяқ қыз»  сынды мүсіндері осының аығағы. 18­сабақ       Сабақтың тақырыбы: «Геометриялық денелердің суретін салу       Оқу­тәрбиелік мақсаттар мен міндеттер:графикалық машық пен қабілетті дамыту;композиция  сеззімін,пропорцияларды беру және қабылдау сезімін дамыту ;желілік өріске қатысты білімін жетілдіру.        Қажетті материалдар мен құралдар:        Мұғалім үшін:көрнекі құралдар­гипстен жасалған геометриялық денелер натюмортының  көшірмелері:төрт қырлы призма және шар (гипс денелер болмаса,олардың орнына,мәселен,қалың кітапты немесе кішігірім допты пайдалануға болады ), «Желілік өріс»кестесі,геометриялық денелер бейнеленген  графикалық натюрморт көшірмесі.        Оқушылар үшін:сурет дәптер парақтары,қара қарандаш ,өшіргіш.                                                      Сабақтың барысы:        Оқушылармен бірге натюрмортты шығыңыз.Оларға сабақ барысында заттарға қарап,геометриялық  денелерден тұратын натюрморт салу қажеттілігін айтамыз.Күрделі заттарды салып үйрену үшін  қарапайым заттарды қалй салу керектігін түсіну қажет.Натюрморт салу арқылы біз заттардың  кеңістіктегі қалпын ,шама өлшері мен пішінін бейнелеуді үйренеміз.        Екі географиялық денеден тұратын натюриорт құрастырамыз.Мәселен,шар мен тікбұрышты  призманы алуға болады.Үшінші тоқсанның соңына қарай оқушылар «паралелелепипед» пен  «шардың» не екенін білуі тиіс.Заттарды пішіндік тұрғыдан жақсы қабылданатын етіп топтастырып аламыз. «Желілік өріс» кестесін пайдалана отырып оқушыларға желілік өріс ережелерін түсіндіреміз.Оларға  нысан пішінінің көрерменнен алыстаған сайын қандай өзгеріске ұшырайтынын көрсетіп беру қажет.Содан соң суретті біртіндеп сала бастауға болады.         Оқушыларға натураға(табиғи затқа )қарап сурет салу әдістерін көрсетіп беріңіз:         Жалпы топтың биіктік және ендік арақатынасын анықтап алыңыз.Суреттің жоғарға және төменгі   жиегін білінер білінбес сызықпен белгіленіз.Содан соң натюрморттың енін белгілеңіз.Суреттің сол және  оң жақ шетін белгілеңіз.         Әрбір геометриялық дененің негізгі бөлігін белгілеп алыңыз.Содан соң әр заттың пропорциясын  анықтаңыз.        Сызықты сурет құраңыз­жұқа сызықтармен геометриялық денелердің суретін салып алыңыз.Заттар  орналастыратын бет пен көлеңкенің шетін белгілеп алыңыз.Желілік қысқаруларды нақтылаңыз. Суретті натурамен салыстырыңыз және заттардың орналысу ретін,желідегі домалақ пішіндес  заттардың кескінін нақтылаыңыз.         Суреттегі ең ашық және ең күңгірт түсті жерді анықтап,көлеңке мен жартылай көлеңкелерді  белгілеңіз .Суретті реңктермен саалған кезде алдымен көлеңке жерлер,содан соң  жақты тұстар  штрихталады(штрихтау тәсілдерін көрсетуді ұмытпаңыз).Заттардың Кеңестікке орнын анықтау үшін  жақын суретті алыстаған қарағанда айқынырақ етіп салу қажет. Өзіндік жұмыс жасаған кезде оқушылар жұмыстың орындалу ретін сақтауы қажет және суретті  парақтарға дұрыстап орналастыру қажеттігін ұмытпаған жөн. Балалрға реңдердің нысан көлемін  берудегі рөлі туралы айтып беріңіз. Сабақты қорытқан кезде натураны барынша дәл бейнелеген үздік жұмыстарды атап өтеміз. Пәні.Бейнелеу.      Сабақтың тақырыбы : «Менің мектебім».       