Жаңа жыл сценарии
Оценка 4.8

Жаңа жыл сценарии

Оценка 4.8
Документация
docx
правоведение
2 кл
19.01.2017
Жаңа жыл сценарии
ЖҮРГІЗУШІ: Армысыздар ардақты ағайын, құрметті қонақтар, шабытты шәкірттер! Бүгінгі Жаңа жылдық ертеңгілігімізді бастамас бұрын,ең әдемі 2а сынып бүлдіршіндерін ортаға шақырайық. 2-ші сыныптар кіріп ішкі шеңберге тұрады/ «Жаңа жыл» әні орындалады(Дәрібаевтар әні) Жүргізуші: Қош келдің,Жаңа-жыл Қуаныш пен шаттыққа кенелейік. Жадырап, би билеп тербелейік, Төрлет, төрлет халқымның жаңа жылы.
ЖҮРГІЗУШІ.docx
ЖҮРГІЗУШІ: Армысыздар ардақты ағайын, құрметті қонақтар, шабытты  шәкірттер! Бүгінгі Жаңа жылдық ертеңгілігімізді бастамас бұрын,ең әдемі 2а  сынып бүлдіршіндерін ортаға шақырайық. 2­ші сыныптар кіріп ішкі шеңберге тұрады/  «Жаңа жыл» әні орындалады(Дәрібаевтар әні) Жүргізуші: Қош келдің,Жаңа­жыл Қуаныш пен шаттыққа кенелейік. Жадырап, би билеп тербелейік, Төрлет, төрлет халқымның жаңа жылы. Жаңа жыл­жаңа қадам,жаңа бақыт, Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт. Тауық жылы кеп қалды ортамызға, Жақсылықпен жалғасын  жаңа уақыт Тауық жылы.Жаңа­жыл:( Аружан  2017 жыл )  Мен –Жаңа жылмын, Мен –Жаңа нұрмын. Мен­жаңа жырмын, Баршаңызбен біргемін. Тағат таппай күткенің Бұл маймыл жылы еді, Әкелемін баршаңа Жаңа бақыт, жаңа жыр. Жүргізүші:Айнала қоршап шыршаны Шашылар шашу жыр әні. Мынау әсем шыршаға Қош келдіңдер балалар!­ Бүгін сізге жырдан алқа тағайын, Шат күлкіге толы болсын маңайын. Көргендер де, көрмегенде арманда, Жаңа­жылың құтты болсын ағайын. Талай қызық болар деп тамсанамыз Осы күнді сағынып, аңсағанбыз Жасыл шырша жанында қол ұстасып Жаңа­жылды қосылып қарсы аламыз.  Бүгінгі жаңа жылдық мерекеге жиналған балалар, ата аналар, ұстаздар  баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі сіздер үшін  ұйымдастырылған ойындарға қатысып,әсем әнге, көңілді би билеп көңіл көтерейік. Жүргізуші:  Жасыл шырша, жасыл шырша жарқыратып жақшы шамды?  Енді шырша жырын бірге,шыршамызды айналып жүріп шырқайық. 1) Шырша жыры хор.(Ән) Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар олай болса бәріміз ортаға Аяз Атаны шақырайық. 1,2,3, Аяз ата,Ақшақар , Аяз ата Ақшақар  Жүргізуші:  Осы кезде,боран соғып орманнан мұз ханшайымы келеді. Мұз ханшайымы: Соқ, соқ боран қаттырақ Бүкіл әлем мұзға айналсын. Алай­ дүлей соқ боран Барлық дүние шайқалсын. Тыныштықты бұзатын Кімдер бұлай ойнайтын. Балаларды қаламаймын Сарайымды былғайтын. Жүргізуші:­Сәлеметсізбе, Мұз ханшайымы. Бұл сіздің сарайыңыз екенін  білмеппіз. Шыршаны безендіріп, жаңа жылды тойламақшы едік. Енді қайттік? Мұз ханшайымы:  менің мектебіме айналған сарайымда ойнамақшы  болдыңдарма, солайма. Жүргізуші:Жоқ, жоқ біз мында балалармен бірігіп Аяз ата мен Ақшақарды  қарсы алмақшы едік. Мұз ханшайымы:.Тезірек сарайымды босатыңдар! Әйтпесе, осында келген  қонақтардың барлығын бір мезетте мұз қып қатырамын.