ВАШЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО
О ПУБЛИКАЦИИ В СМИ И РЕЦЕНЗИЯ
бесплатно за 1 минуту
Добавить материал
Количество Ваших материалов: 0.
Авторское
свидетельство о публикации в СМИ
добавьте 1 материал
Свидетельство
о создании электронного портфолио
добавьте 5 материала
Секретный
подарок
добавьте 10 материалов
Грамота за
информатизацию образования
добавьте 12 материалов
Рецензия
на любой материал бесплатно
добавьте 15 материалов
Айзада Сейтмаганбетова Свидетельство о публикации Рецензия
Свидетельство о публикации Скачивание доступно только автору
Туған – тілім тірлігімнің айғағы.
Просмотр файла:

Туған тілім....docx - Туған – тілім тірлігімнің айғағы.


Все файлы публикации > Туған тілім....docx
Туған – тілім тірлігімнің айғағы.

№ 4 Хромтау орта мектебі
«Туған – тілім тірлігімнің айғағы»

Мәнерлеп оқу.
Өткізген: кітапханашы Сейтмаганбетова А.Б.

2016­2017 оқу жылы.
Туған тілім - тірлігімнің айғағы.
Мақсаты:Оқушылардың ой­өрісін кеңейту,білімін жетілдіру,мәнерлі сөйлеу

Туған – тілім тірлігімнің айғағы.

сөздік қорын байыту.Ана тілін аялап,құрметтеуге тәрбиелеу.
Отанын,елін­жерін,тарихын,салт­дәстүрін,туған тілін құрметтеуге
оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Ақын­жазушылардың,қазақтың үш биінің суреттері мақал­мәтелдер,
және тіл ,отан туралы өлеңдер.
Кітапханашы: Құрметті ұстаздар,оқушылар! «Туған тілім­тірлігімнің айғағы» атты
мәнерлеп оқу сайысына қош келіпсіздер. Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра, дүние таным
құралы. Адамдық мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық
қасиетті мұрамыз, ана тіліміз­қазақ тілі. Қазақ тілі дүниежүзіндегі ең бай, беделді де
бейнелі тілдердің бірі. Осымен «Туған тілім­тірлігімнің айғағы» атты мәнерлеп оқу
сайысын бастаймыз.
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Кітапханашы. «Тіл» туралы тұңғыш заң 1989 жылы, ал екінші рет 1997жылы11­шілдеде
қабылданды. Әрбір адамға ана тілі ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы­әрбір
елдің ұлттық мақтанышы. Ол ата­анадан балаға мирас болып қалып отыратын баға
жетпес мұра.Сондықтан әр адам ана­тілін көзінің қарашығындай қорғауы,оны
орынсыз шұбарлануына қандай жағдайда да қарсы тұра білуі тиіс.
1­оқушы
Туған тілім­тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Қазақ тілі өзінің даласындай кең пішілген жайдарлы да жалпақ тіл.

2­оқушы
Қазақ тілі­еркіндігім,елдігім,
Қазақ тілі­жеңіп алған теңдігім.
Қазақ тілі­ата бабам мұрасы
Тек сонымен жырлап өткен ел мұңын
Қазақ тілі­тілім менің ұлтымның
Ұлттың тілін ұлықтауға ұмтылдым.
Қазақ тілін менсінбейтін кім екен?
Намысына,намыс берем,шіркіннің!
Кітапханашы:
«Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай,ең сұлу
тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің дейді Қабдеш Жұмаділов».
3­оқушы
Тілім барда қазағым бар,халқым бар.
Дәстүрім бар,ата жолы салтым бар
Кең даладай жиналмаған шалғайы
Аңқау,ашық мінезім бар аңқылдақ
Туған тілде сыры терең жаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар

Туған – тілім тірлігімнің айғағы.

Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып­ақ алыңдар.
4­оқушы
Ана­тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!
5­оқушы
Қымбат маған ана тілім,бал тілім
Қымбат маған дана тілім ар тілім
Ақ сүтімен бірге сінген бойыма.
Ана тілім­ардақ тұтар алтыным.

6­оқушы
Туған тілім­бабам тілім өз тілім.
Туған тілім­ана тілі­өз тілім
Туған тілім­дана тілім­өз тілім.
Туған тілім­адам тілім­өз тілім.
Кітапханашы:
Ана тілім­елдігім
Ана тілім­ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.
Қазақ халқы сөз бастаған шешенді қол бастаған батырмен қатар қойған.
Тапқыр ойлы шешендерге үлкен құрмет көрсетілген. Қазақ халқынан шыққан атақты Әнет,
Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би, т.б шешендер бар. Бұлар өздерінің шешендік сөздерімен
дұшпандық әрекетін, хандардың әділетсіздігін әшкерлеп, елді билікке күреске шақырған.
7­оқушы.
Тілім менің өмірдегі тілегім,
Тілім менен тарихымды білемін
Сан ғасырлар қалыптасқан тілімде.
Қадірлеп те, қастерлеп те жүремін.
Қазақ тілі­баба тілі, асыл тіл
Қазақ тілі­дана тілі, ғасыр тіл.
Қазағымның қуанышын сен жырлап
Елдігімнің дәрежесін асыр тіл.
8­оқушы.
Ардақта тіліңді.
Ал одан білімді.
Өз тілің үйретер
Өнерді, ғылымды.