Оқу тәрбиелік мақсаттар мен міндеттер:  графикалық қабілетті дамытып  машық қалыптастыру ;балалардың зейін салу және байқампаздық қабілетін дамыту ;шынайы өмірге деген эстетикалық қарым қатынасқа баулу       Сабаққа қажетті материалдар:      Оқушы үшін:көрнекі материал ғимарат суреттері мен фотосуреттері Желілік  өріс кестесі      Оқушылар үшін:сурет дәптер парақтары ,қара қарындаш ,өшіргіш                               Сабақтың барысы :              Сабақтың алдында мектеп маңында аздап серуендеп алған дұрыс.Серуендеген  кезде балалардан мектеп ғимараттарына мұқият қарап ,өзінше бақылау  жасауды  сұраймыз .             Сыныпқа келген соң балаларға алған әсерлерімен бөлісуге уақыт  беріңіз.Балалардың пікірлкрін қорыта келе ,мектеп ғимаратының жалпы бейнесін  жасаймыз.Өткен «Геометриялық денелердің суретін салу» сабағы мен мектеп  ғимаратының суретін салу тақырыбын бір­бірінебайланыстыра өрбітеміз.  Оқушыларға мынандай сұрақтар қойыңыз: мектеп ғимаратының пішіні қандай, ол  қандай геометриялық денеге ұқсас? Содан соң мектеп бөліктеріне назар аударамыз.  Бұл жерде біз білетін қандай таныс геометриялық денелер бар екен? Сурет салуды бастамас бұрын желілік өрістің үлкен нысандар салу  тәртәбәмен танысамыз («Желелік өріс» кестесі бойынша). Бізге заттар алыстаған  сайын кішірейетіндей болып көрінеді. Бірақ шын мәнінде заттардың көлемі  өзгемейді. Біздің көру қабілетіміз кеңістікте дұрыс топшылай білетіндей етіп жасалған.  Сондықтан ғимараттың кеңістіктегі пішіні өзгеретіндей әсер тудыру үшін  ғимараттың алыстағы бұрышын жақын бұрышқа қарағанда сәл төменірек саламыз. Балаларға суретті салу ретін көрсетеміз: ­  Жұмыс барысында қара қарындаш пайдаланамыз,соңда суретті түзету оңайырақ  болады ­  Ғимараттың биіктігі мен енінің ара салмағын анықтаймыз.Суреттің жоғарғы  және төменгі жиегін білінер­білінбес сызықпен белгілеп алыңыз.Суреттің сол және  оң жақ шетін белгелеңіз. ­  Желілік сурет құраймыз­жіңішке сызықтармен мектептің жалпы пішінін  саламыз. ­ Ғимарат тұрған жердің жалпақтығын көрсету үшін  көкжиек сызығын  сызамыз.Оны ағаштар немесе өзге ғимараттар жауап тұрса да бұл сызықты  жүргүзуіміз қажет.Ол бізге желілік өріс құрауға комектеседі. ­ Нысанның алыстаған бөліктерін(желілік қысқарулар) қаншалықты улкен немесе  кішкентай етіп салатынымызды білу үшін қосалқы сызықтарды  пайдаланамыз.Қосалқы сызықтар кейін өшіріп тастау оңай болуы үшін жеңіл және  жіңішке етіп сызылады. Ғимараттың төменгі және жоғарғы бұрышынан көкжиек  сызығына қарай қосалқы сызықтар сызамыз. ­ Суретті натурамен салыстырып, желідегі терезелердің, шатыр мен өзге де  бөліктердің орналасу ретін нақтылаймыз. ­ Мектепті қоршап тұрған пейзаждың суретін саламыз. Балалрмен жеке жұмыс  барысында мынадай ақыл­кеңес беруге болады: ­ Сурет салуды жалпыдан бастап, бөліктерімен аяқтаған дұрыс: ­ Сурет салған кезде ұсақ­түйекке назар аударудың қажеті, жоқ бұл жұмысқа  кедергі келтіреді. ­ Қосалқы сызықтарды жұмыс аяқтағаннан кейін өшіру қиын болмас үшін мұқият,  өте жіңішке етіп сызу қажет. ­ Нысанның пропорцияларына мұқият болған дұрыс. Сабақты қорытқан кезде  ең дұрыс және барынша дәлдәкпен орындаған  жұмыстарды атап өту қажет. Сабақтың тақырыбы: «Ертегідегі үйшік». 