Мұз болып қатыңдар. Жүргізүші:Қап, әттеген ай бұл жер Мұз ханшайымдікі екенін білген жоқпыз  ғой.Қазір келетін Аязата мен Ақшақарды да қатырып тастаса не болады?  Жұгізуші:Осы кезде Аяз ата келеді.  Ақшақар  Аяз ата тезірек жүріңіз,балалар күтіп қалды.Бізді бағаналы бері  шақырып,дыбыстары да шықпай қалды.Бұл неге тынышталып қалды? Аяз ата  ­Бұлардың бәріне не болған қозғалмай қатып қалыптығой.  Ақшақар  ­Бұларды мұзханшайымы қатырып кеткенғой  Аяз ата  ­олай болса мен қазір сиқырлы таяғыммен,оларды қалпына  келтіремін. 1,2,3 сиқырлы таяғым ,балаларды қалпына келтір. Жүргізуші: Армысың Аязата ақсақалым, Бармысың сұлу көркем Ақшақарым Асыға тағатсыздық сезімменен Күтуде өзіңізді барша қауым. Аяз атаның сөзі. Ақшақардың сөзі Аяз атаның таяғымен ойын. Шарты:Музыка ойнайды,музыка тоқтағанда таяқ кімде болса сол  тақпағын айтады.   Осы жерде «Маша мен аю» мульфильмінің музыкасы ойналып Маша  мен аю шығады.  Жүргізуші: ой, балалар, бұлар мульфильмдегі Маша мен аю екен ғой. Қош  келдіңіздер,құрметті қонақтар!. Бізге жақсы хабар әкелдіңдер. Олардың  өздері қайда? Маша мен аю күрсінеді. Аю: Жаңа жылды тойламақшы болып, шыршаны безендірген едім. Маша бәрін бүлдірді. Алдымен уйде салют атып,шыршамды өртеп жіберді. Шырша іздеп,  жолға шыққанбыз.  Маша:Аю, аю (секіріп,аюдың қолынан қағып) мында шырша бар екен, қарашы әдемі. Осыны алайық. (шыршаны тартады) Жүргізуші: Маша болмайды бұл біздің шыршамыз. Мында шыршаны  безендіріп Аяз ата мен Ақшақарды күтіп алдық.Одан да сендер бізбен  болыңдар. Аю: Маша ол тым үлкен бізге жарамайды. Басын шайқайды. Маша: Аю, аю менде балалармен бірге болайыншы. Мында көңілді екен.Ойын ойнап,би билегім кеп тұр. (секіреді) Аю:Маша , сен балалардың да мерекесін бұзасың, жүр сыйлықтарын  тапсырып, үйге қайтайық. Әлі шырша табуымыз керек. Жүр, жүр.(аю қолынан  сүйрейді) Жүргізуші :Маша, балалардан көмек сұрағандай қарайды. Қимайды. Сосын  жылайды. Жүргізуші:балалар,Маша бізбен қалсын ба? Маша сен балалардың мерекесін  бұзбауға сөз бер. Сосын бірге ойнайсың. Маша: Жарайды, мен мерекені бұзбаймын, балалар сендермен болайыншы. Ойын ойнап би билейік. Аю: жарайды , ойнасақ ойнайық. Маша: Мен 2 топ құрамын. 1­і менің тобым, 2­сі аюдың тобы.  1 (Ойын « Шыршаны безендіру») Жүргізуші; Жаңа күнде ән қылып, Тек жүрмеңіз ән құрып. Көңілдердей қартаймай Шырша тұрар мәңгілік. Ал енді балалар шырша жырын айтайық.(Ән) Сахнадан түлкі көрінеді. Әндетіп шыршалардың астына үңіліп, бірдеңе  іздеп жүргендей қимыл жасайды. Түлкі: Сәлеметсізбе аю паң, қалайсын Маша. Көңілдісіңдер ғой. Мені де  шақырмадыңдар ма мерекеге? Мен мерекенің шырайын кіргізіп, ғажайып  өнерлерімді көрсетер едім ғой. Аю: Амансыңба түлкі. Біз мына балалардың жаңа жыл тойлау кешіне ,Маша  ойнаймын, билеймін дегесін қалдым. Өзің қайдан жүрсің? Түлкі: Менбе ,мен(қарнын сипап, аю паң құлағына сыбырлап)қарным ашты,  қояндар , тышқандар барма, жолдан кездесер ме, деп шығып едім.