2019-2020 оқу жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мектепішілік олимпиада тапсырмасы
11-сынып
Эссе тақырыптары
1. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының өсу жолы -ұлы намыс жолы екендігін дәлелдеп жаз.
2.І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жоқтауындағы ақын өміріндегі Құлагердің орнын білдіретін өлең жолдарын талдап жазыңыз.
3. «Жастар- ел болашағы»
Қазақ тілі. Оқу сауаттылығы
1-мәтін
Ел арасына кең тараған аңыз бойынша Қорқыт бір күні түс көреді. Түсінде көр қазып жатқан кісілермен сөйлеседі. «Сендер не істеп жатырсыңдар?» - деп сұрайды. Олар «Қорқытқа көр қазып жатырмыз»,- дейді. Содан шошып оянған Қорқыт өлімнен құтылудың жолын іздейді. Өзінің Желмаясына мініп алып, өлмейтін жер іздейді. Ол дүниенің төрт бұрышын түгел аралайды. Барлық жерде «Қорқытқа көр қазып жатырмыз»,- дейді. Амалы таусылған Қорқыт өзінің еліне – Сырдарияға қайтып келеді. Содан кейін Желмаясын сойып, оның терісінен қобыз жасайды да, ажал маған жете алмас деген оймен Сырдарияның ортасына жайғасып, күндіз-түні қобыз тартып, күйлерімен табиғатты, жан-жануарларды тыңдатып ұзақ жылдар ажалды маңына жолатпапты.
Әбден қалжырап, Қорқыт ата бір күні ұйықтап кетеді де, қобыздың үні шықпай қалады. Сол кезде аңдып тұрған ажал улы жылан болып келіп ұйықтап жатқан Қорқытты шағып өлтіреді. Халқымызда «Қайда барсаң да, Қорқыттың көрі» деген сөз бар. (132 сөз)
1. Ел арасына кең тараған аңыз бойынша Қорқыт бір күні ... көреді.
A) Гүл.
B) Түс.
C) Бала.
D) Қобыз.
E) Досын.
2. Қорқыт ... мініп алып, өлмейтін жер іздейді.
A) Атына.
B) Тұлпарына.
C) Құлагеріне.
D) Тайбұрылға.
E) Желмаясына.
3. Қорқыт Желмаясын сойып, оның терісінен
A) Үкі жасайды.
B) Қобыз жасайды.
C) Сырнай жасайды.
D) Домбыра жасайды.
E) Сазсырнай жасайды.
4. Мәтіннің тақырыбы.
A) Қасиетті қобыз.
B) Ажалды жылан.
C) Сырдария өзені.
D) Қобыздың сыры.
E) Қорқыттың өлімі.
5. Қорқыттың ажалы қалай келеді?
A) Күй болып.
B) Адам болып.
C) Жануар болып.
D) Табиғат болып.
E) Улы жылан болып.
2-мәтін. Сөзден тосылу
Наушабай дейтін кісі жол жүріп келе жатып, Абайдың үйіне түсіпті. Жайғасып отырған соң ол:
- Абайжан, өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма? - деп сұрапты. Абай сәл ойланып отырыпты да:
- Менің Әбдірахман деген балам бар еді.Оны тоғыз жасында Семейдегі орыс мектебіне оқуға бердім. Оны бітірген соң, Петербурға жібердім. Қыс оқып, жаз демалысқа үйге келді. Сұрастырып байқасам, оқуы жақсы көрінеді.Баламның алымдылығын сынап білейін деп ойладым да, бір күні жай әңгімелесіп отырып:
- Қалқам Әбіш, осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма? - деп сұраған едім. Ол іркілместен:
- Ақ зат асыл ғой, - деді.
- Неге, қара зат асыл емес пе? - дедіммен. Әбіш бетіме қарап күлді де:
- Қараны қалай асыл дейсіз? - деді. Мен:
- Біріншіден, адам баласы барлық дүниедегі жаратылысты көзбен кереді емес пе, - дедім,- Бірақ көздің ағы көрмейді, ортасындағы кішкене қарашығы ғана көреді. Қараның асылдығына осы дәлел. Екіншіден, қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне жазған қара сиядан өнер-білім алады. Үшіншіден, жас шақта адамның сақал-шашы қара болады. Осыған байланысты жас күнде адамда ақыл, білім, қайрат көп болады. Қартайғанда шаш-сақал ағарады. Ал, адамда ақыл, білім, қайрат та азаяды. Сондықтан ақтан қараны асыл ма деп ойлаймын, - дедім.
Сонда
Әбіш:
- Оның бәрін қалай білдіңіз? - деді. - Ақылмен білдім, - дедім мен.
- Олай болса, ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе! Екіншіден, ақыл - нұр, жарық зат. О да аққа ұқсамай ма?- деді.
Мен баламның
тауып айтқан сөзіне риза болып, маңдайынан
иіскедім.
6. Басты кейіпкерлер кімдер?
А) Абай мен Наушабай
В) Наушабай мен Әбіш
С) Абай мен Әбдірахман
Д) Әбдірахман мен Әбіш
Е) Наушабай
7. Әбіш демалысқа қайдан келді?
А) Семейден
В) Петербордан
С) Санкт Петербург
Д) Омбыдан
Е) Петербурдан
8. Қараның екінші қасиеті
А) сақал- шаш қара болады
В) көздің қарашығы қара
С) сия қара
Д) қара сиядан өнер- білім алады
Е) қара әдемі түс
9. Әңгімедегі жалқы есімдерді ата
А) ақ-қара
В) сақал- шаш
С) Наушабай, ақыл
Д) Абай мен сөз
Е) Абай, Әбіш, Наушабай
10. Бұл әңгімеден не түйдің?
А) жас жігіт бәрін біледі
В) Абайдан баласы ақылды
С) көп оқыған адам біледі
Д) Әбіш тапқыр
Е) көпті көрген адам бәрін біледі
Жауабы:
1.в 2.е 3.в 4.д 5е 6а 7в 8д 9е 10е
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.