20­САБАҚ Оқу­тәрбиелік мақсаттар мен міндеттер: архитектурамен танысуды әрі қарай жалғастыру; кеңістіктік  қиялды дамыту: құрастыру қабілетін дамыту; баланың бойына ұжыммен жұмыс істеу қабілетін сіңіру;  ой­қиялын жетілдіру; саусақ қимылдарын дамыту. Сабаққа қажетті материалдар: Мұғалім үшін:көрнекі материал –ағаш үйлер, үйді сәндеу үшін ойып жасалған әшекейлердің  фотосуреттері мен көшірме жұмыстар. Оқушылар үшін: картоп парақтар, ермексаз, таяқ, қорапша немесе пластик шөлмек, ермексазбен жұмыс  істеуге арналған арнайы тақтайша немесе клеенка. Сабақтың барысы: Оқушылармен бірге оюлы ағаш үйлер бейнеленген жұмыс көшірмесі мен фотосуреттерді қарап шығамыз. Әр үй өзінше қайталанбас бір дүние, ондағы облар да бір­бірін қайталамайды. Кезінде үйлерге  таңқаларлық ою жасаған шеберлер кімнің үйі «ертегідей» болып шығар екен деп, бір­бірімен бақ  сынасқан. Оләндай үйге қарап тұрып, «бұл үйде керемет адамдар тұратын шығар» деген ойға қаласың.      Окушыларға түрлі ертегі кейіпкерлеріне арналған үйді көз алдына елестетуді ұсыныңыз. Әрине, әр  бала әртүрлі қиялдайды. Енді осы қиялдағы үйдің артық­кем тұстарын реткекелтіріп, үйдің жобасын  сызамыз. Жұмыс барысында ермексаздың ашық түстерін, картон корапшалар немесе пластик  шөлмектерді пайдаланамыз.       Жобаны макет түрінде жасаймыз. Мына жайттарды оқушылардың есіне саламыз: архитектурада  макет дегеніміз­ көлемді сурет, ғимараттың немесе архитектуралық кешеннің көлемі кішірейтілген  үлгісі.         Алдымен суреттің долбарын сызып алу қажет. Ол бізге үйдің пішінін көз алддымызға елестетіп,  жұмыс кезынде қандай да бір бөлікті ұмытып кетпес үшін қажет. Содан соң үлгі жасауға кірісеміз: ­ Қорапшаны немесе пластик шөлмекті картон қағазға бекітеміз – бұл үйдің қабырғалары. Енді  картоннан үйдің шатырын жасаймыз. ­ Түсті ермексаздан колмен үзіп алып, үйдің қабырғалары мен шатырына жағамыз. ­ Үйді түгелдей ермексазбен «қаптап» болғаннан кейін терезелері мен сәндік әшекейлерін  жасаймыз. Ертегідегі үйдің айналасын реттеуді ұмытпауымыз керек, үйдін төңірегін ағаштармен, гүлмен, көгалмен  безендіруге болады. Бұл макетті толықтырып, әдемілендіре түседі. Бұл жұмысты ұжымдық сабақ ретінде де, жеке шығармашылық жұмыс ретінде де өткізуге болады.     Балалармен жеке жұмыс барысында мынандай ақыл­кеңес беруге болады: ­ Үйдің тұғырын жасаған кезде ермексазды тегістеп жағамыз, барлық бөліктер мен әшекейлер тік  және әдемі орналасуы үшін, ермексазды әбден тегістелгенше домалатамыз. ­ Ермексаздан істелеген әшекейлерді әртүрлі етіп жасауға болады. Ол үшін бір­біріне қарама­ қайшы екі немесе үш түспен үзіп алып араластырамыз. ­ Үйге өрнек салған кезде ұсақ­түйекті жамай бермеңіз, бұл үйдің пішінін бұзады. Сабақты қорытқан кезде жұмыстарды ұжым болып талқылаған дұрыс. Балалар өз жұмыстарына баға  беріп, ең үздік шыққан жұмыстарды өздері­ақ атап береді Бейнелеу өнері  3 «А»сынып 21­сабақ Күні: 03.02.2014ж. Сабақтың тақырыбы: «Су астындағы тамаша әлем». Оқу­тәрбиелік мақсаттар мен міндеттер: мүсіндік қабілетті дамыту, дағды қалыптастыру; зейін қою және байқампаздық  қабілетін дамыту; саусақ қимылдарын жетілдіру. Сабаққа қажетті материалдар: Мұғалім үшін:көрнекті материал­ суасты әлемін мекендеушілерді бейнелейтін бейнематериалдар мен фотосуреттер, тұзды  қамырдан жасалған бұйым үлгілері. Оқушы үшін: фольга. Тұзды қамыр, таяқша, ермексазбен жұмыс істеуге арналған арнайы тақтайша немесе клеенка. Сабақтың барысы:         Оқушыларға мынандай бір қызықты жұмыс жасауды ұсыну: тұзды қамырдан суасты әлеміндегі ғажайыптар туралы  бедерлі жұмыс жасау қажет. Бұл жұмысты алдыңғы сабақ сияқты ұжымдық сабақ ретінде де, жеке шығармашылық сабағы  ретінде де өткізуге болады.       Оқушыларға бедердің не екенін түсіндіреміз: бедер (рельеф) –жартылай мүсіндік шығарма. Жұмыстың дұрыс орындалуы  үшін және жақсылылап кеуіп, кепкеннен кейін сынбас үшін суасты әлемін мекндеушілердің фигурасын көлемді етіп жасймыз.      Жұмыс бірнеше саты бойынша орындалады. Өйткені тұзды қамырдан жасалған элементтер мұқият кептіруі қажет етеді (5­ 6 күн). Жұмыс мынандай реттілікпен орындалады: ­ ­ ­ ­ Алдымен тұзды қамыр илеп алуымыз қажет. Оны істеу оңай: ұн мен ұсақ тұзды бірдей етіп алып, кішкене су қосамыз  да, қатты қылып иелейміз. Енді қаңқасын әзірлейміз. Ол үшін кішкене фольганы мыжып (шоколадтың сыртындағы орамы да жарайды), балық,  бақалшық, маржан немесе теңіз түбінде тіршілік ететін кез келген (өзіміз қалаған) хайуанаттың фигурасын жасаймыз. Тұзды қамырдан қолмен үзіп алып, фольгадан жасалған қаңқаны ораймыз. Таяқшамен көзін, қабыршақтары мен жүзу  қанаттарын жасаймыз. Содан соң оны бөлме температурасында, егер мүмкіндік болса пешке кептіреміз. Бірақ жасаған дүниеміз күйіп  кетепс үшін төмен темперетурада кептіреміз. ­ ­ Кепкен фигураларды гуашьпен бояп, ПВА желіммен түрлі түсті немесе боялған картонға жабыстырамыз. Балалармен жеке жұмыс барысында мынандай ақыл­кеңес беруге болады: ­ Мүмін жасаған кезде тұзды қамырды тым ұзақ илеуіндің қажеті жоқ, әйтпесе ол кеуіп кетеді және бұйымға  жарықшақ түседі. ­ Мүсін қаңқасы кішкентай болса бедерді тым биік қылудың қажет жоқ, өйткені бұйым кептірген кезде «ағып» кетеді. ­ Мүсін жасаған кезде бейнеленетін нысандардың шамалық өлшемдерін естен шығармаңыз. Мәселен, балық пен  акуланың көлемі бірдей болмайды. Тұзды қамырдан жасап, кептірілген фигураларды гуашьпен бояған кезде тым көп су пайдаланудың қажеті жоқ.  ­ Әйтпесе жасалған бұйым суланып кетеді. Сабақ соңында балалардың жұмыстарын тақтаға ілеміз. Бұл олардың өз жұмыстарын өзгелердікімен салыстырып, бағалауына  мүмкіндік береді. 22­САБАҚ Сабақтың тақырыбы: «Көбелектер биі». Оқу­тәрбиелік мақсаттар мен міндеттер: балалрдың бойында шынайы өмірге деген эстетикалық  көзқарас қалыптасуына ықпал ату: шығармашылық қиялды дамыту; көркемдік талғамның дамуына ықпал ету; декоративті сарынды беруде графикалық қабілетті дамыту. Сабаққа қажетті материалдар: Мұғалім үшін:көрнекті материал –жазғы табиғатқа қатысты картиналар көшірмесі мен  бейнематериалдар, көбелек фотосуреттері мен суреттері. Оқушы үшін: сурет дәптер парақтары, акварель, қылқалам, су құятын шағын ыдыс, гел қалам. Сабақтың барысы:    Балалармен бірге жаз, жазғы табиғат туралы фотосуреттер мен көшірмелерді қарай отырып, олардан  серуедегенде немесе табиғатқа экскурсия жасаған кезде қандай қызықты жайттардың куәсі болғанын  сұраңыз.      Күн, жасыл желек жамылған ағаштар, гүлденген дала мен ұшып­қонған әдемі көбелектер. Жазғы  табиғат картинасы, міне, осындай. Адамдар көбелек сұлулығы мен әсемдігіне қашанда таңырқай  қарайды. Олар туралы ертегілер мен аңыздар әлемнің барлық халықтарында бар. Біздің ата­ бабаларымыздың көбелек туралы танымы өмір, жан, махаббат, бақыт деген түсініктерімен байланысып  жатыр.      Балаларға көбелек туралы ертегі құрастыруды немесе білген ертегісін айтып беруді өтінуге болады.  Біз әңгімелесе отырып болашақ суретімізді­көгалда ұшып жүрген көбелек бейнесін қалыптастырамыз. Суреттегі көбелектің денесіне назар аударамыз. Оның дене құрылымындағы ерекшеліктерге ден  қоямыз. Ол симметриялы, яғни, оң және сол жақ бөліктері бірдей орналасқан. Жұмыстың орындалу  реттілігін көрсетіп беріңіз: ­ Көбелектің суретін салған кезде алдымен ортадағы сызықты жүргіземіз, содан соң жәндіктің  сұлбасын жасаймыз. ­ Енді қанатындағы түрлі фигуралар мен өрнектерін саламыз. Олардың әрқаайсысы тұйық пішіндес болып келеді және оны түспен бояу оңай.Көбелектің дене құрылымын өрнектің шетімен  байланыстыруға тырысамыз. ­ Жиегі көмкерілген суретті бояуға кірісеміз, алдымен ең ашық түспен бастап, күңгірт түсті  бояумен аяқтаймыз. ­ Барлық түстердің жиектерін кескіндеп болғаннан кейінғ ішкі сызықтың үстінен қара гель  қаламмен жүргізіп шығамыз. Дайын сурет мозайка пішіндес болып шығады. Енді балаларға өз идеяларын пайдалана отырып, осыған ұқсас жұмыс жасау туралы тапсырма беріңіз.      Балалармен жеке жұмыс істегенде мынадай ақыл­кеңес беруге болады: ­ сурет салған кезде симметрия осін сақтауға тырысу қажет, яғни, көбелек қанатының екі жағы  бірдей болуы керектігін ұмытпаған жөн. ­ Сурет салған кезде суретті бөлмей, тұтас саламыз. Өйткені бөлген кезде жұмыс «ластанып»,  кетеді, ал ол жақсы емес. ­ Жұмыста ашық, бір­біріне қарама­қарсы түстерді пайдаланамыз. Бірақ олар бір­бірімен үйлесіп  тұруы қажет. Сабақты қорытқан кезде ең қызықты, әдемі шыққан жұмыстарды балалрдың өздері де атап бере алады. Күні: 8.09.2014ж         №1       3­сынып Сабақ тақырыбы: Музейге саяхат Сабақ мақсаты: әлемдік және қазақстандық суретшілердің  еңбектерін қабылдай және бағалай білу;                           Бейнелеу өнері  түрлері туралы  білімдерін дамыту;                           әлемдік және өз халқының мәдениетіне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу. Көрнекілер: картина көшірмелер. Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі               Оқушыларды сабаққа даярлау ІІ. Тірек білімдерін белсендіру. «Пластикалық  өнер және бейнелеу өнерінің түрлері дегеніміз не?» тақырыбында әңгіме өткіземіз.   Пластикалық өнер ­ өнер түрлерін біріктіретін ұғым.Оларға жататын шығармалар кеңістікте уақытқа  қарай дамымай­ақ өмір сүре береді. Заттық материалдарды өңдеу арқылы жасалатындықтан бұйымның  қасиеттері болады.(мұғалім түсіндірмесі) ­ Бейнелеу өнері дегенде  нені түсінеміз? ­ Дұрыс айтасыңдар.Демек, біз әртүрлі тәсілдер арқылы өзімізді,қоршаған әлемді  бейнелейміз.Яғни, бейнелеу өнері дегеніміз­ суретшінің өзінің қоршаған әлемді өзінің қалай  қабылдауына қарай бейнелеуі деп айтамыз. ­ Бейнелеу өнері қай уақыттан бері бар? ­ Бейнелеу өнері бағзы замандардан бастау алып,қазіргіге дейін өмір сүріп келеді. ІІІ. Жаңа материалды оқып үйрену ­ Балалар, енді біз музейге ойша саяхат жасап,өнер түрлерімен жақынырақ танысайық. ­ Сендер мен біз Бейнелеу өнері музейі дегеннің не екенін білеміз.(түсіндіру) ІҮ. Практикалық жұмыс Оқушыларға фотосуреттерден көрген әрбір өнер түрлерін жұмыс дәптерлеріне белгілеп қоюды  ұсынамыз. Ү. Рефлексия    Балалардың сабақтан қандай жаңалықтар білгенін сұраймыз. ҮІ.Қорытындылау    Қорытындылау кезінде оқушылар бір­бірінің дәптерлерін өзара тексереді.

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн

Шуақты күн
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.05.2017