1 мамыр Халықтар бірлігі мерекесі(презентация)

  • Мероприятия
  • ppt
  • 24.04.2018
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Бұл слайдта:1 мамыр Қазақстандағы халықтар бірлігі мерекесін - қай елде қалай тойланғаны туралы айтылады.Италия тұрғындары серуендеу мерекесі ретінде тойланса,Парижде еңбекшілердің бірлігі мерекесі,сонымен қатар бұл мерекені 66 мемлекетте тойланады.Ал біздің Қазақстан мемлекетінде халықтар бірлігі мерекесі болып тойланады.Қазақстан мемлекетінде тұратын халықтар алаңға шығып,өз өнерлерін ортаға салып,абыр-сабыр болып,әртүрлі спорттық ойындар ойнап,өздерінің бір-біріне деген құрметтерін көрсетеді.Слайд
Иконка файла материала 1мамыр.ppt
Үш  мың  жыл  бұрын  ежелгі  Италия  тұрғындары  Жердің қамқоршысы әйел­құдай – Майяға табынған.  Соның  құрметіне  бүгінге  дейін  мамыр  айының  алғашқы күні серуендеу мен салтанат мерекесі болып  есептелді.
1890  жылы  Парижде  өткен  ІІ  интернационал  конгресінің  шешімімен  1886  жылы  Чикагода  болған  америкалық  еңбекшілердің  8  сағаттық  жұмыс  күнін  талап  етіп,  капиталистер  мен  қанаушыларға  қарсы  жанқиярлық  күресінің  құрметіне Варшава қаласында сол жылдан бастап  1  Мамыр  еңбекшілердің  ынтымағы  мерекесі  ретінде аталып келеді.
Алғаш айтулы мейрамды 1890 жылы Аустро­ Мажарстан,  Белгия,  Алмания,  Дания,  Испания,  Италия,  АҚШ,  Норвегия,  Франсия,  Швеция  сияқты  мемлекеттер  атап  өтті.  Содан  бері  аумалы­төкпелі  заман  өтіп,  саяси  жүйелер  жаңғырса  да,  қазіргі  таңда  1  Мамыр  мерекесін  әлемнің  66  мемлекеті  әртүрлі  мазмұнда  тойлайды.
Украинада 1 Мамыр күні халық алаңда мереке  ұйымдастырып,  орманда  серуен  құрып,  кәуәп  дайындайды.  Оңтүстік  Африка  республикасында  халықтық  көрмесін  ұйымдастырып,  төмен  бағамен  жалпы  халыққа  арналған тұрмыстық бұйымдар сатылады. туындыларының  өнер
Сицилияда  жергілікті  халықтың  сенімі  бойынша,  бұл  күні  даладан  түймедақ  (ромашка)  теру  бақыт  әкеледі­міс.  Испанияда  бұл  күн  гүлдер  мерекесі  болып  саналады.  Ал  Берлин  полицейлері  үшін  бұл  күн  ауыр  да  мазасыз  күн,  себебі  елдегі  партиялар  мен  қозғалыстардың  шеруінің  соңы  бей­берекет  тәртіпсіздіктерге  ұласып жатады.
Ал  америкалықтар  болса,  мейрам  екен  демейді, жұмыс істейді. Британияда 1 Мамыр –  демалыс  күні.  1977  жылы  лейбористер  билік  басында  болғанда,  бұл  күн  мемлекеттік  мейрам  ретінде  аталып  өтетін.  Еуропаның  көпшілік  елдері  бұл  күнді  атап  өтуге  соншалық  ықыласты  емес
Аустрия,  Болгария,  Бразилия,  КХДР­да  еңбек  мейрамы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтеді.  Ресей  империясында  1890  жылдан  бастап  1  Мамыр  мерекесі  аталып  келеді.  Алайда  1897  жылы  бұл  мейрамды  тойлаудың  арты  саяси  сипат  алып,  бұқаралық  бас  көтеруге  ұласады.  Тек  большевиктер  1917  жылдан  бастап  1  Мамыр  мерекесін  тұрақты  түрде атап өтуді дәстүрге айналдырған.
1 мамыр мейрамы КСРО құрсағындағы қырық құрау  ұлыстарды  бірыңғай  кеңес  халқына  айналуына  үлес  қосқан­ды.  1  мамыр  қызыл  төңкеріс  пен  таптық  күрестің  символы  болды.  Кеңестік  идеологияның  тегеуріні  сондай,  1  мамыр  күні  Маяковскийдің  «Бейбітшілік!  Еңбек!  Мамыр!»  деген  сөзімен  ұран  тастап,  алқызыл  жалау  желбіретіп,  алаңда  төбе  көрсетпегендерді  ертесіне  жұмыстан  шығарып  жіберетін. КСРО­ның орнын басқан Ресейде 1 Мамыр  мерекесін  1997  жылдан  бастап  Көктем  және  еңбек  мерекесі ретінде атап өтеді.
ТМД  елдері  ішінде  Ресей  мен  Молдавия  бұл  мейрамда  қатарынан  бес  күн  демалады.  Ал  Әзірбайжан,  Грузия,  Түрікменстан  және  Өзбекстанда  1  мамыр  –  жұмыс  күні.  Бірақ өзбек, түрікмен жұрты бұл күні ұлттық  түрікменше  тағам  тойлайды. дайындап,  өзбекше,