Туған – тілім тірлігімнің айғағы.

Тіліңсіз білім жоқ.
Білімсіз күнің жоқ.
9­оқушы.
Ақыл­ойын дананың
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақта.
Ақ сүтіндей анамның.
Өсірген ой, білімді.
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.
10­оқушы
Қазақ тілім­сөз байлығың молынан,
Тусын мәңгі ай мен күнің оңынан
Өз тілім деп тебіренген ерлердің.
Ерейінші бүгінгі күн соңынан.
Ел басымыз Нұрсұлтан боп сайланды.
11­оқушы
Тіліңді үйрен күнде сен.
Ол іс деме жай ғана.
Өз тіліңді білмесең
«білгішпін»деп ойлама
Өзге тіліңді үйренсең
Өркендейді адамдық
Өз тіліңнен жиренсең,
Өлім,қылмыс надандық
Ақ сүтіндей анамның
Ана тілің жан арың!
2­ЖҮРГІЗУШІ:
Адам үшін ең қажетті қасиеттің бірі өз ана тілін қадірлеу. Қазақ тілі дүниежүзілік
тілдердің ішіндегі ең бай тіл. Ақын Мұхтар Шаханов агамыз ана тілі туралы былай деп
жырлаған.
12­оқушы.
Туган жерің­түп қазығың айбының.
Туған тілің­сатылмайтын байлығың.
Туған дәстүр салт­санасы тірегің.
Қадамыңа шуақ шашар үнемі
Және туған тарихың,
Еске алуға қаншама ауыр әрі.
Қасиетті болса да.

Туған – тілім тірлігімнің айғағы.

13­оқушы
Қасиетті бұл төрт ана.
Тағдырыңның тынысы.
Төрт ана үшін болған күрес
Күрестердің ұлысы.
Төрт анаға жағдай жасай алмаған.
Пенделердің басынан кайта қарбыған.
Төрт анасына қарамаған халықтың.
Ешқашанда ешқашан
Бақ жұлдызы жанбаған!
14­оқушы
Сүйемін туған тілін­ана тілін
Бесікте жатқанымда­ақ берген білімі
Шырт етіп жерге түскен уақытымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнің
Сол тілімнен үйрендім нәрсе аттарын.
Сол тілімнен әдетті мен жаттадым.
Ең бірінші сол тілімнен сыртқа шықты
Сүйгенім,жек көргенім,ұнатқаным.
15­оқушы
Орта жолда бүріп тастап оқ құзғын,
Құлап жаттым құшағымда көк мұздың
Қасіретімді қазақ тілін қанат қып.
Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.
Сол тілімнен талай гүлдерді жырлаттым
Сол тілімменен дүниеден кетемін.
Сол тілімменен дүниеге келемін.
Кітапханашы:
Шешен билеріміз халық тарихын,әдет ғұрып,салт санасын,жете білген.
ЖИРЕНШЕ ШЕШЕН былай деген екен:
Ағын судың өлгені,
Алты ай қыста қатқаны.
Асқар таудың өлгені
Басын бұлттың жапқаны.
Ай мен Күннің өлгені
Еңкеиіп барып батқаны.
Қара жердің өлгені
Қар астында жатқаны.
Ажал деген атқан оқ
Бір алланың қақпаны
Дүниеде не өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді­деген екен.
Сен қай тілсің дүниелік тіл емес.

Туған – тілім тірлігімнің айғағы.

16­оқушы
Туған жер кіндік қаным тамған жерім.
Туғаннан зәмзәнынан қанған жерім.
Кең жазира далада құстай ұшып
Тайға мініп ләззат алған жерім.
1­жүргізуші
Ән.»Туған жер.»
17­оқушы
Туған жерім­алтын бесік атамекенім
Төсіңде сенің,туып­өскен балаңмын.
Туған елім,атамекен отаным.
Өзіңе арнап жүректен жыр жазамын.
Қарыздармыз,отан­ана өзіңе.
Жер жетпейді менің туған жеріме.
Әрқашан да өркендей бер,гүлдене
Ырыс­дәулет тілеймін тілім мен еліме.
18­оқушы
Ана тілі­біздің туған анамыз.
Анамыздай сыйлап,бағып­қағамыз
Ана тілін бағаласақ,қалай біз
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
Анасынан безген ұлды қараңыз.
Ән:»Елім менің»
Қорытынды:
Құрметті ұстаздар,оқушылар осымен «Туған тілім­тірлігімнің айғағы»атты
Мәнерлеп оқу сайысын аяқтаймыз.

Прямая ссылка на скачивание файла: Скачать файл