Қыз өссе -елдің көркі
Оценка 4.7

Қыз өссе -елдің көркі

Оценка 4.7
Конкурсы
doc
воспитательная работа
4 кл
28.04.2017
Қыз өссе -елдің көркі
Тәрбиелік шара бастауыш сынып мұғалімдеріне, бала- бақша тәрбиешілеріне, тәрбие ісі мамандарына арналады. Балаларды өзінің ата-тегін ұғынып білуге, бойына ұлттық сананы сіңіруге тәрбиелеу. Халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ауыз әдебиеті шығармаларын оқу арқылы рухани жан дүниесін байыту., ұлттық салт –дәстүрді, тілін қастерлей білуге үйрету.Тәрбиелік шара бастауыш сынып мұғалімдеріне, бала- бақша тәрбиешілеріне, тәрбие ісі мамандарына арналады. Балаларды өзінің ата-тегін ұғынып білуге, бойына ұлттық сананы сіңіруге тәрбиелеу. Халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ауыз әдебиеті шығармаларын оқу арқылы рухани жан дүниесін байыту., ұлттық салт –дәстүрді, тілін қастерлей білуге үйрету.
қыз өссе елдің көркі.doc
Қыз  өссе  ­ елдің  көркі. Мақсаты: 1 Балаларды   өзінің   ата­тегін ұғынып   білуге,   бойына   ұлттық   сананы сіңіруге     тәрбиелеу.     2.  халықтың     салт­дәстүрін,   әдет­ғұрпын,     ауыз     әдебиеті шығармаларын  оқу  арқылы  рухани  жан  дүниесін  байыту. 3. ұлттық  салт –дәстүрді қастерлей  білуге  үйрету. І  жүргізуші: Қайырлы  күн,  құрметті  көрермен  қауым, ұстаздар, қадірменді  ата­ аналар! « Кішкентай  ару­ 2012 байқауына  хош  келдіңіздер! Сахана  сазды  әуенге  бөленгенде, Өтеуі  хошеметсіз  төленген  бе Жиылған  «Қыз    сынына»  жақсы  үмітпен, Бас иіп  сәлем  бердік  көрерменге. ІІ жүргізуші:  Құрметті  көрермен  қауым,  бүгінгі  сайысқа  өз  өнерлерін  сынауға, бақтарын   сынап   бірнеше   көріктіде, сымбатты,   білімді   қыздарымыз   қатысқалы отыр.  Енді  сол  қыздарды  қошеметпен  ортаға  шақырайық. І  жүргізуші: Сайыссақ  сан  қиынға  қарамай  шын,,                        Көрініп  нағыз  өнер  қалар  айқын.                        Болсын  жұрт  әділқазы  алқасымен                        Өнерін   талапкердің  саралайтын. Сонымен,  әділқазы алқасымен  таныс  болыңыздар. ІІ жүргізуші:  Кішкентай  арулар,  сайысымыздың  шарттарымен  таныс  болыңыздар: ­ Мен  қазақтың  қызымын ( таныстыру) ­ Өнерлінің  өрісі  ұзақ.  ( өз өнерлерін  көрсетеді) ­ Білім  сайысы(  сұрақтарға  жауап  беру) ­ Қол  өнер  сайысы ­ Сұлулық  әлемі (  жазғы  сән  үлгісін  көрсету) І жүргізуші:  Жатса  да сан мәтелдер  жаңа түлеп,                         Тұрған жоқ  естіп  жұртым  алғашқы  рет.                        Халықтың  даналығы  қатесіз ғой,                        Айтылған  « сәлем  сөздің  анасы»  деп  халқымыз  сәлемдесуге  үлкен мән   берген.  Сондықтан  аруларымыздың  сәлем  беруі  және  өздерін  таныстыру. Ортаға 1­ші  номерлі  аруды  шақырамыз. ІІ  жүргізуші:  Серпілтіп  қойған  жиі жөн  елді  де Кез  келді  бар  өнерді  төгер  міне.                          Бойында  болса егер  шын  дарыны,                          Өрісі  кең  әрқашан  өнерліге.   Құрметті   жанкүйерлер   келесі   шартымыз   бойынша   аруларымыз   өнер   сайысына түседі.  Ортаға  1­ші  аруды  шақырамыз. І жүргізуші:   Жүктелер  ала  бөтен  оған  міндет,                          Үндеген  өз   тіліңді  жетік  біл деп                           Бекерге  сөз  қадірін  білетіндер                                                  Айтпаған   « өнер   қызыл тіл» деп     дегендей   халқымызда шешендігімен    аттары  аңызға  айналған  қыздарымыз қаншама! Ендеше  сондай асыл қасиеттер   кішкентай   аруларымыздың   бойында   табыла ма деп   сұрақтарға жауап беруге  шақырарамыз.                   1)Ел  рәміздерін  ата,  қай  жылы  қабылданды? ( 1995 жылы 30тамыз)  2)Ұлттық  теңгеміз  қай  жылы  қабылданды? ( 1993 жылы  15 қараша)  ( 1992жыл  4 маусым)        3)Ата  заңымыз  қай  жылы  қабылданды? 4)Әнұранымыздың  авторларын   ата  (сөзі: Ж. Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев.  әні:  Ш. Қалдаяқов) 5)Ақмола  қала  қай  жылы  Астана  аты  берілді?        ( 2008жыл  6 шілде) 6)Қыз   баланың  әшекей  бұйымдарын  ата (  білезік, шашбау, сақина, сырға) 7)Қазақтың  ұлттық  ойындарын  ата. ( Қыз  қуу, асық  ату, ақсүйек)      8) Қыз  балаға  байланысты  мақалдар  айт 9) Қазақтың  қандай  салт­дәстүрлерін  білесің (« Тұсау  кесер», «  Сүндет той»,  «  Тілашар», « Шілдехана») 10)       Ерулік   деген  не?             ( Көшкенде  немесе  көшіп  келгенде  жасалатын  жоралғы) ІІ жүргізуші:  Өнері  өрге  жүзер талаптының                                        Талабы  талмай  ұшар  қанаттының.                                         Әлди  әлем  әуені өнер  аты,                                         Шарпып  өтсін  лебімен  қанаттының. Келесі  шартымыз  қолөнер  сайысы.  Қыздар   түрлі  түсті  қағаздан  құрақ  түрлерін құрастырады.   І жүргізуші:  Сымбатына  сән  киім  жарасатын                                       Аспандағы  аймен  таласатын.                                       Өнеріне  өзі сай  келіп  тұрған                                       Аруларға  қызығып қараса  тым. Музыка  әуенімен   сән  үлгісімен  барлық  топ  қыздарымызды  ортаға  шақырамыз.    ІІ жүргізуші:  Куә  болдық  бүгінгі  сайысқа,                           Барлық  топты  бағаладық  сайыста.                           Жеңімпазды  анықтайтын кез туды                           Сөз кезегін  береміз  әділ қазыға.     Барлық  сынның  қорытындысы  бойынша  сөз  әділ қазылар  алқасына беріледі.                           Орындаған:  Бастауыш  сынып  мұғалімі   Джандаралова. Ж. А Ю. А.  Гагарин  атындағы  №1 Күршім  орта  мектебі

Қыз өссе -елдің көркі

Қыз өссе -елдің көркі

Қыз өссе -елдің көркі

Қыз өссе -елдің көркі

Қыз өссе -елдің көркі

Қыз өссе -елдің көркі

Қыз өссе -елдің көркі

Қыз өссе -елдің көркі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
28.04.2017