(жан­жағына қарап) Аю паң, мында толып жүр екен а, маған айтпай несіне жасырып тұрсыз. Аю түлкіні тоқтатып, басын шайқап болмайтынын білдіреді. Жүргізуші: Түлкі мырза қош келдіңіз. Біздің мерекені өз өнеріңізбен  жалғастырып жіберіңізші.Бізбен бірге болыңыз.  Түлкі: Жарайды бар өнерімді жасырып қайтемін. Балалар менімен бірге  «Ганнамстайлге» билейік. Мен биді қатырамын.(Би) Жүргізуші: Жарайсын түлкі өнерің тамаша екен. Балалар көңіл күйлерің  қалай, жақсы ма. Шаршамадыңдар ма? Жүргізуші:Аязата, ақшақар сіздер демалыңыздар. Біздің балалардың  өнерлерін тамашалаңыз.              Музыка ойналып мұзханшайымы келеді. Мұзханшайымы: Мына балалар  жүрме.Тезірек сарайымды босатыңдар !  Сендерді мен жаңа  қатырып кетіп едім ғой. Жүргізуші  О ханшайым сабыр сақтаңыз, Ханшайым дәл бұлайша қатал болмас. Жамандықпен ешкім сізді ескере алмас, Мұз қылып қатырғанмен мына жұртты, Жаныңыздың мұз жарасы жазылмас. Мұз ханшайымы: Солайма, жарайды сендердің жылы сөздерің жаныма  жағып кетті. Олай болса сендермен бірге көңілді би билеп сергіп қалайын.  Менің мұз жүрегімді жібіте алар мекен. Би Жаңа жыл (Қыздар.) Мұз ханшайымы: Менің мына биден кейін көңілім жайланды.Бір жеңілдеп  қалдым. Ой рахмет балалар, шыршаларың сарайыма сән беріп, өздерің  жылылық бердіңдер. Менің мұз сарайым енді гүл шахарға айналсын.  Балалардың шуына толсын.  Жүргізуші: Би билейі бұралып, Қыздар тұр сұранып. Мен де тұрмын құр қалып, Шаттанайық қуанып. (Шығыс биі) Қандай керемет қыздар,қошеметтеп қояйық. Жүргізуші: Жылға шашу шашамыз Тойлап көңіл ашамыз Жаңа жылды қарсы алып  Би билеп ән саламыз. (Би флешмоб) Тамаша ұлдарға жақсылып қошеметтеп қояйық. Жүргізуші: Сыңғырлашы сырнайым, Жаңа жылды жырлайын. Шашбаулы қыз сырғалы, Би билеп жүр ырғалып. (Би кішкентай жұлдыздар) Жүргізуші: Екі қатарға тұрайық, Ойын сауық құрайық. Би шашуы шашылсын, Жаңа жылға ылайық. (Би) Жүргізуші: Әнші де құс үні бар, Кірсең кештің сәні бар. Салайықшы шарықтап. Жаңа жылдың әніне  Ал ағайын тұрмайық  Жаңа жылды жырлайық. Сынып оқушыларының орындауында хор Жүргізуші: Ал құрметті достар.Бәріміз берге Аяз атаны шығарып салайық.Аяз ата келесі  кездескенше аман болыңыз.Біз сізді асыға күтеміз.(Аяз ата мен Ақшақар  кетеді) Қадірлі ұстаздар,қонақтар.Тауық жылы барлық отбасыларымызға бақыт пен  шаттық әкелсін .Еңбектеріңіз жемісті болсынКелесі кездескенше сау­ саламатта болыңыздар.

Жаңа жыл сценарии

Жаңа жыл сценарии

Жаңа жыл сценарии

Жаңа жыл сценарии

Жаңа жыл сценарии

Жаңа жыл сценарии

Жаңа жыл сценарии

Жаңа жыл сценарии

Жаңа жыл сценарии

Жаңа жыл сценарии

Жаңа жыл сценарии

Жаңа жыл сценарии

Жаңа жыл сценарии

Жаңа жыл сценарии

Жаңа жыл сценарии

Жаңа жыл сценарии
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
19.01.2017