1-сабак Сан тiзбегi

  • docx
  • 12.05.2020
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 1-сабак Сан тiзбегi.docx

Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі: Тізбектер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:9

Қатысқандарсаны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Сандар тізбегі, оның берілу тәсілдері және қасиеттері

Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

9.2.3.1сандар тізбегі туралы түсінік болу;

9.2.3.2тізбектің n-ші мүшесін табу, мысалы:;

 

Сабақмақсаттары

«тізбек», «тізбектің n-ші мүшесі» ұғымдарын енгізу, индексті белгілерін қолдана білу және берілген формула бойынша тізбектің n-ші мүшесін табу біліктіліктерін қалыптастыру.

Жетістіккритерийлері

Оқушы:

- сандық тізбек анықтамасы мен оның берілу тәсілдерін біледі;

- тізбекті аналитикалық түрде, яғни формуламен бере алады;

- аналитикалық түрде берілген тізбектің кез келген мүшесін таба алады.

Тілдікмақсаттар

Оқушылар:

- теориялық материалды ауызша қайталауда сөйлемдерді толықтыру;

- сан тізбектері туралы функцияның дербес жағдайы ретінде талқылау жүргізу.

Пәнгетән лексика мен терминология:

Тізбек, натурал жиында анықталған функция, тізбектің бірінші мүшесі және n-ші мүшесі, тізбектің берілу тәсілдері, аналитикалық, сөзбен және рекурренттік тәсілдер, заңдылық.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- Тізбек аналитикалық түрде берілген дейді, егер ...

- Тізбектің реккуренттік берілу тәсілі ...

Құндылықтардыдарыту

Оқи алу дағдысы, өздігімен ақпарат іздестіру, жағдайды талдау, жаңа жағдайларға бейімделу, мәселелерді қоя және оларды шеше білу, топта, жұпта жұмыс жасау, өз уақытын тиімді ұйымдастыра білу, өз жұмысының сапасына жауап беру.

Аталған құндылықтар сабақта жоспарланған жұмыстар арқылы орындалады.

Пәнаралықбайланыстар

Жаратылыстану ғылымдары.Фибоначчи сандары.

Сабақтағы пәнаралық байланыс келесі видеоны тамашалау арқылы жүзеге асады.

https://www.youtube.com/watch?v=O7io6ortSJk.

Бастапқы білім

Функция, анықталу облысы, мәндер облысы, функцияның берілу тәсілдері, натурал сандар, нақты сандар, тізбек.

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақ

басы

0-3 мин

 

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқуға ынталандыру. Әңгімелесу.

Оқушыларға логикалық есепті ұсынамыз:

Бактерия әр секунд сайын жаңа екі бактерияға бөлінеді. Стаканды бактериялар  толығымен 1 сағатта толтырады. Стакан неше секундта бактериялармен жартылай толады?

Оқушылармен әр уақыт моментінде стаканда қанша бактерия болғаны туралы талқылаңыздар, олардың сандарға байланысты заңдылығына назар аудартыңыз.

Оқушылармен бірлесіп сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау.

 

 

Қосымша 1

 

Ортасы

4 – 14 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15- 20 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

21 - 31 мин

 

 

 

 

 

 

32 - 38 мин

І. Жаңа тақырыпты оқыту. Жалпы сыныппен жұмыс.

Оқушылармен келесі сұрақтарды талқылау:

1)      Қандай тізбектер болуы мүмкін? (сандардан, нүктелерден, фигуралардан және т.б. құралған)

2)      Сендерге қандай сандық тізбектер белгілі (жұп немесе тақ сандар, натурал сандар тізбегіжәне т.б.)

Оқушыларды тізбектің элементтері қалай құралғандығы берілген болса (немесе оны анықтауға болса) тізбек берілген деп саналатыны туралы қорытындыға келулеріне бағыттау.

Негізгі түсініктер мен ұғымдарды енгізу:

х1, х2, х3, ..., хп, ...  немесе қысқаша(хп) – тізбек;

х1тізбектің бірінші мүшесі, …. хп- тізбектің п-шімүшесі.

Оқушылардан күнделікті өмірде кездесетін ретімен нөмірлеуге болатын тізбектерді атауларын сұраңыз. (Бұл апта күндері, көшедегі үйлер, мектептегі сыныптар, банктегі шот нөмірі, т.с.с.). Шектеулі және шексіз тізбектер ұғымдарын енгізіңіз.

 

Сандық тізбектердің берілу тәсілдерін схемалық түрде ұсыныңыз.

 

 

 

 

 


формуламен         графикпенсөзбенрекуррентті

 

Әр түрін қысқаша түсіндіріп, мысалдар қарастыру.

 

Оқушыларға Фибоначчи сандары туралы видеоролик көру ұсынылады

https://www.youtube.com/watch?v=O7io6ortSJk..

 

Оқушыларға 2-қосымшадағы 1-3-тапсырмаларды ауызша орындауларын ұсыныңыз.

2-қосымшадағы 4-6-тапсырмаларды оқушылармен бірігіп орындаңыздар.

Жаттығу жұмыстары. Жұптардағы жұмыс.

Оқушыларды жұптарға біріктіріңіз. 2-қосымшаның қалған есептерін алдымен өзі шешіп, кейін жұбымен тексеруді ұсыныңыз.

Жұмыс уақытын қадағалаңыз. Шешуінде қиындық туындаған есептерді оқушылармен бірге талдаңыз.

 

Қолданбалы есептер шығару. Топтардағы жұмыс.

