Пән: Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:3 А бөлім: Теңдік пен теңсіздіктер |
|
||||||||||||
Күні: |
|
||||||||||||
Сынып: 1В |
Қатысқандар саны:20 Қатыспағандар саны: 0 |
|
|||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Теңдіктер мен теңсіздіктер жазбасы. Санды өрнектерді қалай салыстырамыз? |
||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.2Математикалық тіл, модель |
||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
1.5.2.6 Теңдікті белгілеу үшін «=» белгісін, теңсіздікті белгілеу үшін «>», «<» белгісін пайдалану |
||||||||||||
Жетістік критерийлері |
Сандар, шамалар, санды өрнектер арасындағы қатынасты («=»,«>», «<») анықтауды меңгереді |
||||||||||||
Сөздікқор
|
Cандыөрнектер, салыстыру, кем, артық, тең, теңдік, теңсіздік, сол жақтағы өрнектің мәні, оң жақтағы өрнектің мәні. |
||||||||||||
Құндылықтардыдарыту |
Жұптасып, топтасыпжұмысжасайотырып, өзаракөмеккөрсетебілугетәрбиелеу. |
||||||||||||
Пәнаралықбайланыстар |
Ғылымға кіріспе пәнімен байланыс, «Хайуанаттар дүкені» ойыны барысында жүзеге асады. |
||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім
|
Сандардысалыстырутәжірибесі бар |
||||||||||||
Сабақбарысы |
|||||||||||||
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||||||||
Сабақтың басы
|
(Ұ, Ө) Сабаққа дайындығын бақылау, оқушылардың назарын сабаққа аудару. Өткен сабақтың тақырыбын еске түсіру үшін оқушыларғакелесі сұрақтарға жауап беруді ұсыну - Заттарды көлемі бойынша салыстырғанда қандай белгілер пайдаланылады? - Бір қораптың көлемі 45 текше, ал екіншісінің көлемі 43 текше. Қай қораптың көлемі артық? Санды теңсіздіктер құрастырыңдар. - Бірінші ыдыстың көлемі 10 л. Екіншісінікі – 16 л. Қай ыдыстың көлемі артық? Егер шелектерге бір құйғанда 1л су құйса, қай шелек суға тез толады? Оқушыларға жеке кеспеқағаздарда тапсырма ұсыну. Салыстырыңдар: 14 л 22 л
35 л 53 л
89 л 86 л Сабақты жалғастыра келе ОМ анықтап алу. |
|
|||||||||||
Сабақтыңортасы
|
(Ұ,МК)Оқушылармен жұппен жұмыс ұйымдастыру. Оларға бір-бірімен ойын ойнауды ұсыну. Әрбір жұпқа ламинатталған қағаз парағын, маркерлер таратып беру. Ойын шартымен таныстыру. Әр оқушы жұбы айтқан он көлеміндегі екі санды қосып, өрнек түрінде жазып көрсетеді. Мысалы, Бірінші ойыншы: 2+5 Екінші ойыншы: 6+4 Соңынан оқушылардан құрастырылған санды өрнектерді қалай салыстыруға болатынын сұрау. Осы сұрақты жұппен талқылауды ұсыну. Оқушылар жұбына бір-бірінің жұмыстарын салыстыруға мүмкіндік беру. Жауап нұсқаларын тыңдау. Санды өрнектерді салыстыру – өрнектердің мәндерін салыстыру болып табылады деген қорытындыға келтіру. Мысалы: 2+5 ? 6+4 7 < 10 2+5 <6+4 (Ұ, Т,ЖЖ)Тақырыпты бекіту. «Хайуанаттар дүкені» ойынын ойнату. Алдымен әңгіме жүргізу. Хайуанаттар дүкені туралы не білетіндерін сұрау. Хайуанаттар дүкенінде жануарларға арналған қорек түрлері, торлар, аквариумдар, түрлі аксессуарлар сатылатыны жайлы әңгіме жүргізу. Содан соң топтық жұмысты ұйымдастыру. Ол үшін суреттерді ұсыну. Суреттердің әрқайсысына тоқталып өтіп, санды өрнектер құрастыруды сұрау. Құрастырған санды өрнектерді салыстырту.
Тапсырманы бірлесіп тексеру. Тақырыпты бекітуді жалғастыра отырып, оқушыларға санды өрнектерді салыстыруды орындату. Жеке бетте жазылған тапсырманы қатар бойымен бір оқушыдан келесі оқушыға беріп, жауаптарын жазуға барлық оқушылар қатысатындай етіп, жағалатып жіберу. Жұмысты жарыс түрінде ұйымдастыру. Тапсырманың орындалу жылдамдығы мен қатесіз орындалуын бағалау. Тапсырма: 9+6 * 8+8 17+10 * 10+12 50+40 * 40+50 7+8 * 8+7 5+3 * 4+4 16+2 * 14+5 30+60 * 70+10 7+3 * 8+3 2+0 * 0+5 18+1 * 0+19 20+80 * 90+10 6+2 * 2+9 6+7 * 5+7 23+10 * 10+17 30+40 * 50+20 6+7 * 8+5 9+7 * 6+6 47+10 * 10+47 90+10 * 80+10 8+8 * 6+8 Тақырыпты оқулықтағы «Орындап көр» тапсырманы арқылы бекіту. Тапсырманы жұпта орындату. Алдымен оқушылармен құпиялы шифрлар туралы әңгімелесу. Суреттердің көмегімен санды ақпарат қалай шифрленетінін айту. Бірдей суреттерде бірдей сандар шифрленгенін ескерту. Оқушыларға құпия шифрді шешіп, санды өрнектерді салыстыруды ұсыну. Тақырып бойынша жұмысты жалғастырып, тапсырманы дәптердеөздігінен орындауды сұрау. «Лабиринттен өт».Оқушылар тапсырмадағы санды өрнектерді салыстырып, мәндері бірдей өрнектердің астын сызып белгілейді. |
Ламинатталған қағаз парақтары, маркерлер, санды өрнектер жазылған кеспе қағаздар. |
|||||||||||
Сабақтың соңы |
(Қ)Сабақтың соңында оқушылар өткен тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау мақсатында жеке парақтағы тапсырманы таратып, орындауды сұрау. Жеке тапсырманы жылдам орындаған қабілеті жоғары оқушыларға «Ойлан» тапсырмасын ұсыну. Олар сурет бойынша санды өрнектер құрастырып, мәндерін салыстырады. Таразыда өлшенген заттардың салмақтары бірдей ме екенін анықтайды.
|
|
|||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||||||||
Жеке бетте жазылған тапсырманы қатар бойымен жеке орындау барысында, көмекті қажет ететін оқушыларға қолдау көрсету. Оқушыларғабірін-бірі оқытуына жағдай жасау арқылыкөшбасшылық қабілеттерінің оянуына септесу. Жеке тапсырманы жылдам орындаған қабілеті жоғары оқушыларға «Ойлан» тапсырмасын ұсыну.
|
Сабақ барысында мадақтау сөздер айту арқылы бағалау. Оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. Кері байланыс беру арқылы бағалау. |
Сергіту сәтін өткізу.
|
|||||||||||
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.