1САқшаны пайдалану Есеп деген не ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Оценка 4.6

1САқшаны пайдалану Есеп деген не ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Оценка 4.6
docx
25.04.2020
1САқшаны пайдалану  Есеп деген не ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
1САқшаны пайдалану Есеп деген не ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР.docx

 

 

Сабақ жоспары

 

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4A бөлім: Ақшаны пайдалану

Мектеп:

Күні: 5.04.16

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 1А

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: 0

 

Сабақтың тақырыбы

4A бөлім: Ақшаны пайдалану

Есеп дегеніміз не?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.5.3.1 Сандарды қосу, азайту және салыстыруға берілген жай және құрама есептер шығару

 

Сабақтың мақсаттары

сандарды қосу азайту, және салыстыруға  берілген жай және құрама есептерді шығару;

есептерді шығаруға тірек  сызбаларды таңдау.

Жетістік критерийлері

·         «есеп» ұғымын және «есеп» ұғымымен байланысты  терминдермен  танысады.

·         Қосу амалымен берілген жай есептерді шығарып үйренеді.

·         Есептің сызбасы туралы мағлұмат алады.

Сөздік қор

шарт, сұрақ, шешім, жауап.

Құндылықтарды дарыту

Ұжымшылдыққа тәрбиелеу,жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі пәндерімен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Ақшаны ұсақтау.

Сабақ барысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланған  іс-әрекет

 

Ресурстар

 

 

5минут

Ұйымдастыру кезеңі 

Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру

ОМ анықтап алу

·         есеп деген ұғыммен танысасың

·         есепке тірек  сызбаны  сәйкестендіріп үйренесің.

 

 

 

 

 

30 минут

(Ұ,Т,Қ)

Есеп деген не? Зерттеу жұмысын жүргейік..

Ойлан!

Оқып, салыстыр!

 

10+30

қосындының мәні неге тең?

Жанар бағасы 10 тг  кәмпит және бағасы 30 тг тұратын  балмұздақ сатып алды. Олбарлығы қанша ақша жұмсады?

 

Бұл тапсырмалардың ұқсастығы неде?

Айырмашылығы неде?

Қай тапсырманы орындау үшін,  бірден жауап бере аласың?

Осы екі тапсырманың  қайсысы есеп бола алады?

Неге олай деп ойлайсың?

Есеп –шартымен сұрақтан тұратын мәтін. Есептер әртүрлі  математикалық ережелерге беріледі.есептер жай және құрама  болып бөлінеді.Жай есеп –бір амалмен шешілетін есеп.есептің шарты мен сұрағы болады.Есептің шартында заттардың  саны, шамалардың мәндері жайында геометрилық фигуралардың  өлшемдері туралы мағлұмат беріледі.Белгілі сандар «мәліметтер» деп аталады.Сұрақ арқылы ненің белгісіз екенін біледі.Белгісіз сан ізделетін сан деп аталады.

Есептің шартын сұрағын  анықтау үшін, талдау жүргізу.

Оқулықпен жұмыс

Назым асханадан тоқаш пен бір стақан сүт сатып алды. Тоқаштың бағасы 15 теңге Бір стақан сүттің бағасы 20 тг Назым қанша ақша жұмсады?

Әрбір есеп  төрт бөліктен тұрады.

Шарты, сұрағы, шешуі, жауабы.

Сызба бойыншаесептің мазмұнын түсіндіру.

 


                           15теңге

                                                        20теңге

 


                                        ? теңге

 

Тоқаш-15 тг

Сүт-20 тг

Барлығы- ? тг

Шешуі : 15+20=35 (тг)

Жауабы:Назым тоқаш пен сүтке  35 тг  төледі.

Есепті шығару үшін қандай әрекеттер жасаймыз:

Ø  Есептің мәтінін оқу;

Ø  Есепте не белгісіз екенін табу;

Ø  Сызбаға түсіру;

Ø  Есепті шешу үшін қандай амал қолдану керектігін анықтау;

Ø  Есептің шешуін жазу;

Ø  Есептің жауабын жазу;

 

Шығарып көр.

Әмиянда 10 тг бар.т оған тағы 6 тг салды. Әмиянда енді неше тг болды?

Әмиянда -10тг

Салды -6 тг

Барлығы -? тг

Шешуі: 10+6 =16 тг

жауабы: Әмиянда барлығы 16 тг болды.

(Қ)Орындап көр.

Сурет бойынша есеп құрастыр.

 

Есептің 4 бөлігін есіңде сақта.

ü  Шарты

ü  Сұрағы

ü  Шешуі

ü  Жауабы

«Шарты», «Сұрағы», «Шешуі», «Жауабы»деп жазылған  есептің құрамды бөліктерінің атаулары бар кеспеқағаздар;

есептерді құрастыруға және шығаруға арналған сызбалар;

есептің құрамды бөліктері  жазылған ескертпе:

Сабақтың соңы

5 минут

Қорытынды

Кері байланыс: Бүгін не үйрендік?

Есептің басқа тапсырмадан қандай айырмашылығы бар?

Есептің негізігі бөлігін ата!

Есептің сұрағы  неде?

Сұрағы жоқ есеп бола ма?

 

 

 

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

есепті шығаруда   қиналған  оқушыға жеке қолдау көрсету.

Сандарды қосу азайту, және салыстыруға  берілген жай және құрама есептерді шығарып   үйренеді

Сергіту сәті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru

Сабақ жоспары Пән: Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4A бөлім:

Сабақ жоспары Пән: Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4A бөлім:

Бұл тапсырмалардың ұқсастығы неде?

Бұл тапсырмалардың ұқсастығы неде?

Т,Қ ) Есеп деген не? Зерттеу жұмысын жүргейік

Т,Қ ) Есеп деген не? Зерттеу жұмысын жүргейік

1САқшаны пайдалану Есеп деген не ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

1САқшаны пайдалану  Есеп деген не ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
25.04.2020