"Жеңіс туы жаса мәңгі" мерекелік іс- шарасының әдістемесі. "Баларман" балабақшасы "Шаңырақ" ортаңғы тобының тәрбиешісі Нұртуған Қарлығаш Мейрамбекқызы
Оценка 4.6

"Жеңіс туы жаса мәңгі" мерекелік іс- шарасының әдістемесі. "Баларман" балабақшасы "Шаңырақ" ортаңғы тобының тәрбиешісі Нұртуған Қарлығаш Мейрамбекқызы

Оценка 4.6
Мероприятия
jpg
воспитательная работа
Детсад
22.05.2018
"Жеңіс туы жаса мәңгі" мерекелік іс- шарасының әдістемесі. "Баларман" балабақшасы "Шаңырақ" ортаңғы тобының тәрбиешісі Нұртуған Қарлығаш Мейрамбекқызы
1 - жүргізуші: Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам. 2 - жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады 1 - жүргізуші: Аз емес зар жылаған, егілген жан, Аз емес өшкен өмір, төгілген қан. Кеудеге зілді қасірет салды соғыс. Қирады талай арман көңілге алған Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз жерлестеріміз де бар. Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық. (1 мин үнсіздік) Көрініс: (Айжұлдыз ересек тобы) Би: «Жауынгерлер» ( Ақбота,Зинедин,Інжу, Дарын,Нұрдаулет,Мерей Хансұлтан,Жания) 2 - жүргізуші: Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін бүлдіршіндерімізді шақырайық ортаға! Нұрдаулет,Тиыштық Фатима,Саида, Нұрали,Дарын. 1 - жүргізуші: Жабады дала төсін нала, қайғы, Шын қайғы жөн кәріге қарамайды, Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған Аққулар қанатымен сабалайды Би: «Айжұлдыз» тобы 1 - жүргізуші: Ашу менен кек оятты ел намысын, Отан үшін жан пида болды үлкен сын. Ер азамат жауменен арпалысса, Әйелдер терін төкті майдан үшін Аналар қоштасқанда асылымен, Арулар қош айтысты ғашығымен Балалықтың базарын ерте жауып, Талай жұмыс істеді бала өркен. Жеке ән: Мирхан Дамилия «Сарбаздар» әні 2 - жүргізуші: Соғыс... Сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады, қанша үйде оттар сөнді, қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей ұлдарын күтумен өмірден өтті, қаншама арулар жесір қалып, сәбилер жетімдіктің зарын тартты. Ән :« Жеңіс туы желбіреп» «Шаңырақ тобы» 1 - жүргізуші: Батыр ұл есімдері ақталады Жыр болып жүректерде сақталады. Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп, Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады. Ортаға өз өлең жолдарымен: Азиз.Інжу, Жания, Алуа, Мерей,Аслан, Мадәлі, бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз. 1- жүргізуші: Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы - қасірет әкелмеген бірде - бір отбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды... 2- жүргізуші: Осындай Ұлы Жеңіске қол жеткізуге көмектескен батырларымыздың ұрпақтары сол жандардың арқасында бейбіт өмір кешуде. Олай болса, қарсы алыңыздар, сіздердің алдарыңызда - Ән: « Жауынгер сапқа тұр» әнімен Айжұлдыз ортаға шақырамыз. 1жүргізуші Жеңіс деген шат күлкісі баланың, Тыныштығы жер мен жаһан даланың. Жеңіс деген сылдыр күлкі, асқақ ән, Тыныштығың сол Жеңістен басталған,- дегендей Ұлы Отан соғысын жырға қосқан ақындарымыз да кем емес. Ендеше келесі жыр шумақтарын қабыл алыңыздар! Нұрым. Аслан. Дамиля.Аружан. Нұралы Фатима,Хансултан. 2-жүргізуші Жеңіс деген өтеуі жас ғұмырдың, Жеңіс деген бейбіт күнім, бүгінім. Жеңіс тойын жақындатып әкелген Төккен қаны, әке - аға, інінің. Олай болса тобымыздың әсем сұлу қыздарын Би: « Синий платочик» биімен қарсы алыңыздар!(Мерей,Фатима,Дамиля,Інжу,Ақбота,Саида,Каусар,Алуа,Адилина) 1 жүргізуші Жеңдік жауды, алдық кекті, Мөңкіп тулап, басылды апат. Мең - зең етіп, жер мен көкті, Тынды - ау ақыр бір ғаламат. 2 жүргізуші Сол күнде, бүкіл әлем күлім қақты, Нұрланып ой, күн, жұлдыз сәуле шашты. Құс сайрап, жануарлар сайран салып, Жайқалып өсімдіктер шешек атты. Келесі өлең жолдарына кезек берейік Жания, Азинұр, Адилина,Зинедин,Мансұр,Інжу,Кәусар. Ақбота. 1 жүргізуші: Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына да 73 жыл толды. Ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес. 2 жүргізуші: Отанымызды сүйіп, қастерлей білейік. Ата - баба дәстүрін, әдет - ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болайық. Оңайлықпен келмеген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын. Ән:«Қазақстан әні» «Айжұлдыз тобы» 1 жүргізуші: Қорытынды сөз кезегін «Баларман» балабақша меңгерушісі Абибуллаева Зухра Абдуллақызына беріледі. 2 жүргізуші: Ел - жұртымыз аман, берекелі заман болсын! Отанымызды сүйетін азаматтарымыз көбейе берсін! 1 - жүргізуші: Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған салтанатты жиынымыз аяқталды. 2 - жүргізуші: Жеңіс тойы мәңгі жасасын! Мерекелік бейбіт күнде кездескенше аман - сау болыңыздар!
lQZ5KeilEnY.jpg

"Жеңіс туы жаса мәңгі" мерекелік іс- шарасының әдістемесі. "Баларман" балабақшасы "Шаңырақ" ортаңғы тобының тәрбиешісі Нұртуған Қарлығаш Мейрамбекқызы

"Жеңіс туы жаса мәңгі" мерекелік іс- шарасының әдістемесі. "Баларман" балабақшасы "Шаңырақ" ортаңғы тобының тәрбиешісі Нұртуған Қарлығаш Мейрамбекқызы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.05.2018