Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4A бөлім: Ақшаны пайдалану |
Мектеп: |
|
Күні: 4 тоқсан |
Мұғалімнің аты-жөні : |
|
Сынып: 1 |
Қатысқандар: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақ тақырыбы |
Монетаны (теңгені )танып білу |
|
Оқу мақсаттары |
СШ1.9 Монета (теңге) және олардың номиналды құны туралы түсінігі болу
|
|
Сабақ мақсаттары |
Монеталар (теңге) және олардың құндылық номиналдары туралы біледі.Бір-бірінен ажыратады, ақшаны пайдаланып, есептер құрастыра алады. Өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды шығарады. |
|
Бағалау критерийлері
|
Теңге туралы түсінігі бар; Заттарға төлем жасау туралы білгенін көрсетеді. |
|
Сөздік қор |
Теңге, ақша, баға,құн. |
|
Құндылықтарды дарыту |
Құрмет,еңбек және шығармашылық. |
|
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану, ғылымға кіріспе |
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
Оқушылар уақыт бірліктерін біледі. |
|
Сабақ барысы |
|
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
Сабақтың басы
2 минут
|
(Ұ) Ұйымдастыру
кезеңі: -Бақыт,
бақыт,бақыт менде, бақыт сенде, 2).Балалардың көңіл -күйлерін сұрау. Көңілсіз Көңілді |
Интерактивті тақтада жазылған өлең жолдары. |
Сабақ ортасы
3 минут
2 минут
7 минут
12 минут
5 минут |
(Т) Жұмбақ жасыру арқылы сабақтың тақырыбын ашу Оқушылар топта отырады. Әр топқа монеталар, теңгелер туралы жұмбақтар таратылады. -Балалар, алдарыңда жатқан жұмбақтарды оқып, топ ішінде талқылаңдар да жауабын айтыңдар. Қалталардың түбінде Сылдыр-сылдыр етеді. Адамдарға мәңгілік Адал қызмет етеді. /топтардың ойларын тыңдау/ -Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Монетаны – теңгені тану». -Сабақтың мақсаты: Монета (теңге) және олардың номиналды құны туралы түсінік алу. -Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта не үйренеміз, не білеміз? /оқушылардың жауаптарын тыңдау/
(Ұ) «Теңгелер» ойыны арқылы топқа бөліну Алтын, күміс теңгелер, Ары-бері жүріңдер, Қателеспей тезірек, Екеуден тізіліңдер. ................................. Төртеуден тізіліңдер. (Т) «Математикалық домино» ойыны Оқушылардың монета туралы білімдерін қайталау мақсатында кестеде жазылған сұрақтарға оқушылар жауаптарын іздеп, тиісті сұрақтың үстіне жауабын жабыстырады. 1/Монета дегеніміз не? /ақша/ 2/Қазақстанның ақшасы-ұлтық валютасы қалай аталады? ? /теңге/ 3/Теңге қай жылы айналымға шықты?/15.11.1993 ж/ 4/Теңгенің қандай түрлері бар?/монета және қағаз/ 5/Теңгенің қандай номиналды монеталары бар? /1.2.5.10.20.50.100/ 6/Барлық теңге монеталарының жалпы құны қанша? /188 тг/ Өзара тексеру және бағалау Мұғалім тақтада дұрыс жауаптарды шығарып көрсетеді.Топтар орындарын ауыстырып, бір-бірінің домино парақтарын тексеріп, стикер арқылы бағалайды. -Балалар, қандай жауаптар артық қалды? /артық жауаптар талқыланады/ (Т) «Кафе» ойыны -Балалар, біз сендермен қандай бөлімді оқуды бастадық? Ендеше, мен сендерге «Кафе» ойынын ойнауды ұсынамын. Кафедегідей жайғасып отырыңдар. Араларыңнан 1 даяғашы сайлаңдар. -Ал даяғашы қандай болу керек? /мұғалім ойын ойнаудың шартын түсіндіреді/ Сыныпта кафе атмосферасын құру. 4 топ кафедегі 4 үстел болып жайғасып отырады. Әр топ өздерінің арасынан даяғашы сайлайды. Даяғашы оқушыларға ас мәзірін таратады. Оқушылар ас мәзірі бойынша даяғашыға тапсырыс береді. Даяғашы берілген тапсырыс бойынша тақтада ілінген суреттердің арасынан тағамдарды таңдап әкеліп, тапсырыс құнын айтады.Содан кейін оқушылар маркерлік тақтада төлем жасаудың жолын көрсетіп, тапсырысқа төлем жасайды.
Сергіту сәті: «Көңілді би» (Ө)ҚБ жұмысы Оқушылардың теңгені ажырата және құра алу қабілеттерін бағалаймын. ҚБ жұмысын ерте орындаған оқушы дәптердегі 79-бетте тапсырманы орындайды. |
Жұмбақ жазылған қима парақтар
А4 парақтарында жазылған сұрақтар мен жеке карточкаларда жазылған жауаптар
Түрлі-түсті стикерлер
Монеталар мен маркерлік тақталар, блокнот пен қалам, даяшыға арналған алжапқыш, тағам суреттері, тағам атаулары мен бағалары, ас мәзірі.
Көңілді әуен.
ҚБ жұмыстары |
Сабақтың соңы 5 минут |
Бекіту сұрақтары: - Теңге дегеніміз не? Рефлексия: -Балалар, әр топтың алдында түрлі іс-әрекеттегі смайликтер бар.Әр топ бүгінгі іс-әрекеттеріне байланысты смайликті таңдап алсын және өз таңдауын түсіндірсін.
-Кім критерийлерге жетті? -Қандай қиындықтар болды? -Қандай тапсырма қызықты болды? |
Сабақтың басында жазылған критерийлер мен маркерлер
Түрлі іс-әрекеттегі смайликтер
Өз-өзін бағалау парағы мен стикерлер |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Оқушылардың монета теңгелерді ажырата алуы мен есептеуде қолдана алу қабілеттерін бағалаймын. Номиналы әр түрлі монеталармен төлем жасаудың 2-3 әдісін көрсете алуын бағалаймын. |
Денсаулық және
қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Қабылдау деңгейі жоғары оқушыларға теңгемен байланысты өрнектерді шығаруды тапсырамын.
|
Денсаулық сақтау технологиялар Қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру |
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
|
|
|
||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.