Пән: математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2C-бөлім, Шамаларды өлшеу Күні: Сынып: 1А |
Мектеп: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы |
Мектептегі және сынып бөлмесіндегі заттарды салыстыру |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.3.1.3 геометриялық фигуралардың қабырғаларын өлшеу және салыстыру (үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) 1.1.3.1 шамаларды ажырата білу: ұзындық, масса, көлем (сыйымдылық), уақыт; өлшеу үшін шамалар мен құралдарды таңдау; өлшем жүргізу. |
Сабақ мақсаттары |
Мектептегі және сынып бөлмесіндегі заттарды салыстырып үйренеміз. |
Бағалау критерийлері |
Заттардың ұзындықтарын сызғыш, өлшеуіш лента арқылы таба алады. |
Тілдік мақсаттар
|
Ұзындық, см, өлшеу, салыстыру, өлшеуіш лента |
Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік /интернационализм
|
Еңбексүйгіштік |
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану, математика |
Бастапқы білім
|
Артық/кем, ұзын/қысқа ұғымдарын, ұзындық бірліктерінің атаулары мен геометриялық фигуралардың атауларын біледі |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||
Сабақтың басы 3-5 мин
|
«Шаттық шеңбері» Қайырлы таң достым! Қайырлы күн болсын! Бүгінгі күн міне, Сәттілікке толсын. /оқушылар бір-бірін қолдарынан ұстап, жылулық сыйлайды/ Оқушылармен диалог құру Видеоролик қарау - Бұл не жайлы? Қандай пішіндер болғанын мұқият қараңдар. -Балалар, заттардың барлығын өлшеуге бола ма? -Барлық заттардың ұзындығы бірдей ме? -Үлкен заттардың ұзындығын қалай өлшеуге болады? -Заттардың ұзындығын қандай өлшеу құралдары арқылы өлшеуге болады? /оқушылардың
жауаптарын тыңдау/ Мектептегі және сынып бөлмесіндегі заттарды салыстырып үйренеміз. |
Интерактивті тақта
Видеоролик «Пішіндер»
|
||
Сабақ ортасы
7-8 минут
8-10 минут |
(ТЖ)Суретпен жұмыс Сызғыш және өлшеуіш лентаны суреттегі қораптың ұзындығын өлшеу үшін көрсету. Мақсаты: Өлшеу, ұзындық бірлігі ұғымдарымен танысу. Нұсқаулық: - Затты таңдау - Өлшеу құралын анықтау - Дәптерге жазу - Қосындысын табу / Ұзындықты өлшеу үшін сызғыш, өлшеуіш лентаны қолданғанда жұмысты шағын топтарда әрбір оқушы өлшеу тәсілі мен нәтижесін анық көретіндей ұйымдастыру. Оқушылар өтілген ұзындық өлшем бірліктерін дұрыс атауын қадағалау/ -Балалар, суреттегі бейнеленген қораптың ұзындығын қалай табуға болады? -Қорап қандай фигураға ұқсайды? -Төртбұрыштың неше қабырғасы бар? -4 қабырғасының ұзындығын немен өлшеуге болады? -Өлшенген ұзындықты қандай ұзындық бірлігімен өрнектейміз? -Қораптың жалпы ұзындығын өрнек арқылы қалай көрсетуге болады? Мысалы: 12 см + 8см + 12 + см + 8см = 40см
(ҚБ) Бірін-бірі тексеру. Мұғалімнің бақылауы. Сергіту сәті:Қимыл-қозғалыс жаттығуларды орындау. (ЖЖ)Практикалық жұмыс Оқушыларға сынып ішінен жеткілікті геометриялық фигураларды тауып, қабырғаларының ұзындықтарын өлшеуді тапсыру. -Сыныптағы қандай заттарды өлшеуге болады? -Олардың пішіні қандай? -Қандай геометриялық фигураларға ұқсайды? -Олардың ұзындығын немен өлшеуге болады?
Оқушылар өлшемдерді жазу үшін, фигураларды үстінен бастырып қоршап сызуы немесе сурет үлгілерін салуы мүмкін.Әр заттың қабырғаларның ұзындықтарын қосынды түрінде жазады. (Ө)Дәптермен жұмыс 112-113-беттер бойынша жұмыс жүргізіп, тапсырмаларды (ҚБ) Жұптар ауысып тексереді
|
Сызғыш, өлшеуіш лента, ұзындық бірліктерінің атауы жазылған плакат.
Сынып бөлмесіндегі заттар, көлемі үлкен геометриялық фигуралар.
А4 парақтары Маркерлер.
Жұмыс дәптерлерілар |
||
Сабақтың соңы 5минут
|
Мақсатқа қайта оралу. (Ұ)Бізді қоршаған әлемде осы фигураларды қай жерде көргенін талқылау. Оқушылардан осындай фигураларды үйлерінен тауып алып, қабырғаларының ұзындығын өлшеуді тапсыру. Рефлексия: -Не істедік? -Не түсіндік? Пайыздық көрсеткіштер арқылы өздеріңді бағалаңдар. |
|
||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||
|
Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады
|
Сергіту сәті
|
||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
|
|
||
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз. 1:
2:
Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?
|
||||
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.