Оқушыларға 3-4 адамнан топтарға бірігулерін сұраңыз. Оқушылар  есеп шарттарын талдап, топтарда шығарады. Мұғалім жауаптарын тексереді, кері байланыс жасап, шешімдерін жалпы сыныппен бірге талқылауды ұйымдастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2

 

 

 

 

 

 

Қосымша 3

 

 

 

 

Сабақтыңсоңы

 

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- не білдім, не үйрендім;

- не түсініксіз болып қалды;

- немен жұмыс жасау керек және т.с.с.

 

Мұғалім үй тапсырмасын орындау бойынша нұсқаулар береді.

 

 

 

 

 

Қосымша 4

Саралау–оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Мұғалім оқушыларға есеп шығару барысында жеке көмек көрсетеді. Тапсырмалар қиындық деңгейінің өсу ретімен таңдалған.

1. Жалпы сыныппен әңгімелесу кезінде мұғалімоқушылардың жаңа терминдер мен ұғымдарды түсінуін, жаңа материалды саналы түрде ұғынуын бақылайды;

2. Жұптарда өзара бағалау жүзеге асады;

3. Сабақ соңында оқушылар сабақ мақсаттарына жету бойынша рефлексия жасайды (ауызша).

Үзіліс уақытында оқу кабинетін желдетіп алу керек. Парталар мен орындықтардың дұрыс орналасуына назар  аудару керек.

Сабақбойынша рефлексия

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? Оқушылардыңбарлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Бұлбөлімдісабақтуралыөзпікіріңіздібілдіруүшінпайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз. 

 

Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?

 

 

Картинки по запросу картинки бактерии1-қосымша.

Есеп №1.

Бактерия әр секунд сайын жаңа екі бактерияға бөлінеді. Стаканды бактериялар  толығымен 1 сағатта толтырады. Стакан неше секундта бактериялармен жартылай толады?

 

 

 

 

2қосымша.

Ауызша:

1.      Өсу ретімен алынған, 3-ке еселі натурал сандар тізбегінің алғашқы алты мүшесін анықтаңыз.

2.    тізбегінің қандай мүшесі:

а)  мүшесінен кейін;

б)  мүшесінің алдында.

3.   Келесі мүшелердің арасында орналасқан  тізбегінің мүшелерін жазыңыз:

а) ;  б) ; в) .

 

Жазбаша:

4.    – тақ орындардағы барлық мүшелері -1, ал жұп орындардағы мүшелері 0 болатын тізбек екені белгілі. Осы тізбектің алғашқы сегіз мүшесін жазыңыз.  табыңыз.

5.      Тізбектің n-ші мүшесін табыңыз:

1) 2; -2; 2; -2…

2)

3)

6.      n-ші мүшесінің формуласымен берілген тізбектің алғашқы алты мүшесін табыңыз:

а);                     б) ;                в);    

г);              д);           е).

7.   Төмендегілер белгілі болса, ондатізбегінің екінші, үшінші, төртінші және бесінші мүшелерін табыңыз:

а) бірінші мүшесі 10-ға тең, ал әр келесі мүшесі алдыңғыдан 3-ке артық, яғни;

б) бірінші мүшесі 40-қа, ал әрбір келесі мүшесінің жартысына тең, яғни.

8.      Кестені толтырыңыз:

7; 14; 21;…

2; 3; 4; 5;…

 

 

2; 4; 8; 16; 32;…

 

 

0; 2; 4; 6; 8;…

 

 

1; -1; 1; -1;…

 

1; ;;…

 

 

 

9.      Тізбектің n-ші мүшесінің формуласын жазыңыз және бесінші, оныншы мүшелерін табыңыз.

1.      -2; -2; 0; 4; 10;…

2.      -10; 10; -10; 10;…

3.      1; 3; 9; 27;…

4.  

 

 

3-қосымша. Қолданбалы есеп.

Саған ата-анаң 100 теңге берген болсын және сенде әрі қарай ақша алудың екі мүмкіндігі бар болсын делік. Бірінші әдіс: күн сайын сен алдыңғы күні алған ақшадан 200 теңге артық алатын боласың. Екінші әдіс: екінші күні сен 100 теңге, ал үшінші күннен бастап күн сайын алдыңғы екі күнде алған ақшаның қосындысындай ақша алатын боласың.

1)      Алғашқы он күн үшін кестені толтырыңыз.

Күн

Сома (теңге)

Iәдіс

IIәдіс

1

100

100

2

300

100

3

 

 

4

 

 

 

 

 

2)      Алынған әр тізбекті координаталық жазықтықта нүктелермен белгілеңіз: горизонталь оське күнді, ал вертикаль оське сол күні алған ақшаның сомасын жазыңыз. Егер сіз бір апта бойы ақша алуды жоспарласаңыз, қай әдіс тиімді болар еді? Ал бір ай алатын болсаңыз ше?

3)   Осы тізбектердің біріншісін  арқылы, ал екіншісін  арқылы белгілеп, әрқайсысын рекурренттік тәсілмен жазыңыз.

4-қосымша. Үй тапсырмасы.

1.      Тізбек құрастырылған заңдылықты анықтаңыз, келесі екі мүшесін жазып, рекурренттік тәсілмен ұсыныңыз:

а) 64; 60; 56; 52; 48; …                    б)  1; 3; 9; 27; 81; …..

ә) 3; 8; 13; 18; 23; …                        в) 500; 50; 5; 0,5; 0,05; …

2.      Тізбек құрастырылған заңдылықты анықтаңыз, келесі екі мүшесін жазып, n-ші мүшесінің формуласымен ұсыныңыз. Тізбектің оныншы және жиырмасыншы мүшелерін табыңыз.

а) 1; 4; 9; 16; 25; …                    в)  4; 5; 6; 7; 8; …..                 д)

б) 5; 10; 15; 20; 25; …                г)               е)

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru